Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаға өзгеріс енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ ерте дегенде 2019 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлардың қадағалану механизмі туралы келісім күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 01 қазандағы № 22 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне №1 қосымшаға енгізілетін ӨЗГЕРІС
Мынадай мазмұндағы 137-154-тармақтармен толықтырылсын:
"137. 2019 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлардың қадағалану механизмі туралы келісімнің (бұдан әрі - Қадағалану механизмі туралы келісім) 2-бабының 2-тармағына сәйкес қадағалану жүзеге асырылатын тауарлардың (бұдан әрі – қадағалануға жататын тауарлар) тізбесін бекіту.
138. Қадағалануға жататын тауарларға қатысты қадағалану жүзеге асырылмайтын жағдайларды айқындау.
139. Комиссияның тауарлар тізбесін бекіту туралы шешімі күшіне енген күнге Одақтың кедендік аумағында іс жүзінде болатын, оларға қатысты қадағалану жүзеге асырылатын (осындай тізбеге өзгерістер енгізу) қадағалануға жататын тауарлар және осындай тауарлардың айналымына байланысты операциялар туралы мәліметтерді ұлттық қадағалану жүйесіне енгізудің мерзімдері мен тәртібін айқындау.
140. Қадағалануға жататын тауарлардың бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына мұндай тауарларды өткізумен байланысты болмайтын орын ауыстыруы туралы мәліметтерді ұлттық қадағалану жүйесіне енгізу жағдайларын айқындау.
141. Қадағалануға жататын тауарлардың бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына мұндай тауарларды өткізумен байланысты болмайтын орын ауыстыруы туралы мәліметтерді ұлттық қадағалану жүйесіне енгізу тәртібін айқындау.
142. Қадағалану механизмі туралы келісімнің 5-бабының 1-тармағының 1 және 3-тармақшаларында көрсетілген құжаттардың мәліметтерін ұлттық қадағалану жүйесіне енгізу мерзімдерін айқындау.
143. Басқа мүше мемлекеттердің ұлттық қадағалану жүйелерінен мәліметтерді мүше мемлекеттің ұлттық қадағалану жүйесіне енгізу мерзімдерін айқындау.
144. Қадағалануға жататын тауарлар және осындай тауарлардың айналымына байланысты операциялар туралы мәліметтерді ұлттық қадағалану жүйелерінде сақтау мерзімін айқындау.
145. Қадағалануға жататын тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты Қадағалану механизмі туралы келісімнің 6-бабының 1-тармағында көзделген мерзімнен қадағалануды тоқтатудың ұзақтығы қысқарақ өзгеше мерзімін айқындау.
146. Қадағалану механизмі туралы келісімнің 6-бабының 1-тармағында көрсетілген немесе осы баптың 1-тармағына сәйкес Комиссия айқындайтын мерзім өткенге дейін қадағалану тоқтатылатын жағдайларды және бұл жағдайлардағы қадағалануды тоқтату мерзімдерін айқындау.
147. Қадағалануға жататын тауарлардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалар электрондық құжаттар түріндегі ілеспе құжаттарды ресімдеуге міндетті болмайтын жағдайларды айқындау.
148. Қадағалану механизмі туралы келісімнің 8-бабының 1-тармағында көрсетілген мәліметтер құрамының көрсетілген баптың 3-тармағында айқындалған құрамнан айырмашылығын айқындау.
149. Бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына осындай тауарлардың өткізілуі алдындағы қадағалануға жататын тауарлар айналымымен байланысты ұлттық қадағалану жүйелерінде қамтылатын операциялар туралы мәліметтерді беру туралы сауалдарды жіберу және орындау тәртібін, сондай-ақ берілетін мәліметтер құрамын және оларды беру мерзімдерін айқындау.
150. Қадағалануға жататын тауарларды кедендік декларациялау Одақтың Кеден кодексі және (немесе) Комиссия және Кеден кодексіне сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасы айқындайтын ерекшеліктермен жүзеге асырылған не мұндай тауарлар Одақтың Кеден кодексіне сәйкес тауарларға декларация бергенге дейін шығарылған жағдайлар үшін қадағаланудың және (немесе) қадағалану механизмінің жұмыс істеуінің ерекшеліктерін айқындау.
151. Қадағалануға жататын тауарлардың бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына өткізілуі осы орын ауыстырумен байланысты операциялар туралы мәліметтер ұлттық қадағалану жүйесінде жоқ болған кезде жол берілетін жағдайларды айқындау.
152. Техникалық іркілістер тудырған ақпараттық жүйелердің ақауына, байланыс құралдары (телекоммуникациялық желілер мен ақпараттық телекоммуникациялық "Интернет" желісі) жұмысының бұзылуына байланысты, сондай-ақ Қадағалану механизмі туралы келісімнің 11-бабының 1-тармағына сәйкес Комиссия айқындайтын өзге де жағдайларда ұлттық қадағалану жүйесінде осындай өткізумен байланысты операциялар туралы мәліметтер жоқ болған жағдайда бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына қадағалануға жататын тауарлардың өткізілуінің құқыққа сыйымдылығын растау тәртібін айқындау.
153. Ақпараттық жүйелердің техникалық іркілістер, байланыс құралдары (телекоммуникациялық желілер мен ақпараттық телекоммуникациялық "Интернет" желісі) жұмысының бұзылуы, электр энергиясынан ажыратылуы тудырған ақауы туралы мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарын хабардар ету тәртібін айқындау.
154. Қадағалану механизмін ендіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың мерзімдері мен талаптарын айқындау.".