Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті экономикалық операторларының жалпы тізілімі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 187 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 431-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған:

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті экономикалық операторларының жалпы тізілімінің нысаны;

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті экономикалық операторларының жалпы тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 19 желтоқсандағы
№187 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті экономикалық операторларының жалпы тізілімінің
НЫСАНЫ

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті экономикалық операторларының жалпы тізілімі

Кеден органы заңды тұлғаны тізілімге енгізу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) берген ел

Куәлік туралы мәліметтер

заңды тұлғаның тізілімге енгізілген күні

куәліктің нөмірі

куәліктің типі

куәліктің күшіне ену күні

куәлік қолданысының мәртебесі

куәлік қолданысының тоқтатыла тұрған күні

1

2

3

4

5

6

7


Уәкілетті экономикалық оператор (заңды тұлға) және оның оқшауланған құрылымдық бөлімшелері (филиалдары) туралы мәліметтер

толық атауы

қысқартылған атауы

салықтық нөмірі

орналасқан жері

іс жүзіндегі мекенжайы

филиалының белгісі

8

9

10

11

12

13


Уәкілетті экономикалық оператордың тауарларды уақытша сақтау үшін пайдалануға арналған немесе пайдаланатын құрылыстары, үй-жайлары (үй-жайларының бөліктері) және (немесе) ашық алаңдары (бұдан әрі – сақтау орындары) туралы мәліметтер

Сақтау орындарын бақылау жүктелген кеден органдары туралы мәліметтер

қызметінің өңірінде сақтау орны тіркелген кеден органының коды

кедендік бақылау аймағының нөмірі не оның құрылғанын куәландыратын құжаттың нөмірі және берілген күні
 

сақтау орнының атауы

сақтау орнының іс жүзіндегі мекенжайы

сақтау орнының алаңы (м2)

14

15

16

17

18

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 19 желтоқсандағы
№187 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті экономикалық операторларының жалпы тізілімін қалыптастыру және жүргізу
ТӘРТІБІ

      1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – Кеден кодексі) 431-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті экономикалық операторларының жалпы тізілімін (бұдан әрі – жалпы тізілім) қалыптастыру және жүргізу қағидаларын айқындайды.

      2. Жалпы тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті экономикалық операторлары тізілімінің нысаны туралы" 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 186 шешімімен бекітілген нысан бойынша жүргізілуі жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті экономикалық операторларының тізілімдерінен (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, мүше мемлекеттердің тізілімі) алынған мәліметтердің негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) электронды түрде жүзеге асырады.

      Жалпы тізілім Комиссияның жалпы ақпараттық ресурстарының құрамына кіреді.

      3. Жалпы тізілімді қалыптастыру және жүргізу мүше мемлекеттердің тізілімдерінен мәліметтерді алуды, жүйелеуді, өзекті етуді және сақтауды қамтиды.

      4. Жалпы тізілімге мүше мемлекеттердің тізілімдерінен алынған, "ЖМ" (жария мәліметтер) деген белгісі бар мәліметтер кіреді.

      5. Жалпы тізілімді қалыптастыру үшін мүше мемлекеттердің тізілімдерінен Комиссияға мәліметтер ұсынуды мүше мемлекеттердің кеден ісі саласында уәкілетті мемлекеттік органдары (бұдан әрі – мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары) жүзеге асырады.

      6. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Комиссияға осы Тәртіптің 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді мынадай жағдайларда ұсынады:

      а) заңды тұлғаның мүше мемлекеттің тізіліміне енгізілгені туралы куәлік күшіне енгенде – куәлік күшіне енген күнгі мәліметтер көрсетіледі;

      б) заңды тұлғаның мүше мемлекеттің тізіліміне енгізілгені туралы куәліктің қолданысы тоқтатыла тұрғанда – мәліметтер куәліктің қолданысы тоқтатыла тұрған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады;

      в) заңды тұлғаның мүше мемлекеттің тізіліміне енгізілгені туралы куәліктің қолданысы жаңғыртылғанда – мәліметтер куәліктің қолданысы жаңғыртылған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады;

      г) уәкілетті экономикалық оператор мүше мемлекеттің тізілімінен шығарылғанда – мәліметтер уәкілетті экономикалық оператор мүше мемлекеттің тізілімінен шығарылған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

      7. Комиссия мүше мемлекеттің тізілімінен мәліметтер алынған күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірмей жалпы тізілімге жүргізілген жаңарту туралы мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына (заңды тұлғаның мүше мемлекеттің тізіліміне енгізілгені туралы куәлік берген мүше мемлекеттің уәкілетті органын қоса алғанда) автоматты түрде бір мезгілде хабарлай отырып, жалпы тізілімдегі мәліметтерді жаңартады.

      8. Комиссия жалпы тізілімді Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялауды жүзеге асырады және онда қамтылған мәліметтерге барлық мүдделі тұлғаларға қол жетімділік береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады