Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 12 наурыздағы № 30 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерді жүйелеу мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Кеден одағы Комиссиясы шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 2 наурыздағы
№ 30 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының күші жойылды деп танылған шешімдерінің ТІЗБЕСІ

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 26 ақпандағы "ЕурАзЭҚ шеңберінде кеден одағын қалыптастыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі Іс-шараларды (2008-2010 ж.) орындау барысы туралы" №13 шешімі.

      2. Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 18 наурыздағы "Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағын қалыптастырудың негізгі кезеңдері туралы" №23 шешімі.

      3. Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 18 наурыздағы "ЕурАзЭҚ шеңберінде кеден одағын қалыптастыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі Іс-шараларды (2008-2010 ж.) нақтылау туралы" № 28 шешімі.

      4. Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 29 мамырдағы "Сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жұйесін құру жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу туралы" №49 шешімі.

      5. Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 29 мамырдағы "Кеден одағы Комиссиясының Кедендік статистика орталығының мәртебесі туралы хаттама жобасы туралы" № 51 шешімі.

      6. Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 12 тамыздағы "ЕурАзЭҚ шеңберінде бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын қалыптастыру туралы" № 76 шешімі.

      7. Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 25 қыркүйектегі "2010 жылғы 1 қаңтардан бастап кеден одағын іске қосу механизмдері жөнінде мемлекеттер басшылары деңгейіндегі ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғары органының) шешімдерінің жобалары туралы" № 84-1 шешімі.

      8. Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 25 қыркүйектегі "Сыртқы сауда статистикасының және өзара сауда статистикасының деректерін беру тәртібі туралы хаттама жобасы туралы" № 88 шешімі.

      9.Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 26 қарашадағы "Мемлекеттер басшылары деңгейіндегі ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғары органының) Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыру туралы шешімінің жобасы туралы" № 117 шешімі.

      10. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 26 ақпандағы "Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғары органының) шешімдерін орындауды қамтамасыз ету туралы" № 193 шешімі.

      11. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 25 наурыздағы "Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарын орындаудың барысы туралы" № 203 шешімі.

      12. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 16 сәуірдегі "Кеден одағы Комиссиясы Кедендік статистика орталығының 2011 жылға арналған жұмыс бағдарламасының жобасы туралы" № 232 шешімі.

      13. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы "Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарын орындаудың барысы туралы" № 264 шешімі.

      14. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы "Кеден одағының сыртқы және өзара саудасы интеграцияланған ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық шарттар туралы" № 307 шешімі.

      15. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 17 тамыздағы "Көліктік бақылауды Кеден одағының сыртқы шекарасына ауыстыру жөніндегі қосымша іс-шаралар жоспары туралы" № 336 шешімі.

      16. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі "Кеден одағы Комиссиясы Кедендік статистика орталығының 2011 жылға арналған статистикалық жұмыстарының бағдарламасы туралы" № 389 шешімі.

      17. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 14 қазандағы "Кеден одағы Комиссиясының сарапшылық және жұмыс топтары туралы" № 412 шешімі.

      18. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 14 қазандағы "2010 жылғы 16 сәуірдегі "Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының ақпараттық өзара іс-қимылын ұйымдастыру туралы" (Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері басшыларының баяндамасы) № 218 шешімді орындау туралы" № 426 шешімі.

      19. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 қарашадағы "Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарын орындаудың барысы туралы" № 446 шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады