Кедендік декларацияны беру Еуразиялық экономикалық одақтың "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы" (ЕАЭО ТР 045/2017) техникалық регламентінің талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат жөнінде мәліметтерді) ұсынумен қоса жүретін өнімнің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 18 маусымдағы № 101 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Кедендік декларацияны беру Еуразиялық экономикалық одақтың "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы" (ЕАЭО ТР 045/2017) техникалық регламентінің талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат жөніндегі мәліметтерді) ұсынумен қоса жүретін өнімнің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 18 маусымдағы
№ 101 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Кедендік декларацияны беру Еуразиялық экономикалық одақтың "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы" (ЕАЭО ТР 045/2017) техникалық регламентінің талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат жөнінде мәліметтерді) ұсынумен қоса жүретін өнімнің ТІЗБЕСІ

Өнімнің атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Сәйкестікті бағалау туралы құжат

Ескертпе

1

2

3

4

Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнай

2709 00 900 9

паспорт


      Ескертпе. Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін өнімнің атауын да, ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да пайдалану қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады