Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 18 және 45-баптарына сәйкес,
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне магнетрондардың жекелеген түрлеріне қатысты, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының және Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" шешімі күшіне енген күннен бастап:
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелерді (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 7 қарашадағы № 21 ұсынымына қосымша) мына:
VI томның 85-тобында ЕАЭО СЭҚ ТН "8540 71 000 0 – 8540 79 000 9" кодтары ЕАЭО СЭҚ ТН "8540 71 000 1 – 8540 79 000 9" кодтарымен ауыстырылсын деген өзгерісті ескере отырып қолдануды ұсынады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |