Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (Кеден одағының техникалық регламенттерінің) тізбесі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 52 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (Кеден одағының техникалық регламенттерінің) тізбесі бекітілсін.

      2. Тізбе Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі ресурстарының құрамына енгізілсін.

      3. Мынадай:

      тізбе осы Шешім күшіне енген күннен бастап қолданылады;

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу саласындағы жалпы процестерді іске асыру кезінде тізбенің кодтық белгіленімдерін пайдалану міндетті болып табылады деп белгіленсін.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 2 сәуірдегі
№ 52 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (Кеден одағының техникалық регламенттерінің) ТІЗБЕСІ

I. Тізбеден егжей-тегжейлі мәліметтер

      1-кесте

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (Кеден одағының техникалық регламенттерінің) тізбесінен егжей-тегжейлі мәліметтер


Техникалық регламенттің коды

Техникалық регламенттің белгіленуі

Техникалық регламенттің атауы

Техникалық регламентте белгіленген сәйкестікті бағалау нысананың коды

Техникалық регламентте белгіленген сәйкестікті бағалау схемасының коды

001

КО ТР 001/2011

"Теміржол жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы"

С

6с*

7с*

Д

002

КО ТР 002/2011

"Жылдамдығы жоғары теміржол көлігінің қауіпсіздігі туралы"

С

6с*

7с*

Д

003

КО ТР 003/2011

"Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы"

С

6с*

7с*

Д

004

КО ТР 004/2011

"Төмен вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы"

С

Д

005

КО ТР 005/2011

"Қаптаманың қауіпсіздігі туралы"

Д

006

КО ТР 006/2011

"Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы"

С

Д

007

КО ТР 007/2011

"Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы"

С

Д

РГ

008

КО ТР 008/2011

"Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы"

С

009

КО ТР 009/2011

"Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы"

Д

РГ

010

КО ТР 010/2011

"Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы"

С

Д

ГК

011

КО ТР 011/2011

"Лифтілердің қауіпсіздігі туралы"

С

Д

ОС

012

КО ТР 012/2011

"Жарылыс қаупі бар орталарда жұмыс істеуге арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы"

С

013

КО ТР 013/2011

"Автомобиль бензині мен авиациялық бензинге, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отын мен мазутқа қойылатын талаптар туралы"

Д

014

КО ТР 014/2011

"Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі туралы"

С

Д

015

КО ТР 015/2011

"Астықтың қауіпсіздігі туралы"

Д

ГК

016

КО ТР 016/2011

"Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы"

С

Д

017

КО ТР 017/2011

"Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы"

С

Д

018

КО ТР 018/2011

"Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы"

ОТ

ОС

ЭТ

И

ТО

ГК

С

10с

11с

Д

019

КО ТР 019/2011

"Жеке қорғау құралдарының қауіпсіздігі туралы"

С

Д

020

КО ТР 020/2011

"Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі"

С

Д

021

КО ТР 021/2011

"Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы"

Д

ЭВ

РГ

ГК

022

КО ТР 022/2011

"Тамақ өнімдері оны таңбалау бөлігінде"

023

КО ТР 023/2011

"Жемістер мен көкөністерден алынатын шырын өнімдеріне арналған техникалық регламент"

Д

РГ

ГК

024

КО ТР 024/2011

"Май-тоң май өнімдеріне арналған техникалық регламент"

Д

РГ

ГК

025

КО ТР 025/2012

"Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы"

С

Д

ГК

026

КО ТР 026/2012

"Шағын көлемді кемелердің қауіпсіздігі туралы"

С

К

ГК

027

КО ТР 027/2012

"Мамандандырылған тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінің, соның ішінде диеталық емдік және диеталық профилактикалық тағамның қауіпсіздігі туралы"

РГ

028

КО ТР 028/2012

"Жарылғыш хаттар мен олардың негізіндегі бұйымдардың қауіпсіздігі туралы"

С

029

КО ТР 029/2012

"Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштер мен технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздік талаптары"

Д

РГ

ГК

030

КО ТР 030/2012

"Жағармай материалдарына, майлар мен арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы"

Д

031

КО ТР 031/2012

"Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы"

С

032

КО ТР 032/2013

"Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы"

С

Д

033

КО ТР 033/2013

"Сүт пен сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы"

Д

РГ

ЭВ

ГК

034

КО ТР 034/2013

"Ет пен өнімдерінің қауіпсіздігі туралы"

Д

РГ

ЭВ

ГК

035

КО ТР 035/2014

"Темекі өнімдеріне техникалық регламент"

Д

ГК

036

ЕАЭО ТР 036/2016

"Отын ретінде пайдалану үшін сығылған көмірсутекті газдарға қойылатын талаптар"

Д

037

ЕАЭО ТР 037/2016

"Электротехника және радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттардың қолданылуын шектеу туралы"

С

Д

038

ЕАЭО ТР 038/2016

"Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы"

С

Д

Р

ОС

039

ЕАЭО ТР 039/2016

"Минералдық тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы"

Р

040

ЕАЭО ТР 040/2016

"Балықтың және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы"

Д

РГ

ЭВ

ГК

041

ЕАЭО ТР 041/2017

"Химия өнімдерінің қауіпсіздігі туралы"

РГУ

РГР

042

ЕАЭО ТР 042/2017

"Балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы"

С

Д

ОС

043

ЕАЭО ТР 043/2017

"Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру құралдарына қойылатын талаптар туралы"

С

Д

044

ЕАЭО ТР 044/2017

"Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауызсудың қауіпсіздігі туралы"

Д

РГ

ГК

045

ЕАЭО ТР 045/2017

"Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы"

ИП

046

ЕАЭО ТР 046/2018

"Табиғи, тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған жанғыш газдың қауіпсіздігі туралы"

Д

047

ЕАЭО ТР 047/2018

"Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы"

Д

РГ

ГК

С

      Ескертпе. Техникалық регламентте белгіленген сәйкестікті бағалау нысанының коды осы тізбенің 2-кестесіне сәйкес қолданылады.

      2-кесте

Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікті бағалау нысандарына қатысты бөлікте Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (Кеден одағының техникалық регламенттерінің) тізбесінен егжей-тегжейлі мәліметтер

Сәйкестікті бағалау нысанының коды

Сәйкестікті бағалау нысанының атауы

Р

тіркеу

РГ

мемлекеттік тіркеу

РГУ

хабардар ету мақсатындағы мемлекеттік тіркеу

РГР

рұқсат беру мақсатындағы мемлекеттік тіркеу

ГК

мемлекеттік бақылау (қадағалау)

И

сертификаттық сынақтар

ИП

паспорт ресімдей отырып сынау

К

сыныптау

П

сәйкестікті растау

С

сертификаттау

Д

сәйкестікті декларациялау

Э

сараптама

ЭТ

көлік құралының конструкциясын техникалық сараптау

ЭВ

ветеринариялық-санитариялық сараптама

ОС

жай-күйді бағалау (техникалық куәландыру)

ОТ

типті мақұлдау

ТО

техникалық байқау

II. Тізбенің паспорты

Р/с №

Элементтің белгіленімі

Сипаты

1

2

3

1

Коды

1022

2

Типі

1 – анықтамалық

3

Атауы

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (Кеден одағының техникалық регламенттерінің) тізбесі

4

Аббревиатурасы

ПТР

5

Белгіленімі

ЕС 1022-2019 (ред. 1)

6

Анықтамалықты (сыныптауышты) қабылдау (бекіту) туралы актінің деректемелері

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 20 жылғы № шешімі

7

Анықтамалық (сыныптауыш) қолданысқа енгізілетін (қолданыла бастайтын) күн

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 20 жылғы № шешімі күшіне енетін күн

8

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданылуын тоқтату туралы актінің деректемелері

9

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданылуы аяқталатын күн

10

Оператор (операторлар)

Еуразиялық экономикалық комиссия

11

Тағайындалуы

тізбе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін (Кеден одағының техникалық регламенттерін) жүйелеуге және кодтауға арналған

12

Аннотация (қолданылу саласы)

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету

13

Түйін сөздер

техникалық регламент, регламент, сәйкестікті бағалау

14

Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттіктері іске асырылатын сала

техникалық реттеу

15

Халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптауды пайдалану

2 – анықтамалықтың халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) аналогтары жоқ

16

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтарының (сыныптауыштарының) бар-жоғы

2 – анықтамалықтың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде аналогтары жоқ

17

Жүйелеу (сыныптау) әдісі

1 – реттік сыныптау әдісі, жүйелеудің хронологиялық принципі

18

Жүргізу әдістемесі

1 – анықтамалықты жүргізудің орталықтандырылған әдістемесі. Анықтамалықтың мәндерін қосуды, өзгертуді немесе алып тастауды Еуразиялық экономикалық комиссия актісіне сәйкес оператор орындайды. Оператор анықтамалықтағы өзекті мәліметтерді Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпараты жүйесінің ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етеді. Мән алып тасталған жағдайда анықтамалықтағы жазба алып тасталған күнінен бастап қолданылмайды деп белгіленеді, Еуразиялық экономикалық комиссияның анықтамалық жазбасының қолданылуының аяқталуын регламенттейтін актісі туралы мәліметтер көрсетіледі. Анықтамалықтың кодтары бірегей болып табылады, анықтамалықтың кодтарын, соның ішінде жарамсыз кодтарын қайтадан пайдалануға жол берілмейді

19

Құрылымы

тізбенің құрылым туралы ақпарат (тізбе жолдарының құрамы, олардың мәндерінің салалары мен қалыптастыру қағидалары) осы тізбенің
ІІІ бөлімінде келтірілген

20

Деректердің құпиялылық дәрежесі

анықтамалықтың мәліметтері ашық қол жеткізуге болатын ақпаратқа жатады

21

Қайта қараудың белгіленген мерзімділігі

Еуразиялық экономикалық одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттерінің қабылдану (өзгеру) шамасына қарай, бірақ жылына 1 реттен сиретпей

22

Өзгерістер

23

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) егжей-тегжейлі мәліметтерге сілтеме

тізбеден егжей-тегжейлі мәліметтер осы тізбенің І бөлімінде келтірілген

24

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтерді беру тәсілі

Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау

III. Тізбенің құрылымын сипаттау

      1. Осы бөлімде тізбенің құрылымы мен деректемелік құрамы, соның ішінде деректемелер мәндерінің салалары мен оларды қалыптастыру қағидалары айқындалады.

      2. Тізбенің құрылымы мен деректемелік құрамы 3-кестеде келтірілген, онда мынадай жолдар (графалар) қалыптастырылады:

      "деректеме мәнінің саласы" – элементтің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;

      "деректеме мәнін қалыптастыру қағидалары" – элементтің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе элементтің ықтимал мәндерінің сөзбен сипатталуы;

      "көпт." – деректеменің көптігі (міндеттілік (опциялылық) және деректемелердің ықтимал қайталану саны).

      3. Берілетін деректер деректемелерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгілер пайдаланылады:

      1 –  деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;

      n –  деректеме міндетті, n рет (n > 1) қайталануы тиіс;

      1..* –  деректеме міндетті, шексіз қайталануы мүмкін;

      n..* –  деректеме міндетті, кемінде n рет (n > 1) қайталануы тиіс;

      n..m –  деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануы және m реттен артық қайталанбауы (n > 1, m > n) тиіс;

      0..1 –  деректеме опциялы, қайталауға жол берілмейді;

      0..* –  деректеме опциялы, шексіз қайталануы мүмкін;

      0..m –  деректеме опциялы, m реттен артық (m > 1) қайталанбауы тиіс.

      3-кесте

Тізбенің құрылымы мен деректемелік құрамы

Деректеменің атауы

Деректеме мәнінің саласы

Деректеме мәнін қалыптастыру қағидалары

Көпт.

1. Еуразиялық экономикалық одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенті туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің саласымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1..*

1.1. Техникалық регламенттің коды

символдар жолы.
Шаблон: d{3}

техникалық регламенттің кодтық белгіленімі кодтаудың реттік әдісін пайдалану арқылы қалыптастырылады

1

1.2. Техникалық регламенттің белгіленуі

символдар жолы.
Шаблон: ТР (КО\ЕАЭО) \d{3}/\d{4}

белгіленім Еуразиялық экономикалық одақ органының тиісті актісімен қабылданған техникалық регламенттің реттік нөміріне сәйкес келуге тиіс

1

1.3. Техникалық регламенттің атауы

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 1000

атауы орыс тіліндегі сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады және Еуразиялық экономикалық одақ органының тиісті актісімен қабылданған техникалық регламенттің атауына сәйкес келеді

1

1.4. Техникалық регламентте белгіленген сәйкестікті бағалау нысаны туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің саласымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1..*

1.4.1. Сәйкестікті бағалау нысанының коды

символдар жолы.
Шаблон: [А-Я]{1-3}

кодтық осы тізбенің 2-кестесіне сәйкес қалыптастырылады

1

1.4.2. Техникалық регламентте белгіленген сәйкестікті бағалау схемасы туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің саласымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

0..*

1.4.2.1. Сәйкестікті бағалау схемасының коды

символдар жолы.
Шаблон: [1-9][а-я][*]?

сәйкестікті бағалау схемасының коды техникалық регламентте белгіленген сәйкестікті бағалау схемасының кодтық белгіленімін қамтиды

1

1.5. Анықтамалық (сыныптауыш) жазбасы туралы мәліметтер)

салынған деректемелер мәндерінің саласымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1

1.5.1. Қолданысы басталатын күн

МемСТ ИСО 8601–2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматындағы күн

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданысы басталатын күнге сәйкес келеді

1

1.5.2. Қолданысының басталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің саласымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1

1.5.2.1. Актінің түрі

қалыпқа келтірілген символдар жолы.
Шаблон: \d{5}

халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілері түрлерінің сыныптауышына сәйкес актіні кодпен белгілеу

1

1.5.2.2. Актінің нөмірі

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

1.5.2.3. Актінің күні

МемСТ ИСО 8601–2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматындағы күн

Еуразиялық экономикалық одақ органының актіні қабылдаған күніне сәйкес келеді

1

1.5.3. Қолданысы аяқталатын күн

МемСТ ИСО 8601–2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматындағы күн

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданысы аяқталатын күнге сәйкес келеді

0..1

1.5.4. Қолданысының аяқталатын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің саласымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

0..1

1.5.4.1. Актінің түрі

қалыпқа келтірілген символдар жолы.
Шаблон: \d{5}

халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілері түрлерінің сыныптауышына сәйкес актіні кодпен белгілеу

1

1.5.4.2. Актінің нөмірі

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

1.5.4.3. Актінің күні

МемСТ ИСО 8601–2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматындағы күн

Еуразиялық экономикалық одақ органының актіні қабылдаған күніне сәйкес келеді

1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады