Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің VI томына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 7 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 19-бабына сәйкес

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 96-тобына Еуразиялық экономикалық одақтың 1-қосымша ескертпесіне өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 22 мамырдағы № 79 шешімі күшіне енген күннен бастап:

      Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелерді (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 7 қарашадағы № 21 ұсынымына №1 қосымша) мынадай өзгерісті ескере отырып қолдануды ұсынады:

      VІ томның 96-тобындағы Еуразиялық экономикалық одақтың 1-қосымша ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. 9602 00 000 1 қосалқы позицияда төменде келтірілген терминдер мыналарды білдіреді:

      (а) "өңделген янтарь, гагат (қара янтарь)" – мынадай операциялардың бірімен немесе бірнешеуімен: бүкіл бетін жылтыратумен, бүкіл бетін тегістеумен, бүкіл бетін жонумен немесе жоғарыда санамаланған операциялардың бірімен немесе бірнешеуімен жиынтықта бұрғылаумен өңделген бөліктер, табақтар, пластинкалар, цилиндрлер немесе соларға ұқсас нысандар түріндегі янтарь, гагат (қара янтарь);

      (б) "өңделген агломерацияланған янтарь" – мынадай операциялардың бірімен немесе бірнешеуімен: құюдан кейін бүкіл бетін жылтыратумен, бүкіл бетін тегістеумен, бүкіл бетін жонумен немесе жоғарыда санамаланған операциялардың бірімен немесе бірнешеуімен жиынтықта бұрғылаумен өңделген пластинкалар, цилиндрлер немесе соларға ұқсас нысандар түріндегі агломерацияланған янтарь.

      Осы қосалқы позицияға басқа тауар позициялары бұйымдарының бір бөлігі ретінде сәйкестендірілетін янтарь, агломерацияланған янтарь, гагат (қара янтарь) енгізілмейді.".

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады