Жеңіл өнеркәсіп өнімі өндірісі және өткізу саласында қызметті жүзеге асыратын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің шаруашылық субъектілерінің мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуларға қатысуға қол жеткізуінде тең жағдайларды қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 10 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 92-бабының 7-тармағына, Өнеркәсіптік ынтымақтастық туралы хаттаманың (аталған Шартқа № 27 қосымша) 2-тармағына сәйкес, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 3 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2015-2016 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3-тармағын, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 9 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын (бұдан әрі – Негізгі бағыттар) іске асыру мақсаттарында, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 92-бабының 7-тармағына, аталған Шартқа Өнеркәсіптік ынтымақтастық туралы хаттаманың (№ 27 қосымша) 2-тармағына сәйкес

      Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында осы Ұсыным жарияланған күннен бастап:

      1. Қосымшаға сәйкес тізбе бойынша, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтеріне жеңіл өнеркәсіп өнімі өндірісі және өткізу саласында қызметті жүзеге асыратын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің шаруашылық субъектілерінің жеңіл өнеркәсіптің сезімтал тауарларын мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуларға қатысуға қол жеткізуінде тең жағдайларды қамтамасыз етуді ұсынады.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүше мемлекеттермен бірлесе отырып:

      а) осы Ұсынымға қосымшада аталған, жеңіл өнеркәсіп өнімі өндірісі және өткізу саласында қызметті жүзеге асыратын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің шаруашылық субъектілерінің жеңіл өнеркәсіптің сезімтал тауарларын мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуларға қатысуға қол жеткізуінде тең жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды іске асыруда мониторингті жүзеге асырсын.

      б) Негізгі бағыттарға № 2 қосымшаға өзгерістер енгізу кезінде осы тармақтың "а" тармақшасында аталған мониторингтің нәтижелерін ескерсін.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 24 сәуірдегі
№ 10 ұсынымына
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жеңіл өнеркәсібінің сезімтал тауарларының ТІЗБЕСІ

      1. Иірілген жіп және жіптер

      2. Маталар және төсек-орын

      3. Техникалық тоқыма

      4. Кілем және кілем бұйымдары

      5. Тоқыма шұлық-ұйық бұйымдары

      6. Киім-кешек, соның ішінде:

      тоқыма пуловерлер, кардигандар

      таза күлтеден киім-кешек нәрселері және өзге де бұйымдар

      7. Шамадандар және сөмкелер

      8. Иленген тері

      9. Аяқкиім мен аяқкиімнің бөліктері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады