Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің алкоголь және темекі өніміне арналған акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімдерінің жобаларымен жұмыс барысы туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2018 жылғы 27 шілдедегі № 16 Өкімі

      1. Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің алкоголь өніміне арналған акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімінің жобасымен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өніміне арналған акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімінің жобасымен жұмыс барысы туралы ақпараты назарға алынсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірлесіп Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өніміне арналған акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімінің жобасында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі сигаретке арналған қолданыстағы акциздердің іс жүзіндегі ставкасы 2024 жылдан бастап 35 еуро мөлшеріндегі индикативті ставкадан 20 пайыздан аспайтын көбею жағына қарай және 20 пайыздан аспайтын азаю жағына қарай ауытқуы мүмкін екендігін көздесін.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия осы Өкімнің 1 және 2-тармақтарын ескере отырып, алкоголь және темекі өніміне арналған акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімдердің жобаларын әзірлесін және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге мемлекетішілік келісуге жіберсін.

      4. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 12 мамырдағы №53 шешіміне өзгеріс енгізсін және аталған Шешіммен көзделген өтпелі ережелердің қолданылуын Армения Республикасы үшін 2024 жылға дейін ұзартсын.

      5. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақтың "Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің жобасын 2018 жылғы 5 желтоқсанға жоспарланып отырған Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында қарау үшін енгізсін.

      6. Еуразиялық экономикалық комиссия осы Өкімнің 5-тармағын орындау қорытындылары бойынша Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде алкоголь нарығын реттеу туралы келісім жобасымен және Еуразиялық экономикалық одақтың "Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің жобасымен жұмыс барысы туралы баяндасын.

      7. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады