Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 4 тапсырмасын орындау туралы ақпаратты назарға алып және Беларусь Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер туралы хабардар ету жүйесін қалыптастыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру күнінен бастап 2 ай ішінде, бірақ 2019 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей, әкімшілік рәсімнің – шетелде өндірілген өнімге мемлекеттік санитариялық-гигиеналық сараптама жасаудың күшін жоюға әзірлігін ескере отырып Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:
Беларусь Республикасының Үкіметі әкімшілік рәсімнің - Беларусь Республикасы Министрлер Кеңесінің 2015 жылғы 6 тамыздағы "Беларусь Республикасы Министрлер Кеңесінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №156 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 666 қаулысымен белгіленген шетелде өндірілген өнімге мемлекеттік санитариялық-гигиеналық сараптама жасаудың күшін жою туралы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |