Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мүше мемлекеттер арасында газ тасымалдау мен жеткізу саласындағы заңнамасын үндестіру туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2019 жылғы 1 қазандағы № 6 Өкімі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы №18 шешіміне сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер) бірлесіп жүргізген мүше мемлекеттердің мүше мемлекеттер арасында газ тасымалдау мен жеткізу саласындағы заңнамасына салыстырмалы талдауын ескере отырып:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия қажет кезінде және Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыруға қатысты актілерді дайындау шамасына қарай, мүше мемлекеттердің ұсыныстары негізінде мүше мемлекеттер арасында газ тасымалдау мен жеткізу саласындағы мүше мемлекеттердің үндестіруге жататын нормативтік құқықтық актілерінің тізбесін дайындасын.

      2. Мүше мемлекеттер осы Өкімнің 1-тармағында көрсетілген тізбеге сай және мына:

      а) мүше мемлекеттер арасында газ тасымалдау мен жеткізу саласындағы мүше мемлекеттердің заңнамасын үндестіруді 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы №18 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру бағдарламасына сәйкес жүзеге асыру;

      б) Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру шеңберінде жүзеге асырылатын мүше мемлекеттер арасында газ тасымалдау мен жеткізу саласындағы мүше мемлекеттердің заңнамасын үндестіру жөніндегі жұмыс туралы жүйелілік, ашықтық, өзара хабардар ету;

      в) мүше мемлекеттердің экономикалық және энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық мүдделерін ескеру;

      г) мүше мемлекеттердің ішкі нарықтарының жұмыс істеуі мен дамуының ерекшеліктерін ескеру қағидаттарына сәйкес мүше мемлекеттер арасында газ тасымалдау мен жеткізу саласындағы заңнаманы үндестіруді жүргізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады