Еуразиялық экономикалық комиссияның Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 20 қосымша) 20-тармағының 3 және 4-тармақшаларында көрсетілген жұмыстың 2017 жылы жүргізілген нәтижелері туралы ақпаратын назарға ала отырып:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 20 қосымша) 20-тармағының 3 және 4-тармақшаларында көрсетілген, 2018 жылы жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен келісілген ақпаратты 2019 жылдың І жарты жылдығында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауына ұсынсын.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |