Ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 13 ақпандағы № 26 шешімі

      2017 жылғы 7 қарашадағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының айналысы туралы келісімнің 4-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2017 жылғы 7 қарашадағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының айналысы туралы келісім күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 13 ақпандағы
№ 26 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу
ТӘРТІБІ

      Осы Тәртіп 2017 жылғы 7 қарашадағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының айналысы туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 4-бабына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық комиссияның ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының бірыңғай тізілімін (бұдан әрі тиісінше – Комиссия, бірыңғай тізілім) қалыптастыру және жүргізу рәсімін анықтайды.

      Осы Тәртіпте пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:

      "сорттың өтініш берушісі" – сорт туралы мәліметтерді ұлттық тізілімге енгізу үшін өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;

      "рұқсат ету аймағы" – сортты пайдалануға рұқсат етілген (рұқсат берілген, ұсынылған) және ұлттық тізілімде көрсетілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет аумағының бөлігі;

      "сорт оригинаторы" – сортты жасаған, өсіріп шығарған, анықтаған және (немесе) оны сақтауды қамтамасыз ететін және ол туралы деректер ұлттық тізілімге енгізілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің жеке немесе заңды тұлғасы;

      "жарық аймағы" – табиғи фотосинтетикалық белсенді радиацияның белгілі бір ағымының шамасымен сипатталатын және ұлттық тізілімде көрсетілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет аумағының бөлігі;

      "уәкілетті орган" – ұлттық тізілімді қалыптастыру және жүргізу бойынша өкілеттік жүктелген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің атқарушы билік органы немесе ұйымы.

      Осы Тәртіпте пайдаланылатын өзге ұғымдар Келісімде айқындалған мағыналарда қолданылады.

      Бірыңғай тізілімді Комиссия уәкілетті органдардың Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып электронды түрде Комиссияға ұсынған ұлттық тізілімге енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттары туралы мәліметтердің негізінде орыс тілінде қалыптастырады және жүргізеді.

      Уәкілетті органдар бірыңғай тізілімге енгізу үшін мынадай мәліметтерді (орыс тілінде) ұсынады:

      а) ауыл шаруашылығы өсімдігінің тегі мен түрі (сонымен қатар латын тілінде көрсетіледі);

      б) сорттың атауы;

      в) сорттың ұлттық тізілімде көрсетілген тіркеу нөмірі;

      г) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құқықтық қорғау объектісі болып табылатын сорт туралы мәліметтер (ұлттық тізілімде бар болған жағдайда) (жол үсті "Р" әрпі – Р датын бас әрпі қойылады);

      д) сорттың ұлттық ітзілімге енгізілген жылы;

      е) рұқсат ету аймағы немесе жарық аймағы;

      ж) сорт оригинаторы туралы мәліметтер (ұлттық тізілімде бар болған жағдайда) : заңды тұлғаның толық атауы, мекенжайы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері;

      з) сорттың өтініш берушісі туралы мәліметтер (ұлттық тізілімде бар болған жағдайда): заңды тұлғаның толық атауы, мекенжайы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері;

      и) сорттың белгілері мен қасиеттері туралы мәліметтер;

      к) сорттың шаруашылық және биологиялық қасиеттерінің сипаты (бар болған жағдайда).

      5. Уәкілетті органдардың осы Тәртіптің 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді Комиссияға тапсыруы олар ұлттық тізілімге енгізілген екзде, соның ішінде осы мәліметтер өзектендірілген кезде автоматты түрде жүзеге асырылады.

      6. Бірыңғай тізілімде қамтылған мәліметтер Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жарияланады.

      Ауыл шаруашылығы өсімдігінің белгілі бір тегіне және түріне жататын, бірдей атауды иеленетін сорт туралы 2 және одан көп Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің ұлттық тізілімдерінен келіп түскен мәліметтер Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында сорттың бір атауымен бір жазба түрінде жарияланып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әрқайсысынан келіп түскен осы Тәртіптің 4-тармағының "в" – "к" тармақшаларында көзделген мәліметтер көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады