Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 30-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 желтоқсандағы № 169 шешімін басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған "Уәкілетті экономикалық операторлардың жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін іске асыру қағидалары" бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 17 шілдедегі № 111 шешіміне ҚОСЫМША |
"Уәкілетті экономикалық операторлардың жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін іске асыру
ҚАҒИДАЛАРЫ
I. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - Одақ) құқығына кіретін мынадай халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес әзірленді:
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт;
2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Жалпы процестерді сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттар туралы" 2014 жылғы 6 қарашадағы № 200 шешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестердің тізбесі және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 19 тамыздағы № 132 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестерді талдау, оңтайландыру, үйлестіру және сипаттау әдістемесі туралы" 2015 жылғы 9 маусымдағы № 63 шешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру тәртібін бекіту туралы" 2016 жылғы 19 желтоқсандағы № 169 шешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті экономикалық операторлары тізілімінің нысаны туралы" 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 186 шешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті экономикалық операторларының жалпы тізілімі туралы" 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 187 шешімі;
2. Осы Қағидалар уәкілетті экономикалық операторлардың жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін (бұдан әрі - жалпы процесс) іске асыруды ұйымдастыру-техникалық жағынан қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды технологиялық жобалауды және жоспарлауды орындау үшін негіз болып табылады.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Одақтың құқығына кіретін халықаралық шарттар мен актілерде айқындалған мәндерде қолданылады.
II. Мақсаттары мен міндеттері
4. Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті экономикалық операторларының жалпы тізілімін (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, жалпы тізілім) қалыптастыру мен жүргізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ одан мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына, өз қызметінде жалпы тізілімдегі мәліметтерді пайдаланатын заңды және жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге (бұдан әрі – мүдделі тұлғалар) мәліметтерді беру жалпы процесті іске асырудың мақсаттары болып табылады.
5. Жалпы процесті іске асыру шеңберінде мынадай міндеттерді шешу қажет:
а) Еуразиялық экономикалық комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) мүше мемлекеттердің уәкілетті экономикалық операторларының жалпы тізілімдерін жүргізуді жүзеге асыратын мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер тізілімдері, уәкілетті органдар) жалпы тізілімді қалыптастыру үшін қажетті мәліметтерді (оның ішінде заңды тұлғаларды мүше мемлекеттердің тізілімдеріне қосу туралы, оларды мүше мемлекеттердің тізілімдерінен алып тастау туралы, уәкілетті экономикалық оператор ретінде қызметті тоқтата тұру (қайта бастау) туралы және мүше мемлекеттердің тізілімдеріндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтерді өзгерту туралы мәліметтерді) беруі;
б) Комиссияға келіп түскен мәліметтер негізінде жалпы тізілімді автоматты түрде қалыптастыру;
в) уәкілетті органдарға олардың ақпараттық жүйелерінің сұрау салуы бойынша жалпы тізілімнен мәліметтер беру;
г) Одақтың ақпараттық порталында жалпы тізілімді жариялау және мүдделі тұлғаларға жалпы тізілімдегі мәліметтерге қолжетімділік беру.
III. Ақпараттық өзара іс-қимылға қатысушылар
6. Мыналар:
а) уәкілетті органдар;
б) Комиссияның жалпы тізілімді қалыптастыруды, жүргізуді және пайдалануды қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелері;
в) мүдделі тұлғалар жалпы тізілімді қалыптастыру, жүргізу және пайдалану кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылға қатысушылар (бұдан әрі - ақпараттық өзара іс-қимыл) болып табылады.
7. Ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру шеңберінде уәкілетті орган мынадай функцияларды орындайды:
Комиссияға заңды тұлғаларды мүше мемлекеттердің тізілімдеріне қосу туралы, одан алып тастау туралы, уәкілетті экономикалық оператор ретіндегі қызметті тоқтата тұру (қайта бастау) туралы және (немесе) мүше мемлекеттердің тізілімдеріндегі заңды тұлғалар туралы мәліметтерді өзгерту туралы мәліметтерді беру;
жалпы тізілімнің жаңару күні мен уақытына сұрау салу;
жалпы тізілімдегі мәліметтерге сұрау салу;
жалпы тізілімге енгізілген өзгерістер туралы мәліметтерге сұрау салу;
жалпы тізілімдегі мәліметтерді (оның ішінде жалпы тізілімге енгізілген өзгерістер туралы мәліметтерді) алу.
Мәліметтерді жалпы тізілімге енгізу немесе одан алып тастау үшін ұсыну кезінде тиісті мәліметтердің қалыптасуы және уәкілетті органның Комиссияға беруі жүзеге асырылады.
Жалпы тізілімнің жаңару күні мен уақытына сұрау салу қолда бар мәліметтерді жалпы тізілімдегі деректермен үйлестіру қажеттігін бағалау мақсатында орындалады (олардың жаңару күні мен уақыты бойынша).
Жалпы тізілімдегі мәліметтерге сұрау салу уәкілетті органның Комиссияда сақталатын жалпы тізілім объектілері туралы, не тарихи деректер ескеріле отырып толық көлемде, не белгілі бір күндегі жағдай бойынша мәліметтерді алуы мақсатында жүзеге асырылады.
Жалпы тізілімге енгізілген өзгерістер туралы мәліметтерге сұрау салу сұрау салуда көрсетілген күн мен уақыттан бастап жалпы тізілімге енгізілген өзгерістер туралы мәліметтерді уәкілетті органның алуы мақсатында орындалады.
Жалпы тізілімдегі (оның ішінде жалпы тізілімге енгізілген өзгерістер туралы) мәліметтерді алу кезінде кейіннен өңделе отырып, олардың уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне автоматты түрде жүктелуі жүзеге асырылады. Жалпы тізілімнен мәліметтер беру не тарихи деректер ескеріле отырып толық көлемде, не белгілі бір күнге, не көрсетілген күн мен уақыттан бастап толық көлемде жүзеге асырылды.
Заңды тұлғаны мүше мемлекеттің тізіліміне қосуды жүзеге асырған уәкілетті орган Комиссияға көрсетілген тізілімге осындай мәліметтердің қосылған күнінен бастап 5 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде осы заңды тұлға туралы мәліметтерді ұсынады.
Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне қосу туралы куәліктің (бұдан әрі - куәлік) қолданысын тоқтата тұруды, қайта бастауды, сондай-ақ заңды тұлғаны мүше мемлекет тізілімінен алып тастауды жүзеге асыратын уәкілетті орган Комиссияға тиісті мәліметтерді көрсетілген әрекеттер жасалған күннен бастап 5 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде ұсынады.
Уәкілетті экономикалық оператор туралы мәліметтерге өзгерістер енгізуді жүзеге асырған уәкілетті орган Комиссияға тиісті мәліметтерді өзгерістер енгізілген күннен бастап 5 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде ұсынады.
8. Ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру шеңберінде Комиссия мынадай функцияларды орындайды:
жалпы тізілімді қалыптастыру;
жалпы тізілімді жүргізу;
мүдделі тұлғалардың сұрау салуы бойынша жалпы тізілімге енгізілген өзгерістер туралы хабарлау;
Одақтың ақпараттық порталында жалпы тізілімдегі жаңартылған мәліметтерді жариялау;
уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерінің сұрау салуы бойынша жалпы тізілімдегі мәліметтерді ұсыну;
мүше мемлекеттің тізілімінен мәліметтерді алған күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органдарды (куәлік берген мүше мемлекеттің уәкілетті органын қоса алғанда) автоматты түрде бір мезгілде хабардар ете отырып, жалпы тізілімдегі мәліметтерді жаңарту.
Жалпы тізілімді қалыптастыру кезінде мүше мемлекеттердің тізілімдерінен мәліметтерді бастапқы жинау, өңдеу және сақтау жүзеге асырылады.
Жалпы тізілімді жүргізу кезінде мүше мемлекеттердің тізілімдерінен мәліметтерді бастапқы жинау, өңдеу және сақтау және осындай мәліметтерді уәкілетті органдар мен мүдделі тұлғаларға ұсыну жүзеге асырылады.
Егер заңды тұлғаға қатысты берілген куәліктердің:
"қолданыста";
"тоқтатыла тұрған";
"қайта басталған" деген мәртебесі болса, олар туралы мәліметтер Одақтың ақпараттық порталында жариялануға жатады.
Уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерінің сұрау салуы бойынша жалпы тізілімнен мәліметтер берілген кезде сұрау салулардың шарттарына сәйкес жалпы тізілім объектілері туралы мәліметтердің автоматты түрде шығарылуы және уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелеріне берілуі жүзеге асырылады.
9. Ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру шеңберінде мүдделі тұлғалар Одақтың ақпараттық порталының құралдарын пайдалана отырып, жалпы тізілімнен мәліметтерді алады.
Жалпы тізілімдегі мәліметтерге сұрау салу мүдделі тұлғаның Комиссияда сақталатын жалпы тізілім объектілері туралы, не тарихи деректер ескеріле отырып толық көлемде, не белгілі бір күндегі жағдайы бойынша мәліметтерді алуы мақсатында жүзеге асырылады.
Одақтың ақпараттық порталының құралдарын пайдалана отырып мәліметтерді беру кезінде көрсетілген порталдың веб-интерфейсі немесе онда орналастырылған сервистері пайдаланылады. Веб-интерфейсті пайдалану кезінде пайдаланушы іздеу және (немесе) жалпы тізілімде қамталған мәліметтерді шығару параметрлерін енгізеді және жалпы тізілімдегі мәліметтермен жұмысты жүзеге асырады.
Одақтың ақпараттық порталында орналастырылған сервистерді пайдалану кезінде мүдделі тұлғаның ақпараттық жүйесі мен Одақтың ақпараттық порталы арасында ақпараттық өзара іс-қимыл жүзеге асырылады.
IV. Ақпараттық ресурстар мен сервистер
10. Жалпы тізілімдегі мәліметтердің Одақтың ақпараттық порталында жариялануы және уәкілетті органдар мен мүдделі тұлғалардың оларға жедел қол жеткізуі мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында Комиссияда уәкілетті экономикалық операторлар туралы мәліметтерді қамтитын және уәкілетті органдар ұсынатын мүше мемлекеттердің тізілімдеріндегі мәліметтер негізінде қалыптастырылатын ортақ ақпараттық ресурс құрылады.
11. Одақтың ақпараттық порталында орналастырылуға жататын уәкілетті экономикалық операторлар туралы мәліметтер құрамы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 187 шешімімен айқындалады.
12. Жалпы тізілімдегі мәліметтерге мүдделі тұлғалардың қол жеткізуі кезінде жалпы тізілімде қамтылған мәліметтерді іздеу (іріктеу), сондай-ақ енгізілген форматтар бойынша жалпы тізілімнен мәліметтерді шығару және сақтау қамтамасыз етілуге тиіс.
13. Одақтың ақпараттық порталының сервистері ашық интерфейстерді (хаттамаларды) пайдалану негізінде жалпы тізілімдегі мәліметтерге мүдделі тұлғалардың ақпараттық жүйелерінің автоматтандырылған қолжетімділігін қамтамасыз етуге тиіс.
V. Жалпы тізілімді қалыптастыру және жүргізу кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылдың ерекшеліктері
14. Уәкілетті органдар мен Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – интеграцияланған жүйе) құралдары пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
15. Мүдделі тұлғалардың сұрау салулары бойынша жалпы тізілімнен мәліметтер беру Одақтың ақпараттық порталының құралдары пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
16. Уәкілетті органдар мен Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде электрондық хабарлардың форматы мен құрылымы жалпы процесті интеграцияланған ақпараттық жүйе құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттар (бұдан әрі - технологиялық құжаттар) талаптарына сәйкес айқындалады.
17. Жалпы процесті іске асыру кезінде уәкілетті органдардың Комиссияға беретін мәліметтерінің құрамы № 1 қосымшаға сәйкес айқындалады. Жалпы процесті іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылдың функционалдық схемасы № 2 қосымшада келтірілген.
18. Ақпараттық өзара іс-қимыл орыс тілінде жүзеге асырылады.
VI. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаттары
19. Ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану тәртібі Одақ органдарының актілеріне сәйкес айқындалады.
20. Жалпы тізілімде қамтылатын мәліметтер ортақ пайдаланудағы ақпарат болып табылады және ашық көздерде жариялануы мүмкін.
21. Интеграцияланған жүйенің интеграцияланған платформасы шеңберінде мәліметтер беру қауіпсіздігі интеграцияланған жүйе интеграцияланған қауіпсіздігінің кіші жүйесі құралдарымен қамтамасыз етілуге тиіс.
Мүше мемлекеттің ақпараттық кеңістігі шеңберінде мәліметтер беру қауіпсіздігі мүше мемлекеттің заңнамасына және осы мемлекеттің аумағында қолданылатын ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын техникалық талаптарға сәйкес қамтамасыз етілуге тиіс.
VII. Жалпы процесті іске асыруға бағытталған іс-шаралар
22. Комиссия технологиялық құжаттардың талаптарына сәйкес интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерін пысықтауды және (немесе) баптауды қамтамасыз етеді.
23. Уәкілетті экономикалық операторлар туралы мәліметтерді қамтитын ортақ ақпараттық ресурсты құру мен жүргізуді, сондай-ақ уәкілетті органдар мен мүдделі тұлғаларға одан мәліметтер беруді Комиссия жүзеге асырады.
24. Уәкілетті органдар мүше мемлекеттердің тізілімдерін жүргізуді, сондай-ақ ұлттық ақпараттық жүйелердің интеграцияланған жүйенің ұлттық сегменттеріне қосылуы бұрын қамтамасыз етілмеген болса, оларды қосуды қамтамасыз ететін ұлттық ақпараттық жүйелердің әзірленуін (жаңғыртылуын) технологиялық құжаттардың және интеграцияланған жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету кезінде пайдаланылатын құжаттардың талаптарына сәйкес қамтамасыз етеді.
25. Уәкілетті органдар Комиссияның үйлестіруі кезінде жалпы процесті қолданысқа енгізу рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
26. Ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыруға бағытталған іс-шараларды үйлестіруді осы Қағидаларға сәйкес Комиссия жүзеге асырады.
"Уәкілетті экономикалық операторлардың жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін іске асыру қағидаларына № 1 ҚОСЫМША |
"Уәкілетті экономикалық операторлардың жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу
және пайдалану" жалпы процесін іске асыру кезінде Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының Еуразиялық экономикалық
комиссияға беретін мәліметтерінің
ҚҰРАМЫ
1. Осы құжат "Уәкілетті экономикалық операторлардың жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін іске асыру кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының Еуразиялық экономикалық комиссияға беретін мәліметтерінің құрамын айқындайды (бұдан әрі тиісінше - жалпы процесс, мүше мемлекеттер).
2. Жалпы процесті іске асыру шеңберінде құрамы кестеде келтірілген мәліметтер беріледі.
Берілетін мәліметтердің көптігін, толтыру міндеттілігін және ықтимал қайталанулардың санын көрсету үшін кестенің "Көптілік" ("Көпт.") деген бағанында мынадай белгіленімдер пайдаланылады:
1 - мәліметтер міндетті, қайталануға жол берілмейді;
1..* - мәліметтер міндетті, шектеусіз қайталануы мүмкін;
0..1 - мәліметтер опционды, қайталануға жол берілмейді;
0..* - мәліметтер опционды, шектеусіз қайталануы мүмкін.
Кесте
Жалпы процесті іске асыру шеңберінде берілетін мәліметтер құрамы
Атауы | Сипаттамасы | Ескерту | Копт. |
1. Кеден органы заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне қосу туралы куәлік берген мүше мемлекеттің коды (бұдан әрі - куәлік) | куәлік берген елдің кодпен белгіленуі | Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген әлем елдері сыныптауышына сәйкес көрсетіледі | 1 |
2. Куәлік туралы мәліметтер | куәлік туралы мәліметтер | 1 | |
2.1. Заңды тұлғаны мүше мемлекеттің тізіліміне қосу күні | заңды тұлғаның мүше мемлекеттің тізіліміне қосылған күні | 1 | |
2.2. Куәліктің нөмірі | куәліктің нөмірі | Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 129 шешімімен бекітілген Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне қосу туралы куәліктің нысанын толтыру тәртібінде айқындалған куәлік нөмірінің шаблонына сәйкес көрсетіледі | 1 |
2.3. Куәліктің күшіне ену күні | куәліктің күшіне енген күні | 1 | |
2.4. Куәліктің қолданылу мәртебесі | куәліктің қолданылу мәртебесінің кодпен белгіленуі |
мынадай мәндері бар: | 1 |
2.5. Мәртебені белгілеуге негіз болған құжат туралы мәліметтер | құжаттың қолданылуын тоқтата тұру (қайта бастау) туралы, заңды тұлғаны мүше мемлекеттің тізілімінен алып тастау (куәліктің қолданылуын тоқтату) туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылатын құжат туралы мәліметтер | құжат түрінің коды, құжаттың нөмірі, берілген күні көрсетіледі | 0..* |
2.6. Мәртебе белгіленген күн | құжаттың қолданылуын тоқтата тұру (қайта бастау) туралы, заңды тұлғаны мүше мемлекет тізілімінен алып тастау (куәліктің қолданылуын тоқтату) туралы шешім қабылданған күн | 0..1 | |
3. Уәкілетті экономикалық оператор және оның оқшауланған құрылымдық бөлімшелері туралы мәліметтер | уәкілетті экономикалық оператор (заңды тұлға) және оның оқшауланған құрылымдық бөлімшелері туралы мәліметтер | 1..* | |
3.1. Уәкілетті экономикалық оператордың толық атауы | уәкілетті экономикалық оператордың толық атауы | ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетіле отырып, толық атауы келтіріледі | 1 |
3.2. Уәкілетті экономикалық оператордың қысқаша атауы | уәкілетті экономикалық оператордың қысқаша атауы | уәкілетті экономикалық оператордың (заңды тұлғаның) қысқаша атауы болған кезде толтырылады | 1 |
3.3. Салық нөмірі | Салық төлеуші тіркелген елдің салық төлеушілер тізіліміндегі заңды тұлғаның сәйкестендіргіші |
мыналар көрсетіледі: | 1 |
3.4. Мекенжай | уәкілетті экономикалық оператор орналасқан жердің мекенжайы (нақты мекенжайы) | мүше мемлекеттің коды, өңір, қала, елді мекен, көше, үйдің нөмірі, үй-жайдың нөмірі, пошта индексі көрсетіледі. Нақты мекенжайы орналасқан жерінің мекенжайымен сәйкес келген кезде, орналасқан жерінің мекенжайы көрсетіледі | 1..* |
3.5. Филиал белгісі | шаруашылық жүргізуші субъект филиалының (өкілдігінің) белгісі |
мыналар көрсетіледі: | 1 |
4. Сақтау орындары туралы мәліметтер | уәкілетті экономикалық оператордың тауарларды уақытша сақтау үшін пайдалануына арналған немесе пайдаланатын құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңшалар (ашық алаңшалар бөліктері) туралы мәліметтер | 1..* | |
4.1. Сақтау орнының атауы | сақтау орнының атауы | 1 | |
4.2. Сақтау орнының нақты мекенжайы | сақтау орнының нақты мекенжайы | мүше мемлекеттің коды, өңір, қала, елді мекен, көше, үйдің нөмірі, үй-жайдың нөмірі, пошта индексі көрсетіле отырып, сақтау орнының нақты мекенжайы туралы мәліметтер көрсетіледі | 1 |
4.3. Сақтау орнының алаңы | сақтау орнының алаңы | үтірден кейін 2 таңба болатын нақты санды он таңбадан тұратын мәні көрсетіледі | 1 |
4.4. Өлшем бірлігінің коды | сақтау орны алаңының өлшем бірлігінің коды | 1 | |
4.5. Кеден органдары туралы мәліметтер | сақтау орындарында бақылау жүктелген кеден органдары туралы мәліметтер | 1..* | |
4.5.1. Кеден органының коды | қызмет өңірінде сақтау орны тіркелген кеден органының коды | 1 | |
4.5.2. Кедендік бақылау аймағының нөмірі | кедендік бақылау аймағының нөмірі | 0..1 | |
4.5.3. Құжат туралы мәліметтер | кедендік бақылау аймағының құрылуын бекітетін құжат туралы мәліметтер | құжат түрінің коды, құжаттың нөмірі мен берілген күні көрсетіледі | 0..1 |
5. Технологиялық мәліметтер | мүше мемлекеттің тізіліміндегі жазба, оның ішінде жазбаның басталу және аяқталу күні, ақпараттық ресурстың басталу күні туралы технологиялық мәліметтер жиынтығы | 1 |
"Уәкілетті экономикалық операторлардың жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін іске асыру қағидаларына № 2 ҚОСЫМША |
"Уәкілетті экономикалық операторлардың жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылдың
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СХЕМАСЫ
Сурет. Ақпараттық өзара іс-қимылдың функционалдық схемасы