Кедендік декларацияны беру Кеден одағының "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 032/2013) талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді) ұсынумен бірге жүретін өнімдердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 12 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі Техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген Кеден одағының шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімдерді (тауарларды) Кеден одағының кеден аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кедендік декларацияны беру Кеден одағының "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 032/2013) талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді) ұсынумен бірге жүретін өнімдердің қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 22 қаңтардағы
№ 12 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Кедендік декларацияны беру Кеден одағының "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 032/2013) талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді) ұсынумен бірге жүретін өнімдердің ТІЗБЕСІ

Өнімнің атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Сәйкестікті бағалау туралы құжат

Ескертпе

1

2

3

4

1. 1-топтың жұмыс ортасы үшін пайдаланылатын, қысыммен және бумен ерітілген газдарға, сұйылтылған газдарға арналған және:
0,05 МПа-дан жоғары, сыйымдылығы 0,001 м3 астам рұқсат етілетін ең жоғары жұмыс қысымы және рұқсат етілетін ең жоғары жұмыс қысымы мәнінің сыйымдылығы 0,0025 МПа·м3 жоғары құрайтын мәніне көбейтіндісі 20 МПа-дан жоғары, сыйымдылығы 0,0001 м3 жоғары 0,001 м3 дейін қоса алғанда, ең жоғары рұқсат етілетін жұмыс қысымы бар ыдыстар

3926 90 920 0
3926 90 970 4
3926 90 970 9
7311 00
7419 99 900 0
7508 90 000 9
7613 00 000 0
8108 90 900 9

сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты


2. 2-топтың жұмыс ортасы үшін пайдаланылатын, қысыммен және бумен ерітілген газдарға, сұйылтылған газдарға арналған және:
0,05 МПа-дан жоғары, сыйымдылығы 0,001 м3 астам рұқсат етілетін ең жоғары жұмыс қысымы және рұқсат етілетін ең жоғары жұмыс қысымы мәнінің сыйымдылығы 0,005 МПа·м3 жоғары құрайтын мәніне көбейтіндісі 100 МПа-дан жоғары, сыйымдылығы 0,0001 м3 жоғары 0,001 м3 дейін қоса алғанда, ең жоғары рұқсат етілетін жұмыс қысымы бар ыдыстар

3926 90 920 0
3926 90 970 9
7309 00
7310
7311 00
7419 99 900 0
7508 90 000 9
7613 00 000 0
8108 90 900 9

сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты


3. 1-топтың жұмыс ортасы үшін пайдаланылатын, сұйықтарға арналған және: 0,05 МПа-дан жоғары, сыйымдылығы 0,001 м3 астам рұқсат етілетін ең жоғары жұмыс қысымы және рұқсат етілетін ең жоғары жұмыс қысымы мәнінің сыйымдылығы 0,02 МПа·м3 жоғары құрайтын мәніне көбейтіндісі 50 МПа-дан жоғары, сыйымдылығы 0,0001 м3 жоғары 0,001 м3 дейін қоса алғанда, ең жоғары рұқсат етілетін жұмыс қысымы бар ыдыстар

3926 90 920 0
3926 90 970 9
7309 00
7310
7419 99 900 0
7508 90 000 9
7611 00 000 0
7612
8108 90 900 9

сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты


4. 2-топтың жұмыс ортасы үшін пайдаланылатын, сұйықтарға арналған және: 1 МПа-дан жоғары, сыйымдылығы 0,01 м3 астам ең жоғары рұқсат етілетін жұмыс қысымы және ең жоғары рұқсат етілетін жұмыс қысымы мәнінің сыйымдылығы 1 МПа·м3 жоғары құрайтын мәніне көбейтіндісі 100 МПа-дан жоғары, сыйымдылығы 0,0001 м3 жоғары 0,001 м3 дейін қоса алғанда, ең жоғары рұқсат етілетін жұмыс қысымы бар ыдыстар

3926 90 920 0
3926 90 970 9
7309 00
7310
7419 99 900 0
7508 90 000 9
7611 00 000 0
7612
8108 90 900 9

сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты


5. Температурасы 110 °С-ден жоғары ыстық су немесе артық қысымы 0,05 МПа-дан жоғары бу алуға арналған, сыйымдылығы 0,002 м3 асатын қазандықтар, сондай-ақ сыйымдылығы 0,002 м3 астам отпен жылытылатын ыдыстар

8402
8403 10

сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты


6. Ең жоғары рұқсат етілетін жұмыс қысымы 0,05 МПа-дан жоғары, номиналды диаметрі 25 мм-ден астам, газдар мен буларға арналған және 1-топтың жұмыс ортасы үшін пайдаланылатын құбыржолдар

7326 90 980 7
8108 90

сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты


7. Ең жоғары рұқсат етілген жұмыс қысымы 0,05 МПа-дан жоғары, номиналды диаметрі 32 мм-ден астам және ең жоғары рұқсат етілген жұмыс қысымы мәнінің номиналдық диаметрдің 100 МПа·мм-ден жоғары құрайтын мәніне көбейтіндісі бар, газдар мен буларға арналған және 2-топтың жұмыс ортасы үшін пайдаланылатын құбыржолдар

7326 90 980 7
8108 90

сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты


8. Ең жоғары рұқсат етілген жұмыс қысымы 0,05 МПа-дан жоғары, номиналдық диаметрі 25 мм-ден астам және ең жоғары рұқсат етілген жұмыс қысымының мәнінің номиналдық диаметрдің 200 МПа·мм-ден астамды құрайтын мәніне көбейтіндісі бар, сұйықтықтарға арналған және 1-топтың жұмыс ортасы үшін пайдаланылатын құбыржолдар

7326 90 980 7
8108 90

сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты


9. Ең жоғары рұқсат етілген жұмыс қысымы 1 МПа-дан жоғары, номиналдық диаметрі 200 мм-ден астам және ең жоғары рұқсат етілген жұмыс қысымы мәнінің номиналдық диаметрдің 500 МПа·мм-ден астамды құрайтын мәніне көбейтіндісі бар, сұйықтықтарға арналған және 2-топтың жұмыс ортасы үшін пайдаланылатын құбыржолдар

7326 90 980 7
8108 90

сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты


10. 0,05 МПа-дан астам қысымның әсеріне төзімді жабдықтың элементтері (құрастыру бірліктері) және оның жинақтаушы бөлшектері

3917
7303 00
7304
7305
7306
7307
7411
7412
7507
7608
7609 00 000 0
7907 00 000 1
8108 90
8402 90 000
8403 90
8404 90 000 0
8416 90 000 0
8419 90
8421 99 000
8481 90 000 0

сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты


11. Мыналар: 25 мм-ден астам номиналды диаметрі (1-топтың жұмыс ортасы бар жабдықтар үшін) 32 мм-ден астам номиналды диаметрі
(2-топтың жұмыс ортасы бар газдар үшін пайдаланылатын жабдықтарға арналған) 200 мм-ден астам номиналды диаметрі (сұйықтықтарға арналған және 2-топтың жұмыс ортасы үшін пайдаланылатын құбыржолдар үшін) бар арматура

8481

сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты


12. Көрсететін және сақтандырғыш құрылғылар (артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың осы тізбесінің 1 – 9 және 13- тармақтарында көрсетілген құрамда қолдануға арналған)

9025
9026
9028
9031
 

сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты


13. Барокамерлер (бір орындық медициналықтан басқа)

8479
9018

сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты


14. Қауіпсіздік құрылғылары мен аспаптары (артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың осы тізбесінің 1 – 9 және 13-тармақтарында көрсетілген құрамда қолдануға арналған)

8479
9026
9032

сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты



Ескертпе:

Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін өнімнің атауын да, ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да пайдалану қажет.
2. Жұмыс орталарының топтары:
а) бір фазалы күйдегі тұтанатын, тотықтандыратын, жанғыш, жарылғыш, уытты және уыттылығы жоғары газдардан, сұйықтықтар мен булардан, сондай-ақ олардың қоспаларынан тұратын жұмыс ортасын қамтитын 1-топ;
б) 1-топқа жатқызылмаған барлық өзге жұмыс орталарын қамтитын 2-топ.
3. Кеден одағының "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 032/2013) техникалық регламенті қолданылмайтын өнімдердің тізбесі:
а) қысымды реттеу станцияларында немесе компрессорлық станцияларда пайдаланылатын жабдықтарды қоспағанда, газды, мұнайды және басқа да өнімдерді тасымалдауға арналған магистральдық құбыржолдар, ішкі кәсіпшілік және жергілікті тарату құбыржолдары;
б) газ бөлу желілері және газ тұтыну желілері;
в) атом энергетикасы саласында пайдалану үшін арнайы құрастырылған жабдық, радиоактивті ортамен жұмыс істейтін жабдық;
г) технологиялық процеске сәйкес олардың ішінде жарылыс кезінде немесе өздігінен таралатын жоғары температуралы синтез режимінде жану кезінде пайда болатын қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар;
д) теңіз және өзен кемелерінде және басқа да жүзу құралдары мен су астында қолданылатын объектілерде пайдалану үшін арнайы құрастырылған жабдық;
е) теміржол көлігінің жылжымалы құрамының, автокөліктің және өзге де қозғалыс құралдарының тежегіш жабдығы;
ж) ұшақтарда және өзге де ұшу аппараттарында пайдалану үшін арнайы құрастырылған ыдыстар;
з) қорғаныстық мақсаттағы жабдықтар;
и) машиналардың дербес ыдыстар болып табылмайтын бөліктері (сорғылардың немесе турбиналардың корпустары, бу, гидравликалық, іштен жану қозғалтқыштарының, ауа машиналарының және компрессорлардың цилиндрлері);
к) бір орындық медициналық барокамералар;
л) аэрозоль бүріккіштері бар жабдықтар;
м) жоғары вольтты электр жабдығының (тарату құрылғыларының, тарату тетіктерінің, трансформаторлардың және айналмалы электр машиналарының) қабықтары;
н) артық қысыммен жұмыс істейтін электр энергиясын беру жүйесі элементтерінің (электрмен қоректендірудің кәбілдік өнімдері мен байланыс кәбілдері) қабықтары мен қаптамасы;
о) металл емес иілгіш (икемді) қабықтан дайындалған (өндірілген) жабдықтар;
п) газды шығару немесе сору шуын сөндіргіштер;
р) газдалған сусындарға арналған ыдыстар немесе сифондар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады