Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 170 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 34 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 107 және 110-тармақтарына сәйкес және Украинада шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін болаттан жасалған тұтас тапталған доңғалақтарға қатысты демпингке қарсы қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша дайындалған Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде, демпингке қарсы шараларды өзгерген мән-жайларға байланысты қайта қарау мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Украинада шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін болаттан жасалған тұтас тапталған доңғалақтарға қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шаралар қолдану туралы" № 170 шешіміне қосымшада "4,75" және "4,75" цифрлары тиісінше "34,22" және "34,22" цифрларымен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады