Ауа райы болжамы және метеорология бойынша қызметтер көрсету секторы бойынша ырықтандыру жоспарының 8 және 18-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасын үндестіру туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2016 жылғы 29 мамырдағы № 4 шешімі

      Көрсетілетін қызметтер саудасы, инвестициялар құру, қызметі және инвестицияларды жүзеге асыру туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 16 қосымшасы) 55-тармағына сәйкес, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 23 шешімімен бекітілген ауа райы болжамы және метеорология бойынша қызметтер көрсету секторы бойынша ырықтандыру жоспарының 8 және 18-тармақтарын іске асыру мақсатында және Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпаратын ескере отырып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерін өзгерту және қабылдау арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасын үндестіру жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын әрі ауа райы болжамы және метеорология бойынша қызметтер көрсету секторы бойынша қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығының 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап (Қазақстан Республикасы үшін – 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап) жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

  Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңестің
2019 жылғы 29 мамырдағы
№ 4 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауа райы болжамы және метеорология бойынша қызметтер көрсету секторын реттеу саласындағы өзгертуге немесе қабылдауға жататын нормативтік құқықтық актілерінің ТІЗБЕСІ

      І. Өзгертуге жататын нормативтік құқықтық актілер

      1.Армения Республикасының 2001 жылғы 9 наурыздағы "Гидрометеоролиялық қызмет туралы" № ЗР-145 заңы.

      2.Армения Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 қарашадағы "Атмосфералық құбылыстарға белсенді әсер ету қызметі" мемлекеттік коммерциялық емес ұйымын "Арменияның Гидрометеоролия және мониторинг жөніндегі мемлекеттік қызметі" мемлекеттік коммерциялық емес ұйымына қосу туралы", "Арменияның Гидрометеоролия және мониторинг жөніндегі мемлекеттік қызметі" мемлекеттік коммерциялық емес ұйымын "Гидрометеоролия және атмосфералық құбылыстарға белсенді әсер ету қызметі" мемлекеттік коммерциялық емес ұйымы деп қайта атау, Армения Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 қарашадағы №1872-Н және 2003 жылғы 3 сәуірдегі № 467-Н қаулыларына өзгерістер енгізу туралы № 1329-Н қаулысы.

      3.Беларусь Республикасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы "Гидрометеоролиялық қызмет туралы" № 93-3 заңы.

      4. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі.

      5.Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы "Рұқсат берулер мен хабарлама білдірулер туралы" № 202-V заңы.

      6. Қырғыз Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 ақпандағы "Гидрометеоролия саласындағы уәкілетті органның гидрометеоролиялық қызметті жүзеге асыру тәртібі туралы ережені бекіту туралы" № 103 қаулысы.

ІІ. Қабылдауға жататын нормативтік құқықтық актілер

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі (жаңа редакция).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады