Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің VI томына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 8 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 19-бабына сәйкес

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап:

      Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелерді (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 7 қарашадағы № 21 ұсынымына №1 қосымша) мынадай өзгерісті ескере отырып қолдануды ұсынады:

      ЕАЭО СЭҚ ТН 2715 00 000 0 тауар позициясына түсіндірмелердің 2-тармағы "а" тармақшасының бірінші – төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "а) жол жабындарына арналған асфальтты қоспалар және жол жабындарына арналған битумды қоспалар

      Жол жабындарына арналған асфальтты қоспалар талап етілетін тұтқырлығына қарай мөлшері өзгеріп отыруы мүмкін едәуір ауыр еріткіштерде ерітілген битумдарды білдіреді.

      Осы өнімдердің саудалық сипаттамалары пайдаланылатын еріткіштердің тұрпатына байланысты ерекшеленеді. Құрамында мұнайдан алынған еріткіштері бар қоспалар "сұйытылған битумдар" деп аталады. Құрамында шыққан тегі өзге еріткіштер бар қоспалар "флюстелген битумдар" деп аталады.

      Жол жабындарына арналған битумды қоспалар талап етілетін тұтқырлығына қарай мөлшері өзгеріп отыратын, құрамында ауыр еріткіштер бар битум негізіндегі өнімдерге ұқсас.".

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады