Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы шеңберінде ақпараттық алмасу жүйесін қалыптастырудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2017 жылғы 25 қазандағы № 19 Өкімі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы №20 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бағдарламасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы шеңберінде ақпараттық алмасу жүйесін қалыптастыру мақсатында:

      1.Мыналар:

      Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы субьектілерінің өзара іс-қимылын, соның ішінде Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының жұмыс істеуін технологиялық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті функцияларды жоспарлау, орындау процесінде қамтамасыз ету және Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығында электр энергиясын өзара сатуды жүзеге асыру үшін оларды жаңғыртуды (қажет болуына қарай) ескере отырып, Одаққа мүше мемлекеттерде (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) қазіргі бар ақпараттық алмасу механизмдері;

      Одақтың ортақ ақпараттық ресурстарын қалыптастыру үшін, соның ішінде Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының жұмыс істеуі мен дамуы туралы Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы субьектілерін хабардар ету үшін Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі пайдаланылуы мүмкін деп саналсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірлесіп:

      Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының (Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы №20 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бағдарламасына қосымша) I бөлімі 2-тармағында көзделген ақпараттық алмасу қағидаларын әзірлеу кезінде Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының жұмыс істеуі мен дамуы туралы Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы субьектілерін хабардар ету үшін қажетті ақпараттың құрамы мен көлемін айқындасын, сондай-ақ Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз етуге ықпал ететін "Энергетикалық саясат" бағыты бойынша ортақ процестерді Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі №29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестер тізбесіне енгізу туралы ұсыныстар әзірлесін;

      осы тармақтың екінші абзацына сәйкес Одақ шеңберінде ортақ процестерді іске асыру және ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мақсатында Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің интеграциялық және ұлттық сегменттерін дамытуды қамтамасыз етсін.

      3.Іс-шараларды іске асыруды қаржыландыру:

      Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы арасындағы өзара іс-қимылды ақпараттық қамтамасыз ету бойынша мүше мемлекеттер айқындаған тәртіпте жүзеге асырылады;

      Одақтың ортақ ақпараттық ресурстарын қалыптастыру және Одақ шеңберіндегі ортақ процестерді іске асыру бойынша Одақ құқығымен көзделген қаражаттар есебінен және сол тәртіпте жүзеге асырылады деп айқындалсын.

      4. Осы Өкім Одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады