Өнеркәсіптік майлы спирттерге қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасын белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 13 маусымдағы № 99 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН 3823 70 000 0 кодымен сыныпталатын өнеркәсіптік майлы спирттерге қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы (Еуразиялық экономикалық комиссияның 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) 2018 жылғы 2 қыркүйектен бастап қоса алғанда 2021 жылғы 31 тамызға дейінгі аралықта кедендік құннан 0 пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссияның 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 3823 70 000 0 коды бар позициясының төртінші бағаны ескертпеге "20С)" сілтемемен толықтырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 20С ескертпесімен толықтырылсын:

      "20С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы 2018 жылғы 2 қыркүйектен бастап қоса алғанда 2021 жылғы 31 тамызға дейінгі аралықта қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2018 жылғы 2 қыркүйектен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады