Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 93-бабына және 303-бабының 6-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім 2020 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 14 қазандағы № 181 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 7 қарашадағы № 134 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілуіне және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінуіне байланысты кедендік операциялар жасау тәртібінде:
а) 2-тармақтың "в" тармақшасында "іс жүзінде кететін Одақ тауарларының санын және оларды сәйкестендіру тәсілін (егер сәйкестендіру жүзеге асырылса) көрсете отырып, тауарлардың жүру жолы туралы ақпаратты қамтитын хабарламаны кеден органының ақпараттық жүйесіне электрондық түрде қалыптастырады" деген сөздер "Қосымшаға сәйкес тізбе бойынша мәліметтерді көрсете отырып, тауарлардың жүру жолы (бұдан әрі – электрондық жүру жолы) туралы ақпаратты қамтитын хабарламаны кеден органының ақпараттық жүйесіне электрондық түрде қалыптастырады." деген сөздермен ауыстырылып, сөйлемнің басына орналастырылсын, "Одақтың" деген сөздің алдына "Көрсетілген хабарлама" деген сөздермен толықтырылып, "бағыт алған" деген сөздер "жолданады." деген сөзбен ауыстырылсын;
б) 3-тармақ екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірін көрсете отырып тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкету (тауарларды экспорттың кедендік рәсіміне сәйкес шығару) туралы сұрау салуды кеден органының ақпараттық жүйесінде электрондық түрде қалыптастырады, ол кету орнында орналасқан кеден органына және қажет болған кезде кедендік шығару органына (егер келу орнында орналасқан кеден органында электрондық жүру жолы болмаған жағдайда) жіберіледі.";
в) 4-тармақта:
бірінші абзацта "үшінші" деген сөз "төртінші" деген сөзбен ауыстырылсын;
"а" тармақшасындағы "тауарлардың жүру жолы туралы ақпаратты қамтитын хабарламаны" деген сөздер "электрондық жүру жолын" деген сөздермен ауыстырылсын";
г) 5-тармақта "үшінші" деген сөз "төртінші" деген сөзбен ауыстырылсын;
д) мынадай мазмұндағы 7 – 9 тармақтармен толықтырылсын:
"7. Егер осы Тәртіптің 2-тармағы "б" тармақшасына сәйкес Одақ тауарларының Одақтың кедендік аумағынан кетуіне арналған рұқсат ресімделгеннен кейін немесе осы Тәртіптің 3 және 4-тармақтарында көрсетілген әрекеттер жасалғаннан кейін электрондық жүру жолында қамтылған және осындай рұқсатты алу үшін не оларды кету орнына жеткізу үшін Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының екінші бөлігіне тасылатын (тасымалданатын) тауарлар Одақтың кедендік аумағына келген кезде ұсынылған құжаттардағы мәліметтер арасында алшақтықтар анықталған жағдайда, аумағында кету орны немесе тиісінше келу орны орналасқан Одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті кеден органының лауазымды адамы электрондық жүру жолын түзету туралы не түзетуден бас тарту туралы (себептерін көрсете отырып) шешім қабылдайды.
Электрондық жүру жолын түзету туралы шешім қабылданған кезде көрсетілген лауазымды адам тиісті өзгерістер қамтылған, шығару кеден органына және келу орнында немесе сәйкесінше кету орнында орналасқан кеден органына жіберілетін хабарламаны кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, электрондық түрде қалыптастырады.
8. Келу орнында орналасқан кеден органына, шығару кеден органына, сондай-ақ кету орнында орналасқан кеден органына (егер мұндай хабарламаны өзге кеден органы қалыптастырған жағдайда) жіберілетін электрондық жүру жолын жою туралы (себептерін көрсете отырып) хабарламаны кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, қалыптастыру электрондық түрде:
а) кету орнында орналасқан кеден органының лауазымды адамы мынадай жағдайларда:
кетуге рұқсат ресімделгеннен кейін кету орнынан кетпеген тауарлар Одақтың кедендік аумағына қайтарылуға немесе уақытша сақтауға орналастырылуға жататын жағдайда;
Кодекстің 96-бабы 1-тармағында көрсетілген жағдайда, тасымалдаушы Кодекстің 96-бабының 1-тармағында айқындалған әрекеттерді жасағаннан кейін (кету орнында орналасқан кеден органына хабарлау кезінде тауарларды кету орнынан Одақтың кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өту орнына дейін жеткізуге кедергі келтіретін мән-жайлар туралы, осындай мән-жайларды растайтын фотосуреттерді, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдарға сілтемелерді, "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде орналастырылған материалдарды (бар болған кезде) ұсынуды қоса алғанда);
б) аумағында кету орны орналасқан Одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті кеден органының лауазымды адамы мынадай:
тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірін қате көрсету фактісі анықталған;
аталған кеден органы электрондық жүру жолы Одақтың кедендік аумағынан шықпаған тауарларға қатысты қалыптастырылғанын анықтаған жағдайларда жүзеге асырылады.
9. Аумағында кету орны орналасқан Одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті кеден органы электрондық жүріп өтудің күшін жойған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей, аумағында шығарушы кеден органы орналасқан Одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті кеден органына күшін жою туралы ақпаратты жазбаша түрде жібереді.";
е) мынадай мазмұндағы қосымшамен толықтырылсын:
Тауарлардың жүру жолы туралы ақпаратты қамтитын хабарламада көрсетілетін мәліметтер ТІЗБЕСІ
1. Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) тауарлары оған сәйкес экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылған және оларды кету орнына жеткізу үшін Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының екінші бөлігіне тасылатын (тасымалданатын) тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірі.
2. Экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылған Одақ тауарларының реттік нөмірлері.
3. Одақ тауарларының атаулары.
4. Іс жүзінде кететін Одақ тауарларының саны (брутто салмағы (кг)).
5. Құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес көліктік (тасымалдау) құжаттың коды.
6. Көліктік (тасымалдау) құжаттың нөмірі (егер көліктік (тасымалдау) құжаттың нөмірі жоқ болса, "н/ж" деген белгі қойылады).
7. Көліктік (тасымалдау) құжаттың күні (егер көліктік (тасымалдау) құжаттың күні жоқ болса, мәліметтер көрсетілмейді).
8. Шекарадағы көлік құралының тіркеу нөмірі.
9. Одақ тауарларын сәйкестендіру тәсілі (егер сәйкестендіру жүзеге асырылса).
10. Одақ тауарларының кету күні (тауарлардың Одақтың кедендік аумағынан кетуіне рұқсатты ресімдеу туралы шешім қабылданған күн) (автоматты түрде қалыптастырылады және кеден органы лауазымды адамының түзетуіне жатпайды).
11. Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қалыптастырылған Одақ тауарларының Одақтың кедендік аумағынан кетуіне рұқсаттың тіркеу нөмірі.
12. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының сыныптауышына сәйкес Одақтың тауарларының Одақтың кедендік аумағынан кету орнында орналасқан кеден органының коды (автоматты түрде қалыптастырылады және кеден органы лауазымды адамының түзетуіне жатпайды).
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 7 ақпандағы № 25 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың іс жүзінде әкетілуін растау тәртібінде:
а) 29-тармақты қоспағанда, мәтін бойынша "тиісті мүше мемлекетте қолданылатын" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің" деген сөздермен ауыстырылсын, "кедендік рәсімге орналастырылған" деген сөздер "кедендік рәсімге орналастырылған не керек-жарақтар ретінде шығарылған" деген сөздермен ауыстырылсын, "кедендік рәсімге орналастырылған тауар" деген сөздер "кедендік рәсімге орналастырылған не керек-жарақтар ретінде шығарылған тауар" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 1-тармақта:
"көрсетілген кедендік рәсімдердің біріне сәйкес" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Осы Тәртіп, егер тауарларды керек-жарақтар ретінде кедендік декларациялауды электрондық құжат түрінде тауарларға арналған декларацияны пайдалана отырып жүзеге асырған жағдайда, көрсетілген кеден органдары бір мемлекеттің аумағында орналасқан жағдайда, кету орнының кеден органы шығарушы кеден органына іс жүзінде тауарларды әкетуді растау кезінде де қолданылады.";
в) 2-тармақтың жетінші және сегізінші абзацтары "орналастырылған" деген сөзден кейін "не керек-жарақтар ретінде шығарылған" сөздермен толықтырылсын;
г) 3-тармақтың екінші абзацында "Үкіметі жанындағы" деген сөздер алып тасталсын;
д) 7-тармақ "орналастырылған" деген сөзден кейін "не керек-жарақтар ретінде шығарылған" сөздермен толықтырылсын;
е) 8-тармақтың "а" тармақшасы "орналастырылған" деген сөзден кейін "не керек-жарақтар ретінде шығарылған" сөздермен толықтырылсын;
ж) 11-тармақта:
"д" тармақшасында "кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын" деген сөздер алып тасталсын;
"м" тармақшасында "кедендік рәсімге орналастырылған тауардың 10 мәндік сыныптау коды" деген сөздер "кедендік рәсімге орналастырылған не керек-жарақтар ретінде шығарылған тауардың тауардың 10 мәндік коды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"у" тармақшасының бірінші абзацында "кедендік рәсімге орналастырылған" деген сөздер "кедендік рәсімге орналастырылған не керек-жарақтар ретінде шығарылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
"х" тармақшасы "не тауарлар керек-жарақтар ретінде шығарылған жағдайда "00" коды" деген сөздермен толықтырылсын;
з) 12-тармақтың "г" тармақшасында "кедендік рәсімге орналастырылған тауардың 10 мәндік сыныптау коды" деген сөздер "кедендік рәсімге орналастырылған не керек-жарақтар ретінде шығарылған тауардың тауардың 10 мәндік коды" деген сөздермен ауыстырылсын;
и) 14-тармақта:
бірінші абзацта "ал осы Тәртіптің 31-тармағының бірінші абзацында көрсетілген жағдайда –" және "қамтитын электрондық өткізуді" деген сөздер алып тасталсын;
"в" тармақшасында "сыныптау" деген сөз алынып тасталсын;
"з" тармақшасында "кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын" деген сөздер алып тасталсын;
"п" тармақшасында "кету журналы бойынша" деген сөздер "мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қалыптастырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
к) мынадай мазмұндағы 141-тармақпен толықтырылсын:
"141. Кері экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылған көп айналымды ыдысқа (цистерналар, контейнерлер, клеттер, поддондар, канистрлер және т.б.) қатысты, егер тауарлар декларациясы ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар пайдаланылған жағдайда, кету орнындағы кедендік органның лауазымды тұлғасы электрондық сұрау салуды жолдамай мынадай мәліметтерді қамтитын электрондық растауды қалыптастырады:
а) тауарлар декларациясының тіркеу нөмірі;
б) ескертуде:
"егер кедендік рәсімге орналастырылған тауар толығымен әкетілген болса – 0/х", "Х" орнына транзиттік декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;
"егер кедендік рәсімге орналастырылған тауар толығымен әкетілмеген болса – 1 көрсетіледі;
в) тауардың сипаттамасы (мысалы, цистерналар, контейнерлер, клеттер, поддондар, канистрлер және т.б.) (ескертуде "1" мәні көрсетілген жағдайда толтырылады);
г) кедендік рәсімге орналастырылған тауардың реттік нөмірі (ескертуде "1" мәні көрсетілген жағдайда толтырылады);
д) ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауардың 10 мәндік коды (бос орынсыз көрсетіледі) (ескертуде "1" мәні көрсетілген жағдайда толтырылады);
е) тауардың брутто салмағы (кг) (ескертуде "1" мәні көрсетілген жағдайда толтырылады);
ж) өлшем бірліктерінің сыныптауышына сәйкес қосымша өлшем бірлігінің коды (бар болған жағдайда) (ескертуде "1" мәні көрсетілген жағдайда толтырылады);
з) қосымша өлшем бірліктеріндегі тауар саны (бар болған жағдайда) (ескертуде "1" мәні көрсетілген жағдайда толтырылады);
и) құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес кету кезіндегі көліктік (тасымалдау) құжаттың коды (ескертуде "1" мәні көрсетілген жағдайда толтырылады);
к) кету кезіндегі көліктік (тасымалдау) құжаттың нөмірі. Егер көліктік (тасымалдау) құжаттың нөмірі болмаса, "н/ж" деген белгі қойылады (ескертуде "1" мәні көрсетілген жағдайда толтырылады);
л) кету кезіндегі көліктік (тасымалдау) құжаттың күні (ескертуде "1" мәні көрсетілген жағдайда толтырылады). Егер көліктік (тасымалдау) құжаттың күні болмаса, мәліметтер көрсетілмейді;
м) тауардың кету күні (тауарлардың Одақтың кедендік аумағынан кетуіне рұқсаттама рәсімдеу туралы шешім қабылданған күн) (автоматты түрде қалыптастырылады және осы кеден органының лауазымды тұлғасының түзетуіне жатпайды);
н) тауардың кету уақыты (тауарлардың Одақтың кедендік аумағынан кетуіне рұқсаттама рәсімдеу туралы шешім қабылданған уақыт) (автоматты түрде қалыптастырылады және осы кеден органының лауазымды тұлғасының түзетуіне жатпайды);
о) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қалыптастырылған, тауарлардың Одақтың кедендік аумағынан кетуіне рұқсаттың тіркеу нөмірі.";
л) 22-тармақтың "г" тармақшасында "кету журналы бойынша" деген сөздер "мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қалыптастырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
м) 25-тармақтың "б" тармақшасы "жағдайда" деген сөзден кейін "сондай-ақ, егер мүше мемлекеттің орталық кеден органы Одақтың кедендік аумағынан кетпеген тауарларға қатысты іс жүзінде әкетуді растау жүзеге асырылғанын анықтаған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
н) 27-тармақта:
"б" тармақшасында "кету журналы бойынша" деген сөздер "мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қалыптастырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
"и" тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"тауарлар Одақтың кедендік аумағынан кетпеді.";
о) 28-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мүше мемлекеттің орталық кеден органы, кету орнындағы кеден органы немесе электрондық күшін жоюды қалыптастырған уәкілетті кеден органы Одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті кеден органы электрондық жүріп өтудің күшін жойған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей, аумағында шығарушы кеден органы орналасқан Одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті кеден органына күшін жою туралы ақпаратты жазбаша түрде жібереді.
"Мүше мемлекеттің орталық кеден органы, кету орнындағы кеден органы немесе электрондық жоюды қалыптастырған уәкілетті кеден органы тауарлардың Одақтың кедендік аумағынан кетуіне рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей күшін жою туралы ақпаратты кеден органы тауарларды шығаруды жүзеге асырған мүше мемлекеттің орталық кеден органына жазбаша түрде жібереді.";
п) 30-тармақта "8 – 20-тармақтарында" деген сөздер "8 – 14 және 15 – 20-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
р) 31-тармақта:
бірінші абзацта ", соның ішінде осы Тәртіптің 14-тармағында көрсетілген мәліметтер көлемінде электрондық өткізуді қалыптастырады" деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацта "8 – 20-тармақтарында" деген сөздер "8 – 14 және 15 – 20-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын.
с) "орналастырылған" деген сөзден кейін "не керек-жарақтар ретінде шығарылған" сөздермен толықтырылсын;
т) 34-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"осы тәртіптің 1-тармағында көрсетілген кедендік рәсімдердің біріне орналастырылған не керек-жарақтар ретінде шығарылған тауарларды кедендік декларациялау фактісін тексереді.".