Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 26 наурыздағы № 44 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 9-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 26 наурыздағы
№ 44 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кедендік тасымалдаушылардың жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттар туралы" 2015 жылғы 8 шілдедегі № 75 шешімінде:

      а) көрсетілген Шешіммен бекітілген "Кедендік тасымалдаушылардың жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларының 6-тармағындағы "1.1.1-нұсқа" деген сөздер "1.1.2-нұсқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) көрсетілген Шешіммен бекітілген "Кедендік тасымалдаушылардың жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру кезіндегі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентінде 4-кестедегі кодтық белгіленімі Р.СС.06.MSG.006 позицияда 3-бағандағы "кедендік тасымалдаушылардың тізілімі (R.CA.CC.06.001)" деген сөздер "жалпы ресурсты өзекті етудің жай-күйі (R.007)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден өкілдерінің жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттар туралы" 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 105 шешімінде:

      а) көрсетілген Шешіммен бекітілген "Кеден өкілдерінің жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларының 6-тармағындағы "1.1.1-версия" деген сөздер "1.1.2-нұсқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) көрсетілген Шешіммен бекітілген "Кеден өкілдерінің жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру кезіндегі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентінде 4-кестедегі кодтық белгіленімі Р.СС.05.MSG.006 позицияда 3-бағандағы "кеден өкілдерінің тізілімі (R.CA.CC.05.001)" деген сөздер "жалпы ресурсты өзекті етудің жай-күйі (R.007)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Уақытша сақтау қоймалары иелерінің жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттар туралы" 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 126 шешімінде:

      а) көрсетілген Шешіммен бекітілген "Уақытша сақтау қоймалары иелерінің жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларының 6-тармағындағы "1.1.1.нұсқа" деген сөздер "1.1.2-нұсқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) көрсетілген Шешіммен бекітілген Уақытша сақтау қоймалары иелерінің жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру кезіндегі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентінде 4-кестедегі кодтық белгіленімі Р.СС.08.MSG.006 позицияда 3-бағандағы "уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімі (R.CA.CC.08.001)" деген сөздер "жалпы ресурсты өзекті етудің жай-күйі (R.007)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден қоймалары иелерінің жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асырған кезде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттар туралы" 2016 жылғы 1 қарашадағы № 135 шешімінде:

      а) көрсетілген Шешіммен бекітілген "Кеден қоймалары иелерінің жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асырған кездегі ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларының 6-тармағындағы "нұсқа 1.0.0." деген сөздер "1.0.1-нұсқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) көрсетілген Шешіммен бекітілген "Кеден қоймалары иелерінің жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асырған кездегі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентінде 4-кестедегі кодтық белгіленімі Р.СС.09.MSG.006 позицияда 3-бағандағы "кеден қоймалары иелерінің жалпы тізілімі (R.CА.СС.09.001)" деген сөздер "жалпы ресурсты өзекті етудің жай-күйі (R.007)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Бос қоймалар иелерінің жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асырған кезде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттар туралы" 2016 жылғы 1 қарашадағы № 136 шешімінде:

      а) көрсетілген Шешіммен бекітілген "Бос қоймалар иелерінің жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларының 6-тармағындағы "1.0.0 нұсқа" деген сөздер "1.0.1-нұсқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) көрсетілген Шешіммен бекітілген "Бос қоймалар иелерінің жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру кезіндегі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл регламентінде 4-кестедегі кодтық белгіленімі Р.СС.07.MSG.006 позицияда 3-бағандағы "бос қоймалар иелерінің жалпы тізілімі (R.CA.CC.07.001)" деген сөздер "жалпы ресурсты өзекті етудің жай-күйі (R.007)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 186 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті экономикалық операторлары тізілімінің нысанында:

      "Уәкілетті экономикалық оператордың тауарларды уақытша сақтау үшін пайдалануға арналған немесе пайдаланатын құрылыстары, үй-жайлары (үй-жайларының бөліктері) және (немесе) ашық алаңдары (бұдан әрі – сақтау орындары) туралы мәліметтер" деген сөздерден кейін 71 сілтеме белгісімен толықтырылсын:

      мынадай мазмұндағы 71 сілтемемен толықтырылсын:

      "71. Бірінші типтегі куәлік беріле отырып, заңды тұлға тізілімге енгізілген жағдайда толтырылмауы мүмкін.".

      7. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Уәкілетті экономикалық операторлардың жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 17 шілдедегі № 111 шешіміне № 1 қосымшадағы кестеде:

      3.2-позицияның "Көпт." деген бағанындағы "1" деген белгіленім "0..1" деген белгіленіммен ауыстырылсын;

      3.2-позицияның "Көпт." деген бағанындағы "1..*" деген белгіленім "0..*" деген белгіленіммен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады