Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 7 ақпандағы №25 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 144 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 93-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының ақпараттық жүйелерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарлардың іс жүзінде әкетілуін растау бөлігінде пысықтау қажеттігіне байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 7 ақпандағы "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың іс жүзінде әкетілуін растау тәртібі туралы" № 25 шешімінің 2-тармағындағы және 3-тармағының бірінші абзацындағы "2018 жылғы 1 қыркүйектен" деген сөздер "2019 жылғы 1 ақпаннан" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап пайда болатын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады