Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 13 ақпандағы № 27 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық шарттың 58-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 22-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар бекітілсін.

      2. Осы Шешім күшіне енген күнге дейін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына орын ауыстыратын тауарларды өндіруді, қайта өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалардың тізіліміне енгізілген ұйымдар мен тұлғаларға қатысты осы Шешім күшіне енген күннен бастап 18 ай ішінде аумағында тиісті объект орналасқан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында бұрын белгіленген ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге қойылатын міндетті талаптарға сәйкес қызметті жүзеге асыруына рұқсат етіледі деп белгіленсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 13 ақпандағы
№ 27 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Талаптар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 58-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларды өсіру (көбейту және күтіп ұстау), әзірлеу, қайта өңдеу және сақтау бойынша қызмет жүзеге асырылатын жер учаскесі, ғимарат, құрылым, құрылыс, қоймада ұстау (сақтау) орны меншік құқығында немесе өзге заңды негізде тиесілі және олар туралы мәліметтер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына орын ауыстыратын тауарларды өндіруді, қайта өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалардың тізіліміне енгізілетін (енгізілген) заңды тұлғалардың, жеке тұлғалардың, соның ішінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендердің, сондай-ақ көрсетілген тауарлардың орын ауыстыруын жүзеге асыратын көлік құралдары меншік иелерінің (иелерінің) орындауы үшін міндетті болып табылады.

      2. Бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына орын ауыстыратын тауарларды өндіруді, қайта өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалардың тізіліміне енгізілетін (енгізілген) объектілерге тексеру (инспекция), соның ішінде бірлесіп тексеру (инспекция) жүргізу кезінде инспекторлар олардың осы Талаптарға, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін актілерге, сондай-ақ осы объектілерге қойылатын аумағында осы объектілер орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалайды.

II. Анықтамалар

      3. Осы Талаптардың мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "биологиялық қалдықтар" – жануарлар мен құстардың өлі денелері, түсік жасалған немесе өлі туылған ұрықтары және ұрық қабықтары, ветеринариялық конфискаттар, жануарлардан алынған тағамдық және тағамдық емес шикізатты қайта өңдеу кезінде алынатын басқа да қалдықтар, ветеринариялық манипуляциялар барысында алынған жануарлардың тіндері;

      "ветеринариялық-профилактикалық пункт" – жануарларды, соның ішінде құстарды және балықтарды амбулаториялық және стационарлық емдеуге, профилактикалық ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге арналған ғимарат (үй-жай);

      "ветеринариялық-санитариялық өткізгіш" – объектінің аумағына кіреберісте және (немесе) оқшауланған өндірістік аймаққа кіреберісте орналасқан және қызмет көрсетуші персоналға және келушілерге санитариялық өңдеу жүргізуге, сондай-ақ олардың киімдері мен аяқ киімдерін зарарсыздандыруға арналған ғимарат (үй-жай);

      "ветеринариялық конфискат" – ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша тағам ретінде пайдалану үшін жарамсыз деп танылған жануарлардан алынған өнім, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу үшін іріктеп алынған жануарлардан алынған өнім;

      "дезинвазия" – жануарлардың гельминтозды ауруларын тудыратын паразиттік құрттардың (ішек құрттарының) жұмыртқаларын және дернәсілдерін ішкі ортада жоюға бағытталған іс-шаралар кешені;

      "дезинсекция" – жәндіктерді арнайы физикалық, химиялық және биологиялық әдістерді пайдалана отырып жоюға бағытталған іс-шаралар кешені;

      "зарарсыздандыру" – жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын ішкі ортада жоюға және инфекциялық агенттердің таралу жолдарын тоқтатуға бағытталған іс-шаралар кешені;

      "деларвация" – паразиттердің дернәсілдерін физикалық, химиялық және биологиялық әдістерді пайдалана отырып жоюға бағытталған іс-шаралар кешені;

      "дератизация" – кеміргіштерді жоюға бағытталған іс-шаралар кешені;

      "мал шаруашылығы объектісі" – өндірістік ғимараттар (үй-жайлар) кешенін қамтитын жануарларды өсіру (көбейту және ұстау) бойынша ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объект;

      "тері сыдыру" – тұтас еттің жекелеген бөлшектерінен теріні ішінарада сылу бойынша қолмен орындалатын операциялардың жиынтығы;

      "изолятор" – жұқпалы аурулармен ауырған және аурудың болуына күдікті жануарларды ұстауға арналған ғимарат (үй-жай);

      "ихтиопатологиялық зерттеу" – балықтардың инфекциялық, инвазиондық, жұқпалы емес аурулары мен улануын анықтауға бағытталған зерттеу;

      "карантиндеу" – тиісті қарап тексеруді, диагностикалық зерттеулерді және (немесе) емдеу-профилактикалық ветеринариялық өңдеулерді жүргізу кезеңінде жануарларды басқа жануарлардан оқшаулап ұстауды қамтамасыз ететін шаралар кешені;

      "барлығы бос – барлығы бос емес" қағидасы" – жеке секция немесе ғимарат (үй-жай) бір мезгілде барлық жануарлардан босайтын және өндірістің циклдары арасындағы технологиялық үзілістен кейін бір мезгілде бірдей жастағы жануарлармен толықтырылатын технологиялық тәсіл;

      "өндірістік аумақ" – өндірістік ғимараттар орналасқан объекті аумағы;

      "өндірістік ғимарат" – өндірістік үй-жайлар орналасқан ғимарат немесе құрылыс;

      "өндірістік үй-жай" – өндірістік ғимаратта орналасқан және жануарларды өсірумен (көбейтумен және ұстаумен), ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларды өндірумен (әзірлеумен) және сақтаумен байланысты қызмет тұрақты (ауысым бойынша) немесе ішінара жүзеге асырылатын үй-жай;

      "мал қорымы" – мүше мемлекет заңнамасының табиғатты қорғау, санитариялық және ветеринариялық талаптарына сәйкес белгіленген, қоршауы бар, биологиялық қалдықтарды көмуге арналған арнайы жер шұңқырларымен (орлармен) және (немесе) биотермиялық шұңқырлармен (Беккар шұңқырларымен) жабдықталған жер учаскесі;

      "жемдеу-санитариялық пункт" – жануарлар мен құстарды мәжбүрлі союға арналған ғимарат (үй-жай).

      Осы Талаптарда пайдаланылатын өзге ұғымдар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта белгіленген мағыналарда қолданылады.

III. Мал шаруашылығы объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар

1. Мал шаруашылығы объектілеріне қойылатын жалпы ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар

      4. Осы кіші бөлімнің әрекеті балықтар мен бал араларын ұстауға арналған мал шаруашылығы объектілеріне таралмайды.

      5. Жануарларды ұстау жүйесін таңдау жануарлардың түрі мен тұқымына, олардың өндірістік тағайындалуына, сондай-ақ климаттық жағдайлар мен жемшөп базасының ахуалына (жайылымның, суаттың, шемшөптерді сақтауға арналған жағдайдың болуы) қарай белгіленеді.

      6. Мал шаруашылығы объектісінің өндірістік үй-жайларының құрылысын салу кезінде жануарлардың денсаулығына зиян келтірмейтін, жеңіл тазартылатын және зарарсыздандырылатын материалдар пайдаланылады.

      7. Тезекті жинау, шығару, сақтау, залалсыздандыру және кәдеге жарату жүйесінің, өндірістік суағарлардың, зарарсыздандыру тосқауылдардың, ветеринариялық-санитариялық өткізгіштердің, тазарту құрылыстарының аяқталмаған құрылыстары болған кезде мал шаруашылығы объектілерін пайдалануға енгізуге тыйым салынады.

      8. Мал шаруашылығы объектісінің аумағында тұтас қоршау болуы тиіс немесе өзге тәсілмен осы аумаққа бөгде тұлғалардың және көлік құралдарының енуі мүмкіндігін болдырмау, сондай-ақ жабайы және қаңғыбас жануарлардың қолжетімділігі шектелуі тиіс.

      9. Жануарларды ұстауға арналған барлық өндірістік ғимараттардың (үй-жайлардың) жануарлардың жасына және физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес мамандандырылуы болуы тиіс.

      10. Жануарларды ұстауға арналған өндірістік үй-жайлар жануарлардың нақты түрі мен жасына арналған зоогигиеналық нормаларға сәйкес келуі және мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталатын жыныстық-жас топтарына сәйкес жануардың басына арналған алаң нормалары сақтала отырып жобалануы тиіс.

      Жануарларды ұстауға арналған өндірістік үй-жайларда тиісті жыныстық-жас топтарына арналған оңтайлы микроклиматт ұстап тұрады.

      11. Жануарлардың жарақаттануын болдырмау үшін жануарларды ұстауға арналған өндірістік үй-жайлар мен жабдықтарда шығыңқы бөлшектер, соның ішінде ұшы үшкір дөңестер болмауы тиіс. Еденнің беткі қабаты қатты, тегіс, орнықты болуы тиіс.

      12. Егер технологияда жануарларды жыл бойы жайылымда ұстау көзделмеген болса, мал шаруашылығы объектісінің өндірістік аумағы мынадай аймақтарға бөлінеді:

      а) өндірістік аймақ;

      б) әкімшілік-шаруашылық аймақ;

      в) жемшөпті сақтау және дайындау аймағы;

      г) биологиялық қалдықтарды уақытша сақтау және (немесе) кәдеге жарату аймағы.

      13. Өндірістік аймақта жануарларды көбейтуге және ұстауға арналған өндірістік үй-жайлар орналасады.

      14. Әкімшілік-шаруашылық аймақта әкімшілік-шаруашылық қызметтердің ғимараттары мен құрылыстары, инженерлік-техникалық қызмет көрсетуге арналған объектілер (гараж, техникалық қоймалар, механикалық шеберханалар) орналасады.

      15. Жемшөпті сақтау және дайындау аймағында оларға жабайы және қаңғыбас жануарлардың, кеміргіштердің, құстар мен жәндіктердің қолжетімділігі мүмкіндігін шектейтін құрғақ қойма үй-жайлары орналастырылуы тиіс. Жемшөпті сақтау шарттары барлық сақтау мерзімі ішінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

      Азық цехы (бар болған жағдайда) дайын жемқоспаның оны дайындау үшін азық цехына келіп түсетін компонеттерімен араласуын болдырмайтындай етіп конструкцияланады және жабдықталады.

      16. Биологиялық қалдықтарды уақытша сақтау және (немесе) кәдеге жарату аймағы осы төңірек үшін жел тармақтарына сәйкес жылдың жылы маусымының басым бөлігінде мал шаруашылығы объектісінің өндірістік аймағына қатысы бойынша ық бетінде болатындай етіп орналастырады.

      17. Әрбір мал шаруашылығы объектісінде тезекті залалсыздандыру үшін жағдай жасалуы тиіс. Мал шаруашылығы объектісінің жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз тезегін мүше мемлекеттердің қолданыстағы нұсқаулықтарына сәйкес залалсыздандырады.

      18. Мал шаруашылығы объектісінде мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жануарлардың (құстардың) өлі денелерін, ветеринариялық конфискаттарды және басқа да биологиялық қалдықтарды оларды кейін жою (кедеге жарату) мақсатында жинау үшін жағдай қамтамасыз етілуі тиіс. Жануарлардың (құстардың) өлі денелерін, ветеринариялық конфискаттарды және басқа да биологиялық қалдықтарды тұрмыстық қоқыстан бөлек таңбаланған контейнерлерге жинайды.

      19. Мал шаруашылығы объектісінің өндірістік аймағына кіру (шығу) қызметкерлер мен келушілер үшін ветеринариялық-санитариялық өткізгіштермен жабдықталуы тиіс.

      20. Ветеринариялық-санитариялық өткізгіш үй киіміне арналған киім ауыстыратын бөлмемен (әрбір жұмысшыға бекітілген жеке шкафтары бар), киім ауыстыратын бөлмеден арнайы киімдері мен арнайы аяқ киімі бар гардеробқа өтетін жері бар душ бөлмелерімен жабдықталуы тиіс. Үй киімінде және аяқ киімінде кіруге, оларды және басқа заттар мен тамақ өнімдерін мал шаруашылығы объектісінің өндірістік үй-жайына алып келуге, сондай-ақ өндірістік үй-жайлардан арнайы киімде және арнайы аяқ киімде шығуға және оларды мал шаруашылығы объектісінен тыс жерге алып шығуға жол берілмейді.

      Арнайы киім және арнайы аяқ киім зарарсыздандыру ерітінділерін қолдана отырып залалсыздандырылуы немесе жуылуы тиіс.

      21. Мал шаруашылығы объектісінің аумағына (аумағынан) кіру (шығу) кезінде кез келген ауа райы жағдайында кіретін және шығатын көлікті тиімді зарарсыздандыру қамтамасыз етілуі тиіс.

      22. Мал шаруашылығы объектісінің аумағында тезектің, жануарлардың өлі денелерінің, жемдеу қалдықтарының және басқа да биологиялық қалдықтардың орнын ауыстыру жолдарының жануарлардың, жануарлардан алынған өнімнің, жемшөптің орын ауыстыру жолдарын басып өтуіне жол берілмейді.

      23. Мал шаруашылығы объектісінде жануарларды үздіксіз ұстау кезінде "барлығы бос емес – барлығы бос" қағидасы қамтамасыз етілуі үшін қажетті үй-жайлар (конструкциялар) орналасуы тиіс.

      24. Мал шаруашылығы объектісінің мамандануына тәуелсіз онда ветеринариялық дәрілік препараттарды, сондай-ақ ветеринариялық ілеспе құжаттарды және мал шрауашылығы объектісінде эпизоотикаға қарсы, профилактикалық және емдеу іс-шаралары кешені жүзеге асырылатынын растайтын құжаттамаларды (журналдарды) сақтауға арналған жеке үй-жайлар немесе орын бөлінуі тиіс.

      Ветеринариялық дәрілік препараттар оларды қолдану бойынша нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес сақталуы тиіс.

      25. Жануарларды ұдайы өндірудің және ұстаудың ерекшеліктеріне қарай мал шаруашылығы объектісінде:

      а) карантиндік жануарларға арналған ғимарат (үй-жай);

      б) изолятор;

      в) жасанды ұрықтандыру пункті;

      г) ветеринариялық-профилактикалық пункт;

      д) өндірістік цикл шеңберінде ауру және ауруға күдікті жануарларды жемдеуге арналған жемдеу-санитариялық пункті;

      е) бастапқы патологоанатомиялық зерттеулерге және зертханалық зерттеулер үшін патологиялық материалдарды алуға арналған орын жабдықталады.

      26. Мал шаруашылығы объектісіне тек дені сау жануарлар ғана келе алады, бұл ветеринариялық ілеспе құжаттармен расталуы тиіс.

      27. Карантинді жүргізу кезеңінде жануарларды қайта топтарға бөлуге тыйым салынады. Диагностикалық зерттеулер және профилактикалық өңдеулер бақылаудағы аумақта шаруашылық орналасқан мүше мемлекеттің ветеринария саласындағы уәкілетті органы көздеген және тиісті ауыл шаруашылығы ұйымының басшысы бекіткен емдеу-профилактикалық іс-шаралар схемасына сәйкес жүргізіледі.

      28. Мал шаруашылығы объектілерінде жануарлардың денсаулық жағдайына тұрақты ветеринариялық бақылау жүзеге асырылады.

      29. Мал шаруашылығы объектісінің ветеринар мамандарына және қызмет көрсететін персоналына қойылатын, соның ішінде жануарларды олардың жеке қосалқы шаруашылықтарында ұстау мүмкіндігіне қатысты талаптар мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленеді.

      30. Жайылымдардың аумағында мал қорымдары мен малды айдау трассалары болмауы тиіс. Жайылымдарда кеміргіштерге және қансорғыш жәндіктерге қарсы күрес, суаттарды деларвациялау бойынша іс-шаралар жүргізілуі тиіс. Қансорғыш жәндіктердің жаппай ұшуы кезеңінде жануарларды түнгі жайылымға ауыстыру және (немесе) жануарларды инсектицидті құралдармен өңдеу үшін жағдайлар көзделуі тиіс. Жануарларды өрістету орындарында тезек тастауға, ағын суды ағызуға, сондай-ақ жануарлардың басқа түрлерін өрістетуге тыйым салынады.

      31. Мал шаруашылығы объектісіне келетін барлық жемшөп ветеринариялық-санитариялық бақылаудан өтуі тиіс.

      32. Жаңаден келген жануарлар қарап тексеруге, ветеринариялық-санитариялық өңдеуге және карантиндеуге арналған үй-жайға (үй-жайларға) (ашық қораларға) орналастырылады.

2. Ірі қара малды ұстауға арналған мал шаруашылығы объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар

      33. Толық өндірістік циклмен ірі қара малды бордақылау бойынша мал шаруашылығы объектілерінде ірі қара малды ұстау үшін бұзауларды өсірудің алғашқы кезеңіне арналған үй-жайлар, сондай-ақ ірі қара малды жыл бойы жайылымда ұстау жағдайларын қоспағанда, бордақылау топтарына арналған үй-жайлар жабдықталуы тиіс.

      34. Ашық және жартылай ашық типті өрістеу алаңдары маусымдық немесе жыл бойы әрекет ететін болуы мүмкін.

      35. Маусымдық өрістеу алаңдары жылдың жылы кезеңінде пайдаланылады. Оларды пайдалану кезеңдері мал шаруашылығы объектісі орналасқан ауданның климаттық жағдайына қарай анықталады.

      Барлық маусымдық өрістеу алаңдары ақырлармен, астаулармен және қажет болған жағдайда көлеңкелі бастырмалармен жабдықталған малға арналған секциялар (ашық қоралар) құрылғысы бар ашық түрде жобаланады.

      36. Өрістеу алаңдары құрғату жүйесімен жабдықталады.

      37. Ірі қара малды азықтандыру үй-жайларда немесе оларға еркін қолжетімділік жағдайында өрістеу алаңдарының азық желілерінде жүргізіледі.

      38. Мал шаруашылығы объектісінде ірі қара малды сумен суаруды қамтамасыз ететін жағдай жасалуы тиіс.

      39. Жануарлардың жаңа топтарын мал шаруашылығы объектісіне жеткізу тек алдын ала үй-жайларды дайындағаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

      40. Әлсіз, ауру, өсуі мен дамуы артта қалған ірі қара малды ұстау және тиісті ветеринариялық көмек көрсету үшін жалпы мал басының 1 пайызына дейінгі сыйымдылықта оқшауланған үй-жайлар (изоляторлар) жабдықталады.

      41. Сүт өндіру бойынша мал шаруашылығы объектісінде сүтті бастапқы өңдеуге және уақытша сақтауға арналған, сондай-ақ сауатын жабдықты жууға және өңдеуге арналған сүт блогының құрылысы (сиыр қорадағы оқшауланған үй-жай немесе жеке ғимарат) қарастырылады. Сүт блогында жуып тазалау және зарарсыздандыру құралдарын сақтауға және дайындауға арналған оқшауланған үй-жайлардың болуына рұқсат етіледі. Сүт блогында сүтті зерттеуге арналған жеке бөлме (зертхана) немесе барлық шаруашылыққа бір зертхана жабдықталады.

      42. Сиырларды саууға арналған орындар мен сүтті бастапқы өңдеуге арналған үй-жайлар, сондай-ақ сауатын жабдықтар сүттің ластануы факторларының әсер етуін шектеуі тиіс. Сүт өндіру бойынша мал шаруашылығы объектілері инфекциялық аурулармен ауыратын жануарлардан алынған сүтті залалсыздандыру мақсатында сүтті жоғары температурада өңдеуге арналған жабдықпен жабдықталуы тиіс.

      43. Мал шаруашылығы объектісінде оны жануарларды азықтандыру үшін пайдаланатын жағдайда және ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша тамаққа пайдалану мүмкін болмаған кезде сүтті термиялық немесе өзге де өңдеу үшін жағдайлар қамтамасыз етілуі тиіс.

      44. Сауын малды байламай ұстауға арналған жазғы лагерлерде саууға арналған орын бөлінеді және ол сауу үшін барлық қажетті заттармен: сүтжималармен, сумен, жуып тазарту және зарарсыздандыру құралдарымен, сүзгіден өткізу материалдарымен, жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз етіледі.

      45. Сауын сиырлар үшін төсеме ретінде шымтезекті пайдалануға жол берілмейді.

3. Ірі қара малды жыл бойы жайылымда ұстайтын мал шаруашылығы объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар

      46. Мал шаруашылығы объектісінде қызмет көрсетуші персоналды және ветеринариялық пунктті орналастыруға арналған ғимарат, сондай-ақ ветеринариялық-профилактикалық, диагностикалық және эпизоотикаға қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға арналған ашық қора жабдықталуы тиіс. Мал шаруашылығы объектісінің аумағында гараждар, жылжымалы не стационарлық ақырлар мен астаулар орналасуы мүмкін.

      47. Суару үшін пайдаланылатын ақпайтын суы бар суаттар ірі қара мал паразиттерінің дернәсілдерінің болуына бақылануы және қажет болған жағдайда деларвация және дезинвазия жүргізілуі тиіс. Ірі қара малды суару үшін ластанған ақпасу көздерінен алынған суды пайдалануға жол берілмейді. Суаруға және жемшөпті дайындауға пайдаланылатын су сапа көрсеткіштері және қауіпсіздігі бойынша мүше мемлекеттердің заңнамасы талаптарына сәйкес келуі тиіс.

      48. Жемшөп концентраттарын және жемшөп қоспаларын қоса алғанда, жемшөпті сақтау орындары мал шаруашылығы объектісінің өрістеу алаңында немесе одан тыс аумақта орналасуы мүмкін. Жемшөпті сақтау орындары бастырма (шатыр) астында болуы тиіс.

      49. Ірі қара малдың өрістеу орындарында улы өсімдіктердің шоғырлануына жол берілмейді, бұл үшін жайылым улы өсімдіктерді анықтау мәніне тексерілуі тиіс.

      50. Мал шаруашылығы объектісінде жануарларды мәжбүрлі союға әкету, сондай-ақ өлген жануарларды патологоанатомиялық жарып союға және зертханалық зерттеулер үшін биологиялық материалдар алуға әкету мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.

4. Шошқаларды ұстауға арналған мал шаруашылығы объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар

      51. Шошқалар азықтандыру бөлігі және тынығуға арналған орны бар топтық немесе жеке қораларға (секцияларға) орналастырылады. Қоралар (секциялар) құрғақ болуы тиіс. Қажет болған жағдайда төсеніш материалдар пайдаланылады.

      52. Шошқалардың әрбір өндірістік тобы, аналық шошқамен бірге ұсталатын еметін торайларды қоспағанда, жеке үй-жайда ұсталады.

      53. Қораларда (секцияларда) еметін торайларды жылыту үшін аналық шошқаларға арнайы локалды жылыту жүйелері (еденді жылыту, сәулемен жылыту және т.б.) қолданылады.

      54. Әлсіз, ауру, өсуі мен дамуы артта қалған шошқаларды ұстау және тиісті ветеринариялық көмек көрсету үшін жалпы мал басының 1 пайызына дейінгі сыйымдылықта оқшауланған үй-жайлар (қоралар) жабдықталады.

      55. Буаз аналық шошқалардың технологиялық топтарын торайлағанға дейін 4 – 6 күн бұрын арнайы секцияларға көшіреді және торайлау жүргізілетін және аналық шошқалар төлдерімен бірге ұсталатын жеке қораларға орналастырылады.

      56. Репродуктивті цехта аналық шошқалар торайлаған уақытта қағанақтар мен өлі туылған ұрықтарды жинауға арналған ылғал өткізбейтін ыдыстар орнатылады. Бұл ыдыстар тәулігіне екі рет әкетіледі. Ыдыстар босағаннан кейін мұқият жуып тазартылады, зарарсыздандырылады және репродуктивті цехқа кері қайтарылады.

      57. Шошқа шаруашылығы кәсіпорындарында (тұқымдық, репродуктивтік, бордақылайтын және аяқталған өндірістік циклмен) ветеринариялық объектілердің құрылысы өсіру технологиясының ерекшеліктеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      58. Жасанды ұрықтандыру пункті (бар болған жағдайда) тұқымдық репродуктордың немесе өндірістік кешеннің аумағына орналастырады. Жасанды ұрықтандыру пунктінде еркек шошқаларды ұстауға арналған үй-жай, зертханалық-технологиялық корпус және ветеринариялық-санитариялық өткізгіш қарастырылады. Жасанды ұрықтандыру пункті кешені жемшөп дайындау бөлігін қамтиды.

5. Қойларды ұстауға арналған мал шаруашылығы объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар

      59. Қойларды ұстауға арналған жапсарлас ашық базасы бар үй-жайларды, сондай-ақ жасанды ұрықтандыру пунктін (бар болған жағдайда) өндірістік аймақта орналастырады.

      60. Сату үшін іріктеп алынған немесе таяуда сатып алынған қойларды карантиндеуге арналған карантиндік бөлімше жеке өрістеу алаңында орналастырылады.

      61. Қорада ұстау кезінде қойлар уақыттың басым бөлігінде ашық өрістеу алаңдарында, ал жауын-шашынды ауа райында, қатты аяздарда және төлдеу кезеңінде – үй-жайларда болуы тиіс.

      62. Әрбір отарға жайылым учаскелері бекітіледі, оларды пайдалану кезектілігі белгіленеді және қойларды сумен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады.

      63. Қойларды күн сәулесінен қорғау үшін көлеңкелі бастырмалар жабдықталады.

      64. Қойларды жазғы кезеңде жақсы жарықтандырылған және желдетілген қырықтық пункттерінде жүнін қырқады. Қырықтық пунктінің маңайында ашық қоралар және бөлу орындары жабдықталады.

      65. Қойлардың сыртқы терісін акарицидті құралдармен өңдеуге арналған құрылғылар мұндай құрылғылардың өткізу қабілеті ескеріле отырып қырықтық пунктеріне жақын маңайда орнатылады.

      66. Ауру қойларды уақытша ұстау үшін қой фермаларында жалпы мал басының 0,5 пайызына дейінгі сыйымдылықта жеке секция жабдықталады.

6. Терісі бағалы аңдарды ұстауға арналған мал шаруашылығы объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар

      67. Терісі бағалы аңдарды ұстайтын шедтер, ветеринариялық пункт, изолятор, азық цехы және терісі бағалы аңдардың терілерін бастапқы өңдеу цехы өндірістік аймақта орналастырылады.

      68. Азық цехы және терісі бағалы аңдардың терілерін бастапқы өңдеу цехы өндірістік және әкімшілік-шаруашылық аймақтарды бөлу сызығында салынады.

      69. Терісі бағалы аңдарды азықтандыру үшін пайдаланылатын жануарлардан алынған өнімдердің қажетті қорын сақтау үшін мал шаруашылығы объектісінде тоңазытқыш камералар жабдықталады.

      70. Терісі бағалы аңдардың терілерін бастапқы өңдеу цехында терісі бағалы аңдардың терілерін сыдыруға, майын айыруға және сұрыптауға арналған үй-жайлар, дайын өнімдер (терісі бағалы аңдардың терілері) қоймасы, қызмет көрсетуші персоналдың тынығуына арналған бөлме қарастырылады.

      71. Дайын өнімдер қоймасы оған бөгде тұлғалардың қолжетімділігін болдырмайтындай етіп орналасуы және терісі бағалы аңдардың терілеріне ветеринариялық бақылау жүргізу үшін қажетті құралдармен жабдықталуы тиіс.

      72. Терісі бағалы аңдардың терілері жабық таза және құрғақ үй-жайларда сақталуы тиіс.

      73. Дайын өнімдер қоймағы терісі бағалы аңдардың терілерін сақтауға арналған ілмелермен және стеллаждармен жабдықталады. Дайын өнімдер қоймасында орналасқан (орнатылған) жабдық, сондай-ақ табандықтар жеңіл жуылатын және зарарсыздандырылатын материалдардан әзірленеді.

      74. Изоляторда терісі бағалы аңдардың негізгі үйірінің жалпы санының 5 пайызына дейінгі сыйымдылықта терісі бағалы аңдарды ұстауға арналған торлары бар шедтер орналасуы тиіс.

      75. Терісі бағалы аңдар олардың еркін қозғалуға, жатуға, бүкіл денесін тік көтеріп артқы аяқта тұруына, осы түрге тән қалыпты және дененің орналасуын қабылдай алатын мүмкіндігі бар торларда ұсталуы тиіс. Тор оқшауланған (абық) бөлікпен (үйшікпен) жабдықталуы тиіс.

      76. Терісі бағалы аңдардың өрістеуіне арналған торлы едендерге арналған ұяшықтардың мөлшерін жануардың жарақаттануын болдырмайтындай етіп таңдау қажет. Еденнің беткі қабаты қатты, тегіс және орнықты болуы тиіс.

      77. Терісі бағалы аңдарға арналған үйшіктерде пайдаланылатын төсеме жұмсақ сабаннан, жоңқадан немесе терісі бағалы аңдардың жарақаттануын болдырмайтын басқа төсеме материалдан тұруы тиіс. Көгерген және (немесе) сапасыз төсеме материалды қолдануға жол берілмейді.

      78. Мал шаруашылығы объектісі терісі бағалы аңдардың терілерін бастапқы өңдеу цехына жөнелтуге дейін терісі бағалы аңдардың терілерін сақтауға арналған жылытылмайтын үй-жаймен немесе тоңазытқыш камерамен жабдықталуы тиіс.

7. ҚҰстарды (суда жүзетіндерден басқа) ұстауға арналған мал шаруашылығы объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар

      79. Кіру және шығу зарарсыздандыру тосқауылдары мал шаруашылығы объектісі аумағына негізгі кіретін жерде, инкубаторийді орналастыру аймағында, сою және қайта өңдеу аймағында, сондай-ақ әрбір өндірістік алаңда орналасады.

      80. Ыдысқа және көлікке арналған зарарсыздандыру блогы және зарарсыздандыру құралдарының қоймасы мал шаруашылығы объектісінің аумағына басты кіру орнында, инкубаторияда, сою және қайта өңдеу аймағында, жұмыртқалар қоймасында және әрбір өндірістік алаңда орналасады.

      81. Өтетін және қосалқы үй-жайлары бар ветеринариялық-санитариялық өткізгіштер әрбір өндірістік алаңға кіреберісте немесе егер ол жеке өндірістік алаңмен бөлінбеген жағдайда мал шаруашылығы объектісінің аумағына кіреберісте орналастырылады.

      82. Инкубаторий, сою және қайта өңдеу цехы, жұмыртқаларды сұрыптау және буып-түю цехы персоналына арналған ветеринариялық-санитариялық өткізгіштер көрсетілген ғимараттардың құрамында орналасуы тиіс.

      83. Құстардың өлі денелерін патологоанатомиялық жарып союға арналған үй-жай (жарып-сою бөлмесі) биологиялық қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған бөлімшеде орналасады.

      84. Құстарды ұстауға арналған ғимараттар (үй-жайлар) өздерінің көлемі бойынша технологиялық процестің талаптарына сәйкес келуі тиіс.

      85. Мал шаруашылығы объектісінің аумағында жабайы құстың ұя салуына мүмкіндік бермейтін жағдай қамтамасыз етілуі тиіс. Мал шаруашылығы объектісінің аумағында ашық су қоймаларының болуына жол берілмейді.

      86. Құстарға арналған үй-жайлар саңғырықтан және басқа ластанулардан тұрақты тазартылуы тиіс, ал бақандар, едендер, ұялар, табандықтар, торлар, жем салатын астаулар және науалар жуылады, қажет болған жағдайда зарарсыздандырылады және залалсыздандырудан өткізіледі, саңғырықтар жиналады.

      87. Құстарды еденде ұстау кезінде астына төсейтін материал ретінде жоңқалар, ағаш жаңқалары, туралған сабан және (немесе) өзге материалдар пайдаланылады. Құстардың әрбір партиясының ауысымы кезінде қатты төсеме алып тасталады және үй-жайды мұқият механикалық тазарту және зарарсыздандыру жүргізіледі.

      88. Қажет болған жағдайда құстарды ұстайтын үй-жайға жапсарлас мал шаруашылығы объектісінің аумағында оқшауландырылған өрістеу алаңдары жабдықталады.

      89. Егер әртүрлі тағайындалған үй-жайлар бір ғимаратта болған жағдайда, мұндай үй-жайлар бір-бірінен бөлек сыртқа шығу жолдарымен саңылаусыз қабырғалармен оқшауландырылады.

      90. Әрбір құс өсіретін үй-жайда, жемшөптер дайындауға арналған цехта, астық қоймасында және басқа да өндірістік үй-жайларда терезелер, есіктер мен желдеткіш тесіктер синантропты құстардың ұшып келуін болдырмауға мүмкіндік беретін торлы рамалармен жабдықталады.

      91. Инкубаторийде инкубациялық және шығару шкафтарына арналған залдар, жұмыртқалар қоймасы, жұмыртқаларды инкубация алдында зарарсыздандыруға арналған камералар, балапандарды жынысы бойынша сұрыптауға арналған үй-жай, балапандарды тәуліктік тапсыру-қабылдауға арналған үй-жай және жуу бөлімі бір-бірінен оқшауландырылуы тиіс.

      92. Құстардың балапандарының әрбір партиясы өмірінің алғашқы күндері арнайы дайындалған, таза, алдын ала зарарсыздандырылған және жылытылатын үй-жайларға орналастырылады.

      93. Құс өсіру үй-жайларында құстар төбенің, қабырғалардың, еденнің және жабдықтың шайындыларын жүргізілген зарарсыздандыру сапасына зертханалық зерттеулердің нәтижелері алынғаннан кейін ғана орналастырылады.

      94. Әрбір жеке тұрған үй-жайға немесе оқшауланған залға бірдей жастағы құстар партиясы ғана орналастырылады. Өлген немесе жарамсыз болған құстардың орнына қосымша құсты орналастыруға үзілді-кесілді тыйым салынады.

      Жемді коспаларды ауыл шаруашылығы құстарын өсіруге арналған үй-жайларда дайындауға жол берілмейді.

      95. Құс қораларында құстарды орналастыру тығыздығының нормалары құстарды ұстау тәсіліне қарай белгіленеді.

      96. Инкубаторийде жұмыртқаларды қабылдауға және сұрыптауға арналған үй-жайларды біріктіруге жол беріледі.

      97. Аналық, аталық және селекциялық топтың құс қораларында жұмыртқаларды газбен тазалау және зарарсыздандыру камерасы болуы тиіс.

      98. Инкубаторийде жас құстарды іріктеу арнайы іріктеуге арналған үй-жайда жүргізіледі.

      99. Ересек құстарды еденде ұстауға арналған құс қоралары жеке немесе топтық ұялармен жабдықталады. Мұндай ұялар қарап тексеру, жұмыртқаларды жинау және тазарту үшін оңай қолжетімді болуы тиіс.

      100. Жұмыртқалайтын тұқымды тауықтарға арналған ұялар екі немесе үш қабатты, етті тұқымды тауықтар үшін – бір немесе екі қабатты болуы тиіс.

      101. Етті тұқымды тауықтарға арналған ұялар технологиялық дәліздің бойымен орнатылуы тиіс, бұл ретте мұндай ұяның конструкциясы жұмыртқаларды дәліз тарапынан жинауды қамтамасыз етуі тиіс.

8. Балықтарды ұстауға арналған мал шаруашылығы объектілеріне (тек тоған шаруашылықтарына ғана) қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар

      102. Балықтарды көбейту және өсіру үшін судың тұзды және газды құрамы бойынша мүше мемлекеттердің заңнамалары талаптарына сәйкес келетін және өсіретін балық түрі сезімтал келетін жұқпалы және инвазиялық аурулар бойынша қолайлы су қоймалары мен су көздері пайдаланылады.

      103. Су қоймаларының конструкциясы уылдырық шашатын, жазғы-аналық және балық өсіретін тоғандар табанын толығымен құрғатуды қамтамасыз ететін іс-шараларды жүргізу мүмкіндігін қарастыруы тиіс.

      104. Барлық су қоймалары тәуелсіз сумен жабдықтауы болуы тиіс және оларға құнсыз балықтардың және басқа да су ағзаларының – балық аурулары тасымалдағыштарының өтуіне кедергі келтіретін гидротехникалық құрылыстармен жабдықталуы тиіс.

      105. Тұқымдық балықтарды ұстауға арналған су қоймалары басқа балықтарды ұстауға арналған су қоймаларының (өрістеу тоғандары) деңгейінен жоғары орналасуы және тәуелсіз сумен жабдықтауы болуы тиіс.

      106. Карантиндеу үшін пайдаланылатын су қоймалары және (немесе) балықтарды (уылдырықтау алдында өнім беретін балықтарды, басқа шаруашылыққа жөнелту үшін дайындалған балықтарды) уақытша ұзақ ұстауға арналған қолдан салынған тоғандар балық шаруашылығы су жүйесінің соңында орналастырылады және залалсыздандыру үшін олардан суды ағызу балық шаруашылығының басқа су қоймаларымен байланысы болмайтын тұндырғыш тоғандарға немесе балық шаруашылығы үшін маңызы жоқ су қоймаларына жүзеге асырылады.

      107. Балық шаруашылығының барлық су қоймалары олардың тікелей тағайындалуы бойынша ғана пайдаланылуы тиіс.

      108. Балық өсіру шаруашылығында ихтиопатологиялық зерттеулер жүргізуге арналған зертханалар, сондай-ақ балықтарды емдеу және профилактикалық өңдеуден өткізуге арналған бассейндер немесе ванналар болуы тиіс.

      109. Карантиндеу үшін пайдаланылатын су қоймалары оларда балықтар болмаған кезде сусыз, бірақ кез келген уақытта оларда балықтарды орналастыруға толығымен дайын күйде ұсталуы тиіс.

      110. Балық өсіру шаруашылықтарында су қоймаларында балықпен қоректенетін су құстарының шоғырлануына жол бермеу бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

      111. Су қоймаларының жағалау маңындағы аймағы тиісті жағдайда ұсталады, керек-жарақтарды, жабдықтарды және айлақтарды, сондай-ақ балықтарды ветеринариялық-санитариялық өңдеу және керек-жарақтар мен жабдықтарды сақтау орындарын профилактикалық зарарсыздандыру жүргізіледі.

      112. Әрбір су қоймасына немесе су қоймалары тобына жеке керек-жарақтар, жабдық, аулау құралы, жүзетін құралдары және т.б. бекітілуі тиіс. Жоспарлы іс-шаралар өткізілгеннен кейін керек-жарақтар, жабдық, аулау құралы және арнайы киім профилактикалық зарарсыздандырылуы тиіс.

      113. Балық өсіру шаруашылығында басқа су қоймаларына ауыстыруға арналған балықтарды профилактикалық өңдеу үшін паратиттерге қарсы ванналар жабдықталуы тиіс. Бір жазғылар, өнім беретін балықтар және уылдырықтайтын балықтар қыстаққа орналастырудың алдында паразиттерге қарсы ванналарда прилактикалық өңдеуге жатады.

      114. Мүше мемлекеттер заңнамасының талаптарына сәйкес балық өсіру шаруашылығында ихтиопатологиялық зерттеулер, суға гидрохимиялық зерттеулер жүргізу және ұйымның эпизоотикалық жағдайы туралы құжаттама (су қоймасының ветеринариялық-санитариялық паспорты немесе балық шаруашылығы су қоймасының паспорты не мал шаруашылығы объектісінің есептік нөмірі) жүргізілуі тиіс.

9. Балараларды ұстауға арналған мал шаруашылығы объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар

      115. Омарталар баларалардың жұқпалы ауруларынан еркін, құрғақ, күн сәулесімен жарықтандырылған және балауыз өңдеу зауыттарынан, кондитерлік немесе химиялық өнімдерді өндіруді жүзеге асыратын ұйымдардан, аэродромдардан, әскери полигондардан, радиолокациялық, радио- және телехабар тарату станцияларынан және басқа да микротолқынды сәулелендіру көздерінен алшақ желі басым орындардан қорғалған аумақта орналастырылады.

      116. Тауарлық омарталар тұқымдық және карантиндік омарталардан кемінде 7 км арақашықтықта алшақ болуы тиіс.

      Тұқымдық омарталар өңірдің табиғи ерекшеліктері ескеріле отырып табиғи резервацияларда (мысалы, аралдар, шатқалдар және т.б.) орналастырылады, басқа омарталардан кемінде 7 км арақашықтықта алшақ болуы тиіс.

      Стационарлы тауарлық омарталардың тұқымдық омарталардан 7 км кем арақашықтықта болуына тауарлық омарталардың барлық балұяларындағы аналықтарды осы тұқымдық омартадан сатып алынған (алынған) аналықтарға жыл сайын ауыстырған және тауарлық омарталардың тұқымдық омарталарға қойылатын ветеринариялық талаптарды орындаған кезде ғана жол беріледі.

      117. Баларалар ыңғайлы және нөмірленген аралар ұясында ұсталуы тиіс.

      118. Әрбір омартада резервтік (аралардан бос) аралар ұясы (балұялардың жалпы санының 10 пайызынан кем емес) және кәрездер (кәрездердің жалпы санының 30 пайызынан кем емес) болуы тиіс.

      119. Аралардың ұяларын әзірлеу және оларды қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен қорғау үшін баларалардың днгсаулығына және омарташылық өнімге зиянды ықпал тигізбейтін экологиялық таза материалдарды ғана пайдалануға жол беріледі.

      Аралардың ұяларын жылыту үшін табиғи материалдардан жасалған жылытатын жастықтар (төсеніштер) пайдаланылуы тиіс. Ылғалданған жылытатын жастықтар (төсеніштер) ауыстырылуы тиіс.

      120. Омарталар аумағында бақылаушы аралар ұясына арналған бастырмалар, балараларға арналған суарғыштар, сондай-ақ аралардың ұяларын және басқа да жабдықтарды зарарсыздандыруға арналған бастырмасы мен ағын суларға арналған жабық шұқыры бар алаңдар орналастырылады.

      121. Стационарлық омартада кәрездер, баларалардың күтіміне арналған керек-жарақтар және бал сорғытқыштар сақталатын омарташының үйі, ал көшпелі омартада – көшпелі үйшік орналастырылады.

      122. Көлемі үлкен омарталарда бос рамаларды, балы және балтозаңы бар кәрездерді, ыдыстарды, керек-жарақтар мен жабдықтарды, зарарсыздандыру құралдарын сақтауға арналған жеке тұрған немесе блокталған ғимараттар орналастырылады.

      Тұқымдық омарталар аналықтарды құралдармен ұрықтандыруға арналған зертханалармен жабдықталады.

      123. Омарташы үйінің (көшпелі үйшіктің), кәрездерді сақтауға және балды сорғытып алуға арналған үй-жайлардың терезелері үй-жайларға баларалар мен басқа да жәндіктердің енуін болдырмайтын қалың тормен қоршалады.

      124. Қысқы төмен температуралы аумақтар үшін омартада құрғақ және мұз қатпайтын болуы тиіс қыстау салынады.

      125. Қыстау атмосфералық сулардың ағуына қолайлы рельефі бар құрғақ дөңес жерде орнатылады. Қыстау кеміргіштердің, жарық пен шудың енуінен сенімді қолғанған болуы тиіс.

      126. Қыстаудың үй-жайы пайдаланар алдында зарарсыздандырылады, дезинсекцияланады және дератизацияланады, сондай-ақ жуып, кептіріледі. Қыстауды басқа мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады.

      127. Жаңадан әкелінген баларалар партиясы карантиндік омартаға орналанстырылады.

      128. Ара ұялары, омарташылық керек-жарақтар, арнайы киім және омарташы заттары таңбаланады және әрбір омартаға бекітіледі. Көрсетілген заттарды зарарсыздандырудан өткізбей бір омартадан екіншісіне орын ауыстыруға тыйым салынады. Шаруашылыққа немесе омартаға бұрын қолданылған ара ұялары, бал шайқауыштар, омарташылық керек-жарақтар және омарталық жабдық, сондай-ақ бал құятын ыдыстар келіп түскен кезде олар міндетті түрде зарарсыздандырылады.

IV. Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын жануарлардан алынған (тағамдық және тағамдық емес)
тауарларды өндіру (әзірлеу) және (немесе) сақтау жөніндегі объектілерге қойылатын жалпы
ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар

      129. Осы бөлімнің әрекеті мал шаруашылығы объектілеріне қолданылмайды.

      130. Объект мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалған санитариялық-қорғау аймақтары ескеріле отырып орналастырылуы тиіс.

      131. Объектіні биологиялық қалдықтарды көму орындарының аумақтарында орналастыруға тыйым салынады.

      132. Объект ауызсумен, электр энергиясымен және қолайлы кіреберіс жолдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Өндірістік аумақта артезиан ұңғымалары және суды сақтауға арналған жерасты резервуарлары болған жағдайда осы аумақты ұйымдастыру (орналастыру) ағынсулармен және жерасты суларымен судың ластануы қатерінің болмауын қамтамасыз етуі тиіс. Объектілерде судың сапасын бақылауды мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес аккредиттелген және (немесе) аттестациядан өткен зертханалар жүзеге асырады. Сумен жабдықтау көздерінің, су құбырлары желісінің, шолу құдықтарының жабдығы техникалық жарамды күйде болуы тиіс.

      133. Өндірістік аумақта өнімнің ластануы қатерін болдырмайтын атмосфералық, еріген қар суы және ағынсу жүйесі болуы тиіс.

      134. Объектінің ішіндегі жолдардың, өтетін жолдардың және технологиялық алаңдардың оңай жуылатын және зарарсыздандырылатын қатты жабыны болуы тиіс.

      135. Өндірістік аумақта қажет болған жағдайда автокөлікті жууға және зарарсыздандыруға арналған алаңдар қарастырылуы тиіс.

      136. Өндірістік аумақта тұтас қоршау болуы тиіс немесе аумаққа бөгде тұлғалар мен көлік құралдарының енуіне жол бермейтін, сондай-ақ жабайы және қаңғыбас жануарлардың қолжетімдігін шектейтін тәсілмен қорғалған болуы тиіс.

      137. Өндірістік аумақта технологиялық процесті жүзеге асырумен байланысты емес ғимараттарды (үй-жайларды) орналастыруға жол берілмейді.

      138. Өндірістік аумақ таза ұсталуы тиіс, өндірістік аумақтағы өтетін және жүретін жолдар материалдарды, ыдыстарды және биологиялық қалдықтарды сақтау үшін пайдаланылмауы тиіс.

      139. Өндірістік аумақты жоспарлау объектіде өнім өндіру үшін пайдаланылатын шикізаттың объектіде шығарылатын дайын өніммен қарама-қарсы немесе тоғыспалы ағындарын болдырмауы, сондай-ақ дайын өнімнің өндіріс қалдықтарымен қарама-қарсы немесе тоғыспалы ағындарын болдырмауы тиіс. Қолданыстағы объектілерде қарама-қарсы және тоғыспалы ағындарды болдырмау мүмкіндігі болмаған жағдайда оларды технологиялық схемаларға (нұсқаулықтарға) сәйкес уақытпен бөлу шартымен тоғыспалы ағындарға рұқсат етіледі.

      140. Өндірістік ғимараттар (үй-жайлар) оларды кеміргіштердің, синантропты құстарды және жәндіктердің енуінен қорғауды қамтамасыз етілетіндей етіп құрылуы және жабдықталуы тиіс.

      141. Өндірістік аумақта құтыруға қарсы вакцинациядан және дегельминтизациядан өткен, сәйкестендірілген және гельминтоздарға зертханалық зерттеулердің және күзет үй-жайының жанында немесе қоршауды бойлай байлап ұсталатын етқоректі жануарлардың жұқпалы ауруларының профилактикасына бағытталған жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын ветеринариялық паспорты бар күзетші иттен басқа иттердің, мысықтардың, сондай-ақ жануарлардың басқа түрлерінің болуына жол берілмейді.

      142. Өндірістік ғимараттарды (үй-жайларды) жоспарлау, олардың конструкциясы мен орналасуы мүше мемлекеттер заңнамасының талаптарына сәйкес профилактикалық және мәжбүрлі зарарсыздандыруды, дезинсекцияны және дератизацияны жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

      143. Зарарсыздандыру, дезинсекция, дератизация кезінде қолданылатын керек-жарақтар мен препараттарды сақтау үшін осы препараттарды әзірлеушілер белгілеген сақтау режимдері мен талаптарын қамтамасыз ететін температурадағы және ылғалдылықтағы арнайы ғимараттар (үй-жайлар) қарастырылуы тиіс. Үй-жайлар жабылатын құрылғылармен жабдықталуы тиіс. Барлық препараттарда айқын (оқылатын) этикеткалар болуы тиіс.

      144. Жабдықтар, керек-жарақтар, арнайы киімдер және арнайы аяқ киімдер таңбаланады және өндірістік ғимараттарға (үй-жайларға) бекітіледі. Көрсетілген заттарды пайдалану үшін өндірістік ғимараттардан (үй-жайлардан) зарарсыздандырмай орын ауыстыруға жол берілмейді.

      145. Өндірістік ғимараттардағы (үй-жайлардағы) едендердің саңылаусыз, тесіктерсіз және ойдым шұңқырсыз берік қатты ылғал өткізбейтін жабыны болуы, зарарсыздандыратын заттарға төзімді және тазалау (тазарту) және зарарсыздандыру процестерінің механизациясы мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

      146. Өндірістік ғимараттардың (үй-жайлардың) және қоршаулық конструкциялардың қабырғалары мен төбелерінің беткі қабаты тазалауға, жууға және зарарсыздандыруға оңай берілетін материалдардан жасалуы тиіс.

      147. Жабдықтың конструкциясы механикалық тазартуды, жууды және зарарсыздандыруды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Тамақ өнімдерімен түйісетін технологиялық жабдықтың жұмысқа арналған беткі қабаттары сіңірмейтін материалдардан жасалуы тиіс. Коррозияға бейім металдан әзірленген керек-жарақтардың, ыдыстардың және қоймаішілік көліктің (арбалар, электрокар және т.б.) коррозияға қарсы жабыны болуы тиіс.

      148. Өндірістік ғимараттарды (үй-жайларды) жоспарлау, олардың конструкциясы мен орналасуы технологиялық процестердің үздіксіз ағынын қамсыздандыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

      149. Жануарлардан алынған өнімді сақтауға арналған өндірістік ғимараттар (үй-жайлар) (бар болған жағдайда) олардың еденмен, қабырғалармен, төбемен және салқындату аспаптарымен жанасуы мүмкіндігін болдырмайтындай етіп құрылуы және жабдықталуы тиіс.

      150. Өндірістік ғимараттың (үй-жайдың) өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық ағынсуларын жинау жүйесі бөлек, жалпы қалалық канализацияға қосылуы немесе тазарту құрылыстарының жеке меншік жүйесі болуы тиіс.

      151. Қатты тұрмыстық және тамақ қалдықтарын жинау үшін шикізаттың және дайын өнімнің ластануы тәуекелі болмайтын жағдайда өндірістің аумақтың қатты жабыны бар алаңдарында орнатылған қақпақтары бар бөлек контейнер (арнайы жабық конструкциялар) қарастырылады. Өнімді өндіру процесінде жиналатын қалдықтар өндірістік аумақтан тұрақты шығарылуы тиіс.

      Өндірістің аумақтан қалдықтарды шығару және жою өнімнің, қоршаған ортаның ластануына, жануарлар мен адамның өмірі мен денсаулығына қауіп тудыруға алып келмеуі тиіс.

      Қалдықтарды жинауға және сақтауға арналған ыдыстар орналасқан алаңда тұрақты санитариялық өңдеу және зарарсыздандыру жүргізілуі тиіс.

      Қалдықтарды жинауға және сақтауға арналған ыдыстан орналасқан алаңды жинауға арналған керек-жарақтар тұрақты санитариялық өңдеуге және зарарсыздандыруға жатады.

      152. Объектіде оның жұмысшыларының жеке гигиена қағидаларын сақтауы үшін жағдай қамтамасыз етілуі тиіс.

      153. Объектіге бөгде тұлғалардың осы объектінің қызметкерлерінің ілесіп жүруінсіз келуіне жол берілмейді.

V. Өнім беретін жануарларды сою объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар

      154. Объект ветеринариялық-санитариялық өткізгіштермен жабдықталуы тиіс.

      155. Өндірістік аумаққа кіру (шығу) кезінде кез келген ауа райы жағдайында кіретін (шығатын) көлікті тиімді зарарсыздандыру қамтамасыз етілуі тиіс.

      156. Өндірістік аумақта жануарларды түсіргеннен кейін автокөлікті жууға және зарарсыздандыруға арналған алаң жабдықталған болуы тиіс.

      157. Объектіде жануарларды сою алдында ұстау, сою алдында ветеринариялық қарап тексеруді жүргізу, оқшаулап ұстау және санитариялық сою үшін жағдай қамтамасыз етілуі тиіс. Санитариялық союды арнайы белгіленген күндері немесе өнім беретін жануарларды бастапқы қайта өңдеу цехында үй-жайды және жабдықты кейіннен зарарсыздандыруды жүргізумен дені сау өнім беретін жануарлардың барлық ұшалары мен басқа да сою өнімдері цехтан шығарылғаннан кейін ауысымның соңында ұйымдастырған кезде сою-санитариялық пункттің болмауына рұқсат етіледі.

      158. Өндірістің ғимараттар (үй-жайлар) объектінің қуатына сәйкес келетін жануарлардың мұндай санын сыйғызуы тиіс.

      159. Жануарларға арналған ашық қоралар жануарлар түрегеп тұра алатындай немесе қоршауды бойлап жата алатындай, қажетті бағытта еркін қозғалып жүре алатындай етіп құрастырылуы тиіс. Жануарларға арналған ашық қораларда барлық жануарлар үшін оларға еркін қолжетімділік жағдайында жеткілікті мөлшерде астаулар орналастырылуы мүмкін.

      160. Өндірістік ғимараттар (үй-жайлар) жануарларды қолайсыз ауа райы жағдайларынан қорғауды қамтамасыз ететіндей күйде құрастырылуы және ұсталуы тиіс.

      161. Объектілерде тезекті залалсыздандыруға арналған жағдай қамтамасыз етілуі тиіс.

      162. Объектілер жануарларға ізгілікпен қарауды қамтамасыз ететін, соның ішінде таяу маңдағы жануарлардың алаңдаушылығын тудырмайтын жабдықпен жабдықталуы тиіс.

      163. Өндірістік ғимараттарға (үй-жайларға) кіреберісте үй-жайға қызмет көрсететін персоналдың және келушілердің көрсетілген жабдықтан айналып өтуін болдырмайтындай етіп аяқ киім мен қолды өңдеуді (жуу және (немесе) зарарсыздандыру) жүргізуге арналған арнайы жабдық орнатылуы және жұмыс істеуі тиіс.

      164. Өндірістік ғимараттардың (үй-жайлардың) конструкциясы және онда орналастырылған жабдық өндірістің технологиялық процесінің барлық кезеңдерінде сойылған өнімдерді және ет өнімдерін бақылауға алуды қамтамасыз етуі тиіс.

      165. Объект онда көзделетін ветеринариялық-санитариялық сараптамаларды жүргізуге арналған жұмыс орындарымен жабдықталуы тиіс:

      а) қосымша жарықтандыру;

      б) ыстық, салқын сумен және зарарсыздандырғыш ерітінділермен қамтамасыз ету;

      в) жұқпалы ауру анықталған кезде сою процесін тоқтатуға арналған дабыл жүйесі (ағымдық-конвейердік желілер үшін);

      г) жануарлардың аурулары анықталған жағдай туралы хабар беретін ұшаларға арналған белгілер;

      д) ветеринариялық конфискаттарға арналған ыдыстар;

      е) аспаптарға арналған стерилизаторлар.

      166. Жануарларды қайта өңдеудің ағымдық процесі бар объектілер мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес ветеринариялық-санитариялық сарапатамалар жүргізуге арналған жұмыс орындарымен жабдықталуы тиіс. Ет ұшаларын бөлудің соңғы кезеңінде жануарлардың жұқпалы ауруларының болуына күдікті ет ұшаларын қосымша ветеринариялық-санитариялық қарап тексеруге арналған қосалқы аспалы жол немесе жеке үй-жай, сондай-ақ зертханалық зерттеулердің нәтижелері алынғанға дейін етті және сойылған өнімді уақытша ұстауға арналған оқшауланған тоңазытқыш камера жабдықталуы тиіс.

      167. Аспалы жолдар ет ұшаларының еденмен, қабырғалармен, технологиялық жабдықпен түйісуі мүмкіндігін болдырмауы тиіс.

      168. Ет ұшаларын қансыздандыру, тазарту және жуу учаскелерінде еден сұйықтықтың ағуы үшін еңіс болуы тиіс.

      169. Жануарларды қайта өңдеуге арналған ағымдық конвейерлік желілері жоқ объектілер ет ұшаларына ветеринариялық-санитариялық сараптамалар жүргізуге арналған аспалы жолдардың арнайы бөлінген учаскелерімен, сондай-ақ бастарды және ішкі органдарды қарап тексетуге арналған үстелдермен жабдықталуы тиіс.

      170. Жабдықты орналастыру және теріні сыдыру бойынша (майын сылуды қоса алғанда) технологиялық операциялар еттің механикалық, сырттай ластануын және микробтық контаминациясын азайтуды қамтамасыз етуі тиіс.

      171. Ірі қара малды және ұсақ малды сою жөніндегі объектілер ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясы және қойдың скрепиі бойынша ерекшелік тәуекелінен материалдарды қауіпсіз ажыратуға және жинауға арналған жабыдқтармен және керек-жарақпен қамтамасыз етілуі тиіс.

      172. Құстарды сою жөніндегі объектілер ұшаларды салқындатуға арналған жабдықпен қамтамасыз етілуі тиіс.

VI. Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын жануарлардан алынған (тағамдық және тағамдық емес)
тауарларды өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар

      173. Объект өндірістік ғимараттарға (үй-жайларға) (өнім бермейтін жануарларға арналған қоспа жемдерді және жемшөпті өндіру жөніндегі объектілерді қоспағанда) кіруге арналған ветеринариялық-санитариялық өткізгіштерге балама үй-жайлармен жабдықталуы тиіс.

      174. Өндірістік ғимараттарға (үй-жайларға) кіру кезінде үй-жайға қызмет көрсететін персоналдың және келушілердің көрсетілген жабдықтан айналып өтуін болдырмайтындай етіп аяқ киім мен қолды өңдеуді (жуу және (немесе) зарарсыздандыру) жүргізуге арналған арнайы жабдық орнатылуы және жұмыс істеуі тиіс.

      175. Өндірістік ғимараттарды (үй-жайларды) жоспарлау, олардың конструкциясы мен орналасуы шикізатты, орам материалдарын және дайын өнімді сақтау үшін жағдайды қамтамасыз етуі тиіс.

      176. Объект тағамдық шикізат үшін пайдаланылатын ыдыстың таңбалануы мен түсінен ерекшеленетін тәсілмен таңбаланған немесе сондай түске боялған тағамдық емес қалдықтар мен ветеринариялық конфискаттарды жинауға арналған ыдыспен қамтамасыз етілуі тиіс.

      177. Жануарлардан алынған тағамдық емес тауарлардың өндірісі тағамдық цехтардан оқшауланған болуы және осы бөлімшеден шығу орны бар ветеринариялық-санитариялық өткізгіштерге ұқсас жеке дара үй-жайлары бар оқшауландырылған шикізаттық бөлімшесі болуы тиіс.

      178. Белгілі бір температуралық-ылғалдық режимді талап ететін өндірістік ғимараттар (үй-жайлар) күнделіктібақылау мүмкіндігімен осындай режимді қамтамасыз етуге арналған аспаптармен және жабдықпен құрастырылуы және жабдықталуы тиіс.

VII. Жануарлардан алынған тауарларды және жемшөпті сақтау жөніндегі объектілерге қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар

      179. Объектілер тауарлардың қатар орналасуы қағидаларын және қаттау нормаларын сақтай отырып жануарлардан алынған тауарларды және жемшөпті сақтау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін аспаптармен және жабдықпен құрастырылуы және жабдықталуы тиіс. Ерекше иісі бар өнімдер үшін иістерді қабылдайтын өнімнен бөлек сақтау мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.

      180. Жануарлардан алынған тауарларды сақтау бойынша өндірістік ғимараттардың (үй-жайлардың) орналасуы қайта өңделмеген өнімді (жартылай фабрикаттарды) және қайта өңделген өнімді бөлек сақтауды қамтамасыз етуі тиіс. Мұндай қайта өңделмеген өнім (жартылай фабрикаттар) және қайта өңделген тамақ өнімдері олардың түйісуін, тоғыспалы ластануын және (немесе) органолептикалық қасиеттерінің өзгеруін болдырмайтын өндірістік тәсілмен оралған жағдайда, сондай-ақ олардың температуралық-ылғалдық сақтау режимі бірдей болған жағдайда өндірістік әзірленген қайта өңделмеген өнімді (жартылай фабрикаттарды) қайта өңделген тамақ өнімдерімен бірге сақтауға рұқсат етіледі.

      181. Етті (ұшаны, жартылау ұшаны, төрт бөлікті) салқындатуға арналған мұздатқыш камералар оны асылған күйде сақтауды қамтамасыз ететін жабдықпен жабдықталуы тиіс.

      182. Қоймалар, мұздатқыш камералар сақталатын тауарлардың еденмен, қабырғалармен, жабдықпен түйісуі мүмкіндігін болдырмайтын стеллаждармен және (немесе) табандықтармен жабдықталуы тиіс.

      183. Қоймалар, мұздатқыш камералар күнделікті бақылау мүмкіндігімен қажетті температуралық-ылғалдық сақтау режимін қамтамасыз етуге арналған аспаптармен және жабдықпен жабдықталуы тиіс.

      184. Жануарлардан алынған тауарларды сақтау жөніндегі объектілерде олардың сапасы жақсы тауарлармен түйісуі мүмкіндігін болдырмау мақсатында сапасыздық белгілері бар тауарларды уақытша сақтауға арналған оқшауланған камералар немесе орындар бөлінуі және жабдықталуы тиіс.

      185. Тоңазытқыш камералары есіктерінің ойығы есікті ашқан кезде оларды қосу механизмі бар шторлармен немесе әуелік шымылдықтармен жабдықталуы тиіс.

      186. Объектілерде жүк арбаларын, керек-жарақты және айналыстағы ыдысты жууға және зарарсыздандыруға арналған үй-жай (орын) қарастырылуы тиіс.

      187. Объектінің әкімшілік-шаруашылық аймағында ыдысты сақтауға арналған бастырмалар орнатылады және қоқыс пен тағамдық қалдықтарды бөлек жинауға арналған алаң жайғастырылады.

VIII. Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын жануарларды және жануарлардан алынған тауарларды
тасымалдауды жүзеге асыратын объектілерге қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар

      188. Жануарларды және жануарлардан алынған тауарларды тиеуге (түсіруге) арналған объектілер, сондай-ақ жабдық жануарлардың жарақаттануын және денсаулығына зиян келтіруді болдырмайтындай, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей етіп құрастырылуы және салынуы тиіс.

      189. Объектілер қолайсыз ауа райы жағдайларының ықпалынан жануарларды қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.

      190. Объектіде жануарларға олардың мөлшеріне сәйкес орын қамтамасыз етілуі тиіс.

      191. Объект жануарларды бақылау және оларды қарап тексеру үшін қуаты жеткілікті жарықтандыру жүйесімен жабдықталуы тиіс.

      192. Объектіде азықты және суатты тарату жүйесі азық пен су жануарларға олардың түрін, мөлшерін және салмағын ескере отырып жеткізілетіндей етіп құрастырылуы тиіс және бөліктермен бітелуін төмен деңгейге дейін жеткізуге мүмкіндік беруі тиіс.

      193. Объект оны механикалық тазартуды, жуып тазалауды, зарарсыздандыруды жүргізу, тезек пен зәрді шығару мүмкіндігі қамтамасыз етілетіндей етіп құрастырылуы тиіс. Жануарларды бірнеше қабатта орналастыру кезінде жоғары қабатта орналастырылған жануарлардың тезектері мен зәрі төменгі қабатта орналастырылған жануарларды, олардың азықтары мен суын ластамауы тиіс. Объект тірі жануарларды көшіру алдында ластанудан тазартылуы, сумен жуып тазалануы және зарарсыздандырғыш құралдармен өңделуі тиіс.

      194. Бұрын жануарлардың улануын тудыруы мүмкін заттарды көшіру үшін пайдаланылған объектілерді тірі жануарларды көшіру үшін пайдалануға тыйым салынады.

      195. Объектінің және контейнерлердің жүк бөлігінің ішкі жоғарғы қабаты оңай механикалық тазартылатын, жуылатын және зарарсыздандырылатын уытсыз материалдардан жасалуы тиіс.

      196. Объектінің конструкциясы контейнерлер мен ыдыстардағы заттардың төгілуін және (немесе) тасып ағуын болдырмауы тиіс.

      197. Объект олардың кенеттен ашылып кетуін болдырмайтын ілмекті құылғымен және есікпен жабдықталуы тиіс.

      198. Жануарлардан алынған тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын объект осы тауарларды әзірлеушілер белгілеген көшіру (тасымалдау) талаптарын, олар болмаған жағдайда – тауарларды сақтау талаптарын қамтамасыз етуі тиіс.

      199. Буланған немесе салқындатылған етті ұшамен (жартылай ұшамен, төрт бөлікпен) тасымалдауды жүзеге асыратын объект ілгектермен жабдықталуы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады