2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабы 1-тармағының 11 және 12-тармақшаларында көзделген қағидаттарды іске асыру мақсатында және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Қолдану нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Балық және балық өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 040/2016) талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеу (сынақ) және өлшем қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Балық және балық өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 040/2016) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігіне бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 68 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Қолдану нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Балық және балық өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 040/2016) талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеу (сынақ) және өлшем қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Балық және балық өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 040/2016) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігіне бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі БАҒДАРЛАМА
Р/с№ | МСС коды |
Мемлекетаралық стандарт жобасының атауы. | Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің элементтері | Әзірлеу мерзімі | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет-жауапты әзірлеуші | |
басталуы | аяқталуы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 67.120.30 | Тағамдық мұздатылған балық фаршы. Техникалық шарттар. МЕМСТ Р 55505-2013 негізінде МЕМСТ әзірлеу | II, III және V бөлімдер | 2020 жыл | 2021 жыл | Ресей Федерациясы |
2 | 67.120.30 | Балық, балық емес объектілер және олардан жасалған өнімдер. Терминдер мен анықтамалар. МЕМСТ Р 50380-2005 негізінде МЕМСТ әзірлеу | II, III және V бөлімдер | 2020 жыл | 2021 жыл | Ресей Федерациясы |
3 | 67.120.30 | Албырттың түйіршікті пастерленген уылдырығы. Техникалық шарттар. МЕМСТ Р 53957-2010 негізінде МЕМСТ әзірлеу | II, III және V бөлімдер | 2020 жыл | 2021 жыл | Ресей Федерациясы |
4 | 67.120.30 |
Тез мұздатылған ішек-қарны тазартылған және ішек-қарны тазартылмаған балық. Жалпы талаптар. | V бөлім | 2020 жыл | 2021 жыл | Қазақстан Республикасы |
5 | 67.120.30 | Балықтан жасалған жартылай фабрикаттар. Таяқшалар, мүшеленген, бөлшектелген, аунатылған немесе клярдағы балық өнімдер. Жалпы талаптар. ҚР СТ 1791-2008 негізінде МЕМСТ әзірлеу | V бөлім | 2020 жыл | 2021 жыл | Қазақстан Республикасы |
6 | 67.120.30 |
Балықтың жон еті, балық фаршы, балықтың жон еті мен тез мұздатылған фарштың қоспасы. Жалпы талаптар. | V бөлім | 2020 жыл | 2021 жыл | Қазақстан Республикасы |
7 | 67.120.30 | Балық қосылған көкөністер консервілері. Жалпы техникалық шарттар. ҚР СТ 2669-2015 негізінде МЕМСТ әзірлеу | V бөлім | 2020 жыл | 2021 жыл | Қазақстан Республикасы |
8 | 67.120.30 | Шарпыланған және пісірілген тоңызытылған шикі асшаяндар. Техникалық шарттар. МЕМСТ Р 51496-99 негізінде МЕМСТ әзірлеу | V бөлім | 2020 жыл | 2021 жыл | Ресей Федерациясы |
9 | 67.120.30 | Тұздықтағы теңіз тарағының жон етінен жасалған пресервілер. Техникалық шарттар. МЕМСТ Р 55948-2014 негізінде МЕМСТ әзірлеу | V бөлім | 2019 жыл | 2020 жыл | Ресей Федерациясы |
10 | 67.120.30 |
"Экстра" мұздатылған нәлім тұқымдас балықтардың жон еті. Техникалық шарттар. | V бөлім | 2019 жыл | 2020 жыл | Ресей Федерациясы |
11 | 67.120.30 | Тамақ өнімдері. Балықтарды, моллюскаларды, шаянтәрізділерді, бауырымен жорғалаушыларды және оларды қайта өңдеу өнімдерін санитариялық-паразатологиялық сараптау әдістері. ӘНҚ 3.2.988-00 ескеріле отырып, ҚР СТ 2779-2015 негізінде МЕМСТ әзірлеу | V бөлімнің 19 және 20-тармақтары, № 3 қосымша | 2020 жыл | 2021 жыл | Қазақстан Республикасы |
12 | 67.120.30 | Балық, балыққа жатпайтын объектілер мен олардан жасалған өнімдер. Гельминттер дернәсілдерінің тіршілік ету қабілетін анықтау әдістері. МЕМСТ Р 54378-2011 негізінде МЕМСТ әзірлеу | V бөлімнің 19 және 20-тармақтары, № 3 қосымша | 2019 жыл | 2020 жыл | Ресей Федерациясы |
13 | 67.120.30 |
Балық, теңіз сүтқоректілері, теңіз омыртқасыздары және оларды қайта өңдеу өнімдері. Балықтағы аммиактың салмақтық үлесін өлшеу әдістемесі. | V бөлімнің 21-тармағы | 2020 жыл | 2021 жыл | Ресей Федерациясы |
14 | 67.120.30 | Балық, балыққа жатпайтын объектілер мен олардан жасалған өнімдер. Құрамындағы фосфор қосылыстарын анықтау. МЕМСТ Р 55503-2013 негізінде МЕМСТ әзірлеу | VI бөліммнің 40-тармағы | 2019 жыл | 2020 жыл | Ресей Федерациясы |
15 | 67.120.30 |
Балық, балыққа жатпайтын объектілер мен олардан жасалған өнімдер. Құрамындағы қалдық трифенилметан бояғыштарын анықтаудың иммуноферменттік әдісі. | VI бөліммнің 40-тармағы | 2020 жыл | 2021 жыл | Ресей Федерациясы |
16 | 67.120.30 |
Балық, балыққа жатпайтын өнімдер және олардан жасалған өнімдер. Құрамындағы қалдық трифенилметан бояғыштарын жоғары ажыратымды ұшпалы-уақытты масс-спектрометрия детекторы бар тиімділігі аса жоғары сұйықтықты хроматография көмегімен анықтау әдісі. | VI бөліммнің 40-тармағы | 2020 жыл | 2021 жыл | Ресей Федерациясы |
17 | 67.120.30 |
Балық және теңіз өнімдері. Бағалаудың сенсорлық әдісі. | № 1 – 7 қосымшалар | 2020 жыл | 2021 жыл | Қазақстан Республикасы |
18 |
67.120.30 | Бөлінген импеданс әдісімен санитариялық-бактериологиялық зерттеу. ӘНҚ 4.2.2578-10 негізінде МЕМСТ әзірлеу | № 1 қосымша | 2020 жыл | 2021 жыл | Ресей Федерациясы |
19 |
67.120.30 | Жануарларға арналған тағам өнімдері мен жемшөптердің микробиологиясы. Ықтимал энтеропатогендік Vibrio spp табудың деңгейлес әдісі. 1-бөлік. Vibrio parahaemoliticus және Vibrio cholerae бактерияларын табу. 2017 жылғы 10 шілдеден бастап ISO 21872-1:2017 енгізілуіне байланысты МЕМСТ ISO/TS 21872-1-2013 қайта қарау |
№ 1 қосымшаның 1 және 3-кестелері | 2019 жыл | 2020 жыл | Беларусь Республикасы |
20 | 67.120.30 |
Тағам өнімдері, жемшөп, азық-түлік шикізаты. Құрамындағы кокцидиостатиктерді масс-спектрометрия детекторы бар тиімділігі жоғары сұйықтықты хроматография көмегімен анықтау әдісі . | № 2 қосымша | 2020 жыл | 2021 жыл | Ресей Федерациясы |
21 | 67.120.30 |
Балық. Құрамындағы қалдық туынды бензоилмочевинді жоғары ажыратымды ұшпалы-уақытты масс-спектрометрия детекторы бар тиімділігі аса жоғары сұйықтықты хроматография көмегімен анықтау әдісі. | № 2 қосымша | 2020 жыл | 2021 жыл | Ресей Федерациясы |
22 | 67.120.30 |
Тағам өнімдері, азық-түлік шикізаты. Құрамындағы қалдық сульфаниламидтерді, нитроимидазды, пенициллинді, амфениколды масс-спектрометрия детекторы бар тиімділігі жоғары сұйықтықты хроматография көмегімен анықтау әдісі. | № 2 қосымша,№ 6 қосымшаның 4-кестесі ("левомицетин (хлорамфеникол)"және "пенициллин" көрсеткіштері) | 2020 жыл | 2021 жыл | Ресей Федерациясы |
23 | 67.120.30 | Жануарлардан алынатын өнімдегі қалдық бацитрациннің құрамын ИФА әдісімен анықтау. Өлшеуді орындау әдістемесі. ӨОӘ.МН 4652-2013 негізінде МЕМСТ әзірлеу | № 2 қосымша, № 6 қосымшаның 4-кестесі ("бацитрацин" көрсеткіші) | 2019 жыл | 2020 жыл | Беларусь Республикасы |
24 | 67.120.30 | Азық-түлік шикізатындағы және тағам өнімдеріндегі ұшпалы N-нитрозаминдерді анықтау. ӘНҚ 4.4.1.011-93 негізінде МЕМСТ әзірлеу |
№ 4 қосымша ("нитрозаминдер | 2020 жыл | 2021 жыл | Ресей Федерациясы |
25 | 67.120.30 | Ұлулардағы окадаик қышқылын тест-жүйе көмегімен экспресс-анықтау. МР 01.016-07 негізінде МЕМСТ әзірлеу |
№ 4 қосымша ("моллюскалардың диарейлік уы | 2020 жыл | 2021 жыл | Ресей Федерациясы |
26 | 67.120.30 | Тағам өнімдері. Мидиялардағы сактоксин мен DC-сактоксинді анықтау. Пероксидтік немесе периодаттық тотығу әдісімен колония алды дериватизацияны қолдана отырып тиімділігі жоғары сұйықтықты хроматография әдісі. 2017 жылғы 18 қаңтардан бастап EN 14526:2017 енгізілуіне байланысты МЕМСТ EN 14526-2015 қайта қарау | № 4 қосымша ("моллюскалардың параличтік уы (сакситоксин)" көрсеткіші) | 2019 жыл | 2020 жыл | Беларусь Республикасы |
27 | 67.120.30 |
Тағам өнімдері. В1 дәруменін тиімділігі жоғары сұйықтықты хроматография көмегімен анықтау. |
№ 5 қосымшаның 1 және 3-кестелері ("дәрумендер: | 2019 жыл | 2020 жыл | Беларусь Республикасы |
28 | 67.120.30 |
Тағам өнімдері. В2 дәруменін тиімділігі жоғары сұйықтықты хроматография көмегімен анықтау. |
№ 5 қосымшаның 1 және 3-кестелері ("дәрумендер: | 2019 жыл | 2020 жыл | Беларусь Республикасы |
29 | 67.120.30 | Тағам өнімдері. Мидиялардағы домое қышқылын тиімділігі жоғары сұйықтықты хроматография әдісімен анықтау. 2017 жылғы 11 қаңтардан бастап EN 14176:2017 енгізілуіне байланысты МЕМСТ EN 14176-2015 қайта қарау |
№ 6 қосымшаның 2 және 4-кестелері | 2019 жыл | 2020 жыл | Беларусь Республикасы |