Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының сыныптауышы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 145 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының сыныптауышы (бұдан әрі –сыныптауыш) бекітілсін.

      2. Сыныптауыш Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі ресурстарының құрамына енгізілсін.

      3. Сыныптауыштың кодтық белгілерін пайдалану кедендік реттеу саласындағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру кезінде және егер мұндай құжаттарды толтыру тәртіптерімен сыныптауышқа сәйкес кеден органының кодын көрсету туралы нормалар көзделген жағдайда, электрондық кедендік құжаттарды толтыру кезінде міндетті болып табылады деп белгіленсін.

      4. Осы Шешім 2020 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 145 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының СЫНЫПТАУЫШЫ

I. Сыныптауыштың паспорты

р/с №

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Коды

054

2

Түрі

2 – сыныптауыш

3

Атауы

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының сыныптауышы

4

Аббревиатурасы

КТО

5

Белгілеу

ЕК 054-2019

6

Анықтамалықты (сыныптауышты) қабылдау (бекіту) туралы актінің деректемелері

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 145 шешімі

7

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданысқа енгізу (қолдануды бастау) күні)

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 145 шешімі күшіне енген күннен бастап

8

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолдануды тоқтату туралы актінің деректемелері

9

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданудың аяқталу күні)

10

Оператор (операторлар)

AM, Армения Республикасының Мемлекеттік кірістер комитеті;
BY, Беларусь Республикасының Мемлекеттік Кеден комитеті;
KZ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;
KG, Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі;
RU, Федералдық кеден қызметі

11

Белгіленуі

сыныптауыш Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары және олардың құрылымдық бөлімшелері туралы мәліметтерді кодтауды жүйелендіруге және біріздендіруге арналған

12

Аннотация (қолдану саласы)

Еуразиялық экономикалық одақ құқығында көзделген жағдайларда электрондық құжаттарды, электрондық түрдегі құжаттарды қалыптастыру кезінде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру барысында ақпараттық өзара іс-әрекетті қамтамасыз ету

13

Түйін сөздер

кеден, кеден органының құрылымдық бөлімшесі, кеден органдары

14

Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттіктері іске асырылатын сала

кедендік реттеу

15

Халықаралық (мемлекетаралық, аймақтық) сыныптауды пайдалану

3 – сыныптауышты әзірлеу кезінде халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптауыштар және (немесе) стандарттар қолданылған жоқ

16

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтарының (сыныптауыштарының) болуы

1 – сыныптауыштың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде аналогтары бар: Армения Республикасы кеден органдарының сыныптауышы (Армения Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген); Беларусь Республикасы кеден органдарының және кедендік ресімдеу пункттерінің сыныптауышы (Беларусь Республикасы Мемлекеттік Кеден комитетінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 30 қаулысымен бекітілген); кедендік мақсаттар үшін пайдаланылатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдары кодтарының сыныптауышы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 66 бұйрығымен бекітілген)); Қырғыз Республикасы кеден органдарының сыныптауышы (Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік кеден қызметінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 35-04/137 бұйрығымен бекітілген); Ресей Федерациясының кеден органдары және олардың құрылымдық бөлімшелерінің сыныптауышы (Федералдық кеден қызметінің 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 1939 бұйрығымен бекітілген)

17

Жүйелеу (сыныптау) әдісі

2-сыныптаудың иерархиялық әдісі

18

Жүргізу әдістемесі

сыныптауышты жүргізу қосымшаға сәйкес тәртіп бойынша электрондық түрде жүзеге асырылады

19

Құрылымы

сыныптауыштың құрылымы туралы ақпарат (сыныптауыштың өрістерінің құрамы, олардың мәндерінің облысы және қалыптастыру қағидалары) осы сыныптауыштың II бөлімінде келтірілген

20

Деректердің құпиялылық дәрежесі

сыныптауыштан алынған мәліметтер ашық қол жеткізілетін ақпаратқа жатады

21

Қайта қараудың белгіленген мерзімділігі

анықталмаған

22

Өзгерістер

23

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) егжей-тегжейлі мәліметтеріне сілтеме

https://portal.eaeunion.org/sites/odata/_layouts/15/Portal.EEC.Registry.Ui/DirectoryForm.aspx?ViewId=

24

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтерді ұсыну тәсілі

Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау. Сыныптауыштан мәліметтер сұрау салу бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарын пайдалана отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесін пайдаланушылар болып табылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына және (немесе) мемлекеттік билік органдарына ұсынылады.

II. Сыныптауыш құрылымының сипаттамасы

      1. Осы бөлім сыныптауыштың құрылымы және деректемелік құрамын, оның ішінде деректемелер мәндерінің саласын және оларды қалыптастыру қағидаларын айқындайды.

      2. Сыныптауыштың құрылымы және деректемелік құрамы мынадай жолдар (бағандар) қалыптастырылатын кестеде келтірілген:

      "деректеме мәнінің аясы" – элементтің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;

      "деректеменің мәнін қалыптастыру қағидалары" – элементтің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе элементтің ықтимал мәндерін ауызша сипаттау;

      "көпт." – деректеменің көптігі (міндеттілік (опциондық) және деректеменің ықтимал қайталануының саны).

      3. Берілетін деректер реквизиттерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгілер пайдаланылады:

      1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;

      n – деректеме міндетті, n рет қайталануы тиіс (n > 1);

      1..* – деректеме міндетті, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануы тиіс (n > 1);

      n..m – деректеме міндетті, кемінде n рет және m реттен артық емес қайталануы тиіс ( n > 1, m > 1);

      0..1 – деректеме опционалды, қайталауға жол берілмейді;

      0..* – деректеме опционалды, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      0..m – деректеме опционалды, m реттен артық емес қайталануы мүмкін (m > 1).

      Кесте

Сыныптауыштың құрылымы және деректемелік құрамы

Деректеменің атауы

Деректеме мәнінің аясы

Деректеме мәнін қалыптастыру қағидалары

Көпт.

1. Кеден органы туралы мәліметтер



1..*

1.1. Мемлекеттің коды

таңбалар жолы.
Үлгі: [A-Z]{2}

кеден қызметі ISO 3166-1 стандартына сәйкес ақпаратты қалыптастыратын және ұсынатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Alpha-2 әріптік коды

1

1.2. Кеден органының коды

таңбалар жолы.
Үлгі: [0-9]{8}

Кеден органының 8 таңбалы коды

1

1.3. Кеден органының ұлттық коды

таңбалар жолы.
Үлгі:[0-9]{5}/[0-9]{8}/[0-9]{2}

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте қабылданған код құрылымына сәйкес кеден органының ұлттық коды

1

1.4. Кеден органының қысқаша атауы

таңбалар жолы.
ең аз ұзындығы: 1.
ең көп ұзындығы: 50

кеден органының қысқаша атауы

0..1

1.5. Кеден органының толық атауы

таңбалар жолы.
ең аз ұзындығы: 1.
ең көп ұзындығы: 255

кеден органының толық атауы

1

1.6. Кеден органының мекен-жайы

салынған деректемелердің мәндері аясында айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларында айқындалады

0..1

1.6.1. Аумақтың коды

нормаланған таңбалар жолы.
ең аз ұзындығы: 1.
ең көп ұзындығы: 17

әкімшілік-аумақтық бөлініс бірлігінің коды

0..1

1.6.2. Өңірдің атауы

жол үзілісінің (#xA) және табуляция(#x9) символдары жоқ нормаланған таңбалар жолы
ең аз ұзындығы: 1.
ең көп ұзындығы: 120

бірінші деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бөлініс бірлігінің атауы

0..1

1.6.3. Аудан атауы

жол үзілісі (#xA) және табуляция(#x9) символдары жоқ нормаланған таңбалар жолы
ең аз ұзындығы: 1.
ең көп ұзындығы: 120

екінші деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бөлініс бірлігінің атауы

0..1

1.6.4. Қала атауы

жол үзілісі (#xA) және табуляция(#x9) символдары жоқ нормаланған таңбалар жолы
ең аз ұзындығы: 1.
ең көп ұзындығы: 120

қала атауы

0..1

1.6.5. Наименование населенного пункта

жол үзілісі (#xA) және табуляция(#x9) символдары жоқ нормаланған таңбалар жолы
ең аз ұзындығы: 1.
ең көп ұзындығы: 120

елді мекеннің атауы

0..1

1.6.6. Наименование улицы

жол үзілісі (#xA) және табуляция(#x9) символдары жоқ нормаланған таңбалар жолы
ең аз ұзындығы: 1.
ең көп ұзындығы: 120

қалалық инфрақұрылымның көше-жол желісі элементінің атауы

0..1

1.6.7. Үй нөмірі

нормаланған таңбалар жолы.
ең аз ұзындығы: 1.
ең көп ұзындығы: 50

үйдің, корпустың, құрылыстың белгіленуі

0..1

1.6.8. Үй-жай

нормаланған таңбалар жолы.
ең аз ұзындығы: 1.
ең көп ұзындығы: 20

офистің белгіленуі


1.6.9. Пошталық индексі

нормаланған таңбалар жолы.
ең аз ұзындығы: 1.
ең көп ұзындығы: 20

пошта байланысы кәсіпорнының пошта индексі

0..1

1.6.10. Мекен-жайы туралы мәлімет

нормаланған таңбалар жолы.
ең аз ұзындығы: 1.
ең көп ұзындығы: 1000

мекен - жайы еркін нысандағы мәтін түрінде

0..1

1.7. Байланыс деректемесі

салынған деректемелердің мәндері аясында айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

0..*

1.7.1. Байланыс түрінің коды

таңбалар жолы.
Үлгі: [A-Z]{2}

СЕФАКТ БҰҰ-ның байланыс түрлерінің сыныптауышына сәйкес қалыптастырылады

1

1.7.2. Байланыс каналының идентификаторы

таңбалар жолы.
ең аз ұзындығы: 1.
ең көп ұзындығы: 255

латын әліпбиінің цифрлары, арнайы символдары және әріптері бар мәтін түрінде қалыптасады

1..*

1.8. Кеден органының жаңа 8-таңбалы коды (қайта ұйымдастыру кезінде)

таңбалар жолы.
Үлгі: [0-9]{8}

қайта ұйымдастыру шеңберінде берілген кеден органының коды

0..*

1.9. Кеден органының ескі коды (қайта ұйымдастырылғанға дейін қолданыста болған)

таңбалар жолы.
Үлгі: [0-9]{8}

қайта ұйымдастырылғанға дейін қолданылған кеден органының коды

0..*

1.10. Кеден органы белгісінің коды

таңбалар жолы.
Үлгі: [0-9]{5

осы сыныптауыштың III бөлімінде келтірілген қағидаларға сәйкес толтырылады

0..1

1.11. Іс-әрекеттің басталу күні

YYYY-MM-DD форматындағы МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес күнді белгілеу

кеден органы кодының қолданылуының басталу күні (кеден органы мәртебесінің өзгеру күні) сыныптауыштың жазбасының қолданылуының басталу күніне (жазбаны енгізу күні (егер жазба сыныптауышқа енгізілген жағдайда) немесе жазбаның өзгертілген күніне сәйкес келеді (егер бұрын сыныптауышқа енгізілген жазба өзгерген жағдайда)

1

1.12. Сыныптауыш жазбасының әрекет етуін реттейтін акт туралы мәліметтер

салынған деректемелердің мәндері аясында айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларында айқындалады және кеден органын құру туралы актінің деректемелерін немесе кеден органы туралы мәліметтердің өзгеруін бекітетін актінің деректемелерін қамтиды

0..1

1.12.1. Акт түрінің атауы

таңбалар жолы.
ең аз ұзындығы: 1.
ең көп ұзындығы: 500

орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптастырылады

1

1.12.2. Актінің атауы

таңбалар жолы.
ең аз ұзындығы: 1.
ең көп ұзындығы: 500

актінің өзіндік атауы орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптастырылады

0..1

1.12.3. Актінің нөмірі

таңбалар жолы.
ең аз ұзындығы: 1.
ең көп ұзындығы: 50

актіге берілген сандық немесе әріптік-сандық белгіні қамтиды

1

1.12.4. Актінің күні

YYYY-MM-DD форматындағы МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес күнді белгілеу

актінің қабылданған күніне сәйкес келеді

1

1.12.5. Актіні қабылдаған органның коды

таңбалар жолы.
Үлгі: [A-Z]{2}\.[0-9]{11}

актіні қабылдаған Еуразиялық экономикалық одақ органының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің мемлекеттік билік және басқару органының кодын қамтиды

0..1

1.12.6. Актіні қабылдаған органның атауы

таңбалар жолы.
ең аз ұзындығы: 1.
ең көп ұзындығы: 300

орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптастырылады

0..1

1.13. Сыныптауыш жазбасы іс-әрекетінің аяқталу күні

YYYY-MM-DD форматындағы МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес күнді белгілеу

сыныптауыш жазбасының соңғы әрекет ету күніне сәйкес келеді

0..1

1.14. Сыныптауыш жазбасының іс-әрекетінің аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

салынған деректемелердің мәндерінің облыстарында айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларында айқындалады және кеден органының таратылуын (қызметінің тоқтатылуын) белгілейтін актінің деректемелерін қамтиды (егер кеден органы таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда)

0..1

1.14.1. Акт түрінің атауы

таңбалар жолы.
ең аз ұзындығы: 1.
ең көп ұзындығы: 500

орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптастырылады

1

1.14.2. Актінің атауы

таңбалар жолы.
ең аз ұзындығы: 1.
ең көп ұзындығы: 500

орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптастырылады

0..1

1.14.3. Актінің нөмірі

таңбалар жолы.
ең аз ұзындығы: 1.
ең көп ұзындығы: 50

актіге берілген сандық немесе әріптік-сандық белгіні қамтиды

1

1.14.4. Актінің күні

YYYY-MM-DD форматындағы МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес күнді белгілеу

актінің қабылданған күніне сәйкес келеді

1

1.14.5. Актіні қабылдаған органның коды

таңбалар жолы.
Үлгі: [A-Z]{2}\.[0-9]{11}

Еуразиялық экономикалық одақ органының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің мемлекеттік билік және басқару органының кодын қамтиды

0..1

1.14.6. Актіні қабылдаған органның атауы

таңбалар жолы.
ең аз ұзындығы: 1.
ең көп ұзындығы: 300

орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптастырылады

0..1

III. Сыныптауыштың жекелеген деректемелерінің мәнін қалыптастыру қағидалары

      4. "Кеден органы белгісінің коды" деректемесі 5 элементтен тұрады және XXXXX түрге ие, ондағы әрбір элемент араб цифры болып табылады. Деректеме осы бөлімнің 5-9 тармақтарына сәйкес толтырылады.

      5. Бірінші элемент (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) кеден органының кедендік декларацияларды тіркеуге құқығы) мынадай мәндерді қабылдай алады:

      "0" – мүше мемлекеттің кеден органының кедендік декларацияларды тіркеу құқығы жоқ;

      "1" – мүше мемлекеттің кеден органы кедендік декларацияларды тіркеуге құқығы бар;

      "2" – құзыреті тауарларды кедендік ресімдеу мақсаттары үшін электрондық нысанда, оның ішінде "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісін пайдаланып, кеден органдарына мәліметтерді ұсынудың ақпараттық технологияларын пайдалана отырып декларацияланатын тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасаумен ғана шектелетін мүше мемлекеттің кеден органы.

      Әдепкі қалпы бойынша мүше мемлекеттің кеден бекеттерінде және кеден органының құрылымдық бөлімшелерінде осы элементке "1" мәні, қалғандарының барлығында "0" мәні беріледі.

      6. Кодтың екінші элементі резервтелген.

      7. Үшінші элемент (мүше мемлекеттің кеден органының АТА карнетін қолдана отырып тасымалданатын тауарлармен кедендік операциялар жасау құзыреті) мынадай мәндерді қабылдай алады:

      "0" – мүше мемлекеттің кеден органының АТА карнетін қолдана отырып тасымалданатын тауарлармен кедендік операцияларды жасауға құқығы жоқ.;

      "1" – мүше мемлекеттің кеден органының АТА карнетін қолдана отырып тасымалданатын тауарлармен кедендік операциялар жасауға құқығы бар.

      8. Төртінші элемент (мүше мемлекеттің кеден органын декларациялаудың электрондық нысанын қолдану үшін жеткілікті техникалық жарақтандырылуы бар мүше мемлекеттердің кеден органдарының және олардың құрылымдық бөлімшелерінің тізбесіне енгізу туралы ақпарат) мынадай мәндерді қабылдай алады:

      "0" – мүше мемлекеттің кеден органы осы тізбеге енгізілмеген;

      "1" – мүше мемлекеттің кеден органы осы тізбеге енгізілген.

      9. Бесінші элемент (мүше мемлекеттің кеден органын тауарларды іс жүзінде әкетуді (әкелуді) растауды жүзеге асыратын мүше мемлекеттердің кеден бекеттерінің және кеден органдары құрылымдық бөлімшелерінің тізбесіне енгізу туралы ақпарат) мынадай мәндерді қабылдай алады:

      "0" – мүше мемлекеттің кеден органы осы тізбеге енгізілмеген;

      "1" – мүше мемлекеттің кеден органы осы тізбеге ескертулерсіз енгізілген;

      "2" – мүше мемлекеттің кеден органы осы тізбеге ескертулермен енгізілген.

  Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттердің
кеден органдарының
сыныптауышына
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының сыныптауышын жүргізу ТӘРТІБІ

І. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) құқығына кіретін мынадай актілерге сәйкес әзірленді:

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт;

      "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпаратының жүйесі туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 121 "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпаратының жүйесінің ресурстары құрамына кіретін анықтамалықтар және сыныптауыштарды әзірлеу, жүргізу және қолдану әдіснамасын бекіту туралы" шешімі.

II. Қолдану аясы

      2. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының сыныптауышын (бұдан әрі тиісінше – сыныптауыш, кеден органдары, мүше мемлекеттер) жүргізу қағидаларын айқындайды.

      3. Осы Тәртіпті сыныптауыштың операторлары және Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесінің (бұдан әрі – бірыңғай жүйе) әкімшісі сыныптауышты қалыптастыру және жүргізу кезінде қолданады.

III. Негізгі ұғымдар

      4. Осы құжаттың мақсаттары үшін мүдделі тұлға деп өз қызметінде сыныптауыштан мәліметтерді пайдаланатын сыртқы экономикалық қызметке қатысушы, заңды немесе жеке тұлға түсініледі.

      Осы Тәртіпте пайдаланылатын өзге де ұғымдар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде және Одақ органдарының бірыңғай жүйені қалыптастыру және дамыту мәселелері бойынша актілерінде айқындалған мәндерде қолданылады.

IV. Сыныптауышты жүргізу қағидаттары

      5. Сыныптауышты жүргізу кеден органдары туралы мәліметтерді жүйелеу және кодтау мақсатында жүзеге асырылады.

      6. Сыныптауышты жүргізудің міндеттері болып:

      а) Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) және мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының ақпараттық жүйелеріндегі, оның ішінде жалпы процестер шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру кезінде пайдаланылатын деректердің автоматтандырылған өңделуін және үйлесімділігін қамтамасыз ету мақсатында кеден органдары туралы ақпаратты кодтау;

      б) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына және мүдделі тұлғаларға кеден органдары туралы мәліметтерді ұсыну табылады.

      7. Кеден органдары жүйелеу объектілері болып табылады.

      8. Мүше мемлекеттердің кеден органдарының сыныптауыштарын жүргізуге уәкілетті органдары сыныптауыштың операторлары болып табылады.

      9. Сыныптауыштың операторы осы Тәртіпке сәйкес өз мемлекетінің кеден органдары туралы мәліметтерді қалыптастырады және Комиссияға ұсынады.

      10. Жүйелеу объектілерін кодтау мақсаттары үшін Одақ шеңберінде жалпы біріздендірілген сыныптауыштың объектілері кодының ұзақтығы – 8 белгі белгіленеді.

      Ресей Федерациясын қоспағанда, мүше мемлекеттер үшін кодтың мынадай құрылымы белгіленеді:

      XXXYYYYY, мұнда:

      XXX – ИСО 3166-1 стандартына сәйкес елдің сандық коды;

      YYYYY – мынадай ерекшеліктерді ескере отырып қалыптастырылатын кеден органының коды:

      Армения Республикасының кеден органдары үшін кодтың 000YY түрі бар;

      Беларусь Республикасының Мемлекеттік Кеден комитеті және Беларусь Республикасының кедендері үшін кодтың YY000 түрі бар, Беларусь Республикасының кедендік ресімдеу пункттері үшін – YYYYY, мұнда алғашқы 2 белгі жоғары тұрған бөлімшенің коды болып табылады;

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, оның құрылымдық бөлімшелері, аумақтық органдары және мамандандырылған мекемелері үшін кодтың YY00 түрі бар, ал бағынысты құрылымдық бөлімшелері үшін – YYYYYY, онда алғашқы 3 белгі жоғары тұрған бөлімшенің коды болып табылады;

      Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі және Қырғыз Республикасы кедендері үшін кодтың YY000 түрі, Қырғыз Республикасының Кедендік басқару орталықтары үшін – YYY00 түрі, кедендік операцияларды жасау орындары және тауарлар кедендік рәсімдерге орналастырылатын орындар үшін – YYYYY түрі болады, онда алғашқы 3 белгі жоғарыда тұрған Кедендік басқару орталығының коды болып табылады.

      Ресей Федерациясының кеден органдары үшін елдің сандық коды пайдаланылмайды, ал кеден органының 8 таңбалы коды Федералдық кеден қызметі қабылдаған кодтау әдісіне сәйкес YYYYYYYY түрде болады.

      11. Сыныптауышқа енгізу үшін комиссияға ұсыну мақсатында мәліметтерді жүйелеу және кодтау әдістерін сыныптау операторы кодтың біріздендірілген құрылымын ескере отырып айқындайды.

      12. Кеден органы таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда тиісті позиция сыныптауыштан шығарылмайды, бірақ өзгерістер тарихын сақтау үшін бейнеленуді жалғастырады.

      13. Әртүрлі кеден органдарына бірдей кодтарды қайта беруді болдырмау мақсатында мүмкіндігінше сыныптауыштың жаңа позицияларын қалыптастыру кезінде пайдаланылмайтын таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кеден органдарының кодтарын резервтеу (сақтау) жүзеге асырылады.

      14. Сыныптау операторының бірыңғай жүйе әкімшісімен сыныптауышты қалыптастыру және жүргізу мақсатында өзара іс-қимылы "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын сыныптауыштарды қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процестің сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылы регламенттейтін технологиялық құжаттардың (бұдан әрі – технологиялық құжаттар) талаптарына сәйкес электрондық түрде жүзеге асырылады.

      15. Одаққа жаңа мемлекет қосылған жағдайда, бұл мемлекет осы Тәртіпке сәйкес сыныптауыштың Ұлттық бөлігін қалыптастыруға уәкілетті органды айқындайды, ол бірыңғай жүйенің әкімшісімен бірлесіп, осы Тәртіптің V бөлімінің 1-кіші бөліміне сәйкес қосылатын мемлекеттің кеден органдары туралы мәліметтермен сыныптауышты бастапқы толтыруды жүзеге асырады.

      16. Мүдделі тұлғалардың сыныптауыштан алынған мәліметтерге қол жеткізуі Одақтың ақпараттық порталының құралдарын пайдалана отырып, осы Тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

      17. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының сыныптауыштан алынған мәліметтерге қол жеткізуі технологиялық құжаттардың талаптарына сәйкес Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылады.

V. Сыныптауышты жүргізу

1. Сыныптауышты бастапқы толтыру

      18. Сыныптауышты бастапқы толтыру Комиссия сыныптауышты бекітетін шешім қабылдағаннан кейін технологиялық құжаттарда белгіленген мерзімде бір рет орындалады. Жаңа мемлекет одаққа қосылған жағдайда сыныптауышты бастапқы толтыру Комиссия айқындайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      19. Сыныптауышты бастапқы толтыру үшін бірыңғай жүйенің әкімшісіне мәліметтерді ұсынуды сыныптауыштың операторлары жүзеге асырады.

      20. Сыныптауышты бастапқы толтыру үшін ұсынылатын мәліметтер сыныптауышты қалыптастыру сәтінде кеден органдары туралы өзекті ақпаратты қамтуы тиіс.

      Сыныптауыштың операторы сыныптауышты бастапқы толтыру кезінде мұндай органдар туралы мәліметтерді сыныптауышқа енгізу үшін таратылған (қызметін тоқтатқан) немесе қайта ұйымдастырылған кеден органдарының тізбесін анықтай алады.

      21. Сыныптауышты алғашқы толтыруға арналған мәліметтер сыныптауыштың II бөлімінде көзделген сыныптауыштың құрылымы сипаттамасына және технологиялық құжаттарға сәйкес мынадай ерекшеліктерді ескере отырып қалыптастырылады:

      а) "Сыныптауыштың жазбасы қолданылуының басталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер" деректемесінде кеден органын құруды немесе қайта ұйымдастыруды регламенттейтін акт туралы мәліметтер, ал мұндай акт болмаған жағдайда – сыныптауыштың операторы бастапқы толтыруды орындайтын құжаттың деректемелері көрсетіледі;

      б) "Іс-әрекеттің аяқталу күні" және "Сыныптауыш жазбасының қолданылуының аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер" деректемелері осы Тәртіптің 20-тармағының екінші абзацына сәйкес таратылған (қызметін тоқтатқан) немесе қайта ұйымдастырылған кеден органы туралы мәліметтер ұсынылған кезде ғана толтырылады.

      22. Сыныптауыштың операторы сыныптауышты бастапқы толтыру үшін мәліметтерді қалыптастырады және оларды осы Тәртіпке және технологиялық құжаттарға сәйкес бірыңғай жүйенің әкімшісіне ұсынады.

      23. Бірыңғай жүйенің әкімшісі сыныптауышты бастапқы толтыру үшін мәліметтерді алуды және өңдеуді растайды.

      24. Мәліметтерде қателер болмаса, бірыңғай жүйенің әкімшісі оларды сыныптауышқа енгізуді және Одақтың ақпараттық порталында сыныптауыштың құрамында жариялауды қамтамасыз етеді.

      25. Бірыңғай жүйе әкімшісі мәліметтерде қателерді анықтаған жағдайда, сыныптауыштың операторы анықталған қателерді жояды және сыныптауышты бастапқы толтыру үшін мәліметтерді беруді қайталайды.

      26. Сыныптауышты алғашқы толтырудың нәтижесі Кеден органдары туралы мәліметтерді Одақтың ақпараттық порталында жариялау болып табылады.

2. Сыныптауышқа өзгерістер енгізу

      27. Сыныптауышқа өзгерістер енгізу үшін ұсынылатын мәліметтер сыныптауыштың II бөлімінде және технологиялық құжаттарда көзделген сыныптауыш құрылымының сипаттамасына сәйкес қалыптастырылады.

      28. Сыныптауышқа енгізу үшін ұсынылатын мәліметтерде мыналар болуы мүмкін:

      а) кеден органдарын қайта ұйымдастыруға байланысты емес кеден органының құрылуы (құру, құрылуы, қызметінің басталуы) туралы мәліметтер. Тиісті жазбаны қалыптастыру қағидалары осы Тәртіптің 29-тармағында келтірілген;

      б) сыныптауышқа енгізілетін және кеден органдарын қайта ұйымдастыруға байланысты емес өзгерістер. Тиісті жазбаларды қалыптастыру қағидалары осы Тәртіптің 30-тармағында келтірілген;

      в) сыныптауышқа енгізілген және таратылуы кеден органдарын қайта ұйымдастыруға байланысты емес кеден органының таратылуы (таратылуы, қызметін тоқтатуы) туралы мәліметтер. Тиісті жазбаны қалыптастыру қағидалары осы Тәртіптің 31-тармағында келтірілген;

      г) қайта санау нысанында кеден органының қайта ұйымдастырылуына байланысты сыныптауышқа енгізілетін өзгерістер. Тиісті жазбаларды қалыптастыру қағидалары осы Тәртіптің 32-тармағында келтірілген;

      д) нәтижесінде кеден органы құрылатын және өкілеттіктері құрылған кеден органына толығымен берілетін бірнеше кеден органдарының қызметі тоқтатылатын кеден органдарын біріктіру (бірігу) нысанында қайта ұйымдастыруға байланысты сыныптауышқа енгізілетін өзгерістер. Тиісті жазбаларды қалыптастыру қағидалары осы Тәртіптің 33-тармағында келтірілген;

      е) нәтижесінде өкілеттіктері өз қызметін жалғастырушы кеден органына берілетін бір немесе бірнеше кеден органдарының қызметі тоқтатылатын қосылу нысанында кеден органдарын қайта ұйымдастыруға байланысты сыныптаушқа енгізілетін өзгерістер. Тиісті жазбаларды қалыптастыру қағидалары осы Тәртіптің 34-тармағында келтірілген;

      ж) нәтижесінде кеден органының қызметі тоқтатылатын, ал оның өкілеттіктері құрылатын бірнеше кеден органына берілетін бөлу нысанында кеден органдарын қайта ұйымдастыруға байланысты сыныптаушқа енгізілетін өзгерістер. Тиісті жазбаларды қалыптастыру қағидалары осы Тәртіптің 35-тармағында келтірілген;

      з) нәтижесінде кеден органының қызметі тоқтатылмайтын, ал оның өкілеттіктерінің бір бөлігі құрылатын бір немесе бірнеше кеден органына берілетін бөлініп шығу нысанында кеден органдарын қайта ұйымдастыруға байланысты сыныптауышқа енгізілетін өзгерістер. Тиісті жазбаларды қалыптастыру қағидалары осы Тәртіптің 36-тармағында келтірілген.

      29. Сыныптауышта олар туралы мәліметтер жоқ кеден органы туралы және оған бағынысты кеден органдары (болған жағдайда) туралы мәліметтерді енгізу мақсатында осындай кеден органдарының әрқайсысы үшін мынадай қағидаларға сәйкес жазба жасалады:

      а) "Кеден органының коды" деректемесінің мәні сыныптауыштың қолданыстағы жазбаларындағы осы деректеменің мәнімен сәйкес келмеуі тиіс;

      б) "Іс-әрекеттің басталу күні" және "Сыныптауыштың жазбасы іс-әрекетінің басталуын реттейтін акт туралы мәліметтер" деректемелері толтырылуы тиіс;

      в) сыныптауышта немесе ұсынылатын мәліметтерде тиісті кеден органы тікелей бағынатын қолданыстағы кеден органы туралы жазба болуға тиіс.

      30. Сыныптауышқа кеден органдарын қайта ұйымдастыруға байланысты емес өзгерістерді енгізу мақсатында 2 жазба қалыптастырылады:

      а) бірінші жазба сыныптауыштың өзгертілетін жазбасы туралы мәліметтерден тұрады және келесі қағидаларға сәйкес қалыптастырылады:

      барлық деректемелердің мәндері ("Іс-әрекеттің аяқталу күні" және "Сыныптауыштың жазбасының қолданылуының аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер" деректемелерін қоспағанда) өзгертілетін жазбаның мәндеріне сәйкес келуі тиіс;

      "Іс-әрекеттің аяқталу күні" деректемесінде өзгертілетін жазба қолданылатын және сыныптауыштың өзгертілетін жазбасының әрекетінің аяқталу күніне сәйкес келетін күн (қоса алғанда) болуы тиіс. Іс-әрекеттің аяқталу күні "Іс-әрекеттің басталу күні" деректемесінде көрсетілген күннен бұрын бола алмайды және егер сыныптауышқа енгізілген кеден органы туралы мәліметтер 1 күнтізбелік күн ішінде жарамды болса не егер сыныптауышқа енгізілген мәліметтердің іс-әрекеті басталғанға дейін олар сыныптауышқа енгізілген актіге өзгерістер енгізілсе, онымен сәйкес келуі мүмкін;

      "Сыныптауыштың жазбасының қолданылуының аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер" деректемесінде оған сәйкес кеден органы туралы мәліметтер өзгертілетін акт туралы мәліметтерді қамтуы тиіс;

      б) екінші жазбада кеден органы туралы өзгертілген мәліметтер болады және мынадай қағидаларға сәйкес қалыптастырылады:

      деректемелердің мәндері кеден органы туралы өзгертілген мәліметтерді қамтуы тиіс, бұл ретте "Кеден органының коды" деректемесінің мәні өзгертілетін жазбаның "Кеден органының коды" деректемесінің мәніне сәйкес келуі тиіс;

      "Іс-әрекеттің басталу күні" деректемесінде кеден органы туралы мәліметтерге Енгізілген өзгерістер қолданылатын күн болуға тиіс. Әрекеттің басталу күні өзгертілетін жазбаның "Іс-әрекеттің аяқталу күні" деректемесінде көрсетілген күннен кеш болуы тиіс;

      "Сыныптауыштың жазбасы қолданылуының басталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер" деректемесінде оған сәйкес кеден органы туралы мәліметтер өзгертілетін акт туралы мәліметтер көрсетіледі.

      31. Кеден органын, сондай-ақ оған бағынысты кеден органдарын (бар болса) тарату (тарату, қызметін тоқтату) туралы мәліметтерді ұсыну мақсатында осындай кеден органдарының әрқайсысы үшін мынадай қағидаларға сәйкес жазба жасалады:

      а) барлық деректемелердің мәндері ("Іс-әрекеттің аяқталу күні" және "Сыныптауыштың жазбасының қолданылуының аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер" деректемелерін қоспағанда) таратылатын кеден органы туралы жазбаның мәндеріне сәйкес келуі тиіс;

      б) "Іс-қимылдың аяқталу күні" деректемесінде оған дейін (қоса алғанда) өзгертілетін жазба қолданылатын және сыныптауыш жазбасының іс-қимылы аяқталу күніне сәйкес келетін кеден органы таратылған күн болуы тиіс. Іс-қимылдың аяқталу күні "Іс-қимылдың басталу күні" деректемесінде көрсетілген күннен бұрын бола алмайды және егер сыныптауышқа енгізілген кеден органы туралы мәліметтер 1 күнтізбелік күн ішінде жарамды болса, не егер сыныптауышқа енгізілген мәліметтердің іс-қимылы басталғанға дейін олар сыныптауышқа енгізілген актіге өзгерістер енгізілсе, онымен сәйкес келуі мүмкін;

      в) "Сыныптауыштың жазбасының қолданылуының аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер" деректемесінде оған сәйкес кеден органы таратылатын акт туралы мәліметтер көрсетіледі.

      32. Кеден органын қайта құру туралы мәліметтерді беру мақсатында оны қайта бағындыру нысанында мынадай қағидаларға сәйкес 2 жазба (кеден органын құру туралы және кеден органының қызметін тоқтату туралы) қалыптастырылады:

      а) құрылатын кеден органы үшін осы Тәртіптің 29-тармағына сәйкес жазба жасалады. Бұл ретте "Кеден органының ескі коды (қайта ұйымдастыруға дейін қолданыста болған)" деректемесінде қайта бағындыруға дейін қолданыста болған кеден органының коды болуы тиіс;

      б) қызметі тоқтатылатын кеден органы үшін осы Тәртіптің 31-тармағына сәйкес жазба қалыптастырылады. Бұл ретте "Кеден органының жаңа 8 таңбалы коды (қайта ұйымдастыру кезінде)" деректемесінде қайта бағындыру нәтижесінде берілген кеден органының коды болуы тиіс.

      33. Кеден органдарын біріктіру (бірігу) нысанында қайта құру туралы мәліметтерді ұсыну мақсатында мынадай қағидаларға сәйкес жазбалар жасалады:

      а) құрылатын кеден органы үшін осы Тәртіптің 29-тармағына сәйкес жазба жасалады. Бұл ретте "Кеден органының ескі коды (қайта ұйымдастырылғанға дейін қолданыста болған)" деректемесінің даналарында қызметі тоқтатылатын кеден органдарының кодтары болуға тиіс;

      б) қайта бағындырылатын әрбір кеден органы үшін осы Тәртіптің 32-тармағына сәйкес жазбалар қалыптастырылады;

      в) қызметі тоқтатылатын әрбір кеден органы үшін осы Тәртіптің 31-тармағына сәйкес жазба қалыптастырылады. Бұл ретте "Кеден органының жаңа 8 таңбалы коды (қайта ұйымдастыру кезінде)" деректемесінде құрылатын кеден органының коды болуы тиіс.

      34. Кеден органдарын қайта ұйымдастыру туралы мәліметтерді ұсыну мақсатында қосылу нысанында мынадай қағидаларғаларға сәйкес жазбалар жасалады:

      а) кеден органдарының өкілеттіктері берілетін кеден органы үшін осы Тәртіптің 30-тармағына сәйкес жазбалар қалыптастырылады. Бұл ретте "Кеден органының ескі коды (қайта ұйымдастырылғанға дейін қолданыста болған)" деректемесінің даналарында қызметі тоқтатылатын кеден органдарының кодтары болуға тиіс;

      б) әрбір қайта бағындырылатын кеден органы үшін осы Тәртіптің 32-тармағына сәйкес жазбалар қалыптастырылады;

      в) қызметі тоқтатылатын әрбір кеден органы үшін осы Тәртіптің 31-тармағына сәйкес жазба қалыптастырылады. Бұл ретте "Кеден органының жаңа 8 таңбалы коды (қайта ұйымдастыру кезінде)" деректемесінде өкілеттіктер берілетін кеден органының коды болуы тиіс.

      35. Кеден органдарын бөлу нысанында қайта ұйымдастыру туралы мәліметтерді ұсыну мақсатында мынадай қағидаларға сәйкес жазбалар қалыптастырылады:

      а) құрылатын әрбір кеден органы үшін осы Тәртіптің 29-тармағына сәйкес жазба жасалады. Бұл ретте "Кеден органының ескі коды (қайта ұйымдастырылғанға дейін қолданыста болған)" деректемесінде қызметі тоқтатылатын кеден органының коды болуы тиіс.;

      б) әрбір қайта бағындырылатын кеден органы үшін осы Тәртіптің 32-тармағына сәйкес жазбалар қалыптастырылады.;

      в) қызметі тоқтатылатын кеден органы үшін осы Тәртіптің 31-тармағына сәйкес жазба қалыптастырылады. Бұл ретте Кеден органының жаңа 8 таңбалы коды (қайта ұйымдастыру кезінде)" деректемесінің даналарында құрылатын кеден органдарының кодтары болуға тиіс.

      36. Кеден органдарын бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру туралы мәліметтерді ұсыну мақсатында мынадай қағидаларға сәйкес жазбалар жасалады:

      а) өкілеттігі берілетін кеден органы үшін осы Тәртіптің 30-тармағына сәйкес сыныптауышқа өзгерістер енгізу туралы жазбалар қалыптастырылады. Бұл ретте "Кеден органының жаңа 8 таңбалы коды (қайта ұйымдастыру кезінде)" деректемесінің даналарында құрылатын кеден органдарының кодтары болуы тиіс;

      б) құрылатын әрбір кеден органы үшін осы Тәртіптің 29-тармағына сәйкес жазба жасалады. Бұл ретте "Кеден органының ескі коды (қайта ұйымдастырылғанға дейін қолданыста болған)" деректемесінде өкілеттігі осы кеден органына берілген кеден органының коды болуы тиіс;

      в) әрбір қайта бағындырылатын кеден органы үшін осы Тәртіптің 32-тармағына сәйкес жазбалар қалыптастырылады.

      37. Сыныптауыштың операторы сыныптауышқа өзгерістер енгізу үшін мәліметтерді қалыптастырады және оларды осы Тәртіпке және технологиялық құжаттарға сәйкес бірыңғай жүйенің әкімшісіне ұсынады.

      38. Бірыңғай жүйенің әкімшісі өзгерістер сыныптауышына енгізу үшін мәліметтерді алуды және өңдеуді растайды.

      39. Мәліметтерде қателер болмаса, бірыңғай жүйенің әкімшісі оларды сыныптауышқа енгізуді және Одақтың ақпараттық порталында сыныптауыштың құрамында жариялауды алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей қамтамасыз етеді.

      40. Бірыңғай жүйе әкімшісі мәліметтерде қателерді анықтаған жағдайда сыныптау операторы анықталған қателерді жояды және сыныптауышқа өзгерістер енгізу үшін мәліметтерді беруді қайталайды.

      41. Сыныптауышқа өзгерістер енгізудің нәтижесі Одақтың ақпараттық порталында кеден органдары туралы өзгертілген мәліметтерді жариялау болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады