2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-бабының 2-тармағының бірінші абзацын және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 6-тармағын басшылыққа ала отырып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтағаннан кейін Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Т.С.Саркисян Еуразиялық экономикалық одақ атынан Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
---|