Авиациялық оқиғаларды және елеулі тосын оқиғаларды тергеп-тексеру жөнінде орган құру бойынша жұмыстың барысы туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2018 жылғы 27 шілдедегі № 13 Өкімі

      1. Авиациялық оқиғаларды және елеулі тосын оқиғаларды тергеп-тексеру жөнінде орган құру бойынша мүдделі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер жүргізген жұмыс туралы ақпарат назарға алынсын.

      2. Мүдделі мүше мемлекеттердің үкіметтері Авиациялық оқиғаларды және елеулі тосын оқиғаларды тергеп-тексеру жөнінде халықаралық бюро құру туралы келісім жобасымен жұмысты бір айлық мерзімде аяқтасын.

      3. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады