Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аккредиттеу жөніндегі органдарының Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне енгізу немесе оны жандандыру үшін сәйкестікті бағалау жөніндегі органдар туралы мәліметтерді Еуразиялық экономикалық комиссияға біркелкі ұсынуы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 7 қарашадағы № 20 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) аккредиттеу жөніндегі органдарының Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 319 шешімімен бекітілген Сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларын (орталықтарын) Кеден одағының сертификаттау жөніндегі органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізу, сондай-ақ оны қалыптастыру және жүргізу тәртібі туралы ереженің 6-тармағында көзделген сәйкестікті бағалау жөніндегі органдар туралы мәліметтерді Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне енгізу немесе оны жандандыру үшін (бұдан әрі тиісінше – мәліметтер, бірыңғай тізілім) Еуразиялық экономикалық комиссияға біркелкі ұсынуын қамтамасыз ету мақсатында,

      мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап:

      мынадай талаптарды:

      мәліметтердің құрамында аккредиттеу аттестатының әрекет ету беделі ("әрекет етеді" немесе "әрекет етпейді") және оның әрекетін тоқтату күні көрсетіледі. "Әрекет етпейді" беделі әрекет ету мерзімі аяқталған немесе аккредиттеудің барлық салаларына қатысты әрекеті тоқтатылған аккредиттеу аттестатына берілетінін;

      орналасқан жері туралы мәліметтер құрамында (заңды тұлғаның мекенжайында) және қызметін жүзеге асыру орнының мекенжайында (мекенжайларында) (егер мекенжайларда айырмашылықтар болған жағдайда) пошта индексі, әкімшілік-аумақтық бірлік (республика, өлке, облыс) (бар болған жағдайда), елді мекен, көше, үйдің (корпустың, құрылыстың) нөмірі, кеңсе нөмірі (бар болған жағдайда) көрсетілетінін;

      байланыс телефонының және факстің нөмірі (бар болған жағдайда) елдің кодымен және қаланың кодымен ешқандай бос орынсыз және өзге де техникалық белгілерсіз көрсетілетінін;

      аккредиттеу аттестатының тіркелген күні және әрекет етуін тоқтатқан күні кк.аа.жжжж (күн, ай, күнтізбелік жыл) форматында көрсетіледі. Егер мүше мемлекеттің заңнамасымен аккредиттеу аттестатының әрекет ету мерзімін белгілеу көзделмеген жағдайда, аккредиттеу аттестатының әрекет ету мерзіміне қатысты "белгіленбеген" беделі көрсетілетінін;

      сертификаттау жөніндегі органдарды және (немесе) сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу саласы туралы мәліметтердің құрамында соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың (Кеден одағының) техникалық регламентінің атауы және оның "ЕАЭО ТР" ("КО ТР") аббревиатурасынан, "/" бөлгіш белгісі арқылы көрсетілетін техникалық регламенттің қабылданған жылы мен реттік нөмірінен тұратын белгісі көрсетілетінін;

      сәйкестікті бағалау жөніндегі органды аккредиттеу саласы бөлігіне қатысты аккредиттеу аттестатының әрекеті тоқтатылған, аккредиттеу саласы қысқартылған немесе кеңейтілген жағдайда жандандырылған мәліметтерде оған қатысты аттестат әрекет ететін органды аккредиттеу саласы "... бастап әрекет етеді" (күні кк.аа.жжжж форматында көрсетіледі) мәліметтерді ұсыну күніндегі беделінің белгісімен көрсетілетінін;

      сәйкестікті бағалау жөніндегі орган бірыңғай тізілімнен алып тасталған жағдайда сәйкес мәліметтерді қамтитын жол бірыңғай тізілімнен алып тасталмайды, аккредиттеу аттестатына "әрекет етпейді" беделі берілетінін және аталған органды бірыңғай тізілімнен алып тастау күні көрсетілетінін;

      сәйкестікті бағалау жөніндегі органды бірыңғай тізілімге енгізу туралы мәліметтер жаңа жолдан көрсетілетінін ескере отырып бірыңғай тізілімге енгізу (немесе оны жандандыру) үшін мәліметтерді жазбаша нысанда немесе Excel форматтағы электронды түрде Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсынуды қамтамасыз етуді ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады