Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы және Ямал түбегінде Оңтүстік Тамбей газды конденсат кен орнының сұйылтылған табиғи газды өндіру зауытын салу және пайдалану бойынша жобаны іске асыру мақсатында Ресей Федерациясының аумағына әкелінетін тауарлар тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 2 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 43 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 18-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 7 және 16-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы" 7-тармағы мынадай мазмұндағы 7.1.29-тармақшамен толықтырылсын:

      "7.1.29. Ямал түбегінде Оңтүстік Тамбей газды конденсат кен орнының сұйылтылған табиғи газды өндіру зауытын салу және пайдалану бойынша жобаны іске асыру мақсатында Ресей Федерациясының аумағына әкелінетін Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 2 шешімімен бекітілген тізбеге енгізілген тауарлар.

      Көрсетілген тарифтік жеңілдік Ресей Федерациясының кеден органдарына Ресей Федерациясының уәкілетті мемлекеттік органы берген және осындай тауарлардың номенклатурасы, саны, құны туралы, сондай-ақ оларды әкелуді жүзеге асыратын ұйымдар туралы мәліметтерді қамтитын әкелінетін тауарлардың мақсатты тағайындалуын растау ұсынылған жағдайда беріледі.".

      2. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 728 шешімімен бекітілген Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде кедендік баждарды төлеуден босатуды қолдану тәртібінің 15-тармағында "7.1.28" цифрлары "7.1.29" цифрларымен ауыстырылсын.

      3. Қоса беріліп отырған Ямал түбегінде Оңтүстік Тамбей газды конденсат кен орнының сұйылтылған табиғи газды өндіру зауытын салу және пайдалану бойынша жобаны іске асыру мақсатында Ресей Федерациясының аумағына әкелінетін тауарлар тізбесі бекітілсін.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей
Федерациясынан

В. Габриелян

В. Матюшевский

А. Мамин

С. Муканбетов

И. Шувалов


  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 2 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Ямал түбегінде Оңтүстік Тамбей газды конденсат кен орнының сұйылтылған табиғи газды өндіру зауытын салу және пайдалану бойынша жобаны іске асыру мақсатында Ресей Федерациясының аумағына әкелінетін тауарлар
ТІЗБЕСІ

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

3917

Пластмассадан жасалған құбырлар, түтіктер, шлангілер және олардың фитингтері (мысалы, қосылыстар, иіндер, фланцтер)
 

3920

Кеуектi емес және арқауланбаған, қабат-қабат емес, төсенiшсiз және басқа материалдармен (фонизол дыбыс жұтқыш поливинилхлоридті материал) ұқсас әдiспен қосылмаған пластмассадан жасалған тақтайлар, табақтар, пленкалар, белдiктер немесе таспалар, өзгелерi
 

3921

Пластмассадан жасалған өзге де тақтайлар, табақтар, пленкалар және белдiктер немесе таспалар

3925

Пластмассадан жасалған, басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген құрылыс бөлшектері (резервуарлар, цистерналар, бактар, фитингілер, бекіткіш бөлшектер, электр шынжырларына арналған магистралдық, арналық және кабельдік ойылымдар)

3926

Пластмассадан жасалған басқа бұйымдар және 3901 – 3914 тауар позицияларының материалдарынан жасалған өзге де бұйымдар (дренаж жүйесінің кіреберістеріндегі суды сүзгіден өткізуге арналған перфорирленген ыдыстар, мембрананы қоса алғанда фильтрэлементтер, табиғи газға арналған ыдыстар)

4006

Құбырлар және фасондық профильдер, дискілер мен вулканизацияланбаған резеңкеден жасалған сақиналар

4008

Қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған пластиналар, табақтар, белдіктер немесе таспалар, шыбықтар және фасондық профильдер

4009

Қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған құбырлар, түтіктер және шлангілер

4016

Қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған өзге бұйымдар

4202

Аспаптарға, жұмыс құралдарына арналған футлярлар, кофралар

4823

Қағаз массасынан, қағаздан, картоннан, целлюлоза мақтасынан жасалған немесе целлюлоза талшықтарынан жасалған жайма қағаздан жасалған төсемдер, шайбалар, өзге де тығыздағыш бөлшектер

5909

Астары бар тоқыма шлангілер және ұқсас тоқыма түтіктер

5911

Елек мата, сүзгіш маталар

6806

Жылытқыштар: минералдық силикатты мақта және ұқсас минералды мақталар; қатпарланған вермикулит, ісінген балшықтар, көбікті қож бен ұқсас ісіңкі минералдық өнімдер; жылуоқшаулағыш, дыбысоқшаулағыш немесе дыбыс жұтқыш минералдық материалдардан жасалған қосапалр мен бұйымдар

6812

Нығыздалған асбесттен жасалған тығыздағыш материал

6815

Минералдық заттардан жасалған бұйымдар (көміртегі талшықтарын, көміртегі талшықтарынан жасалған бұйымдарды қоса алғанда)

6909

Зертханалық, химиялық немесе басқа да техникалық мақсаттарға арналған қыш бұйымдар; қыш науалар, кеспектер және ауыл шаруашылығында пайдаланылатын ұқсас резервуарлар; қыш құмыралар, ыдыстар және тауарларды тасымалдау немесе буып-түю үшін пайдаланылатын ұқсас бұйымдар

7016

Блоктағы көбікті шыны

7019

Шыны талшық (шынымақтаны қоса алғанда) және одан жасалған бұйымдар (мысалы, мата)

7209

Ені 600 мм немесе одан артық, суықтау басылған (суық күйінде қысылған), жалатылмаған, гальванды немесе басқа да қаптамаларсыз, темірден немесе легирленбеген болаттан жасалған тегіс илек

7210

Ені 600 мм немесе одан артық, жалатылған, гальванды немесе басқа да қаптамалары бар, темірден немесе легирленбеген болаттан жасалған тегіс илек

7211

Ені 600 мм-ден кем, жалатылмаған, гальванды немесе басқа да қаптамаларсыз, темірден немесе легирленбеген болаттан жасалған тегіс илек (болат таспалар)

7217

Темірден немесе легирленбеген болаттан жасалған сым (болат сым)

7219

Ені 600 мм немесе одан артық, коррозияға төзімді болаттан жасалған тегіс илек (тот баспайтын болаттан жасалған профтабақтар)

7220

Ені 600 мм кем, коррозияға төзімді болаттан жасалған тегіс илек

7222

Коррозияға төзімді болаттан жасалған өзге шыбықтар; коррозияға төзімді болаттан жасалған бұрыштар, фасондық және арнайы профильдер (тот баспайтын болаттан жасалған балкалар)

7223

Коррозияға төзімді болаттан жасалған сым

7225

Ені 600 мм немесе одан артық, легирленген болаттың басқа түрлерінен жасалған тегіс илек (құрамында 9% никель бар болат жайма)

7228

Легирленген болаттың басқа түрлерінен жасалған өзге де шыбықтар; легирленген болаттың басқа да түрлерінен жасалған бұрыштар, фасондық және арнайы профильдер; легирленген немесе легирленбеген болаттан жасалған бұрғылау жұмыстарына арналған қуыс шыбықтар (криогендік арматура)

7303 00

Шойынды құймадан жасалған құбырлар, түтіктеп және қуыс профильдер

7304

Жіксіз, қара металдардан жасалған құбырлар, түтіктер және қуыс профильдер (шойынды құймадан басқа)

7305

Дөңгелек қималы, сыртқы диаметрі 406,4 мм-ден артық, қара металдардан жасалған құбырлар және өзге де түтіктер (мысалы, дәнекерленген, шегеленген немесе ұқсас тәсілмен біріктірілген)

7306

Қара металдардан жасалған өзге де құбырлар, түтіктер және қуыс профильдер (мысалы, жігі ашық немесе дәнекерленген, шегеленген немесе ұқсас тәсілмен біріктірілген)

7307

Қара металдардан жасалған құбырларға немесе түтіктерге арналған фитингтер (мысалы, қосылыстар, иінден, имектер)

7308

Қара металдардан жасалған металл конструкциялары (9406 тауар позициясындағы құрастырылатын құрылыс конструкцияларынан басқа) және олардың бөлiктерi (мысалы, көпiрлер мен олардың бөлiктерi, шлюз қақпалары, мұнаралар, торланған діңгектер, шатырға арналған арқалықтар, құрылыс фермалары, есiктер мен терезелер және олардың рамалары, есiктерге арналған табалдырықтар, жалюздар, балюстрадалар, тіреуiштер және колонналар); қара металдардан жасалған, металл конструкцияларында пайдалануға арналған табақтар, шыбықтар, фасондық профильдер, құбырлар және ұқсас бұйымдар

7309

Қара металдардан жасалған, сыйымдылығы 300 л-ден астам, қаптамасы немесе жылу оқшаулағышы бар немесе оларсыз, бірақ механикалық немесе жылутехникалық жабдықсыз кез келген заттарға (сығылған немесе сұйылтылған газдан басқа) арналған резервуарлар, цистерналар, бактар және ұқсас ыдыстар

7310

Қара металдардан жасалған, сыйымдылығы 300 л-ден астам, қаптамасы немесе жылу оқшаулағышы бар немесе оларсыз, бiрақ механикалық немесе жылу техникалық жабдықтарсыз, кез келген заттарға (сығылған немесе сұйылтылған газдан басқа) арналған цистерналар, күбiлер, барабандар, канистралар, жәшiктер және ұқсас ыдыстар

7311 00

Қара металдардан жасалған, сығылған немесе сұйылтылған газға арналған ыдыстар

7314

Қара металдардан жасалған керегеторлар, торлар; қара металдардан жасалған ыдыратып сорып алатын табақтар

7315

Қара металдардан жасалған шынжырлар, олардың бөліктері

7317 00

Жылуды оқшаулауға арналған қысқыштар

7318

Қара металдардан жасалған бұрамалар, бұрандамалар, сомындар, глухарлар, бұрама iлмектер, тойтарма шегелер, сыналар, шплинттер, шайбалар (серіппелiлердi қоса алғанда) және ұқсас бұйымдар (кіргізетін бөлшектерге арналған болат түйреуіштер)

7320

Қара металдардан жасалған серіппелер, рессорлар және оларға арналған табақтар

7322

Қара металдардан жасалған электрлік емес қыздырумен орталық жылытуға арналған радиаторлар, электрлік емес қыздырғышы бар, орнатылған желдеткішпен жабдықталған ауа қыздырғыштары және бөліп тарату құрылғылары

7325

Қара метелдардан жасалған өзге де құйма бұйымдар

7326

Қара металдардан жасалған өзге де бұйымдар

7411

Мыс құбырлар және түтіктер

7412

Құбырларға немесе түтіктерге арналған мыс фитингтер (мысалы, жалғастырғыштар, иіндер, фланцтар)

7413 00 000

Мыстан жасалған иірілген сым, тростар, өрме баулар және ұқсас бұйымдар

7415

Мыстан жасалған шегелер, түймешелер, кедер-бұдырлы шегелер, қапсырмалар

7419

Мыстан жасалған өзге де бұйымдар

7507

Никельді құбырлар, түтіктер және оларған арналған фитингтер

7508

Никельден жасалған өзге де бұйымдар

7604

Алюминий шыбықтары мен профильдері

7605

Алюминий сым

7606

Ені 0,2 мм-ден астам алюминийден жасалған плиталар, табақтар немесе таспалар

7608

Алюминий құбырлар мен түтіктер

7609 00 000 0

Алюминий құбырларға немесе түтіктерге арналған фитингтер

7610

Алюминий металл құрылымдары (9406 тауар позициясындағы құрастырылатын құрылыс металл құрылымдарынан басқа) және олардың бөлiктерi (мысалы, көпiрлер және олардың бөлiктерi, мұнаралар, керегеторлы дiңгектер, шатырларға арналған аражабындар, құрылыс фермалар, есiктер, терезелер және олардың жақтаулары, есiктерге арналған табалдырықтар, балюстрадалар, тiректер және колонналар); металл құрылымдарда пайдалануға арналған алюминийден жасалған табақтар, шыбықтар, профильдер, құбырлар және ұқсас бұйымдар

7611 00 000 0

Резервуарлар, цистерналар, бактар және алюминийден жасалған ұқсас ыдыстар

7612

Алюминийден жасалған күбілер, барабандар, жәшіктер

7613 00 000 0

Сығылған немесе сұйылтылған газға арналған алюминий ыдыстар

7614

Алюминийден жасалған иірілген сым, тростар, өрме баулар, ұқсас бұйымдар

7616

Алюминийден жасалған өзге де бұйымдар

7904 00 000 0

Мырыш шыбықтар, профильдер және сымдар

7905 00 000 0

Мырыш плиталар, табақтар немесе таспалар

7907 00 000

Мырыштан жасалған өзге де бұйымдар

8205

Бас жерде аталмаған немесе енгізілмеген қол аспаптары (алмас әйнек кескіштерді қоса алғанда); дәнекеллеу лампалары; станоктардың немесе суағынды кесу машиналарының керек-жарақтары мен бөлшектерінен басқа, басқыштар, қысқыштар және ұқсас бұйымдар; төстер; тасымалданатын көріктер; қол немесе аяқ жетектері бар, тірек қонструкциялары бар ажарлауыш шарықтар

8207

Металды созып шыңдау немесе сығып шығаруға арналған сүзгіштерді, тастақты жыныстарды немесе топырақты бұрғылау аспабын қоса алғанда, механикалық жетегi бар немесе жоқ қол аспаптарына немесе станоктарға арналған (мысалы, сығымдауға, штамптауға, шабуға, бұранданы кесуге, бұрғылауға, қашауға, тартуға, фрезерлеуге, токарьлық өңдеуге немесе бұрап кiргiзуге арналған) ауыспалы қол аспаптары

8208

Машиналарға немесе механикалық құрал-жабдықтарға арналған пышақтар мен кесетін тілгіштер

8301

Құбыр жолы арматурасын бұғаттауыштар

8302

Бағалы емес металдардан жасалған бекіту арматурасы, фурнитура және ұқсас бұйымдар

8303 00

Сақтау жүйелерінің жарылыс-өрттен қорғалған металл шкафтары

8307

Бағалы емес металдардан жасалған, фитингі бар немесе жоқ иілгіш құбырлар

8402

Бу қазандары немесе басқа да бу өндіретін қазандар (төмен қысымдағы бу өндіруге де қабілетті орталық жылу жүйесінің су қазандарынан басқа); қыздырылған су қазандары

8405

Газ генераторлары немесе тазалау қондырғылары бар немесе оларсыз сулы газ генетаорлары; ацетилендік газ генераторлары және тазалау қондырғылары бар немесе оларсыз ұқсас газ генераторлары

8407

Айналмалы немесе қайталап түсетін қозғалысты піспегі бар, ұшқындап от алатын іштен жану қозғалтқыштары

8408

Қысымнан жалын шығаратын іштен жану қозғалтқыштары (дизельдер немесе жартылай дизельдер)

8409

Тек қана және негізінен 8407 немесе 8408 тауар позициясының қозғалтқыштарына арналған бөліктер

8411

Өзге де газ турбиналары

8412

Өзге де қозғалтқыштар мен күш қондырғылары

8414

Ауа немесе вакуумды сорғылар, ауа немесе газ компрессорлары мен желдеткіштері; желдеткіш немесе рециркуляциялық сору қалпақтары немесе желдеткіші бар, сүзгісі бар немесе сүзгісіз шкафтар

8419

Электрмен немесе электрсіз жылытатын машиналар мен зертханалық жабдықтар

8421

Ортадан тепкіш кептіргіштерді қоса алғанда, центрифугалар; сұйықтықтарды немесе газдарды сүзуге немесе тазалауға арналған жабдықтар мен қондырғылар

8423

Өлшеуге арналған жабдық (әртүрлі мақсаттағы таразылар)

8424

Сұйықтықтарды немесе ұнтақтарды лақтыруға, шашыратуға немесе бүркіге арналған механикалық құрылғылар (қолмен басқарылатын немесе онсыз); толтырылған немесе толтырылмаған өрт сөндіргіштер; пульверизаторлар және ұқсас құрылғылар; бу немесе құм себелейтін және ұқсас лақтыру құрылғылары (газбен ластануды бақылау, өртті анықтау және өрт сөндіру жүйесінің блоктары)

8425

Көтергіш тальдар және көтергіштер, шығырлар, кабестандар және домкраттар

8426

Кеменің деррик-крандары; кабель-крандарды қоса алғанда, көтергіш крандар; көтергіш кранмен жабдықталған көтергіш жылжымалы фермалар, порталды тиегіштер мен тіркемелер

8427

Ашалы қысқышы бар автотиеуіштер; көтергіш немесе тиеп-түсіру жабдығымен жарақтандырылған өзге де тіркемелер

8428

Жүк көтеруге, орнын ауыстыруға, тиеуге немесе түсіруге арналған машиналар мен өзге де құрылғылар (мысалы, лифтілер)

8430

Топырақты, пайдалы қазбаларды қазып алуға немесе бұрғылауға арналған машиналар мен механизмдер, қада қағуға және шығарып алуға арналған жабдық

8443

Біріктірілген немесе біріктірілмеген өзге де принтерлер, көшіру аппараттары және факсимильді аппараттар; олардың бөліктері мен керек-жарақтары

8467

Пневматикалық, гидравликалық немесе орнатылған электрлі немесе электрсіз қозғалтқышы бар аспаптар (бұрандаларды тартуға арналған гидравликалық құрылғы)

8481

Редукциялық және термореттелетін клапандарды қоса алғанда, құбыр желілеріне, қазандықтарға, резервуарларға, цистерналарға, бактарға немесе ұқсас ыдыстарға арналған шүмектер, клапандар, шүралар және ұқсас арматура

8482

Түйіршікті немесе шығыршықты мойынтіректер

8483

Трансмиссиялық бiлiктер (жұдырықшалы және иiндiлердi қоса алғанда) және қос иiндер; мойынтіректердің корпустары мен бiлiктерге арналған сырғанау мойынтіректер; шестерналар мен тiстi берiлiстер; түйіршіктi немесе шығыршықты бұрама берiлiстер; гидротрансформаторларды қоса алғанда, берiлiс қораптары мен басқа да жылдамдық өзгерткiштер; шкивтердiң блоктарын қоса алғанда, тегершiктер мен шкивтер; жалғастырғыштар мен бiлiктердi бiрiктiруге арналған құрылғылар (әмбебап булықтарды қоса алғанда)

8501

Электрлі қозғалтқыштар мен генераторлар (электрлі-генераторлық қондырғылардан басқа)

8504

Электр трансформаторлары, статикалық электр өзгерткіштер (мысалы, түзеткіштер), индуктивті катушкалар және дросселдер

8505

Электрлі магниттер; тұрақты магниттер және магниттелгеннен кейін тұрақты магнитке айналдыруға арналған бұйымдар; электр магнитті немесе тұрақты магнитті қысқыш патрондар, қармағыштар және ұқсас бекіту құрылғылары; электр магнитті ажыратқыштар, муфталар мен тежегіштер; электр магнитті көтергіш басшалар

8506

Бастапқы элементтер мен бастапқы батареялар

8507

Электрді аккумуляторлар

8511

Ұшқыннан немесе жанғыш қоспаның қысымынан оталатын (мысалы, магнето, тұтану катушкасы, тұтану оттығы, қызу оттығы, стартерлер) іштен жану қозғалтқыштарын тұтатуға немесе іске қосуға арналған электр жабдығы; осындай қозғалтқыштармен бірге пайдаланылатын үлгідегі генераторлар (мысалы, тұрақты және ауыспалы токтың) және ажыратқыштар

8516

Ағынды немесе жинақтауыш (ыдыстағы) электрмен су жылытқыштар және батырмалы электрлік жылытқыштар; кеңістікті және топырақты жылытатын электрлік жабдық

8518

Дауыс зорайтқыштар; дыбыс жиілігін электрлік күшейткіштер; электрлі дыбыс күшейткіштер жиынтығы

8519

Дыбыс жазатын немесе дыбыс шығаратын аппаратура

8521

Бейнетюнермен біріктірілген немесе біріктірілмеген бейнежазғыш немесе бейнекөрсеткіш аппаратура

8522

Тек қана немесе негізінен 8519 немесе 8521 тауар позицияларының аппаратурасымен бірге пайдалануға жарамды бөлшектер мен керек-жарақтар

8523

Жазылған немесе жазылмаған дискілер, қатты денелі энергияға тәуелсіз деректерді сақтау құрылғылары және дыбыс немесе басқа құбылыстарды жазуға арналған басқа да тасымалдағыштар

8525

Құрамында қабылдағыш, дыбыс жазғыш немесе дыбыс шығарғыш аппаратураны қамтитын немесе қамтымайтын, радио хабарына немесе телевидениеге арналған таратқыш аппаратура; телевизия камералары, цифрлық камералар және бейне жазғыш камералар

8526

Радиолокациялық, радионавигациялық аппаратура және қашықтықтан басқарылатын радиоаппаратура

8527

Дыбыс жазғыш немесе дыбыс шығарғыш аппаратурамен немесе сағатпен бір корпуска біріктірілген немесе біріктірілмеген радиохабар таратуға арналған қабылдағыш аппаратура

8528

Құрамында телевизиялық қабылдағыш аппаратураны қамтымайтын мониторлар мен проекторлар; құрамында кеңінен хабар тарататын радиоқабылдағышты немесе дыбыс жазғыш немесе дыбыс немесе кескін шығарғыш аппаратураны қамтитын немесе қамтымайтын телевизиялық байланысқа арналған қабылдағыш аппаратура

8529

Тек қана немесе негізінен 8525 – 8528 тауар позициясының аппаратурасына арналған бөлшектер

8531

8512 немесе 8530 тауар позициясының жабдықтарынан басқа, дыбыстық немесе бейнелі сигнал беру электрлік жабдығы (мысалы, қоңыраулар, сиреналар, индикарторлы панельдер, сигнализациялық күзет құрылғылары немесе өрт сигналын беруге арналған құрылғылар)

8535

1000 В астам кернеуде коммутацияға немесе электр тізбектерін қорғауға арналған немесе электр тізбектеріне қосуға арналған немесе электр тізбектеріндегі электрлік аппаратура

8536

1000 В аспайтын кернеуде коммутацияға немесе электр тізбектерін қорғауға арналған немесе электр тізбектеріне қосуға арналған немесе электр тізбектеріндегі электрлік аппаратура (мысалы, ажыратқыштар, ауыстырып қосқыштар, үзгіштер, реле, жатық сақтағыштар, кернеудің ауытқуларын сөндіргіштер, штепсельді айырлар мен розеткалар, элетр шамдарына арналған патрондар және өзге де қосқыштар, қосқыш қорапшалар); оптикалық талшықтарға, талшықты-оптикалық бұрауларға немесе кабельдерге арналған қосқыштар

8538

Тек қана немесе негізінен 8535, 8536 немесе 8537 тауар позициясындағы аппаратураға арналған бөлшектер

8539

Герметикалық бағытталған жарық шамдарын, сондай-ақ ультракүлгін немесе инфрақызыл шамдарды қоса алғанда, электр немесе газ разрядты қыздыру шамдары; доғал шамдар; жарық сәулелендіргіш диодты (LED) шамдар

8540

Бейнемониторларға арналған электронды-сәулелі түтіктерді қоса алғанда, телевизиялық электронды-сәулелі түтіктер (қосалқы жүйелердің шағын станциялары)

8544

Оқшауланған сымдар (эмалданғандарды немесе анодталғандарды қоса алғанда), кабельдер (коаксиальды кабельдерді қоса алғанда) және басқа да жалғағыш тетіктері бар немесе оларсыз оқшауланған элетр сымдары; электр өткізгіштерімен немесе жалғағыш тетіктермен бірге жиынтықта болуына немесе болмауына қарамастан, жеке қабықшасы бар талшықтардан құралған талшықты-оптикалық кабельдер

8546

Кез келген материалдан жасалған электрлік оқшаулағыштар

8547

8546 тауар позициясының оқшаулағышынан басқа, пішіндеу кезінде тек қана жинақтау мақсатында бекітілген кейбір металл компонеттерді (мысалы, бұрандалы патрондарды) есептемегенде, толығымен оқшаулағыш материалдардан дайындалған электр машиналарына, құрылғыларына немесе жабдықтарына арналған оқшаулағыш арматура; оқшаулағыш материалмен қапталған, бағалы емес металдардан жасалған электр өткізгішке арналған түтіктер және оларға арналған жалғастырғыш тетіктер

9001

Талшықты-оптикалық кабель

9007

Кинокамералар

9014

Навигациялық аспаптар

9015

Геодезиялық немесе топографиялық аспаптар мен құралдар

9025

Сұйыққа батырған кезде жұмыс істейтін ареометрлер мен ұқсас аспаптар, жазатын қондырғылары бар немесе жазатын қондырғылары жоқ термометрлер, пирометрлер, барометрлер, гигрометрер мен психрометрлер және осы аспаптардың кез келген комбинациялары

9027

Физикалық немесе химиялық талдауға арналған аспаптар мен аппаратура (мысалы, поляриметрлер, рефрактометрлер, спектрометрлер, газ немесе түтін анализаторлары); тұтқырлықты, кеуектілікті, кеңеюді, беткі қабатының тартылуын өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен аппаратура немесе ұқсастары; жылудың, дыбыстың немесе жарықтың мөлшерін өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен аппаратура (экспонометрлерді қоса алғанда); микротомдар

9028

Калибрлейтіндерді қоса алғанда, газды, сұйықтықты немесе электр энергиясын беру немесе өндіру есептеуіштері

9029

Айналымдар санын есептеуіштер

9030

Осциллоскоптар, спектр анализаторлары, өзге де аспаптар

9032

Автоматты реттеуге немесе басқаруға арналған аспаптар мен құрылғылар

9033 00 000 0

90-топтағы машиналарға, аспаптарға, құралдарға немесе аппаратураға бөлшектер мен керек-жарақтар

9106

Тәулік уақытын тіркеуге арналған аппаратура және кез келген сағат механизмі немесе синхронды қозғалтқышы бар қандайда бір тәсілмен уақыт интервалын өлшеуге, тіркеуге немесе индикациялауға арналған аппаратура (мысалы, уақыт тіркегіштері, уақытты жазу құрылғылары)

9114

91-топтың барлық түрдегі сағаттарының бөлшектері

9405

Прожекторларды, жарықты тік бағыттайтын шамдарды, фарларды және олардың бөлшектерін қоса алғанда, басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген шамдар мен жарықтандырғыш жабдықтар; аты немесе атауы немесе мекенжайы бар жарық көрсеткіштері, жарық тақтайшалары және басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген орнатылған жарық көзі бар ұқсас бұйымдар мен олардың бөлшектері

9406

Жиналмалы құрылыс конструкциялары

      Ескерту. Осы тізбенің мақсаты үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, тауар атауын да басшылыққа алу қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады