Тыныс алу жолдарының ауруларын емдеуге арналған препараттарды Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 63 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Құрамында белсенді әсер ететін зат ретінде бромгексин гидрохлориді немесе амброксол гидрохлориді бар, дозаланған дәрілік нысандар түрінде немесе нысандарға немесе бөлшек саудада сату үшін қаптамаға өлшеп салынған, тыныс алу жолдарының ауруларын емдеу үшін қолданылатын препараттар Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 3004 90 000 қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Құрамында дәрілік өсімдіктер экстрактілерінің қоспасы немесе дәрілік өсімдіктердің ұсақталған бөліктерінің қоспасы бар, бірақ құрамында алкалоидтар немесе олардың туындылары жоқ, дозаланған дәрілік нысандар түрінде немесе нысандарға немесе бөлшек саудада сату үшін қаптамаға өлшеп салынған, тыныс алу жолдарының ауруларын емдеу үшін қолданылатын препараттар Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 3004 90 000 қосалқы позициясында сыныпталады.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады