Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 93-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың іс жүзінде әкетілуін растау тәртібі бекітілсін.
2. Осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген Тәртіп 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданылады деп белгіленсін.
3. 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап:
Кеден одағы Комиссиясының "Кету орнында орналасқан кеден органының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарлардың іс жүзінде әкетілуін растау тәртібі туралы" 2010 жылғы 18 маусымдағы № 330 шешімінің;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кету орнында орналасқан кеден органының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарлардың іс жүзінде әкетілуін растау тәртібіне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 282 шешімінің;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 38 шешімінің 7-тармағының;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 6 қазандағы № 129 шешімінің 7-тармағының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 7 ақпандағы № 25 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың іс жүзінде әкетілуін растау
ТӘРТІБІ
I. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртіп қызмет ету өңірінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарларды біржола әкету жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылған кеден органының (бұдан әрі тиісінше – кету орнындағы кеден органы, Одақ) көрсетілген кедендік рәсімдердің біріне сәйкес тауарларды шағаруды жүзеге асыратын кеден органына (бұдан әрі – шығаратын кеден органы) экспорттың кедендік рәсіміне, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсіміне, уақытша әкетудің кедендік рәсіміне, реэкспорттың кедендік рәсіміне немесе арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарлардың іс жүзінде әкетілуін растауы кезінде қолданылады.
2. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:
"тауарларды біржолата әкету" – Одақтың кедендік аумағынан тауарларды біржолата әкету үшін олар Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары және (немесе) теңіз арқылы көшірілетін (тасымалданатын) жағдайларды қоспағанда, тауарлардың Одақтың кедендік аумағынан тұрақты немесе уақытша болуы және одан тыс жерлерде пайдалану мақсатында әкетілуі;
"электрондық жою" – электрондық растауды жою туралы мәліметтерді қамтитын электрондық хабарлама;
"электрондық өзгерту" – электрондық растауды түзету туралы мәліметтерді қамтитын электрондық хабарлама;
"электрондық растау" – Одақтың кедендік аумағынан тауарларды іс жүзінде әкетуді растайтын электрондық хабарлама;
"электрондық өту" – осы тауарларды Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы және (немесе) теңіз арқылы көшіруге (тасымалдауға) байланысты жүзеге асырылатын экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды уақытша әкетуді растайтын электрондық хабарлама;
"электрондық сауал" – оған сәйкес тауарлар кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар декларациясының мәліметтерін ұсыну туралы сауалды қамтитын электрондық хабарлама;
"электрондық жауап" – оған сәйкес тауарлар кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар декларациясының мәліметтерін көрсете отырып электрондық сауалға жауапты қамтитын электрондық хабарлама.
Осы Тәртіпте пайдаланылатын өзге ұғымдар Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген мағыналарда қолданылады.
3. Осы Тәртіпті қолдану мақсаттары үшін орталық кеден органдары деп:
Армения Республикасы үшін – Армения Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кірістер комитеті;
Беларусь Республикасы үшін – Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті;
Қазақстан Республикасы үшін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;
Қырғыз Республикасы үшін – Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі;
Ресей Федерациясы үшін – Федералдық кеден қызметі түсіндіріледі.
4. Электрондық хабарламаларды қалыптастыруды және жөнелтуді Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) кеден органдары мүше мемлекеттердің кеден органдарының ақпараттық жүйелерінің көмегімен жүзеге асырады.
5. Мүше мемлекеттердің кеден органдары арасында электрондық хабарламалар алмасу Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып мүше мемлекетердің орталық кеден органдарының ақпараттық жүйелері деңгейінде жүзеге асырылады.
6. Бір мүше мемлекеттің кеден органдары арасында электрондық хабарламалар алмасу осы мүше мемлекеттің кеден органдарының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылады.
7. Кеден органы осы Тәртіптің 1-тармағында көрсетілген кедендік рәсімдерге сәйкес тауарларды шығаруды жүзеге асырған мүше мемлекеттің орталық кеден органының ақпараттық жүйесі Одақтың кедендік аумағынан тауарларды іс жүзінде әкету туралы мәліметтерді соның ішінде электрондық хабараламалар негізінде, сондай-ақ осы тауарларды Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары және (немесе) теңіз арқылы көшірумен (тасымалдаумен) байланысты жүзеге асырылатын экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардың өтуі туралы мәліметтерді жинауды және өңдеуді жүргізеді.
II. Одақтың кедендік аумағынан тауарларды іс жүзінде әкетуді растау тәртібі
8. Кету орнындағы кеден органының лауазымды тұлғасы кедендік бақылауды жүргізу кезінде кедендік тексерулер, өзге құжаттар және (немесе) мәліметтер нысанында мынадай мәліметтерді қамтитын электрондық сауалды қалыптастырады:
а) оған сәйкес тауарлар осы Тәртіптің 1-тармағында көрсетілген кедендік рәсімдердің біріне орналастырылған тауарлар декларациясының тіркеу нөмірі;
б) тиісті мүше мемлекетте қолданылатын кеден органдарын сыныптауышқа сәйкес электрондық сауалды қалыптастырған кету орнындағы кеден органының коды;
в) электрондық сауалдың қалыптастырылған күні;
г) электрондық сауалдың қалыптастырылған уақыты;
д) электрондық сауалды қалыптастырған лауазымды тұлғаның жеке нөмірлік мөрінің нөмірі (Армения Республикасынан басқа);
е) электрондық сауалды қалыптастырған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (Армения Республикасы үшін);
ж) электрондық сауалды қалыптастырған лауазымды тұлғаның лауазымы (Армения Республикасы үшін).
9. Электрондық сауалдың осы Тәртіптің 8-тармағының "б" – "ж" тармақшаларында көрсетілген деректемелерін кету орнындағы кеден органының ақпараттық жүйесі автоматты қалыптастырады және осы кеден органының лауазымды тұлғасының түзетуіне жатпайды.
10. Қалыптастырылған электрондық сауалды кету орнындағы кеден органының лауазымды тұлғасы кеден органы тауарларды шығаруды жүзеге асырған мүше мемлекеттің орталық кеден органының ақпараттық жүйесіне жібереді.
11. Кеден органы тауарларды шығаруды жүзеге асырған мүше мемлекеттің орталық кеден органының ақпараттық жүйесі сұратылған ақпаратты іздеуді жүзеге асырады және (ол бар болған жағдайда) мынадай мәліметтерді қамтитын электрондық жауапты қалыптастырады:
а) оған қатысты электрондық сауал жіберілген тауарлар декларациясының тіркеу нөмірі;
б) тиісті мүше мемлекетте қолданылатын кеден органдарының сыныптауышына сәйкес шығарған кеден органының коды;
в) көлік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес тауарды жөнелтуші;
г) әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес жеткізілетін елдің қысқаша атауы;
д) кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес көлік (тасымалдау) құжатының коды;
е) көлік (тасымалдау) құжатының нөмірі;
ж) көлік (тасымалдау) құжатының күні;
з) көлік және тауарларды тасымалдау түрлерінің сыныптауышына сәйкес Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың орнын ауыстыру орнына келген кезде тауарлар болуы тиіс көлік құралы (бұдан әрі – шекарадағы көлік құралы) түрінің коды;
и) тиісті мүше мемлекетте қолданылатын кеден органдарының сыныптауышына сәйкес кету орнындағы кеден органының коды;
к) шекарадағы көлік құралының тіркеу нөмірі;
л) кедендік рәсімге орналастырылған тауардың реттік нөмірі;
м) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес кедендік рәсімге орналастырылған тауардың 10 мәндік сыныптау коды;
н) кедендік рәсімге орналастырылған тауардың сипаттамасы;
о) кедендік рәсімге орналастырылған тауардың брутто салмағы (кг) (контейнерлерді және басқа тасымалдау жабдығын ескермегенде);
п) тауар қалдығының брутто салмағы (кг).
Егер кедендік рәсімге орналастырылған тауар бұрын Одақтың кедендік аумағынан әкетілмеген болса, брутто салмағының мәні көрсетіледі.
Егер кедендік рәсімге орналастырылған тауар Одақтың кедендік аумағынан бірнеше партиямен әкетілетін болса, тауарлар декларациясында көрсетілген брутто салмағының айырмашылығына және осындай тауарлар декларациясына қатысты келіп түскен электрондық растауларда көрсетілген брутто салмағы мәндерінің соммасына, сондай-ақ уақытша кету тіркелгендерге қатысты тауарлардың брутто салмағы мәндерінің сомасына тең мән көрсетіледі.
Егер кедендік рәсімге орналастырылған тауар Одақтың кедендік аумағынан толығымен әкетілген болса, "0" мәні көрсетіледі;
р) кедендік рәсімге орналастырылған тауардың нетто салмағы (кг);
с) егер ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес осы тауарға қатысты қосымша өлшем бірлігі қолданылған болса, өлшем бірліктерінің сыныптауышына сәйкес қосымша өлшем бірлігінің коды;
т) егер ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес осы тауарға қатысты қосымша өлшем бірлігі қолданылған болса, тауардың қосымша өлшем бірліктеріндегі саны;
у) кедендік рәсімге орналастырылған тауар қалдығы қосымша өлшем бірліктерде.
Егер кедендік рәсімге орналастырылған тауар бұрын Одақтың кедендік аумағынан әкетілмеген болса, тауардың қосымша өлшем бірлігіндегі саны көрсетіледі.
Егер кедендік рәсімге орналастырылған тауар Одақтың кедендік аумағынан бірнеше партиямен әкетілетін болса, тауарлар декларациясында көрсетілген тауар санының қосымша өлшем бірліктеріндегі мәнінің айырмашылығына және осындай тауарлар декларациясына қатысты келіп түскен электрондық растауларда көрсетілген тауар санының қосымша өлшем бірліктеріндегі мәндерінің сомасына тең мән көрсетіледі.
Егер кедендік рәсімге орналастырылған тауар Одақтың кедендік аумағынан толығымен әкетілген болса, "0" мәні көрсетіледі;
ф) олар туралы мәліметтер кеден органдары қабылдайтын шешімдердің сыныптауышына сәйкес тауарларлар декларациясында өтініш берілген тауарға қатысты кеден органының шешімі;
х) кедендік рәсімдер түрлерінің сыныптауышына сәйкес өтініш берілген кедендік рәсімдердің 2 мәндік цифрлық коды;
ц) ескертуде:
егер кедендік рәсімге орналастырылған тауар толығымен әкетілген болса – "0";
егер кедендік рәсімге орнатылған тауар толығымен әкетілмеген болса – "1" көрсетіледі.
12. Кеден органы тауарларды шығаруды жүзеге асырған мүше мемлекеттік орталық кеден органының ақпараттық жүйесі шығарушы кеден органы "Кетуге рұқсат берілді" шешімін қабылдаған тауарларға қатысты ғана тауарлар декларациясының ақпаратын ұсынады. Шығарушы кеден органы өзге шешім қабылдаған жағдайда кеден органы осындай шешім қабылдаған мүше мемлекеттің орталық кеден органының ақпараттық жүйесі мынадай мәліметтерді қамтитын электрондық жауапты қалыптастырады:
а) оған қатысты электрондық сауал жіберілген тауарлар декларациясының тіркеу нөмірі;
б) тиісті мүше мемлекетте қолданылатын кеден органдарының сыныптауышына сәйкес шығарушы кеден органының коды;
в) кедендік рәсімге орналастырылған тауардың реттік нөмірі;
г) ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес кедендік рәсімге орналастырылған тауардың 10 мәндік сыныптау коды;
д) кедендік рәсімге орналастырылған тауардың сипаттамасы;
е) олар туралы мәліметтер кеден органдары қабылдайтын шешімдердің сыныптауышына сәйкес тауарлар декларациясында өтініш берілген тауарға қатысты шығарушы кеден органының шешімі.
13. Қалыптастырылған электрондық жауапты кеден органы тауарларды шығаруды жүзеге асырған мүше мемлекеттік орталық кеден органының ақпараттық жүйесі электрондық сауал алғаннан кейін 5 минуттан кешіктірмей автоматты түрде кету орнындағы кеден органының лауазымды тұлғасына жібереді.
14. Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың іс жүзінде әкетілуін растау үшін кету орнындағы кеден органының лауазымды тұлғасы электрондық растауды, ал осы Тәртіптің 31-тармағының бірінші абзацында көрсетілген жағдайда – мынадай мәліметтерді қамтитын электрондық өткізуді қалыптастырады:
а) тауарлар декларациясының тіркеу нөмірі (электрондық жауапта ақпарат болған жағдайда нөмір автоматты түрде қалыптастырылады және осы кеден органының лауазымды тұлғасының түзетуіне жатпайды);
б) кедендік рәсімге орналастырылған тауардың реттік нөмірі;
в) ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауардың 10 мәндік сыныптау коды (бос орынсыз көрсетіледі) (электрондық жауапта ақпарат болған жағдайда код автоматты түрде қалыптастырылады және осы кеден органының лауазымды тұлғасының түзетуіне жатпайды);
г) тауардың сипаттамасы (электрондық жауапта ақпарат болған жағдайда мәліметтер автоматты түрде қалыптастырылады және осы кеден органының лауазымды тұлғасының түзетуіне жатпайды);
д) тауардың брутто салмағы (кг) (контейнерлерді және басқа тасымалдау жабдығын ескерусіз).
Егер осы деректеменің мәні қалдықтың электрондық жауапта көрсетілген брутто салмағынан артық болған жағдайда, кету орнындағы кеден органының ақпараттық жүйесі кету орнындағы кеден органының лауазымды тұлғасына осындай артық мән және осы Тәртіптің 19 және 20-тармақтарында көзделген кедендік операцияларды жүргізу қажеттілігі туралы хабарлайды;
е) өлшем бірліктерінің сыныптауышына сәйкес қосымша өлшем бірліктерінің коды (бар болған жағдайда);
ж) тауардың қосымша өлшем бірліктеріндегі саны (бар болған жағдайда).
Егер осы деректеменің мәні электрондық жауапта көрсетілген мәннен артық болған жағдайда, кету орнындағы кеден органының ақпараттық жүйесі кету орнындағы кеден органының лауазымды тұлғасына осындай артық мән және осы Тәртіптің 19 және 20-тармақтарында көзделген кедендік операцияларды жүргізу қажеттілігі туралы хабарлайды;
з) кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес кету кезіндегі көлік (тасымалдау) құжатының коды;
и) кету кезіндегі көлік (тасымалдау) құжатының нөмірі. Егер көлік (тасымалдау) құжатының нөмірі жоқ болса, "н/ж" белгісі қойылады;
к) кету кезіндегі көлік (тасымалдау) құжатының күні. Егер көлік (тасымалдау) құжатының күні жоқ болса, мәліметтер көрсетілмейді;
л) көлік және тауарларды тасымалдау түрлерінің сыныптауышына сәйкес шекарадағы көлік құралы түрінің коды;
м) шекарадағы көлік құралының тіркеу нөмірі;
н) тауардың кету күні (тауарлардың Одақтың кедендік аумағынан кетуіне рұқсаттама рәсімдеу туралы шешім қабылданған күн) (автоматты түрде қалыптастырылады және осы кеден органының лауазымды тұлғасының түзетуіне жатпайды);
о) тауардың кету уақыты (тауарлардың Одақтың кедендік аумағынан кетуіне рұқсаттама рәсімдеу туралы шешім қабылданған уақыт) (автоматты түрде қалыптастырылады және осы кеден органының лауазымды тұлғасының түзетуіне жатпайды);
п) кету журналы бойынша тауардың Одақтың кедендік аумағынан кетуіне рұқсаттаманың тіркеу нөмірі;
р) тиісті мүше мемлекетте қолданылатын кеден органдарының сыныптауышына сәйкес кету орнындағы кеден органының коды (автоматты түрде қалыптастырылады және осы кеден органының лауазымды тұлғасының түзетуіне жатпайды);
с) ескертуде:
егер кедендік рәсімге орналастырылған тауар толығымен әкетілген болса – "0";
егер кедендік рәсімге орналастырылған тауар толығымен әкетілмеген болса – "1" көрсетіледі.
15. Қалыптастырылған электрондық растауды кету орнындағы кеден органының лауазымды тұлғасы кеден органы тауарларды шығаруды жүзеге асырған мүше мемлекеттік орталық кеден органының ақпараттық жүйесіне жібереді.
16. Кету органындағы кеден органы сұрататын тауарлар декларациясының тіркеу нөмірі туралы мәліметтер болмаған жағдайда кеден органы тауарларды шығаруды жүзеге асырған мүше мемлекеттік орталық кеден органының ақпараттық жүйесі мұндай мәліметтердің болмауы туралы кету орнындағы кеден органының лауазымды тұлғасына хабарлайды.
17. Егер кеден органы тауарларды шығаруды жүзеге асырған мүше мемлекеттің орталық кеден органының ақпараттық жүйесінен тауарлар декларациясының мәліметтері болмауы туралы электрондық жауап алынған жағдайда, соның ішінде Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттармен және актілермен кедендік құқық қатынастарды реттеуге сәйкес тауарлар декларациясының электрондық түрінің болмауы себебінен, сондай-ақ егер электрондық жауап электрондық сауал жіберілген сәттен бастап 5 минут ішінде келіп түспеген болса, кету орнындағы кеден органының лауазымды тұлғасы Кодекстің 49-тарауында белгіленген тәртіпте шығарған кеден органы көрсетілген сауал келіп түскен сәттен бастап мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ 3 сағаттан кешіктірмей жауапты ұсынуы тиіс құжаттардың және (немесе) мәліметтердің көшірмелерін ұсыну туралы сауалды жібереді.
18. Күтпеген жағдайлар, соның ішінде кеден органдарының ақпараттық жүйесінде ақаулар орын алған жағдайда кету орнындағы кеден органының лауазымды тұлғасы электрондық поштаның немесе факсимильдік байланыстың көмегімен шығарған кеден органына электрондық сауалдың мәліметтерін қамтитын сауалды жібереді.
Шығарған кеден органының лауазымды тұлғасы ақпаратты тексереді және электрондық поштаның немесе факсимильдік байланыстың көмегімен кету орнындағы кеден органына электрондық жауаптың мәліметтерін қамтитын жауапты жібереді және егер кедендік декларациялау жазбаша нысанда жүзеге асырылған болса, шығарған кеден органының белгілері қойылған тауарлар декларациясының сканерленген көшірмелерін қоса тіркейді.
Шығарған кеден органының жауабы кету орнындағы кеден органынан сауал алынған сәттен бастап 6 сағаттан кешіктірілмей, егер сауал шығарған кеден органының жұмыс уақыты аяқталғанға дейін кемінде 3 сағат ішінде келіп түскен жағдайда – осы кеден органының жұмыс уақыты басталған сәттен бастап 3 сағаттан кешіктірілмей жіберіледі.
19. Осы Тәртіптің 17 және 18-тармақтарына сәйкес белгіленген мерзімде кеден органынан жауап келіп түспеген, сондай-ақ электрондық жауапта қамтылған тауарлар туралы мәліметтердің тауарлар кеткен кезде ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтерден айырмашылықтары болған жағдайда кету орнындағы кеден органының лауазымды тұлғасы Кодекске, Одақтың құқығына енетін актілерге және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік бақылауды, соның ішінде тауарлар декларациясында көрсетілген тауарлар туралы мәліметтерді және көлік (тасымалдау) құжаттарында қамтылған мәліметтерді тексеруді жүргізеді.
20. Кету орнындағы кеден органының лауазымды тұлғасы жүргізген кедендік бақылау нәтижелері бойынша Одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкетуге рұқсаттама беруді рәсімдеу және тауарлар декларациясында және көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген мәліметтер негізінде электрондық растауды қалыптастыру туралы шешім, не Кодекске, Одақтың құқығына енетін актілерге және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес өзге шешім қабылданады.
III. Электрондық растауды түзету және электрондық растауды жою
21. Егер тауарларды әкетуге шешім рәсімделгеннен кейін электрондық растаудың және Одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкетуге рұқсаттама алу үшін ұсынылған құжаттардың мәліметтерінде айырмашылықтар анықталған жағдайда аумағында тауарлардың кету орны орналасқан мүше мемлекеттің уәкілетті кеден органының (бұдан әрі – уәкілетті кеден органы) лауазымды тұлғасы осындай түзетудің себептерін көрсете отырып электрондық растауды түзету туралы шешім қабылдайды.
22. Электрондық растауды түзету туралы шешімді қабылдау кезінде уәкілетті кеден органының лауазымды тұлғасы электрондық өзгертуді қалыптастырады. Электрондық өзгертуді қалыптастыру кезінде мынадай мәліметтерді қоспағанда электрондық растауда қамтылған мәліметтерді түзетуге жол беріледі:
а) тауарлар декларациясының тіркеу нөмірі;
б) тауардың кету күні (Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кетуіне рұқсаттама беруді рәсімдеу туралы шешім қабылданған күн);
в) тауардың кеткен уақыты (Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кетуіне рұқсаттама беруді рәсімдеу туралы шешім қабылданған уақыт);
г) кету журналы бойынша Одақтың кедендік аумағынан тауардың кетуіне рұқсаттаманың тіркеу нөмірі;
д) тиісті мүше мемлекетте қолданылатын кеден органдарының сыныптауышына сәйкес кету орнындағы кеден органының коды.
23. Қалыптастырылған электрондық өзгертуді уәкілетті кеден органының лауазымды тұлғасы кеден органы тауарларды шығаруды жүзеге асырған мүше мемлекеттің орталық кеден органының ақпараттық жүйесіне жібереді.
24. Электрондық растауды түзету Одақтың кедендік аумағынан тауарлар әкетілген күннен бастап күнтізбелік 180 күн ішінде жүзеге асырылуы мүмкін.
25. Электрондық жоюды:
а) кету орнындағы кеден органы – егер Одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкетуге рұқсаттама рәсімделгеннен кейін Одақтың кедендік аумағынан кету орнынан кетпеген тауарлар Одақтың кедендік аумағына кері қайтаруға немесе уақытша сақтауға орналастыруға жатады;
б) уәкілетті кеден органы – тауарлар декларациясының тіркеу нөмірі қате көрсетілуі фактісі анықталған жағдайда рәсімдейді.
26. Кету орнындағы кеден органына көлік құралының кету орнынан бастап Одақтың кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өту орнына дейін жүріп өткен жолында, соның ішінде осы Тәртіптің 27-тармағының "и" тармақшасында көрсетілген күтпеген жағдайлар орын алғаны туралы құжатпен расталған мәліметтер ұсынылған жағдайда кету орнындағы кеден органының лауазымды тұлғасы электрондық жоюды қалыптастырады.
27. Электрондық жою мынадай мәліметтерді қамтиды:
а) оған қатысты жою туралы шешім қабылданған тауарлар декларацияның тіркеу нөмірі;
б) кету журналы бойынша Одақтың кедендік аумағынан тауарды әкетуге рұқсаттаманың тіркеу нөмірі;
в) тиісті мүше мемлекетте қолданылатын кеден органдарының сыныптауышына сәйкес электрондық жоюды қалыптастырған кеден органының коды (автоматты түрде қалыптастырылады және осы кеден органының лауазымды тұлғасының түзетуіне жатпайды);
г) Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кетуіне рұқсаттаманы жою туралы шешім қабылданған күн (автоматты түрде қалыптастырылады және осы кеден органының лауазымды тұлғасының түзетуіне жатпайды);
д) Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кетуіне рұқсаттаманы жою туралы шешім қабылданған уақыт (автоматты түрде қалыптастырылады және осы кеден органының лауазымды тұлғасының түзетуіне жатпайды);
е) электрондық жоюды қалыптастырған лауазымды тұлғаның жеке нөмірлік мөрінің нөмірі (Армения Республикасынан басқа) (автоматты түрде қалыптастырылады және осы кеден органының лауазымды тұлғасының түзетуіне жатпайды);
ж) электрондық жоюды қалыптастырған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (Армения Республикасы үшін) (автоматты түрде қалыптастырылады және осы кеден органының лауазымды тұлғасының түзетуіне жатпайды);
з) электрондық жоюды қалыптастырған лауазымды тұлғаның лауазымы (Армения Республикасы үшін) (автоматты түрде қалыптастырылады және осы кеден органының лауазымды тұлғасының түзетуіне жатпайды);
и) ескертуде электрондық жоюды қалыптастыру себептерінің бірі көрсетіледі:
тауарлар декларациясының тіркеу нөмірін қате көрсету;
Одақтың тауарларына қатысты тауарлар декларациясын қайтарып алу;
тауарды Одақтың кедендік аумағына кері қайтару;
шетелдік тауарды уақытша сақтауға орналастыру;
көлік құралының техникалық бұзылуы;
тауарды (тауардың бөлігін) жоғалту;
авария;
ырық бермейтін күштің әрекеті (нақты мән-жайды көрсетумен, мысалы, дауыл).
28. Қалыптастырылған электрондық жоюды кету орнындағы кеден органы немесе уәкілетті кеден органы тез арада кеден органы тауарларды шығаруды жүзеге асырған мүше мемлекеттің орталық кеден органының ақпараттық жүйесіне жібереді.
IV. Одақтың мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы және (немесе) теңіз арқылы тасымалданатын тауарларды Одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетуді растаудың ерекшеліктері
29. Егер экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарды әкету осы тауардың Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы және (немесе) теңіз арқылы көшірілуіне (тасымалдануына) байланысты жүзеге асырылатын болса, Одақтың шығаратын кеден органы бар кедендік аумағының бір бөлігінде орналасқан кету орнындағы кеден органының лауазымды тұлғасы электрондық жауапта қамтылған кету органының кеден органы туралы ақпаратты басшылыққа алады.
30. Егер электрондық жауапта Одақтың шығаратын кеден органы бар кедендік аумағының бір бөлігінде орналасқан кету орнындағы кеден органы туралы ақпарат көрсетілген болса, не электрондық жауапта кету орнындағы кеден органы туралы ақпарат болмаса, бірақ бұл ретте кету орны көлік (тасымалдау) және (немесе) коммерциялық құжаттарға сәйкес Одақтың шығаратын кеден органы бар кедендік аумағының бір бөлігінде орналасқан болса, не егер кету орнының кеден органы туралы ақпарат болмаса, соның ішінде қажетті ақпарат кету орнындағы кеден органына ұсынылған көлік (тасымалдау) және (немесе) коммерциялық құжаттарда көрсетілмеген болса, Одақтың шығаратын кеден органы бар кедендік аумағының бір бөлігінде орналасқан кету орнындағы кеден органының лауазымды тұлғасы осы Тәртіптің 8 – 20-тармақтарында көрсетілген операцияларды жүзеге асырады.
31. Егер электрондық жауапта шығаратын кеден органына қатысы бойынша Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінде орналасқан кету орнындағы кеден органы туралы ақпарат көрсетілген болса, не егер Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттармен және актілермен кедендік құқықтық қатынастарды реттеуге сәйкес мұндай ақпарат болмаса, бірақ бұл ретте Одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкету орны тауарға ілеспе және (немесе) коммерциялық құжаттарға сәйкес шығаратын кеден органына қатысы бойынша Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігінде орналасқан болса, Одақтың шығаратын кеден органы бар кедендік аумағының бір бөлігінде орналасқан кету орнындағы кедендік органның лауазымды тұлғасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 7 қарашадағы № 134 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуіне байланысты кедендік операциялар жасау тәртібіне сәйкес іс-қимылдарды жасайды, соның ішінде осы Тәртіптің 14-тармағында көрсетілген мәліметтер көлемінде электрондық өткізуді қалыптастырады.
Бұл ретте біржола кететін тауарларға қатысты осы Тәртіптің 8 – 20-тармақтарында көрсетілген операцияларды шығаратын кеден органына қатысы бойынша Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігінде орналасқан кету орнындағы кеден органының лауазымды тұлғасы жасайды.
V. Декларантқа немесе оның уәкілетті тұлғасының Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың іс жүзінде әкетілуін растау
32. Кеден органы тауарларды шығаруды жүзеге асырған мүше мемлекеттің орталық кеден органының ақпараттық жүйесінде тауарларды әкету туралы ақпарат болмаған жағдайда декларант не оның уәкілетті тұлғасы Одақтың кедендік аумағынан тауарларды іс жүзінде әкетуді растау мақсатында шығаратын кеден органына электрондық құжат немесе еркін нысандағы қағаз тасымалдағыштағы құжат түрінде берілген дәлелді жүгінумен хабарласады.
33. Дәлелді жүгінуде оған сәйкес тауарлар осы Тәртіптің 1-тармағында көрсетілген кедендік рәсімдердің біріне орналастырылған тауарлар декларациясының тіркеу нөмірі, кедендік рәсімге орналастырылған тауардың реттік нөмірі, кедендік рәсімге орналастырылған тауардың сипаттамасы, тиісті мүше мемлекетте қолданылатын кеден органдарының сыныптауышына сәйкес кету орнындағы кеден органының коды көрсетіледі.
34. Дәлелді жүгіну келіп түскен кезде шығаратын кеден органының лауазымды тұлғасы кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы:
оны 1 жұмыс күні ішінде тіркейді;
осы Тәртіптің 1-тармағында көрсетілген кедендік рәсімдердің біріне сәйкес көрсетілген тауарларды декларациялау фактісін тексереді;
осы Тәртіптің 8-тармағында көрсетілген мәліметтерді көлемінде электрондық хабарлама жібері арқылы кеден органы тауарларды шығаруды жүзеге асырған мүше мемлекеттің орталық кеден органының ақпараттық жүйесінде сұратылған тауарлар декларациясына қатысты электрондық растаудың болуын тексереді.
35. Электрондық растау туралы ақпарат бар болған жағдайда кеден органы тауарларды шығаруды жүзеге асырған мүше мемлекеттің орталық кеден органының ақпараттық жүйесі шығарған кеден органына осы Тәртіптің 14-тармағында көрсетілген мәліметтер көлемінде электрондық хабарламаны жібереді.
Шығарған кедендік орган алынған мәліметтер негізінде декларантқа немесе оның уәкілетті тұлғасына Одақтың кедендік аумағынан тауарларды іс жүзінде әкету туралы ақпаратты жібереді.
36. Кеден органы тауарларды шығаруды жүзеге асырған мүше мемлекеттің орталық кеден органының ақпараттық жүйесі электрондық растау туралы ақпарат болмаған жағдайда шығарған кеден органның лауазымды тұлғасына мұндай ақпараттық жоқ екенін туралы хабарлайды.
37. Электрондық растаудың жоқ екені туралы ақпарат алқан кезде шығарған кеден органының лауазымды тұлғасы кету орнындағы кеден органының ақпараттық жүйесіне осы Тәртіптің 8-тармағында көрсетілген мәліметтер көлемінде электрондық сауал жібереді.
38. Кету орнындағы кеден органының ақпараттық жүйесі сұратылған ақпаратты іздеуді жүзеге асырады және (ол бар болған жағдайда) шығарған орынның кедендік органының ақпараттық жүйесіне осы Тәртіптің 14-тармағында көрсетілген мәліметтер көлемінде электрондық хабарлама жібереді.
Көрсетілген мәліметтер сонымен қатар кеден органы тауарларды шығаруды жүзеге асырған мүше мемлекеттің орталық кеден органының ақпараттық жүйесіне де жіберіледі.
Алынған мәліметтердің негізінде шығарған кедендік орган декларантқа немесе оның уәкілетті тұлғасына Одақтың кедендік аумағынан тауарларды іс жүзінде әкету туралы ақпаратты жібереді.
39. Электрондық растау туралы ақпарат болмаған жағдайда кету орнындағы кеден органының ақпараттық жүйесі шығарған кеден органға мынадай мәліметтерді қамтитын электрондық хабарламаны жібереді:
а) оған қатысты электрондық сауал жіберілген тауарлар декларациясының тіркеу нөмірі;
б) ескертуде: "Кету орнындағы кеден органының ақпараттық жүйесінде сұратылған мәліметтер жоқ" деп көрсетіледі.
40. Сұратылған мәліметтердің жоқ екені туралы электрондық хабарлама алған кезде, сондай-ақ осы Тәртіптің 38-тармағында көрсетілген электрондық хабарлама жіберілген сәттен бастап 3 сағат өткеннен кейін кету орнындағы кеден органының ақпараттық жүйесінен жауап болмаған кезде шығарған кеден органының лауазымды тұлғасы мынадай іс-қимылдарды жасайды:
а) ақпараттық жүйенің көмегімен қағаз тасымалдағышта тауарлар декларациясының көшірмесін басып шығарады және тауарлар декларациясы көшірмелерінің барлық парақтарының беткі жағына, сондай-ақ, егер онда жазба бар болса, сыртқы жағына "көшірме дұрыс" белгісін қояды. Осы белгі шығарған кеден органының лауазымды тұлғасының қолымен және жеке нөмірлік мөрінің таңбасымен куәландырылады;
б) дәлелді жүгіну тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, соның ішінде электрондық поштаның немесе факсимильдік байланыстың көмегімен кету орнының кеден органына ілеспе хатты және тауарлар декларациясының куәландырылған көшірмесін жібереді.
41. Осы Тәртіптің 40-тармағында көрсетілген құжаттарды алған кету орнындағы кеден органының лауазымды тұлғасы ілеспе хат кету орнындағы кеден органында тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай іс-қимылдарды жасайды:
а) Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың іс жүзінде әкетілуі туралы ақпарат бар болған кезде:
қалыптастырылған электрондық растауды кеден органы тауарларды шығаруды жүзеге асырған мүше мемлекеттің орталық кеден органының ақпараттық жүйесіне жіберу бойынша шараларды қабылдайды;
тауарлар декларациясының алынған көшірмесіне тауарлардың кетуіне рұқсаттама беру үшін көзделген тиісті белгілерді қояды және қол қоюмен және жеке нөмірлік мөрдің таңбасымен куәландыратын "растау дұрыс" жазбасын жазады;
шығарған кеден органына ілеспе хатты және тауарларға декларацияның куәландырылған көшірмесін жібереді, соның ішінде электрондық поштаның немесе факсимильдік байланыстың көмегімен;
б) Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың іс жүзінде әкетілуі туралы ақпарат болмаған кезде шығарған кеден органына мұндай ақпараттық жоқ екені туралы хабарлайды, соның ішінде электрондық поштаның немесе факсимильдік байланыстың көмегімен.
42. Алынған мәліметтердің негізінде шығарған кеден органы декларантқа немесе оның уәкілетті тұлғасына Одақтың кедендік аумағынан тауарларды іс жүзінде әкету туралы не мұндай ақпараттың жоқ екені туралы ақпаратты жазбаша немесе электронды түрде жібереді.