1. Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөнінде орган құру бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер жүргізген жұмыс туралы ақпарат назарға алынсын.
2.Еуразиялық экономикалық комиссия мүдделі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылын үйлестіруді жалғастырсын.
3.Ресей тарапы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2018 жылғы кезекті отырысында жұмыс барысы туралы баяндасын.
3.Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |