Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелерге өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 24 шілдедегі № 12 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 19-бабына сәйкес

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап қосымшаға сәйкес өзгерістерді ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелерді (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 7 қарашадағы № 21 ұсынымына № 1 қосымша) қолдануды ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 24 шілдедегі
№ 12 ұсынымына
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелерге енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 1-томда:

      1) ЕАЭО СЭҚ ТН 02 тобына түсіндірмелердің жалпы ережелерінің екінші абзацы мынадай мазмұндағы абзацпен ауыстырылсын:

      "Бұл топқа тамаққа пайдалану үшін жарамсыз немесе қолайсыз ет және еттің қосалқы өнімдері енгізілмейді (0511 тауар позициясы). Сондай-ақ ұсақ және ірі тартылған ұн мен тамаққа пайдалану үшін жарамсыз немесе қолайсыз еттің және еттің қосалқы өнімдерінің түйірлері енгізілмейді (2301 тауар позициясы).";

      2) ЕАЭО СЭҚ ТН 1302 тауар позициясына түсіндірмелердің (А) бөлігінде:

      бірінші абзац мынадай мазмұндағы абзацпен ауыстырылсын:

      "Бұл тауар позициясына өсімдік шырындары (әдетте табиғи босаңсыту немесе кертіп кесу кезінде алынатын өсімдік өнімдері) және экстрактылар (бастапқы өсімдік материалынан еріткіштердің көмегімен бөлініп алынған өсімдік өнімдері), олардың Номенклатураның неғұрлым өзіндік ерекшелікті тауар позицияларында аталмауы немесе оларға енгізілмеуі шартымен (осы тауар позициясына түсіндірмелердің (А) бөлігінің соңындағы ерекшеліктердің тізімін қар.).";

      (2) тармақтан кейінгі бірінші абзац мынадай мазмұндағы абзацпен ауыстырылсын:

      "Шырындар әдетте қоюлатылған немесе қатты болады. Экстрактылар сұйық, паста тәріздес немесе қатты түрде болады. "Тұнбалар" – бұлар соның көмегімен алынатын спиртте еріген экстрактылар. "Сұйық экстрактылар" деп аталатындар – бұлар экстрактының, мысалы, спирттегі, глицериндегі немесе минералдық майдағы ерітінділері. Тұнбалар мен сұйық экстрактылар әдетте стандартталған (мысалы, пиретрум экстрактысы пиретриндердің стандарттық мөлшері бар, мысалы, 2%, 20% немесе 25%, сауда сорттарын алу үшін минералдық майлар қосу жолымен стандартталуы мүмкін). Қатты экстрактылар еріткішті булау жолымен алынады. Кейбір экстрактыларға олардың ұнтаққа айналуын жеңілдету үшін немесе стандарттық дозировка алу үшін (мысалы, итжидек экстрактысына гуммиарабик ұнтағын қосады) инертті заттар қосады (мысалы, апиынға құрамында морфиннің белгілі порциясы бар өнім алу үшін крахмалдың белгілі бір мөлшерін қосады). Осындай заттарды қосу осы тауар позициясына осы қатты экстрактыларды енгізуге әсер етпейді. Бұл ретте, алайда, экстрактылар экстракцияның қосымша циклдарына немесе кейбір қосылыстардың немесе қосылыстар сыныптарының концентрациясын тек еріткішпен бастапқы экстракциялау кезінде ғана қол жеткізу мүмкін болмайтын дәрежеге дейін ұлғайтатын немесе азайтатын хроматографиялық тазарту сияқты тазарту рәсімдеріне ұшырамайды.";

      (21) тармақтан кейінгі үшінші абзац мынадай мазмұндағы абзацпен ауыстырылсын:

      "Осы тауар позициясының өсімдік шырындары мен экстрактылары әдетте әртүрлі өнімдер өндіруге арналған шикізат болып табылады. Олар, егер оларға басқа заттарды қосу нәтижесінде олар дайын тамақ өнімдерінің, дәрілік заттардың және т.б. қасиеттеріне ие болса, осы тауар позициясына енгізілмейді. Олар сондай-ақ, егер мысалы, бастапқы экстракциядан кейін хроматографиялық тазартудың, ультрафильтрацияның немесе экстракцияның (мысалы, сұйық-сұйықтық экстракцияның) қосымша циклдарының көмегімен жоғары рафинацияланған немесе тазартылған болып табылған жағдайда осы тауар позициясына енгізілмейді.";

      3) ЕАЭО СЭҚ ТН 1515 тауар позициясына түсіндірмелердің (2) тармағы мынадай мазмұндағы (2) тармақпен ауыстырылсын:

      "(2) Жүгері дәнінен алынатын, липидтерінің үлкен бөлігі (80% жуығы) ұрығында болатын жүгері майы. Шикі май өнеркәсіпте, мысалы, сабын, майлау материалдарын өндіруде, былғары өңдеу кезінде және т.б. кең қолданысқа ие. Рафинацияланған май тамақтық болып табылады және кулинарияда, нан пісіргенде, басқа да тамақтық майлармен қоспаларда және т.б. пайдаланылады. Жүгері майы жартылай кепкіш болып табылады.";

      4) ЕАЭО СЭҚ ТН 1802 тауар позициясына түсіндірмелердің (3) тармағы мынадай мазмұндағы (3) тармақпен ауыстырылсын:

      "(3) Сорттау машиналарында қауызынан тазарту нәтижесінде алынатын какао-шаң; әдетте осы өнімде тоңмайдың жеткілікті жоғары мөлшерінің болуы экстракция үшін экономикалық жағынан тиімді болып табылады.";

      5) ЕАЭО СЭҚ ТН 1806 тауар позициясына түсіндірмелерде:

      "Қосалқы позицияға түсіндірме" деген сөздер "Қосалқы позицияларға түсіндірмелер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ЕАЭО СЭҚ ТН 1806 31 қосалқы позициясына түсіндірменің алдынан қосалқы позицияға мынадай мазмұндағы жаңа түсіндірме енгізілсін:

      "1806 20 қосалқы позициясы

      "Басқа ұқсас түрде" ұсынылған тауарлар, егер олар таблеткалар, дәндер, дөңгелектер, тамшылар, шарлар, чипсилер, үлпектер, себінділер, жоңқалар және сол сияқтылар нысанын иеленсе, 1806 20 қосалқы позициясына енгізіледі. Осы қосалқы позицияның тауарлары әдетте шоколад өнімдерін, нан-бөлке өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, балмұздақтар және т.б. өндіруге арналады не декоративтік мақсаттарға пайдаланылады.";

      6) ЕАЭО СЭҚ ТН 2009 тауар позициясына түсіндірмелерде:

      екінші абзац мынадай мазмұндағы абзацпен ауыстырылсын:

      "Осы тауар позициясының жеміс және көкөніс шырындары әдетте жас, сау және піскен жемістерді немесе көкөністерді механикалық ашумен немесе сығымдаумен алынады. Шырындарды лимонға арналған тұрмыстық шырынсыққыш сияқты қағидат бойынша жұмыс істейтін механикалық "экстрактормен" (цитрустық жемістер жағдайындағыдай) немесе оның алдында езіп-жаншу немесе ұсақтау (әсіресе алмаларды) немесе суық немесе ыстық сумен немесе бумен өңдеу (мысалы, томаттарды, қара қарақатты, сондай-ақ сәбіз және балдыркөк сияқты көкөністерді) болатын сығымдаумен алуға болады. Осы тауар позициясының шырындары кокос суын да қамтиды.";

      (а) тармағы мынадай мазмұндағы (а) тармағымен ауыстырылсын:

      "(а) мөлдірлендіруге, шырынды мөлдірлегіш заттардың (желатиннің, альбуминнің, инфузорлық топырақтың) немесе ферменттердің көмегімен, центрфугалаумен немесе өнімдерді стерильдеу үшін де пайдаланылатын ультрафильтрациямен қатты қоспалардың үлкен бөлігінен бөліп алу үшін;";

      (б) тармағы мынадай мазмұндағы (б) тармағымен ауыстырылсын:

      "(б) сүзуге, жиі кизельгурмен, целлюлозамен және т.б. қапталған сүзгіш пластиналардың көмегімен;";

      7) ЕАЭО СЭҚ ТН 2104 тауар позициясына түсіндірмелерде:

      (А) бөлігінің (2) тармағынан кейінгі бірінші абзац мынадай мазмұндағы абзацпен ауыстырылсын:

      "Бұл өнімдер әдетте өсімдіктен алынатын өнімдерге (көкөністерге, ұнға, крахмалға, тапиокаға, макарон өнімдеріне, күрішке, өсімдіктерден алынатын экстрактыларға және т.б.) етке, ет экстрактыларына, тоңмайға, балыққа, шаянтексестерге, моллюскаларға және өзге де су омыртқасыздарына, пептондарға, амин қышқылдарына немесе ашытқылардан алынған экстрактыларға негізделеді. Олардың құрамында тұздың елеулі мөлшері болуы мүмкін.";

      (д) ерекшелігі мынадай мазмұндағы (д) ерекшелігімен ауыстырылсын:

      "(д) 2004 немесе 2005 тауар позициясының консервленген көкөністері, оның ішінде, егер тіпті олар суп дайындау үшін ешқашан пайдаланылмаса да, көкөніс қоспалары ("лапша" түрінде тілінген (жульендер), салаттар және т.б.);";

      8) ЕАЭО СЭҚ ТН 2202 тауар позициясына түсіндірмелерде:

      (А) бөлігінен кейін мынадай мазмұндағы жаңа (Б) бөлігімен толықтырылсын:

      "(Б) Алкогольсіз сыра.

      Бұл санатқа мыналар жатады:

      (1) солодты сыра, ондағы спирттің концентрациясы 0,5 об.% дейін немесе одан да кем азайтылған;

      (2) имбирь сырасы және шөп сырасы, олардағы спирттің концентрациясы 0,5 об.% аспайды;

      (3) сыра мен алкогольсіз сусындардың (мысалы, лимонадтың) қоспалары, олардағы спирттің концентрациясы 0,5 об.% аспайды.";

      ағымдағы (Б) бөлік (В) бөлікке қайта аталсын;

      9) ЕАЭО СЭҚ ТН 2203 тауар позициясына түсіндірмелердің бірінші абзацы мынадай мазмұндағы абзацпен ауыстырылсын:

      "Сыра – солодталған дәннен (көбінесе сұлының немесе бидайдың), судан және (әдетте) құлмақтан дайындалған сұйықтықты (суслоны) ашыту жолымен алынатын алькогольді сусын. Сұйықтықты (суслоны) дайындау үшін солодталмаған дәннің (мысалы, жүгерінің немесе күріштің) аздаған мөлшері пайдаланылуы мүмкін. Құлмақты қосу сусынға ащылау дәм мен хош иіс береді, оның сақталуын жақсартады. Ашыту кезінде кейде шие немесе өзге де дәмдік-хош иісті заттар қосады.";

      10) ЕАЭО СЭҚ ТН 2712 тауар позициясына түсіндірмелердің (А) бөлігінің екінші абзацы мынадай мазмұндағы абзацпен ауыстырылсын:

      "Осы тауар позициясына қосу үшін мұнай вазелинінің айналмалы термометр әдісімен (ISO 2207 әдісі ASTM D 938 әдісіне баламалы) айқындалған кемінде 30 °С қату температурасы, 70 °С кезінде 0,942 г/см3 жетпейтін тығыздығы, 25 °С кезінде ISO 2137 әдісімен (ASTM D 217 әдісіне баламалы) айқындалған конуспен жабысып араласқан 350 кем шамасы, 25 °С кезінде ISO 2137 әдісімен (ASTM D 937 әдісіне баламалы) айқындалған конуспен жабысып араласқан 80 кем емес шамасы болуға тиіс.".

      2. 2-томда:

      1) ЕАЭО СЭҚ ТН 2909 тауар позициясына түсіндірмелердің (Г) бөлігінің бірінші және екінші абзацтары мынадай мазмұндағы абзацтармен ауыстырылсын:

      "Бұл ROOH, ROOR1 типтерінің қосылыстары, оларда R және R1 органикалық радикалдар болып табылады.

      Мысалдары этилгидропероксид және диэтилпероксид болып табылады.";

      2) ЕАЭО СЭҚ ТН 2937 тауар позициясына түсіндірмелердің (В) бөлігі (1) тармағының (в) тармақшасы мынадай мазмұндағы (в) тармақшасымен ауыстырылсын:

      "(в) тилсупрост (INN). Оттегі мен көміртегінің атомдары азот пен күкірт атомдарымен тұйық циклда ауыстырылған простагландиннің аналогы. Синтетикалық простагландин және простагландинрецепторының агонисті.";

      3) ЕАЭО СЭҚ ТН 2939 тауар позициясына түсіндірмелердің (И) бөлігінде:

      (1) тармақ мынадай мазмұндағы (1) тармақпен ауыстырылсын:

      "(1) Саңырауқұлақтардың алкалоидтері: Виридикатин* (Penicillium viridicatum); Ругуловазин А (penicillium alkaloid), споридесмин А (жануарларда питомикотоксикоз тудыратын токсин); цитохалазин b; телеоцидин B4 (ісіктің өсуінің индольдық алкалоидтік ынталандырғышы); пенитрем D (треморгендік микотоксин); рокефортин (көгілдір сыр).";

      (2) тармақ мынадай мазмұндағы (2) тармақпен ауыстырылсын:

      "(2) Жануарлардың алкалоидтері: Гистрионикотоксин* (Оңтүстік Американың ағашқа өрмелегіш улы бақасының спиропиперидині); самандарин; эпибатидин; касторамин және мускопиридин (мускусты бұғының (тоқал бұғы) және Канада құндызының бездерінен алынған).";

      (3) тармақ мынадай мазмұндағы (3) тармақпен ауыстырылсын:

      "(3) Насекомдардың алкалоидтері: Жеті нүктелі божье коровканың кокцинеллині* (Subcoccinella septempunctata); (Азияның көп түсті божье коровканың (Harmonia axyridis) 2-изопропил-3-метоксипиразині); данаидон ("African Monarch" көбелегінің феромоны); гломерин (еуропалық қырқаяқтың); эпилахнен (мексикалық божье коровканың); 24-нүктелі божье коровканың полиазамакролиді (Subcoccinella vigintiquatuorpunctata).";

      4) "29-тобына түсіндірмелерде сипатталған кейбір химиялық қосылыстардың құрылымдық формулалары" деген кестеде:

      (Б) жолын және ЕАЭО СЭҚ ТН 2920 тауар позициясының диметилфосфит сипатталған жол мынадай мазмұндағы жолдармен ауыстырылсын:

(2920)

(Б)



Фосфиттің күрделі эфирлері және олардың тұздары






Диметилфосфит



      (3) жолын және ЕАЭО СЭҚ ТН 2931 тауар позициясының диметилметилфосфонат сипатталған жол мынадай мазмұндағы жолдармен ауыстырылсын:


(3)



Фосфорорганикалық қосылыстар

C – P байланыстағы қосылыстар



(а)


Диметилметилфосфонат



      ЕАЭО СЭҚ ТН 2939 тауар позициясының сипаттамасы бар жол мынадай мазмұндағы жолмен ауыстырылсын:

2939




Табиғи немесе синтезделген алкалоидтер, олардың тұздары, жай және күрделі эфирлер және өзге де туындылар


      ЕАЭО СЭҚ ТН 2939 тауар позициясының (И) жолы мынадай мазмұндағы жолдармен ауыстырылсын:





ӨСІМДІКТЕН АЛЫНБАҒАН ӨЗГЕ ДЕ АЛКАЛОИДТЕР



(И)



Виридикатин (саңырауқұлақтан), гистрионикотоксин (жануарлардан), кокцинеллин (насекомдардан), варацин (теңізден) және процианин (бактериалдық)



      5) ЕАЭО СЭҚ ТН 3304 тауар позициясына түсіндірмелердегі (б) ерекшелігі мынадай мазмұндағы (б) және (в) ерекшеліктерімен ауыстырылсын:

      "(б) аяққа арналған дезодоранттар және жануарлардың тырнақтарын өңдеуге арналған құралдар (3307 тауар позициясы);

      (в) жасанды тырнақтар (3926 тауар позициясының пластмассаларынан; олар дайындалған материалдарға сәйкес сыныпталатын өзге де материалдардан).";

      6) ЕАЭО СЭҚ ТН 3603 тауар позициясына түсіндірмелердің (А) – (Г) бөліктері мынадай мазмұндағы (А) – (Е) бөліктермен ауыстырылсын:

      "(А) Отқа төзімді білтелер

      Отқа төзімді білтелер (баяу жанатын білтелер немесе бикфордовтар) жалынды әдеттегі тұтандырғышқа немесе детонаторға бағыттау арқылы орнын ауыстыруға арналған құрылғыны білдіреді. Әдетте олар ішінде қара порохтың желілік заряды (бүкіл ұзындығы бойынша) тұратын резеңке немесе пластмасса сіңірілген текстиль материалдан жасалған жұқа қабықшадан тұрады.

      (Б) Оталдырғыш білтелер

      Оталдырғыш білтелер бастамашы сигналды бір немесе бірнеше оталдырғыштарға апару қызметін атқарады және әдетте ТЭН-нен немесе пентриттен (пентаэритриттің тетранитраты) немесе басқа да жарғыш заттан дайындалған өзекшесі бар текстиль материалдан немесе пластмассадан (иілгіш білтелер) жасалған судан қорғаушы қабықты білдіреді. ТЭН-нің жару жылдамдығы секундына шамамен 6,5 км (4 миль) құрайды. Оталдырғыш білтелер көптеген өнеркәсіптік жарғыш заттарды (динамитті, гелигнитті, белсендірілген гельдерді және т.б.) жаруға бастамашылық жасайды, бірақ олар АСДТ (аммиак селитрасының дизель отынымен қоспасы) сияқты сезімталдығы аз жаруларға бастамашылық жасамайды. Көбінесе олар шахталар мен карьерлерде, сондай-ақ азаматтық құрылыс объектілерінде пайдаланылады.

      (В) Соққылы капсюльдер:

      (1) Соққылы капсюльдер (тұтандырғыш капсюль) әдетте құрамында тетразен және әртүрлі қышқылдандырғыш және қалпына келтіретін агенттер қосылған қорғасынның тринитрорезорцинаты (қорғасынның стифнаты) негізіндегі қоспа бар шағын металл контейнерден тұрады; осы жарғыш қоспа зарядтарының массасы 10-нан 200 мг дейін. Бұл капсюльдер оларды патрон гильзасының негізіне бекітуге арналған және порохты тұтандыру үшін пайдаланылады. Соққылы капсюльдер тапаншалар үшін шағын мөлшерден және винтовкалар мен карабиндер үшін неғұрлым ірі мөлшерден дайындалады.

      (2) Фрикциондық соққылы немесе жандырғыш түтіктер әдетте құрамында әртүрлі екі заряды бар екі концентрлік металл немесе картон түтіктерден тұрады. Ішкі түтікке орналастырылған жарғыш зат кетілген сымды жұлып алған кезде тұтанады, ол екі түтіктің арасындағы порох зарядының жануына әкеледі. Жоғарыда (1) тармақта сипатталған капсюльдер сияқты жандырғыш түтіктер де порохтарды тұтату үшін пайдаланылады.

      (Г) Оталдырғыш капсюльдер (электр және электрондық детонаторлардан басқа).

      Оталдырғыш капсюльдер (жарылғыш капсюльдер, детонаторлар) тұтандырғыш жарғыштың аздаған зарядтарынан және зарядтан, мысалы, ТЭН-нен немесе пентриттен, гексогеннен немесе қорғаныштық капсуладағы металдан немесе пластмассадан жасалып тұтікке орналастырылған тетрилден тұрады. Олар порохтардан ерекшеленетін жарғыш құрамдарды тұтату үшін пайдаланылады және әдетте оларға жалғастырылған отқа төзімді білтеден келетін жалынмен тұтанады.

      (Д) Тұтандырғыштар:

      (1) Электр тұтатқыштан және порохтың, әдетте қара порохтың шағын зарядынан тұратын электр тұтандырғыштар.

      Электр тұтатқыш оқшауландырылған екі өткізгіштен тұрады, олардың ұштарына электр кедергінің көпірін тудыратын металл жіп дәнекерленеді; бұл жіп тұтандырғыш шарикке (тұтандырғыш заттан тұратын шарикке) бітеледі. Ол порохтық зарядты тұтату немесе тұтатқыш жарғыш затқа бастамашылық жасау үшін пайдаланылады.

      (2) Шыны ампуланың ішінде химиялық өніммен (мысалы, күкірт қышқылымен) толтырылған цилиндрден және калий хлоратының зарядынан тұратын тұтандырғыштар сияқты химиялық тұтандырғыштар, бұл ретте аталған екі зат та металл диафрагмамен бөлінген. Ампула сынған кезде қышқыл металл диафрагманы (элементтің жарылу процесін тежейтін) жейді және калий хлоратымен реакцияға түседі, бұл ретте порох зарядының немесе отқа төзімді білтенің тұтануына әкелуге қабілетті жылу қарқынды түрде бөлінеді.

      (Е) Электр детонаторлар (электрондық детонаторларды қоса алғанда):

      (1) Электр детонаторлар жоғарыдағы (Д) (1) бөлікте сипатталғандай, металдан (немесе, мүмкін, пластмассадан) жасалған түтіктегі жарғыш затқа бастамашылық жасайтын шағын зарядтан (әдетте қорғасын азидінің негізіндегі 50-ден 500 мг дейінгі құрамның) және басқа жарғыш заттың (мысалы, ТЭН-нің немесе пентриттің, гексогеннің немесе террильдің) үлкен зарядынан тұратын электр тұтандырғыштан тұрады.

      Бұл санатқа электр тұтандырғыш құрылғылар ретінде белгілі кейбір электр детонаторлар жатады. Көбінесе олар миниатюрланады және электр тұтандырғышпен бірге негізгі жарғышқа осы құрамды электр өткізгіш ететін затты қосады, ол электр тогының есебінен тұтануды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

      (2) Электрондық детонаторлар, жоғарыдағы (Е) (1) бөлікте сипатталғандай, әдеттегі электр детонаторлармен салыстырғанда, олардың құрамында тежегіш құрал ретінде тежеудің аса дәл уақытын қамтамасыз ететін интегралдық схемалар (ИС) түріндегі таймерлер болады.";

      7) ЕАЭО СЭҚ ТН 3707 тауар позициясына түсіндірмелерде:

      ЕАЭО СЭҚ ТН 3707 тауар позициясының атауы мынадай мазмұндағы атаумен ауыстырылсын:

      "Фотохимикаттар (лактардан, желімдерден, адгезивтерден және соларға ұқсас заттардан басқа); өлшенген дозалармен ұсынылатын немесе пайдалануға дайын түрде бөлшек саудада сату үшін қапталған, фотография мақсаттары үшін пайдаланылатын араластырылмаған өнімдер (+):"

      ЕАЭО СЭҚ ТН 3707 90 қосалқы позиция мынадай мазмұндағы түсіндірмемен толықтырылсын:

      "Қосалқы позицияға түсіндірме.

      3707 90 қосалқы позиция

      Бұл қосалқы позицияға жартылай өткізгіш материалдардың фотолитографиялық өндірісінде пайдаланылатын полимерлік шайырдың жарыққа сезімтал ерітінділері (("фоторезистер") енгізіледі. Олар полимерден, фотосенсибилизатордан, сулы емес еріткіштен және басқа да әртүрлі химиялық заттардан тұрады. Фоторезистті дайын жартылай өткізгіш материалға түрлендірілуге тиіс металл-тотық-жартылай өткізгіш кремний пластинаға жағады.";

      8) ЕАЭО СЭҚ ТН 3926 тауар позициясына түсіндірмелер мынадай мазмұндағы (13) тармақпен толықтырылсын:

      "(13) Жасанды тырнақтар.".

      3. 3-томда:

      1) ЕАЭО СЭҚ ТН 4403 тауар позициясына түсіндірмелердегі (б) ерекшелік мынадай мазмұндағы (б) ерекшелікпен ауыстырылсын:

      "(б) темір жол немесе трамвай жолдарына арналған шпалдар түрінде кесілген ағаш материалдар (шпалдар, арқалықтар) (4406 тауар позициясы);";

      2) ЕАЭО СЭҚ ТН 4804 52 қосалқы позициясының атауы мынадай мазмұндағы атаумен ауыстырылсын:

      "– – массада біркелкі ағартылған және ондағы талшықтың жалпы массасының 95% химиялық тәсілмен алынған ағаш талшықтар құрайтын";

      3) ЕАЭО СЭҚ ТН 69-тобының ІІ кіші тобына түсіндірмелердің жалпы ережелеріндегі екінші абзац және (і), (іі) тармақтар мынадай мазмұндағы абзацпен ауыстырылсын:

      "Бүкіл Номенклатурада осы бұйымдар типі бойынша сыныпталады (кірпіш, плитка, санитариялық-техникалық бұйымдар және т.б.) және егер олар фарфордан дайындалса, 6911 тауар позициясына және егер олар қыштың өзге де түрлерінен дайындалса, 6912 тауар позициясына енгізілетін асхана, асүй ыдыстарын, өзге де шаруашылық және туалет бұйымдарын қоспағанда, осы сыныптамаға оларды дайындау кезінде пайдаланылған қыш табиғаты әсер етпейді.";

      4) ЕАЭО СЭҚ ТН 6907 21 қосалқы позициясының атауы мынадай мазмұндағы атаумен ауыстырылсын:

      "– – суды жұтудың 0,5 мас.% аспайтын коэффициентімен".

      4. 4-томда:

      1) ЕАЭО СЭҚ ТН 7224 90 қосалқы позициясының атауы мынадай мазмұндағы атаумен ауыстырылсын:

      "– өзгелері";

      2) ЕАЭО СЭҚ ТН 8302 тауар позициясына түсіндірмелердің (Г) тармағының (1) тармақшасы мынадай мазмұндағы (1) тармақшамен ауыстырылсын:

      "(1) Есіктің шынжырлы, ысырмалы сақтандырғыш құрылғылары және т.б.; терезе жақтауларына арналған шпингалеттер немесе болттар және олардың фурнитурасы; терезе ысырмалары және тіректері; фрамугаларға немесе жарық люктеріне арналған кілттер, тіректер және фурнитура; каюталық ілгектер және көзшелер; қосарлы терезе рамаларына арналған ілгектер және фурнитура; жалюздерге немесе перделерге арналған ілгектер, ысырмалар, бекіткіштер, кронштейндер және ақырғы роликтер; пошта жәшіктеріне арналған пластиналар; есік балғалары, көзшелер және т.б. (оптикалық элементтермен жарақтандырылғандарынан басқа).";

      3) ЕАЭО СЭҚ ТН 8415 тауар позициясына түсіндірмелер мынадай мазмұндағы екінші жаңа абзацпен толықтырылсын:

      "терезе, қабырға, төбе, еден үсті типіндегі" деген терминдер мөлшерлері, салмағы, физикалық конструкциясы (мысалы, жиһаз дөңгелектерінің немесе тұтқаларының болуы немесе жоқтығы), аралық қосылыстар және т.б. сияқты факторлар ескеріле отырып, көбірек немесе азырақ тиісті түрде тұрақты орналастыру немесе орнату мүмкіндігін білдіреді.";

      4) ЕАЭО СЭҚ ТН 8432 тауар позициясына түсіндірмелерде:

      (IV) тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы абзацпен ауыстырылсын:

      "Осы тауар позициясына енгізілген машиналар жануарлардың тартуымен немесе көлік құралымен (мысалы, трактормен) сүйрелуі немесе қандай да бір көлік құралына (мысалы, тракторға немесе ат тартатын шассиге) монтаждалуы мүмкін. (Бұл тұрғыда "трактор" термині бір осьті тракторға да қатысты.)";

      "Тракторға арналған ауыстырмалы жабдық болып табылатын тіркемелі немесе аспалы машиналар" деген бөлімнің екінші абзацы мынадай мазмұндағы абзацпен ауыстырылсын:

      "Сыныптаудың дәл сондай қағидаты трактордың орнына басқа тарту құралы (мысалы, 8704 тауар позициясына енгізілетіндердің бірі) қолданылатын немесе фрезерлік культиватор бір осьті трактордың жетекші осіне ол жұмыс органы сияқты да, және тұтастай бүкіл агрегатты көтеретін жетекші дөңгелектер сияқты да әрекет ететін дөңгелектердің орнына орнатылатын жағдайларға да қолданылады.";

      5) ЕАЭО СЭҚ ТН 8486 тауар позициясына түсіндірмелердің (А) бөлігінің (2) тармағы мынадай мазмұндағы (2) тармақпен ауыстырылсын:

      "(2) Пластиналарға бөлініп қиылуы мүмкін аса жоғары тазалықтағы монокристалды жартылай өткізгіш булилердің өндірісі үшін кристаллдар мен экстракторлар өсіруге арналған қондырғылар.";

      6) ЕАЭО СЭҚ ТН 8472 тауар позициясына түсіндірмелердің бірінші абзацы мынадай мазмұндағы абзацпен ауыстырылсын:

      "Осы тауар позициясына алдыңғы екі тауар позициясына енгізілмеген немесе Номенклатураның басқа тауар позициясында неғұрлым нақтырақ аталмаған барлық кеңсе жабдығы енгізіледі.".

      5. 5-томда:

      1) ЕАЭО СЭҚ ТН 8542 тауар позициясына түсіндірмелерде:

      (ІV) тармақтың төртінші абзацы мынадай мазмұндағы абзацпен ауыстырылсын:

      "Көп компонентті интегралдық схемалар анықтамасына 8504, 8532, 8533, 8541 тауар позицияларына енгізілмеген немесе датчиктер, жетектер, резонаторлар, генераторлар немесе олардың үйлесімдері (мысалы, трансформаторлар (8504 тауар позициясы) немесе магниттер (8505 тауар позициясы) анықтамасына енбеген барлық жеке (саудада айналыстағы) құрылғылар енбейді.";

      (в) ерекшелігі мынадай мазмұндағы (в) ерекшелігімен ауыстырылсын:

      "(в) көп кристалды немесе көп компонентті интегралдық схемалардан басқа, дискреттік компоненттер комбинацияларының немесе электрондық микросхемалар комбинацияларының; немесе";

      2) ЕАЭО СЭҚ ТН 8701 91 қосалқы позициясының атауы мынадай мазмұндағы атаумен ауыстырылсын:

      "– – 18 кВт аспайды";

      3) ЕАЭО СЭҚ ТН 8701 тауар позициясына түсіндірмелердің алтыншы және жетінші абзацтары мынадай мазмұндағы абзацтармен ауыстырылсын:

      "Осы тауар позициясына бір осьті тракторлар да қосылады. Олар бір немесе екі доңғалақ орнатылған бір жетекші осі бар шағын ауыл шаруашылығы тракторларын білдіреді; кәдімгі тракторлар сияқты олар да жалпы мақсаттағы қуат алу валынан шығатын жетегі бар бір-бірін алмастыратын аспалы саймандармен жұмыс істеуге арналған. Әдетте оларда отырғыш болмайды, ал басқару екі тұтқаның көмегімен жүзеге асырылады. Алайда кейбір типтерінде жүргізушіге арналған отырғышы бар бір немесе екі доңғалақты артқы арбасы болады.

      Осыған ұқсас бір осьті тракторлар да зауыт жағдайларында қолданылады.";

      4) ЕАЭО СЭҚ ТН 90 тобына түсіндірмелердің жалпы ережелерінің IV бөлігінің алтыншы абзацы мынадай мазмұндағы абзацпен ауыстырылсын:

      "Жоғарыда келтірілген ережелердің мақсаттары үшін бірін екіншісіне кірістіру немесе бірін екіншісіне монтаждау немесе жалпы негізге немесе рамаға немесе жалпы корпусқа монтаждау кезінде бірыңғай бүтін құрау үшін бір-бірімен түйістіруге арналған әртүрлі типтегі машиналар немесе құрылғылар алынады.";

      5) ЕАЭО СЭҚ ТН 9401 тауар позициясына түсіндірмелердің "БӨЛІКТЕРІ" бөлігінің бірінші абзацы мынадай мазмұндағы абзацпен ауыстырылсын:

      "Осы тауар позициясына арқалықтар, отырғыштар және шынтақ сүйегіштер (сабанмен немесе қамыспен толтырылғандар да, толтырылмағандар да, толтырмалы немесе серіппелі де немесе оларсыз), отырғыштар немесе арқалықтар үшін ұдайы бекітуге арналған жабындар, сондай-ақ отырғышты толтыру мақсатында жиналған спирал тәріздес серіппелер сияқты креслолардың немесе отыруға арналған басқа да заттардың сәйкестендірілетін бөліктері де енгізіледі.";

      6) ЕАЭО СЭҚ ТН 9405 тауар позициясына түсіндірмелердегі (з) ерекшелігі мынадай мазмұндағы (з) ерекшелікпен ауыстырылсын:

      "(з) электрлік қыздыру шамдары, газразрядты шамдар (герметикалық бағытталған жарық шамдарын және ультракүлгін немесе инфрақызыл сәулелену шамдарын, сондай-ақ бұрандалар, әріптер, фигуралар, жұлдызшалар және т.б. сияқты әртүрлі күрделі нысандардың түтіктерін қоса алғанда), доғалы шамдар және сәуле шығаратын диодты шамдар (LED) (8539 тауар позициясы);";

      7) ЕАЭО СЭҚ ТН 9503 тауар позициясына түсіндірмелердің (Г) бөлігінің (іхх) тармағы мынадай мазмұндағы (хіх) тармақпен ауыстырылсын:

      "(хіх) шеңберлер, скакалкалар (9506 тауар позициясына жататындардан басқа), диаболоға арналған катушкалар мен өзектер, айналмалы және ызыңдаушы зырылдауықтар, доптар (9504 немесе 9506 тауар позициясының доптарынан басқа);";

      8) ЕАЭО СЭҚ ТН 9506 тауар позициясына түсіндірмелердің (А) бөлігі мынадай мазмұндағы (А) бөлігімен ауыстырылсын:

      "(А) Жалпы дене шынықтырумен, гимнастикамен немесе жеңіл атлетикамен шұғылдануға арналған мүкәммал және жабдық, мысалы:

      трапеция және шеңбер; қоссырық және керме; гимнастикалық бөрене; тіреп секіруге арналған ат; ұстағышы бар ат; трамплиндер; арқандар және баспалдақ; гимнасткалық қабырғалар; гимнастикалық шоқпар; гантель, кіртас және штанга; медицинкалық доптар; дене жаттығулары үшін әзірленген, бір немесе одан көп ұстағышы бар, секіруге арналған доптар; ескекшілерге арналған тренажерлар, велотренажерлар және өзге де спорттық тренажерлар; эспандерлер; қолымен ұстап алуға арналған спорттық снарядтардың бөліктері; старттық колодкалар; кедергілер; биіктікке секіруге арналған тіреулер мен тірегіштер; сырықпен биіктікке секіру кезінде жерге түсі орны; найза, дискілер, балғалар және ядро; боксерлік қаптар және грушалар; бакс рингтері мен күрескілемдері; құзға өрмелеуге арналған қабырғалар; спортпен айналысуға және фитнеспен айналысуға арналған скакалкалар.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады