Еуразиялық экономикалық одақтың жанындағы байқаушы мемлекеттің мәртебесі туралы ереже туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 8 шешімі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың жанындағы байқаушы мемлекеттің мәртебесі туралы ереже бекітілсін.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

  Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңестің
2018 жылғы 14 мамырдағы
№ 8 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың жанындағы байқаушы мемлекеттің мәртебесі туралы ЕРЕЖЕ

      1. Осы Ереже 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 109-бабын ескере отырып әзірленген және мемлекетке Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін беру тәртібін айқындайды.

      2. Одақпен ынтымақтастыққа мүдделі мемлекет өзіне Одақтың жанындағы байқаушы мемлекет (бұдан әрі – жүгінуші мемлекет) мәртебесін беру туралы сұрап және Шарттың 109-бабының ережелерін сақтауға әзірлігін білдіре отырып, дипломатиялық арналар арқылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес (бұдан әрі – Жоғары кеңес) Төрағасының атына жазбаша өтініш жібереді.

      3. Жоғары кеңесте төрағалық ететін Одаққа мүше мемлекет түскен өтінішті Еуразиялық экономикалық комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) жібереді, ол дипломатиялық арналар арқылы бұл туралы Одаққа басқа да мүше мемлекеттерді (бұдан әрі – мүше мемлекет) дереу хабардар етеді және оларға осы өтініштің көшірмелерін жібереді.

      4. Мүше мемлекеттер осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген ақпаратты алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Комиссияға жүгінуші мемлекетке Одақтың жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін беру мәселесі бойынша ұстанымы туралы ақпаратты ұсынады. Көрсетілген мерзім өткен соң күнтізбелік 5 күн ішінде Комиссия түскен ұстанымдар туралы мүше мемлекеттерді хабардар етеді және жүгінуші мемлекетке Одақтың жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін беру мәселесі жөніндегі материалдарды белгіленген тәртіппен Жоғары кеңестің отырысына дайындайды.

      5. Жүгінуші мемлекетке Одақтың жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін беру туралы шешімді Жоғары кеңес қабылдайды.

      6. Жүгінуші мемлекетке Одақтың жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін беру туралы мәселе Жоғары кеңестің қарауы нәтижелері бойынша Комиссия тиісті шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде жүгінуші мемлекетті дипломатиялық арналар арқылы қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.

      7. Одақтың жанындағы байқаушы мемлекет (бұдан әрі – байқаушы мемлекет) мәртебесін алған мемлекеттің үкіметі Комиссия орналасқан жерге онымен және оның органдарымен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасауға уәкілетті адамды (бұдан әрі – Өкіл) жібереді.

      8. Байқаушы мемлекеттің жоғары атқарушы билік органының Өкілге ұсынған өкілеттіктерін Өкіл Комиссия Алқасының Төрағасына тапсырады немесе дипломатиялық арналар арқылы Комиссияға жібереді.

      9. Өкіл сауда-экономикалық өзара іс-қимыл, техникалық, кедендік, санитариялық және фитосанитариялық реттеу мәселелері, Комиссия қарайтын салаға жататын басқа да мәселелер бойынша байқаушы мемлекеттің тиісті атқарушы билік органдарының Комиссиямен тұрақты байланысын орнатуға және қолдауға ықпал етеді, сондай-ақ байқаушы мемлекет пен мүше мемлекеттер үшін өзара мүдделі салалардағы диалог пен ынтымақтастыққа жәрдемдеседі.

      10. Өкіл Аппарат қалыптастыруға құқылы. Өкіл және оның Аппаратының қызметкерлері Комиссия орналасқан мемлекетте, соның ішінде, байқаушы мемлекеттің Комиссия орналасқан мемлекеттегі шетелдік өкілдігінің құрамында аккредиттелуі мүмкін.

      11. Өкіл, оның Аппаратының қызметкерлері және байқаушы мемлекеттің басқа да өкілдері шақыру бойынша Комиссияның жанындағы консультативтік органдардың отырыстарына, сондай-ақ Комиссия Алқасының және Комиссия Кеңесінің отырыстарына дауыс беру құқығынсыз қатысуға құқылы. Комиссия Алқасы мүшесінің және (немесе) мүше мемлекеттің өтініші бойынша жабық деп танылған мәселелер бойынша отырыстарды қоспағанда, байқаушы мемлекетке барлық отырыстарға шақыру жіберіледі.

      12. Байқаушы мемлекеттің мемлекет және үкімет басшылары Жоғары кеңестің және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырыстарына көрсетілген отырыстарды өткізуді ұйымдастырудың тәртіптеріне сәйкес шақыру бойынша қатысуы мүмкін.

      13. Байқаушы мемлекетке Жоғары кеңестің немесе Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырыстарына қатысуға шақыру, әдетте, отырыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірілмей жіберіледі.

      14. Өкілдің, оның Аппаратының қызметін қамтамасыз етуге байланысты барлық шығыстарды, сондай-ақ Одақ органдарының және Комиссия Алқасының жанындағы консультативтік органдардың отырыстарына қатысу үшін байқаушы мемлекеттің басқа өкілдерін іссапарға жіберуге байланысты өзге де шығыстарды байқаушы мемлекет көтереді.

      15. Шектеулі (құпиялы және қызметтік пайдалану үшін) таратылатын құжаттарды қоспағанда, Комиссия Одақ органдарының байқаушы мемлекет мүдделілік танытқан мәселелер жөніндегі актілерінің көшірмелерін байқаушы мемлекеттің сұратуы бойынша ұсынады.

      16. Байқаушы мемлекет Одақтың және мүше мемлекеттердің мүдделеріне, Шарттың объектісі мен мақсаттарына нұқсан келтіруі мүмкін кез келген әрекеттен тартынуға тиіс.

      17. Жоғары кеңес мынадай жағдайларда:

      а) байқаушы мемлекет Одақтың және (немесе) мүше мемлекеттердің мүдделеріне қарсы бағытталған іс-қимылдар немесе мәлімдемелер жасаған жағдайда;

      б) байқаушы мемлекет мәртебесінен бас тарту туралы байқаушы мемлекеттен мәлімдеме түскен жағдайда, байқаушы мемлекет мәртебесін жою туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады