Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшелерін тағайындау туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2018 жылғы 31 тамыздағы № 17 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 12-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 41-тармағының үшінші абзацына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің 55-тармағына сәйкес, сондай-ақ Беларусь Республикасының ұсынуы негізінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Сергей Сергеевич Сидорскийді тағайындау кезінде айқындалған өкілеттіктердің қалған мерзіміне Беларусь Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі болып Александр Михайлович Субботин тағайындалсын.

      2. Валерий Николаевич Корешковты тағайындау кезінде айқындалған өкілеттіктердің қалған мерзіміне Беларусь Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі болып Виктор Владимирович Назаренко тағайындалсын.

      3. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамы және оның мүшелерінің арасында міндеттерді бөлу туралы" № 37 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамына Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Александр Михайлович Субботин енгізіліп, дербес құрамнан Сергей Сергеевич Сидорский шығарылсын.

      4. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамы және оның мүшелерінің арасында міндеттерді бөлу туралы" № 37 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамына Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Виктор Владимирович Назаренко енгізіліп, дербес құрамнан Валерий Николаевич Корешков шығарылсын.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан Беларусь Республикасынан Қазақстан Республикасынан Қырғыз Республикасынан Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады