Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 18 желтоқсандағы № 205 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 58-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 22-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға өзгеріс енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 205 шешіміне
ҚОСЫМША

Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға енгізілетін ӨЗГЕРІС

      Мынадай мазмұндағы 46-тараумен толықтырылсын:

"46-тарау

Үй қояндарының ұрығын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және (немесе) мүше мемлекеттердің арасында өткізу кезіндегі ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

      Соңғы 12 айдың ішінде ұрықты алу, оны зерттеу, өңдеу, консервациялау және сақтау үшін жағдайлары бар үй-жайларда үй қояндарының геморрагиялық ауруына қарсы егілмеген, дені сау жануарлардан алынған үй қояндарының ұрығын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) мүше мемлекеттердің арасында өткізуге жол беріледі.

      Үй қояндары – ұрық донорлары (бұдан әрі – донор үй қояндары) жануарлардың мынадай жұқпалы ауруларынан азат ұстау орындарынан шығады:

      үй қояндарының геморрагиялық ауруы – соңғы 12 ай ішінде, ол серологиялық зерттеудің нәтижелерімен расталады;

      миксоматоз – соңғы 6 ай ішінде.

      Донор үй қояндары экспорттаушы елдің ветеринариялық қызметі ветеринариялық-санитариялық шектеулер белгілемеген ұстау орындарынан шығады.

      Донор үй қояндары ұрық алардың алдындағы 30 күннің ішінде аккредиттелген зертханада үй қояндарының геморрагиялық ауруына теріс нәтижелермен зерттелуге тиіс (ветеринариялық сертификатта зертхананың атауы, зерттеу күні және әдісі көрсетілуге тиіс).

      Донор үй қояндары ұрық алынғанға дейін кемінде 30 күн бұрын табиғи ұрықтандыру үшін пайдаланылмауға және ондай мүмкіндікті болдырмайтын жағдайларда болуға тиіс.

      Денсаулығын растау үшін донор үй қояндары ұрықты алардың алдында міндетті термометриямен клиникалық қарап-тексеруден өтуге тиіс.

      Донор үй қояндарының ұрығында патогендік және токсикогендік микроорганизмдер болмауға тиіс.

      Ұрық МЭБ кодексінің ұсынымдарына сәйкес алынуға, сақталуға және тасымалдануға тиіс.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады