Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының цифрлық платформасының базасында "темекі және темекі өнімдері" тауар тобы бойынша тауарлардың таңбалануы мен қадағалануы жөніндегі пилоттық жобаны өткізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 25 өкімі

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 2 тапсырмасының 1-тармағының екінші абзацындағы тапсырманы орындау үшін Ресей және Қазақстан тарапына 2019 жылғы 31 наурызға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қатысуымен Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының цифрлық платформасының базасында "темекі және темекі өнімдері" тауар тобы бойынша тауарлардың таңбалануы мен қадағалануы жөніндегі пилоттық жобаны (бұдан әрі - пилоттық жоба) ұйымдастыру және өткізу тапсырылсын.

      2. Пилоттық жобаға қатысатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) үкіметтері таңбалау мен қадағалаудың ұлттық жүйелерінің ұлттық операторларын (бұдан әрі – ұлттық операторлар) айқындасын.

      3. Пилоттық жобаға қатысатын мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрлігі Комиссиямен бірлесіп:

      пилоттық жобаны өткізу тәртібін айқындасын;

      пилоттық жобаға қатысушыларды айқындасын;

      2019 жылғы 31 наурызға дейін пилоттық жобаны өткізсін.

      4. Беларусь, Қырғыз және Армения тараптары пилоттық жобаны өткізуге әзірлігіне қарай қосылсын.

      5. Пилоттық жобаға қатысушылар Комиссиямен бірлесіп, пилоттық жоба аяқталғаннан кейін Комиссия Кеңесінің кезекті отырысында оның нәтижелері туралы баяндасын және:

      Одақ тауарларының цифрлық платформасы шеңберінде алмасуды ұйымдастыру үшін мәліметтердің форматын, құрамы мен құрылымын;

      Одақ тауарларының цифрлық платформасымен өзара іс-қимыл жасау үшін тауарлардың таңбалануы мен қадағалануының ұлттық жүйелеріне қойылатын техникалық талаптарды;

      Одақ тауарларының цифрлық платформасының сыртқы жүйелермен өзара іс-қимылының интеграциялық механизмдерін;

      Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің шеңберінде қадағалау жүйесін дамытуға және техникалық сүйемелдеуге (соның ішінде сәйкестендіруге) арналған техникалық тапсырманы;

      тауарлардың Одақтағы цифрлық қадағалануын жөніндегі жобаны одан әрі іске қосу мақсатында Одақта қадағалаудың цифрлық платформасының архитектурасын пысықтау жөніндегі ұсыныстарды;

      тауарлардың Одақтағы қадағалану жүйесінің шеңберінде іске асырылатын таңбалау мен қадағалау процестерінің функциялық архитектурасының моделін;

      тауарлардың таңбалануы мен қадағалануының ұлттық жүйесі операторларының, Одақ тауарларының цифрлық платформасы операторының жұмыс істеуінің қаржылық моделін;

      Одақ тауарларының цифрлық платформасының жұмыс істеуі үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын;

      қадағаланатын тауарлардың айналымы кезінде әкімшілендіруді оңайлату және бизнес үшін артықшылықтар алу механизмдері бойынша ұсыныстарды ұсынсын.

      6. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян В.Матюшевский А.Мамин Ж.Разаков А.Силуанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады