Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 93-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының ақпараттық жүйелерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарлардың іс жүзінде әкетілуін растау бөлігінде пысықтау қажеттігіне байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 7 ақпандағы "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың іс жүзінде әкетілуін растау тәртібі туралы" № 25 шешімінің 2-тармағындағы және 3-тармағының бірінші абзацындағы "2018 жылғы 1 қыркүйектен" деген сөздер "2019 жылғы 1 ақпаннан" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап пайда болатын құқықтық қатынастарда қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |