Өнеркәсіптің басым салаларында кооперация мен импортты алмастырудағы интеграциялық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі жұмыс тобын қалыптастыру туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2018 жылғы 27 шілдедегі № 10 Өкімі

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында кооперациялық және импортты алмастыру жобаларын іске асыру бойынша тәсілдемелер тұжырымдау мақсатында:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы өнеркәсіптің басым салаларында кооперация мен импортты алмастырудағы интеграциялық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі жұмыс тобын (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрсын және оның құрамын бекітсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері жұмыс тобының құрамына енгізу үшін мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары басшыларының орынбасарлары деңгейіндегі кандидатуралар бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсыныстар берсін.

      3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады