Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 3-тармағының 2-тармақшасына, 14-тармағына және 43-тармағының 2-тармақшасына сәйкес
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары лауазымды адамдарының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобильдік және аралас өткізу пункттерінде көліктік (автомобильдік) бақылау жүргізуі кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында: http://www.eurasiancommission.org/ru/act/tam_sotr/dep_tamoj_infr/SiteAssets/CIDD3_DevCI/CIDD2_method_of_transport_control.pdf мекенжайы бойынша орналастырылған және соның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер ұсынатын олардың заңнамасындағы өзгерістерге қатысты мәліметтерге сәйкес өзекті етілген ақпаратты пайдалануды ұсынады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |