Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 3 және 2018 жылғы 27 шілдедегі № 9 тапсырмаларына сәйкес жүргізілетін жұмыстың нәтижелері туралы баяндама туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 22 қазандағы № 23 өкімі

      1. Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесінің (Министрдің) Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 3 және 2018 жылғы 27 шілдедегі № 9 тапсырмаларын орындау үшін жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелері туралы ақпараты назарға алынсын.

      2. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 3 және 2018 жылғы 27 шілдедегі № 9 тапсырмаларына сәйкес жүргізілетін жұмыстың нәтижелері туралы баяндама өткізілген талқылауды ескере отырып пысықталсын және ол Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысының қарауына шығарылсын.

      3. Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті (монополияға қарсы) органдары Еуразиялық экономикалық комиссиямен, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің анизотропты трансформаторлық болатты өндірушілерімен және тұтынушыларымен бірлесіп, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тұтынушыларына "Новолипецк металлургия комбинаты ЖАҚ мен "ВИЗ-Сталь" ЖШҚ жеткізген кезде жағдайды реттеу мақсатында 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 39 Трансшекаралық нарықтарда ортақ бәсеке қағидаларын бұзу туралы өтініштерді (материалдарды) қарау тәртібіне енгізілген өзгерістерге сәйкес 16 қарашаға дейін қосымша консультациялар жүргізсін.

      4. Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті (монополияға қарсы) органдары, сондай-ақ өзге де мүдделі билік органдары осы Өкімнің 3-тармағында көрсетілген консультацияларға басшылардан не басшылардың орынбасарларынан төмен емес деңгейде қатысуды қамтамасыз етсін.

      5. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Мамин Ж.Разаков А.Силуанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады