Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою мәселелері туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2018 жылғы 8 мамырдағы № 3 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-бабы 2-тармағының бірінші абзацын және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №1 қосымша) 6-тармағын басшылыққа ала отырып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1.Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Т.С.Саркисян Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтағаннан кейін Еуразиялық экономикалық одақ атынан Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойсын.

      2.Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады