Беларусь Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін орындауы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 29 қаңтардағы № 18 шешімі

      Беларусь Республикасының ауыл шаруашылығы өнімінің жекелеген түрлерінің және оны өңдеу өнімдерінің өзара саудасында Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін орындау мониторингі нәтижелері туралы ақпаратын назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Беларусь Республикасына 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 28-бабының 3-тармағын орындау қажеттігі және Беларусь Республикасы Министрлер Кеңесінің 2010 жылғы 16 тамыздағы № 1205 қаулысын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге астық, оны өңдеу өнімдерін, құрама жем, зығыр талшығын, рапстың майлы дәндерін, рапс майын және қызылша мелассасын өткізудің рұқсат беру тәртібін жою бөлігінде соған сәйкес келтіру жайында хабар білдірілсін.

      2. Беларусь Республикасы Үкіметінен осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияны қабылданған шаралар туралы хабардар ету сұралсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады