Жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің сыныптауышы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 53 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің сыныптауышы (бұдан әрі – сыныптауыш) бекітілсін.

      2. Сыныптауыш Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі ресурстарының құрамына енгізілсін.

      3. Мынадай:

      сыныптауыш осы Шешім күшіне енген күннен бастап қолданылады;

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру кезінде сыныптауыштың кодтық белгіленімдерін пайдалану міндетті болып табылады деп белгіленсін.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 2 сәуірдегі
№ 53 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің СЫНЫПТАУЫШЫ

I. Сыныптауыштан егжей-тегжейлі мәліметтер

Бөлімнің коды

Құжат типінің коды

Құжат түрінің коды

Жеке басты куәландыратын құжаттың атауы

Құжат иесі азаматтығының белгісі

1

2

3

4

5

АМ

Армения Республикасы


AM01

паспорт


AM01001

Армения Республикасы азаматының паспорты

1

AM01002

дипломатиялық паспорт

0, 1

AM01027

Армения Республикасының арнаулы паспорты

0

AM01029

Армения Республикасы азаматының биометриялық деректері бар паспорты

1

AM02

куәлік


AM02009

Армения Республикасының уақытша жеке куәлігі

1

AM02012

Армения Республикасы берген азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі

2

AM03

куәлік


AM03018

Армения Республикасының туу туралы куәлігі

0, 1, 2

AM05

карта


AM05014

Армения Республикасының сәйкестендіру картасы

1

AM05017

Армения Республикасының аумағында тұрғылықты тұру картасы

0

AM05024

Армения Республикасының аумағында уақытша тұру картасы

0

AM06

сертификат


AM06020

Армения Республикасына қайта оралуға сертификат

0, 1, 2


AM06021

Армения Республикасының аумағында пана беру туралы уақытша сертификат

0

АМ07

әскери билет


AM07016

Армения Республикасының әскери билеті

1

AM99

құжаттардың өзге типтері


AM99025

шетелдік мемлекет берген жол жүру құжаты

0

AM99028

конвенциялық жол жүру құжаты

0

AM99999

Армения Республикасы құжатының өзге түрі

0, 1, 2

BY

Беларусь Республикасы


BY01

паспорт


BY01001

Беларусь Республикасы азаматының паспорты

1

BY01002

Беларусь Республикасы азаматының дипломатиялық паспорты

1

BY01003

Беларусь Республикасы азаматының қызметтік паспорты

1

BY02

куәлік


BY02005

Беларусь Республикасы теңізшісінің ұлттық жеке куәлігі

0, 1, 2

BY02011

босқын куәлігі

0

BY03

куәлік


BY03020

Беларусь Республикасына қайта оралуға куәлік

0, 1, 2

BY03021

Беларусь Республикасында қосымша қорғауды ұсыну туралы куәлік

0

BY03022

Беларусь Республикасында босқын мәртебесін, қосымша қорғау немесе пана беру туралы өтінішхатты тіркеу туралы куәлік

0

BY08

тұруға ықтиярхат


BY08017

Беларусь Республикасында тұруға ықтиярхат

0

BY99

құжаттардың өзге типтері


BY99025

Беларусь Республикасының жол жүру құжаты

0

BY99999

Беларусь Республикасы құжатының өзге түрі

0, 1, 2

KZ

Қазақстан Республикасы


KZ01

паспорт


KZ01001

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты

1

KZ01002

Қазақстан Республикасы азаматының дипломатиялық паспорты

1

KZ01003

Қазақстан Республикасы азаматының қызметтік паспорты

1

KZ02

куәлік


KZ02005

Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі

0, 1, 2

KZ02011

босқын куәлігі

0

KZ02012

азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі

2

KZ02014

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі

1

KZ03

куәлік


KZ03018

Қазақстан Республикасының туу туралы куәлігі

0, 1, 2

KZ03020

қайта оралуға куәлік

0, 1, 2

KZ08

тұруға ықтиярхат


KZ08017

Қазақстан Республикасындағы шетелдіктің тұруға ықтиярхаты

0

KZ99

құжаттардың өзге типтері


KZ99026

туу туралы акт жазбасы

0, 1, 2

KZ99999

Қазақстан Республикасы құжатының өзге түрі

0, 1, 2

KG

Қырғыз Республикасы


KG01

паспорт


KG01002

Қырғыз Республикасы азаматының дипломатиялық паспорты

1

KG01003

Қырғыз Республикасы азаматының қызметтік паспорты

1

KG01004

Қырғыз Республикасы азаматының жалпы азаматтық паспорты

1

KG02

куәлік


KG02005

Қырғыз Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі

0, 1, 2

KG02009

Қырғыз Республикасының уақытша жеке куәлігі

1

KG02011

Қырғыз Республикасының аумағындағы босқын куәлігі

0

KG02012

Қырғыз Республикасындағы азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі

0

KG02999

қайрылман куәлігі

0

KG03

куәлік


KG03018

Қырғыз Республикасының туу туралы куәлігі

0, 1, 2

KG03020

Қырғыз Республикасына қайта оралуға куәлік

0, 1, 2

KG03022

Қырғыз Республикасының босқыны деп тану туралы өтінішхатты тіркеу туралы куәлік

0

KG04

анықтама


KG04016

Қырғыз Республикасының әскери бөлімдері мен әскери мекемелері берген анықтама

1

KG04023

бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы анықтама

1

KG05

карта

KG05001

Қырғыз Республикасы азаматының 2004 паспорты (ID-карта)

1

KG05014

Қырғыз Республикасы азаматының 2017 жылғы үлгідегі сәйкестендіру картасы – паспорты (ID-карта)

1

KG07

әскери билет


KG07016

Қырғыз Республикасының әскери билеті

1

KG08

тұруға ықтиярхат


KG08017

Қырғыз Республикасының тұруға ықтиярхаты

0

KG99

құжаттардың өзге типтері


KG99025

жол жүру құжаты

0

KG99999

Қырғыз Республикасы құжатының өзге түрі

0, 1, 2

RU

Ресей Федерациясы


RU01

паспорт


RU01001

Ресей Федерациясы азаматының паспорты

1

RU01002

Ресей Федерациясы азаматының дипломатиялық паспорты

1


RU01003

Ресей Федерациясы азаматының қызметтік паспорты

1

RU01004

Ресей Федерациясының аумағынан тыс жерлерде Ресей Федерациясы азаматының жеке басын куәландыратын Ресей Федерациясы азаматының паспорты

1

RU02

куәлік


RU02005

Ресей Федерациясы теңізшісінің жеке куәлігі

0, 1, 2

RU02009

Ресей Федерациясы азаматының уақытша жеке куәлігі

1

RU02010

Ресей Федерациясы әскери билетінің орнына берілген уақытша жеке куәлік

1

RU02011

босқын куәлігі

0

RU02015

мәжбүрлі қоныс аударушының куәлігі

0

RU02016

әскери қызметшінің жеке куәлігі (Ресей Федерациясының офицерлері, прапорщиктері мен мичмандары үшін)

1

RU03

куәлік


RU03018

Ресей Федерациясының туу туралы куәлігі

0, 1, 2

RU03020

Ресей Федерациясына қайта оралуға куәлік

0, 1, 2

RU03021

Ресей Федерациясының аумағында уақытша пана беру туралы куәлік

0

RU03022

Ресей Федерациясының аумағында мән-жай бойынша босқын деп тану туралы өтінішхатты қарау туралы куәлік

0

RU04

анықтама


RU04023

Ресей Федерациясының бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы анықтама

1

RU05

карта


RU05024

миграциялық карта

0

RU07

әскери билет


RU07016

әскери қызметшінің әскери билеті (сержанттар, старшиналар, солдаттар мен матростар, сондай-ақ әскери кәсіптік білім беру мекемелерінің курсанттары үшін)

1

RU08

тұруға ықтиярхат


RU08017

Ресей Федерациясының тұруға ықтиярхаты

0

RU99

құжаттардың өзге типтері


RU99024

уақытша тұруға рұқсат

0

RU99025

Ресей Федерациясының жол жүру құжаты

0

RU99999

Ресей Федерациясы құжатының өзге түрі

0, 1, 2

ХХ

Үшінші елдердің уәкілетті органдары берген жеке басты куәландыратын құжаттар

ХХ01

паспорт

ХХ01001

шетелдік мемлекет азаматының ұлттық паспорты

0

ХХ01002

КСРО азаматының паспорты

2

ХХ01003

КСРО азаматының шетелдік паспорты

2

XX03

куәлік

ХХ03019

шетелдік мемлекеттің уәкілетті органы берген туу туралы куәлік

0

ХХ99

құжаттардың өзге типтері

ХХ99999

шетелдік мемлекет азаматының ұлттық паспортын алмастыратын өзге құжат

0

II. Сыныптауыштың паспорты

Р/с №

Элементтің белгіленімі

Сипаты

1

2

3

1

Коды

2053

2

Типі

2 – сыныптауыш

3

Атауы

жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің сыныптауышы

4

Аббревиатурасы

КВДокУЛ

5

Белгіленімі

ЕК 2053-2019

6

Анықтамалықты (сыныптауышты) қабылдау (бекіту) туралы актінің деректемелері

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 20 жылғы № шешімі

7

Анықтамалық (сыныптауыш) қолданысқа енгізілетін (қолданыла бастайтын) күн

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 20 жылғы № шешімі күшіне енген күннен бастап

8

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданылуын тоқтату туралы актінің деректемелері

9

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданылуы аяқталатын күн

10

Оператор (операторлар)

Еуразиялық экономикалық комиссия

11

Тағайындалуы

сыныптауыш Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерді жеке басты куәландыратын құжаттардың түрлері туралы мәліметтерді сыныптауға және кодтауға арналған

12

Аннотация (қолданылу саласы)

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру кезінде, сондай-ақ электронды құжаттарды және электронды түрдегі құжаттарды қалыптастыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету

13

Түйін сөздер

құжат, құжат типі, құжат түрі, жеке басты куәландыратын құжат

14

Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттіктері іске асырылатын сала

барлық салалар

15

Халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптауды пайдалану

2 – сыныптауыштың халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) аналогтары жоқ

16

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтарының (сыныптауыштарының) бар-жоғы

1 – сыныптауыштың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде аналогтары бар;
1 – жеке басты куәландыратын құжаттардың түрлері кодтарының анықтамалығы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларына № 1 қосымша);
1 – жеке басты куәландыратын немесе шетелдік азаматтың немесе азаматтығы жоқ тұлғаның Ресей Федерациясының аумағында болуға (тұруға) құқығын растайтын құжаттардың түрлері кодтарының анықтамалығы (Ресей Федерациясы Орталық банкінің 2008 жылғы 20 тамыздағы № 321-П ережесіне № 10 қосымша);
1 – Ресей Федерациясының уәкілетті органдарына салық төлеушілер мен басқа да санаттар, соның ішінде электронды түрде ұсынатын құжаттарды ресімдеу кезінде пайдаланылатын жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің кодталған тізбелері (анықтамалықтар) (Ресей Федерациясының Федералдық салық қызметі мен Қаржы министрлігінің нормативтік құқықтық актілерімен айқындалған

17

Жүйелеу (сыныптау) әдісі

3 – фасеттік сыныптау әдісі

18

Жүргізу әдістемесі

1 – орталықтандырылған жүргізу рәсімі. Сыныптауыштың мәндерін қосуды, өзгертуді немесе алып тастауды Еуразиялық экономикалық одақ органының актісіне сәйкес оператор орындайды. Мән алып тасталған жағдайда сыныптауыштағы жазба алып тасталған күнінен бастап қолданылмайды деп белгіленеді, Еуразиялық экономикалық одақ органының сыныптауыш жазбасының қолданылуының аяқталуын регламенттейтін актісі туралы мәліметтер көрсетіледі. Сыныптауыштың кодтары бірегей болып табылады, сыныптауыштың кодтарын, соның ішінде жарамсыз кодтарын қайтадан пайдалануға жол берілмейді

19

Құрылымы

сыныптауыштың құрылымы туралы ақпарат осы сыныптауыштың IV бөлімінде келтірілген

20

Деректердің құпиялылық дәрежесі

сыныптауыштың мәліметтері ашық қол жеткізуге болатын ақпаратқа жатады

21

Қайта қараудың белгіленген мерзімділігі

сыныптауыштың деректерін қайта қарауды жылына 1 реттен сиретпей жүргізу қажет

22

Өзгерістер

23

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) егжей-тегжейлі мәліметтерге сілтеме

сыныптауыштан егжей-тегжейлі мәліметтер осы сыныптауыштың І бөлімінде келтірілген

24

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтерді беру тәсілі

Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау

IV. Сыныптауыштың құрылымын сипаттау

      1. Осы бөлімде сыныптауыштың құрылымы мен деректемелік құрамы, соның ішінде деректемелер мәндерінің салалары мен оларды қалыптастыру қағидалары айқындалады.

      2. Сыныптауыштың құрылымы мен деректемелік құрамы кестеде келтірілген, онда мынадай жолдар (графалар) қалыптастырылады:

      "деректеменің атауы" – элементтің реттік нөмірі және қалыптасқан немесе ресми сөздік белгіленімі;

      "деректеме мәнінің саласы" – элементтің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;

      "деректеме мәнін қалыптастыру" – элементтің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе элементтің ықтимал мәндерінің сөзбен сипатталуы;

      "көпт." – деректеменің көптігі (міндеттілік (опциялылық) және деректемелердің ықтимал қайталану саны).

      3. Берілетін деректер деректемелерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгілер пайдаланылады:

      1 –  деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;

      n –  деректеме міндетті, n рет (n > 1) қайталануы тиіс;

      1..* –  деректеме міндетті, шексіз қайталануы мүмкін;

      n..* –  деректеме міндетті, кемінде n рет (n > 1) қайталануы тиіс;

      n..m –  деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануы және m реттен артық қайталанбауы (n > 1, m > n) тиіс;

      0..1 –  деректеме опциялы, қайталауға жол берілмейді;

      0..* –  деректеме опциялы, шексіз қайталануы мүмкін;

      0..m –  деректеме опциялы, m реттен артық (m > 1) қайталанбауы тиіс.

      Кесте

Сыныптауыштың құрылымы мен деректемелік құрамы

Деректеменің атауы

Деректеме мәнінің саласы

Деректеме мәнін қалыптастыру

Көптік

1. Жеке басты куәландыратын құжаттардың түрлері сыныптауышының мәліметтері

салынған деректемелер мәндерінің саласымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1..*

1.1. Жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің сыныптауышы бөлімінің коды

қалыпқа келтірілген символдар жолы. Шаблон: [A-Z]{2}

ISO 3166-1 стандартына сәйкес қалыптастырылады (альфа-2 коды)

1

1.2. Жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің сыныптауышы бөлімінің атауы

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 1000

ISO 3166-1 стандартына сәйкес орыс тіліндегі сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады ISO 3166-1

1

1.3. Жеке басты куәландыратын құжаттың типі туралы мәліметтер

салынған деректемелер салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1..*

1.3.1. Жеке басты куәландыратын құжат типінің коды

сыныптауыш бөлімі кодының конкатенациясы негізінде кодтаудың қатарлас әдісін және "Құжат типі" фасеті үшін белгіленген кодты пайдалану арқылы қалыптастырылады

1

1.3.2. Жеке басты куәландыратын құжат типінің атауы

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 4000

орыс тіліндегі сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады

1

1.3.3. Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі туралы мәліметтер

салынған деректемелер салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1..*

1.3.3.1. Жеке басты куәландыратын құжат түрінің коды

қалыпқа келтірілген символдар жолы.
Шаблон: [A-Z]{2}[0-9]{5}

сыныптауыш бөлімі кодының конкатенациясы негізінде кодтаудың қатарлас әдісін және "Құжат түрі" фасеті үшін белгіленген кодты пайдалану арқылы қалыптастырылады

1

1.3.3.2. Жеке басты куәландыратын құжат түрінің атауы

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 4000

орыс тіліндегі сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады

1

1.3.3.3. Құжат иесі азаматтығының белгісі

қалыпқа келтірілген символдар жолы.
Шаблон: \d{1}

азаматтық белгісінің тізбесіне сәйкес қалыптастырылады

0..*

1.3.3.4. Анықтамалық (сыныптауыш) жазбасы туралы мәліметтер

салынған деректемелер салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1

*.1. Қолданысы басталатын күн

МемСТ ИСО 8601–2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында күнді белгілеу

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданысы басталатын күнге сәйкес келеді

1

*.2. Анықтамалық (сыныптауыш) жазбасы қолданысының басталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

салынған деректемелер салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1

*.2.1. Актінің түрі

қалыпқа келтірілген символдар жолы. Шаблон: \d{5}

халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілері түрлерінің сыныптауышына сәйкес актіні кодпен белгілеу

1

*.2.2. Актінің нөмірі

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

*.2.3. Актінің күні

МемСТ ИСО 8601–2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында күнді белгілеу

Еуразиялық экономикалық одақ органының актіні қабылдаған күніне сәйкес келеді

1

*.3. Қолданысы аяқталатын күн

МемСТ ИСО 8601–2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында күнді белгілеу

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданысы аяқталатын күнге сәйкес келеді

0..1

*.4. Анықтамалық (сыныптауыш) жазбасы қолданысының аяқталатын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

салынған деректемелер салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

0..1

*.4.1. Актінің түрі

қалыпқа келтірілген символдар жолы. Шаблон: \d{5}

халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілері түрлерінің сыныптауышына сәйкес актіні кодпен белгілеу

1

*.4.2. Актінің нөмірі

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

*.4.3. Актінің күні

МемСТ ИСО 8601–2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында күнді белгілеу

Еуразиялық экономикалық одақ органының актіні қабылдаған күніне сәйкес келеді

1

  Жеке басты куәландыратын
құжаттар түрлерінің
сыныптауышына
ҚОСЫМША

Жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің сыныптауышы үшін сыныптау және кодтау әдістерін қолдану ТӘРТІБІ

I. Жалпы ережелер

      1. Осы құжат сыныптау мен кодтау әдістерін қолдану ерекшелігінің сипаты мен анықтамасын нақтылау мақсатында әзірленді және жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің сыныптауышын әзірлеу мен жүргізу кезінде қолданылады.

      2. Құжат Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – Одақ) құқығына кіретін мына актілерге сәйкес әзірленген:

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы" 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі ресурстарының құрамына кіретін анықтамалықтар мен сыныптауыштарды әзірлеу, жүргізу және қолдану әдіснамасын бекіту туралы" 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 121 шешімі.

      3. Осы құжаттың мақсаттары үшін мынаны білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "сыныптауыш" – сыныптау топтамаларының және/немесе сыныптау объектілерінің атаулары мен кодтарының жүйеленген жиынтығын білдіретін ресми құжат;

      "жеке басты куәландыратын құжат түрлерінің ұлттық тізбесі, ұлттық тізбе" – жеке басты куәландыратын құжат түрлерінің Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) тұлғалардың әрқилы санаттарын сәйкестендіру және мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалған жағдайларда олардың мәртебесін растау мақсаттарында пайдаланылатын құжаттар түрлерінің тізбелерін айқындайтын заңнамасын талдау нәтижелері бойынша қалыптастырылған неғұрлым толық тізбесі. Көрсетілген тізбеде жеке басты куәландыратын құжат түрлерінің атаулары олардың мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген атауларына сәйкес келтіріледі;

      "жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің үндестірілген жалпы тізбесі, жалпы тізбе" – жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің мүше мемлекеттердің жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің ұлттық тізбелерін талдау нәтижелері бойынша қалыптастырылған үндестірілген тізбесі. Көрсетілген тізбеде жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің атаулары біріздендірілген.

      Осы құжатта пайдаланылатын өзге ұғымдар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта және Одақ органдарының Одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесін қалыптастыру және дамыту мәселелері жөніндегі актілерінде айқындалған мәндерде қолданылады.

II. Сыныптау әдісінің сипаты

      4. Жеке басты куәландыратын құжаттардың түрлерін сыныптау мақсаттары үшін фасеттік әдіс пайдаланылады.

      5. Сыныптау мынадай тәуелсіз сыныптау топтамаларын қолдану негізінде жүзеге асырылады:

      бірінші фасет – "Өңірлік белгі (мүше мемлекеттің коды)";

      екінші фасет – "Құжат типі";

      үшінші фасет – "Құжат түрі".

      6. "Өңірлік белгі (мүше мемлекеттің коды)" фасеті заңнамасында тиісті ұлттық тізбеге қосылған жеке басты куәландыратын құжат түрі белгіленген мүше мемлекетті айқындайды.

      7. "Құжат типі" фасеті тиісті ұлттық тізбеге қосылған жеке басты куәландыратын құжаттың типін айқындайды.

      8. "Құжат түрі" фасеті жалпы тізбе негізінде қалыптастырылған және мынадай белгілер жиынын қамтиды:

      а) паспорт;

      б) куәлік;

      в) куәлік;

      г) анықтама;

      д) карта;

      е) сертификат;

      ж) әскери билет;

      з) тұруға ықтиярхат;

      и) құжаттардың өзге типтері.

      "Құжаттардың өзге типтері" белгісі жалпы тізбенің "а" - "з" тармақшаларында айқындалған белгілерге жатпайтын позицияларын қамтиды, мысалы, жал жүру құжаты, акт жазбасы және т.б.

      9. "Құжат түрі" фасеті тиісті ұлттық тізбеге енгізілген жеке басты куәландыратын құжат түрін айқындайды және жалпы тізбеге сәйкес келетін белгілер жиынын қамтиды.

      10. Тиісті ұлттық тізбеге енгізілген жеке басты куәландыратын құжаттың әрбір түрі үшін қосымша "Азаматтық белгісі" мәні белгіленеді.

III. Кодтау әдісінің сипаты

      11. Сыныптау объектілерін кодтау үшін қатарлас әдіс пайдаланылады.

      12. Сыныптау объектілерінің коды 7 разрядтан тұрады, мұнда:

      алғашқы екі разряд ISO 3166-1 стандартына сәйкес Одаққа мүше мемлекеттің екі әріпті кодын қамтиды;

      үшінші және төртінші разрядтар 1-кестеге сәйкес құжат типінің екі мәнді цифрлық кодын қамтиды;

      1-кесте

Құжаттар типтерінің тізбесі

Құжат типінің атауы

Құжат типінің коды

паспорт

01

куәлік

02

куәлік

03

анықтама

04

карта

05

сертификат

06

әскери билет

07

тұруға ықтиярхат

08

құжаттардың өзге типтері

99

      бесінші, алтыншы және жетінші разрядтар 2-кестеде келтірілген жалпы тізбеге сәйкес жеке басты куәландыратын құжат түрінің кодын қамтиды;

      2-кесте

Жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің жалпы тізбесі

Құжат түрі

Құжат түрінің коды

азамат паспорты

001

дипломатиялық паспорт

002

қызметтік паспорт

003

шетелдік паспорт

004

теңізшінің жеке куәлігі (теңізші паспорты)

005

КСРО азаматының паспорты

006

шетелдік азаматтың паспорты

007

бұрынғы КСРО-ның шетелдік паспорты

008

уақытша жеке куәлік

009

әскери билеттік орнына берілген уақытша жеке куәлік

010

босқын куәлігі

011

азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі

012

жүргізуші куәлігі

013

азаматтың жеке куәлігі немесе сәйкестендіру картасы

014

мәжбүрлі қоныс аударушының куәлігі

015

әскери қызметшінің жеке куәлігі немесе әскери билет, немесе әскери бөлімдер берген анықтама

016

тұруға ықтиярхат немесе тұрғылықты тұру картасы

017

туу туралы куәлік

018

шетелдік мемлекеттің уәкілетті органы берген туу туралы куәлік

019

қайта оралуға куәлік немесе қайта оралуға сертификат

020

уақытша пана беру туралы куәлік, немесе пана іздеп жүрген тұлғаның куәлігі, немесе қосымша қорғау ұсыну туралы куәлік, немесе пана беру туралы уақытша сертификат

021

босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу (қарау) туралы куәлік

022

бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы анықтама

023

уақытша тұру картасы, немесе уақытша тұруға рұқсат, немесе миграциялық карта

024

жол жүру құжаты

025

туу туралы акт жазбасы

026

арнаулы паспорт

027

конвенциялық жол жүру құжаты

028

Армения Республикасы азаматының биометриялық деректері бар паспорты

029

құжаттың өзге түрі

999

      13. Жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің сыныптауышына енгізілген жеке басты куәландыратын құжаттың әрбір түрі үшін қосымша "Азаматтық белгісі" мәні белгіленеді. "Азаматтық белгісінің" коды 3-кестеде келтірілген тізбеге сәйкес қалыптастырылады.

      3-кесте.

Белгілер тізбесі

Азаматтық белгісі

Белгі коды

үшінші ел азаматының құжатын иеленуші

0

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет азаматының құжатын иеленуші

1

құжатты иеленушінің азаматтығы жоқ

2

      14. Ұлттық тізбеге енгізілген сыныптау объектісін кодтау жөніндегі операцияларды орындау кезінде:

      1) қосылатын сыныптау объектісінің өңірлік топқа тиесілілігін белгілеу;

      2) сыныптау объектісінің 1-кестеде айқындалған құжаттар типтерінің біріне тиесілілігін белгілеу;

      3) 2-кестеге сәйкес жеке басты куәландыратын құжат түрін белгілеу;

      4) 1 – 3-қадамдарда белгіленген сәйкестіктерді ескере отырып, сыныптау объектісін қатарлас әдіспен кодтауды жүргізу;

      5) мүше мемлекет заңнамасының нормаларын ескере отырып, жеке басты куәландыратын құжаттың жаңа түрі үшін 3-кестеге сәйкес азаматтық белгісі кодының мәнін белгілеу қажет.

      15. Ұлттық тізбеге енгізілген сыныптау объектісін кодтау жөніндегі операцияларды орындау үлгісі 4-кестеде келтірілген.

      4-кесте

Сыныптау объектісін кодтау жөніндегі операцияларды орындау үлгісі

Сыныптау объектісінің атауы

1-фасет

2-фасет

3-фасет

Сыныптау объектісінің коды

Азаматтық белгісінің коды

Армения Республикасының уақытша жеке куәлігі

Армения Республикасы (АМ)

куәлік (код 02)

уақытша жеке куәлік (код 009)

AM02009

1

Беларусь Республикасында қосымша қорғау ұсыну туралы куәлік

Беларусь Республикасы (BY)

куәлік (код 03)

уақытша пана беру туралы куәлік, немесе пана іздеп жүрген тұлғаның куәлігі, немесе қосымша қорғау ұсыну туралы куәлік, немесе пана беру туралы уақытша сертификат (код 021)

BY03021

0

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты

Қазақстан Республикасы (KZ)

паспорт (код 01)

азамат паспорты (код 001)

KZ01001

1

Қырғыз Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі

Қырғыз Республикасы (KG)

куәлік(код 02)

теңізші паспорты немесе теңізшінің ұлттық жеке куәлігі (код 005)

KG02005

0,1,2

Уақытша тұруға рұқсат

Ресей Федерациясы (RU)

құжаттың өзге типі (код 99)

уақытша тұру картасы, немесе уақытша тұруға рұқсат, немесе миграциялық карта
(код 024)

RU99024

0

IV. Сыныптауышқа өзгерістер енгізу тәртібінің сипаты

      16. Жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің сыныптауышына мына жағдайларда:

      Одақ құрамына жаңа мүше мемлекет кірген кезде;

      жекелеген мүше мемлекеттердің жеке басты куәландыратын, тұлғалардың әрқилы санаттарын сәйкестендіру және мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалған жағдайларда олардың мәртебесін растау мақсаттарында пайдаланылатын құжаттар түрлерінің тізбесін айқындайтын заңнамалары өзгерген кезде (бұдан әрі – жекелеген мүше мемлекеттер заңнамасының өзгеруі) өзгерістер енгізу қамтамасыз етіледі.

      17. Жекелеген мүше мемлекеттердің заңнамасы өзгерген кезде мүше мемлекеттің Комиссиямен өзара іс-қимыл жасауға уәкілетті органы өзгерістер бекітілген күннен кейін жиырма жұмыс күні ішінде Комиссияны өзгерістер туралы, сондай-ақ олардың күшіне енетін күні туралы хабардар етіп, өзгерістер енгізуге негіз болған нормативтік-құқықтық құжаттардың деректемелерін көрсетеді.

      Комиссия ұсынылған мәліметтерді және мүше мемлекет заңнамасының өзгерістерін талдау негізінде осы Тәртіптің 18 – 23-тармақтарына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің сыныптауышына тиісті өзгерістер енгізеді.

      18. Жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің сыныптауышына өзгерістер енгізген кезде мүше мемлекет заңнамасын (заңнамасының өзгерістерін) талдауды ескере отырып, ұлттық тізбені қалыптастыру (қажетті өзгерістер енгізу) қажет.

      19. Қажет болса, құжаттардың атауларын, олардың түрлер бойынша топтастырылуын тұлғалардың санаттары мен мәртебесін және құжаттың тағайындалуын ескере отырып біріздендіру талаптары бойынша жалпы тізбеге, сондай-ақ қосымша белгілерді қоса отырып, құжаттар типтерінің тізбесіне өзгерістер енгізіледі.

      20. Жалпы тізбеге және құжаттар типтерінің тізбесіне өзгерістер енгізілген кезде жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің сыныптауышына енгізілген позициялардың бұрын белгіленген кодтарының өзгермеуі қамтамасыз етілуге тиіс.

      21. Ұлттық тізбе қалыптастырылғаннан (өзгертілгеннен) және жалпы тізбе мен құжаттар типтерінің тізбесі өзгертілгеннен кейін ұлттық тізбеге жаңадан енгізілген сыныптау объектілерін осы құжаттың 14-тармағында айқындалған тәртіпке сәйкес кодтау жөніндегі операцияларды жүргізу қажет.

      22. Жекелеген мүше мемлекеттер үшін жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің сыныптауышынан жекелеген позицияларды алып тастауды жалпы тізбе мен құжаттар типтерінің тізбесіне өзгерістер енгізбей-ақ орындауға болады.

      23. Жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің сыныптауышындағы жекелеген позициялардың атауларын нақтылауды позиция кодының және жалпы тізбе мен құжаттардың жекелеген типтері тізбесінің арасында белгіленген сәйкестікті сақтау шартымен орындауға болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады