Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 13 наурыздағы № 39 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерді жүйелендіру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес тізім бойынша Кеден одағы Комиссиясы шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 13 наурыздағы
№ 39 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының күші жойылды деп танылған шешімдерінің
ТІЗБЕСІ

      1. Кеден одағы Комиссиясының "Тарифтік емес реттеу" бағытындағы халықаралық шарттардың жобалары туралы" 2009 жылғы 4 ақпандағы № 8 шешімі.

      2. Кеден одағы Комиссиясының "Бірыңғай кедендік тарифтің жобасын дайындау жөніндегі жұмыс барысы туралы" 2009 жылғы 4 ақпандағы № 10 шешімі.

      3. Кеден одағы Комиссиясының "Бірыңғай кедендік тарифті қалыптастыру барысы туралы" 2009 жылғы 26 ақпандағы № 16 шешімі.

      4. Кеден одағы Комиссиясының "Бірыңғай кедендік тариф туралы" 2009 жылғы 18 наурыздағы № 24 шешімі.

      5. Кеден одағы Комиссиясының "Тарифтік емес реттеу" сарапшылық тобының жұмысы туралы" 2009 жылғы 18 наурыздағы № 27 шешімі.

      6. Кеден одағы Комиссиясының "Бірыңғай кедендік тариф жобасымен жұмыс барысы туралы" 2009 жылғы 22 сәуірдегі шешімі.

      7. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағында бірыңғай тарифтік емес реттеу жүйесін құру жөніндегі іс-шаралар туралы" 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 37 шешімі.

      8. Кеден одағы Комиссиясының "Бірыңғай кедендік тариф туралы" 2009 жылғы 29 мамырдағы № 44 шешімі.

      9. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағы Комиссиясының 22.04.2009 жылғы № 37 шешімімен бекітілген Кеден одағында бірыңғай тарифтік емес реттеу жүйесін құру жөніндегі қосымша іс-шаралардың орындалу барысы туралы" 2009 жылғы 12 тамыздағы шешімі.

      10. Кеден одағы Комиссиясының "Мемлекет басшылары деңгейіндегі ЕурАзЭО Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғары органының) Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кедендік одағында бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы шешімінің жобасы туралы" 2009 жылғы 21 қазандағы № 102 шешімі.

      11. Кеден одағы Комиссиясының "Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кедендік одағының бірыңғай тарифтік емес реттеу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету туралы" 2009 жылғы 26 қарашадағы № 123 шешімі.

      12. Кеден одағы Комиссиясының "Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кедендік одағының бірыңғай тарифтік емес реттеуі туралы" 2009 жылғы 27 қарашадағы № 132 шешімі.

      13. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағы Комиссиясына кедендік әкелу бажының ставкасын өзгерту туралы өтініштің нысаны туралы" 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 152 шешімі.

      14. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифнің кедендік әкелу баждары ставкаларын түзету туралы" 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 156.

      15. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағындағы ақпараттық технологиялар", "Тарифтік емес реттеу" және "Кедендік әкімшілендіру және статистика" бағыттары бойынша сарапшылық топтар басшыларының берілген лицензиялар мен рұқсат беру құжаттары бойынша ақпараттық ресурстар құру және оларға Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының қолжетімділігін ұйымдастыру туралы мәселе бойынша ақпараты" 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 161 шешімі.

      16. Кеден одағы Комиссиясының "Экспорттық бақылау мәселелері бойынша" сарапшылық топты құру туралы" 2010 жылғы 26 ақпандағы № 181 шешімі.

      17. Кеден одағы Комиссиясының "Экспорттық бақылау мәселелері бойынша" сарапшылық топтың құрамын және оның Ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 220 шешімі.

      18. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағына мүше мемлекеттердің өзара саудасында экономикалық емес сипаттағы тыйым салулар мен шектеулерді қабылдау мәселелері бойынша" сарапшылық топты құру туралы" 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 224 шешімі.

      19. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауы туралы" 2010 жылғы 20 мамырдағы № 269 шешімі.

      20. Кеден одағы Комиссиясының "Еуразиялық экономикалық қауымдастық шеңберінде үшінші елдермен саудада Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың Бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және транзитіне қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысанының жобасы туралы" 2010 жылғы 20 мамырдағы № 285 шешімі.

      21. Кеден одағы Комиссиясының "Бірыңғай кедендік аумақ шеңберінде тарифтік емес реттеу шараларын қолдану туралы" 2010 жылғы 18 маусымдағы № 333 шешімі.

      22. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауы туралы" 2010 жылғы 17 тамыздағы № 356 шешімі.

      23. Кеден одағы Комиссиясының "Шифрлау (криптографиялық) құралдары туралы" 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 404 шешімі.

      24. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағы Комиссиясы оларға қатысты кедендік әкелу бажының ставкаларын өзгерту туралы шешімді консенсуспен қабылдайтын Сезімтал тауарлардың тізбесіне өзгерістер енгізу туралы" 2010 жылғы 18 қарашадағы № 459 шешімі.

      25. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағы Комиссиясының Кеден одағына мүше мемлекеттер біржақты тәртіпте енгізетін тарифтік емес реттеудің уақытша шараларына қатысты шешімдері туралы" 2010 жылғы 18 қарашадағы № 472 шешімі.

      26. Кеден одағы Комиссиясының "Оларға қатысты 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап тарифтік квоталар, сондай-ақ осы тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына әкелу үшін тарифтік квоталардың көлемі белгіленетін тауарлардың тізбесі туралы" 2010 жылғы 18 қарашадағы № 505 шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады