Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 20 қарашадағы № 186 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерді жүйелеу мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Кеден одағы Комиссиясы шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 20 қарашадағы
№186 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының күші жойылған шешімдерінің ТІЗБЕСІ

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 қарашадағы "Кеден одағы Бірыңғай кедендік тарифінің ставкасын ұн тарту-жарма өнімдерінің жекелеген түрлеріне қатысты түзету туралы" № 544 шешімі.

      2. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Кеден одағы Комиссиясының қызметін ұйымдастыру мәселелері туралы" № 517 шешімі.

      3. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау барысы туралы" № 518 шешімі.

      4. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы электр беру желілері және құбыржол көлігі бойынша тауарлар өткізудің кейбір мәселелері туралы келісімнің жобасы туралы" № 519 шешімі.

      5. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Кеден одағы шеңберінде халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру кезінде ҚҚС-тың нөлдік ставкасын қолдану мәселесі туралы" № 520 шешімі.

      6. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының талдамалық және бақылау функцияларын іске асыруы үшін ақпарат алдмасуды ұйымдастыру туралы келісімнің жобасы туралы" № 523 шешімі.

      7. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Өткізу пункттерін жайластыруға қойылатын бірыңғай типтік талаптар туралы" № 524 шешімі.

      8. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Кеден одағы Комиссиясының техникалық реттеу саласындағы нормативтік актілері туралы" № 527 шешімі.

      9. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Көліктік (автомобильдік) бақылауды Кеден одағының сыртқы шекарасына ауыстыру туралы" № 530 шешімі.

      10. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Кедендік әкелу баждарын төлеумен байланысты ақпарат алмасу тәртібі туралы хаттаманың жобасы туралы" № 532 шешімі.

      11. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Кеден одағына мүше мемлекеттер біржақты тәртіпте енгізген тарифтік емес реттеудің уақытша шараларына қатысты Кеден одағы Комиссиясының шешімдері туралы" № 535 шешімі.

      12. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Кеден одағы Комиссиясы жанындағы Ақпараттық технологиялар жөніндегі үйлестіру кеңесі қызметінің ұйымдастыру мәселелері туралы" № 538 шешімі.

      13. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Кеден одағы Комиссиясы Хатшылығының қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу жөніндегі ереженің жобасы туралы" № 539 шешімі.

      14. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Кеден одағы Комиссиясының кезекті отырысы күн тәртібінің жобасы туралы" № 540 шешімі.

      15. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Кеден одағы Комиссиясы Хатшылығындағы бос лауазымдарға конкурс өткізу туралы ереженің жобасы туралы" № 543 шешімі.

      16. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 2 наурыздағы "Кеден одағының сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру туралы келісімнің жобасы туралы" № 549 шешімі.

      17. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 2 наурыздағы "2008 жылғы 25 қаңтардағы үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық шаралар қолдану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы туралы" № 550 шешімі.

      18. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 2 наурыздағы "Ауыл шаруашылығы техникасының жекелеген түрлеріне қатысты кедендік-тарифтік реттеудің даулы мәселелерін қарау қорытындылары бойынша баяндама дайындау туралы" № 551 шешімі.

      19. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 2 наурыздағы "Кеден одағының 2011-2015 жылдарға арналған техникалық реттеудің, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шаралардың бірыңғай жүйесін дамыту стратегиясының жобасы туралы" № 562 шешімі.

      20. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 2 наурыздағы "Кеден одағының тиісті зертханалық практика қағидаларының жобасы туралы" № 564 шешімі.

      21. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 2 наурыздағы "Кеден одағының тиісті клиникалық практика қағидаларының жобасы туралы" № 565 шешімі.

      22. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 2 наурыздағы "Үшінші елдерге қатысы бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттерде қолданылатын арнайы қорғау және демпингке қарсы шаралардың Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында қолданылуы туралы" № 572 шешімі.

      23. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 2 наурыздағы "Кеден одағы Комиссиясы жанындағы Ақпараттық технологиялар жөніндегі үйлестіру кеңесі қызметінің ұйымдастырушылық мәселелері туралы" № 572 шешімі.

      24. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 2 наурыздағы "Техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі үйлестіру комитетінің төрағасы туралы" № 575 шешімі.

      25. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 2 наурыздағы "Қазақстан Республикасынан Кеден одағы Комиссиясы Хатшылығындағы квоталық лауазымға кандидатуралардың орналасуы туралы" № 576 шешімі.

      26. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 2 наурыздағы "Қазақстан Республикасынан Кеден одағы Комиссиясы Хатшылығындағы бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу жөніндегі ереже туралы" № 579 шешімі.

      27. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 2 наурыздағы "Кеден одағы Комиссиясы Хатшылығының қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу жөніндегі ереже туралы" № 580 шешімі.

      28. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 2 наурыздағы "Кеден одағына мүше мемлекеттер үкіметтері басшылары кездесуінің күн тәртібінің жобасы туралы" № 583 шешімі.

      29. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 2 наурыздағы "Кеден одағының тауарлары мәртебесін алған шетелдік тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағы шегіндегі автомобильдік тасымалын жүзеге асыру кезінде үшінші елдерден /елдерге/ жүк тасымалына рұқсаты бар болуы туралы белорус тасымалдаушыларына қойылатын талаптарды жою туралы" № 585 шешімі.

      30. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 2 наурыздағы "Көліктік (автомобильдік) бақылауды Кеден одағының сыртқы шекарасына ауыстыру туралы" № 586 шешімі.

      31. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 2 наурыздағы "Кеден одағы Комиссиясының кезекті отырысы күн тәртібінің жобасы туралы" № 587 шешімі.

      32. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 14 наурыздағы "Үкіметтер деңгейіндегі Мемлекетаралық Кеңестің (Кеден одағының Жоғары органы) күн тәртібінің жобасы туралы" № 588 шешімі.

      33. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 14 наурыздағы "Көліктік (автомобильдік) бақылауды Беларусь-Ресей шекарасынан Кеден одағының сыртқы контурына ауыстыру туралы" туралы" № 589 шешімі.

      34. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 14 наурыздағы "Кеден одағындағы экспорттық бақылау мәселелері туралы" № 595 шешімі.

      35. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі "Үшінші елдерге қатысы бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттерде қолданылатын арнайы қорғау және демпингке қарсы шаралардың Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында қолданылуы жөніндегі жұмыстардың барысы туралы" № 598 шешімі.

      36. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі "Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкімшілік құқық бұзушылықтардың түрлерін айқындау және техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану саласындағы бұзушылық үшін жауапкершілікті белгілеу бөлігіндегі келісімінің жобасы туралы" № 600 шешімі.

      37. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі "Үкімет басшылары деңгейіндегі ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының Жоғары органы) "2010 жылғы 18 қарашадағы Беларусь Республикасындағы, Қазақстан Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімнің күшіне енуі туралы" шешімінің жобасы туралы" № 601 шешімі.

      38. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі "2008 жылғы 25 қаңтардағы үшінші елдерге қатысы бойынша арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық шаралар қолдану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы туралы" № 602 шешімі.

      39. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі "Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының Жоғары органы) "Кеден одағының санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану саласындағы шарттық-құқықтық базасын қалыптастыратын халықаралық шарттардың күшіне енуі туралы" шешімінің жобасы туралы"№ 603 шешімі.

      40. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі "Кеден одағы Комиссиясының 2012 жылға арналған шығыстар сметасының жобасы туралы" №611 шешімі.

      41. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі "Кеден одағы Комиссиясының кезекті отырысы күн тәртібінің жобасы туралы" №613 шешімі.

      42. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі "Үкімет басшылары деңгейіндегі ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының Жоғары органы) күн тәртібінің жобасы туралы" № 614 шешімі.

      43. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі "2010 жылғы қыркүйекте – 2011 жылғы ақпанда кедендік әкелу баждарын (өзге де баждарды, салықтарды және баламалы күші бар алымдарды) есепке жатқызу және бөлу механизмін қолдану қорытындылары туралы" № 615 шешімі.

      44. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі "Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесінің Кеден одағы Комиссиясының ақпараттық сегментін құру жөніндегі Ресей тарапының ұсынысы туралы" № 616 шешімі.

      45. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі "Көліктік (автомобильдік) бақылауды Беларусь-Ресей шекарасынан Кеден одағының сыртқы контурына ауыстыру туралы. Беларусь Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі мен Ресей Федерациясы Көлік министрлігінің ақпараты" № 618 шешімі.

      46. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі "Қазақстан Республикасынан Кеден одағы Комиссиясы Хатшылығындағы квоталық лауазымға кандидатураны бекіту туралы" № 627 шешімі.

      47. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі "Кеден одағы Комиссиясының сарапшы және жұмыс топтары кеңестерінің 2011 жылғы ІІ тоқсанға арналған графигі туралы" № 630 шешімі.

      48. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі "Көп тарапты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы шарттың жобасы туралы" № 632 шешімі.

      49. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі "Кеден одағы туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы келісілген ұсыныстар дайындау үшін жұмыс тобын құру туралы" № 664 шешімі.

      50. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі "Кеден одағына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы келісім жобасы туралы" № 665 шешімі.

      51. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 19 мамырдағы "Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау барысы туралы" № 633 шешімі.

      52. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 19 мамырдағы "Үкімет басшылары деңгейіндегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының Жоғары органы) "Кеден одағына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы келісім жобасына орай тұжырымдамалық тәсілдемелер туралы" шешімінің жобасы туралы" № 634 шешімі.

      53. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 19 мамырдағы "Үкімет басшылары деңгейіндегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының Жоғары органы) "Көп тарапты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы шарттың жобасы туралы" шешімінің жобасы туралы" № 635 шешімі.

      54. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 19 мамырдағы "Үкімет басшылары деңгейіндегі ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының Жоғары органы) "Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыру туралы декларация жобасы туралы" шешімінің жобасы туралы" № 636 шешімі.

      55. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 19 мамырдағы "Кеден одағының бірыңғай кедендің аумағында арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық шаралар қолдану туралы" № 637 шешімі.

      56. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 19 мамырдағы "Ресей Федерациясының кеден органдарына Кеден одағының кедендік шекарасының Ресейлік бөлігінде бақылаудың құжаттамалық ветеринариялық және фитосанитариялық түрлерін жүзеге асыру жөнінде өкілеттіктер беру туралы" № 643 шешімі.

      57. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 19 мамырдағы "Мемлекеттік бақылаудың келісілген түрлерін Кеден одағының сыртқы шекарасына ауыстыру жөніндегі жоспардың орындалуы туралы" № 644 шешімі.

      58. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 19 мамырдағы "Кеден одағына мүше мемлекеттер өндірушілерінің тиісті өндірістік практика жағдайларында (GMP) өндірілген дәрілік заттарына арналған тіркеу куәліктерін өзара тану жөніндегі іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізу туралы" № 645 шешімі.

      59. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 19 мамырдағы "Дәрілік заттарды таңбалауға қойылатын талаптардың жобасы туралы" № 646 шешімі.

      60. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 19 мамырдағы "Дәрілік заттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа қойылатын талаптардың жобасы туралы" № 647 шешімі.

      61. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 19 мамырдағы "Кеден одағына мүше мемлекеттерде қолданылатын демпингке қарсы және арнайы қорғау шараларын оларды қайта қарау нәтижелері бойынша Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында қолдану туралы" № 648 шешімі.

      62. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 19 мамырдағы "Тексеру жүргізетін органда құпиялы ақпаратты пайдалану және қорғау туралы ереженің жобасы туралы" № 649 шешімі.

      63. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 19 мамырдағы "Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық шаралар қолдану туралы шешімдерді қабылдау регламентінің жобасы туралы" № 650 шешімі.

      64. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 19 мамырдағы "Кеден одағының кедендік аумағынан тыс өңдеу үшін 2011 жылы Беларусь Республикасынан алтын әкету көлемі туралы" № 653 шешімі.

      65. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 19 мамырдағы "Кеден одағы Комиссиясының 2010 жыл ішіндегі шығыстар сметасын атқару жөніндегі жылдық есебі туралы" № 657 шешімі.

      66. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 19 мамырдағы "Кеден одағы Комиссиясының кезекті отырысын өткізу туралы" № 658 шешімі.

      67. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 19 мамырдағы "Беларусь Республикасынан Кеден одағы Комиссиясы Хатшылығындағы квоталық лауазымға кандидатураны бекіту туралы" № 659 шешімі.

      68. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы "Ресей Федерациясы Көлік министрлігінің, Беларусь Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің Беларусь-Ресей шекарасында орналасқан (Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 19 мамырдағы №644 шешімі) бақылау пункттері мен өлшеу пункттерінің жұмыс істеуіне қатысты тексеру шараларын өткізу туралы" № 666 шешімі.

      69. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы "Кеден одағы Комиссиясы жанындағы Ақпараттық технологиялар жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы туралы" № 672 шешімі.

      70. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы "Бірыңғай терезе" конференциясы, деректер алмасу, сауда рәсімдерін оңайлату кезіндегі ведомствоаралық және мемлекеттік-жекеше әріптестік туралы" № 673 шешімі.

      71. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы "Кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы, сондай-ақ Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы әскери мақсаттағы өнімді өткізу тәртібі туралы келісім жобасы туралы" № 678 шешімі.

      72. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы "Кеден одағының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасы туралы" № 681 шешімі.

      73. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы "Беларусь Республикасының, Қазақстан Ресепубликасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау барысы туралы" № 686 шешімі.

      73. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы "Беларусь Республикасының, Қазақстан Ресепубликасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау барысы туралы" № 686 шешімі.

      74. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы "Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында есірткі заттарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" № 692 шешімі.

      75. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы "Техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі үйлестіру комитетінің құрамын нақтылау туралы" № 725 шешімі.

      76. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы "Кеден одағының Кеден кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы" № 777 шешімі.

      77. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы "Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын құрайтын халықаралық шарттарды кодификациялау жөніндегі жұмыс тобы туралы" № 902 шешімі.

      78. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі "Қымбат бағалы металдар мен асыл тастардың заңсыз айналымы үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік шараларын қолдану саласында Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасын біріздендіру жөнінде сарапшылық кіші топ құру туралы" № 708 шешімі.

      79. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі "Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына өзгерістер енгізуге және кедендік әкелу баждарының ставкаларын өзгертуге мораторий ендіру туралы және Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының және Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінің жаңа редакциясын әзірлеу жөніндегі жұмыстардың жоспар-графигін бекіту туралы" № 712 шешімі.

      80. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі "Кеден одағы Комиссиясының құжат айналымында электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып ақпараттық технологияларды пайдалану туралы" № 714 шешімі.

      80. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі "Кеден одағы Комиссиясының құжат айналымында электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып ақпараттық технологияларды пайдалану туралы" № 714 шешімі.

      81. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі "Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құруды реттейтін құжаттар туралы" № 715 шешімі.

      82. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі "Кеден одағы Комиссиясының өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруы туралы" № 716 шешімі.

      83. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі "Кеден одағы Комиссиясының кезекті отырысы күн тәртібінің жобасы туралы" № 717 шешімі.

      84. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі "Беларусь Республикасының, Қазақстан Ресепубликасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау барысы туралы" № 729 шешімі.

      85. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы "Кеден одағына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы келісім жобасы туралы" № 731 шешімі.

      86. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы "Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының талдамалық және бақылау функцияларын іске асыруы үшін ақпарат алдмасуды ұйымдастыру туралы келісімнің жобасы туралы" №733 шешімі.

      87. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы "Кеден одағы Комиссиясы жанындағы Ақпараттық технологиялар жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы туралы" №753 шешімі.

      88. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы "Техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі үйлестіру комитетінің төрағасы туралы" №756 шешімі.

      89. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы "Үкімет басшылары деңгейіндегі ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының Жоғары органы) кезекті отырысы күн тәртібінің жобасы туралы" №757 шешімі.

      90. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы "Кеден одағы Комиссиясының кезекті отырысы күн тәртібінің жобасы туралы" №758 шешімі.

      91. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы "Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы "Халықаралық стандарттарды, нұсқамаларды және ұсынымдарды пайдалану туралы" №721 шешімінің күшіне енуі туралы" №773 шешімі.

      92. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы "Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыру туралы декларацияның жобасы туралы" №775 шешімі.

      93. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы "Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын құрайтын халықаралық шарттардың кодификациясы" тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын орындауға арналған ашық конкурс өткізу туралы" №903 шешімі.

      94. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі "Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау барысы туралы" №779 шешімі.

      95. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі "Кеден одағына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы келісім жобасы туралы" № 782 шешімі.

      96. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі "Кеден одағының кедендік аумағына әкелу Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан өзгеше кедендік әкелу баждарының ставкалары бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының лицензиялауы туралы" № 795 шешімі.

      97. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі "Нотификацияны тіркеу тәртібі туралы ереженің жобасы туралы" №796 шешімі.

      98. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі "Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыру туралы декларацияның жобасы туралы" №803 шешімі.

      99. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі "Үкімет басшылары деңгейіндегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының Жоғары органының) "Кеден одағы Комиссиясының рәсімдер қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімінің жобасы туралы" №804 шешімі.

      100. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі "Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылға арналған шығыстар сметасына өзгерістер енгізу туралы" №805 шешімі.

      101. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі "Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын құрайтын халықаралық шарттардың кодификациясы" тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын орындауға арналған ашық конкурстың қорытындылары туралы" №806 шешімі.

      102. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі "Кеден одағы Комиссиясының кезекті отырыстары туралы" №807 шешімі.

      103. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі "Беларусь Республикасынан Кеден одағы Комиссиясы Хатшылығындағы квоталық лауазымға кандидатураны бекіту туралы" № 808 шешімі.

      104. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі "Кеден одағына мүше мемлекеттер мен Кеден одағына мүше мемлекеттер болып табылмайтын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер арасындағы өзара саудадағы техникалық тосқауылдарды жою туралы келісім жобасы туралы" № 809 шешімі.

      105. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы "Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыратын халықаралық шарттардың күшіне енуі туралы" № 814 шешімі.

      106. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы "Кедендік және мемлекеттік бақылаудың өзге де келісілген түрлерін Кеден одағына мүше мемлекеттердің ішкі шекарасынан Кеден одағының сыртқы шекарасына ауыстырғаннан кейін автокөлік құралдарының салмақтық-габариттік бақылауын жүзеге асыратын бақылау пункттерінің Ресей-Беларусь шекарасында жұмыс істеу мәселесі бойынша өткізілген консультациялардың нәтижелері туралы" № 816 шешімі.

      107. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы "Үкімет басшылары деңгейіндегі ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының Жоғары органының) "Еуразиялық экономикалық интеграция туралы декларацияның жобасы туралы" шешімінің жобасы туралы" №838 шешімі.

      108. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы "Үкімет басшылары деңгейіндегі ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесі (Кеден одағының Жоғары органы) отырысының күн тәртібінің жобасы туралы" №839 шешімі.

      109. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы "Қымбат бағалы металдар мен асыл тастардың заңсыз айналымы үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік шараларын қолдану саласында Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасын біріздендіру жөніндегі сарапшылық кіші топтың құрамын бекіту туралы" № 840 шешімі.

      110. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы "Көптарапты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы шартты ратификациялау барысы туралы" № 841 шешімі.

      111. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы "ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің (Үкімет басшылары деңгейіндегі) "Қырғыз Республикасының ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағына қосылуы туралы" шешімінің жобасы туралы" № 842 шешімі.

      112. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қарашадағы "Беларусь Республикасының ақ қант экспорттаушыларын айқындауы туралы" № 908 шешімі.

      113. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы "Беларусь Республикасының аумағынан былғары шикізатын әкетуге уақытша тыйым салу енгізу туралы" № 864 шешімі.

      114. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы "Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау барысы туралы" № 866 шешімі.

      115. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы "Мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы күн тәртібінің жобасы туралы" № 867 шешімі.

      116. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы "Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің экспорттық бақылауы туралы" № 869 шешімі.

      117. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы "2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы туралы" № 887 шешімі.

      118. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы "Кеден одағына мүше мемлекеттер өндірушілерінің тиісті өндірістік практика жағдайларында (GMP) өндірілген дәрілік заттарына арналған тіркеу куәліктерін өзара тану жөніндегі іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізу туралы" № 890 шешімі.

      119. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы "Медициналық бұйымдарды (медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы) тіркеу және олардың мониторингі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" № 891 шешімі.

      120. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы "Кеден одағы Комиссиясының Кедендік статистика орталығының статистикалық жұмыстар бағдарламасы туралы" № 897 шешімі.

      121. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы "Кеден одағы Комиссиясының қайта ұйымдастыру іс-шаралары туралы" № 898 шешімі.

      122. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы "2010 жылғы 18 қарашадағы Беларусь Республикасындағы, Қазақстан Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы туралы" № 905 шешімі.

      123. Кеден одағы Комиссиясының 2012 жылғы 25 қаңтардағы "Кеден одағы Комиссиясының Жауапты хатшысы туралы" № 911 шешімі.

      124. Кеден одағы Комиссиясының 2012 жылғы 25 қаңтардағы "2009 жылғы 9 маусымдағы тауарлардың сыртқы саудасы саласындағы лицензиялау қағидалары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы" хаттаманың жобасы туралы" № 918 шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады