Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен өткізілетін тауарлардың жекелеген санаттарының келуі және кетуі кезінде кедендік операцияларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырмай жасаудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 7 қарашадағы № 134 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 303-бабының 3-тармағына, 5-тармағының 1-тармақшасына және 6-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған:

      Еуразиялық экономикалық одақ тауарларын және шетелдік тауарлардың жекелеген санаттарын Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы немесе теңізбен тасымалдау кезінде олардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы кеден органына хабарланғаннан кейін кедендік операциялар жасау, сондай-ақ ондай тауарлардың мәртебесін растау тәртібі;

      Еуразиялық экономикалық одақтың экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуіне байланысты кедендік операциялар жасау тәртібі бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 7 қарашадағы
№134 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақ тауарларын және шетелдік тауарлардың жекелеген
санаттарын Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері болып табылмайтын
мемлекеттердің аумағы арқылы немесе теңізбен тасымалдау кезінде олардың
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы кеден органына
хабарланғаннан кейін кедендік операциялар жасау, сондай-ақ ондай тауарлардың
мәртебесін растау тәртібі

      1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – Одақ) тауарларын және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 302-бабының 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларды (бұдан әрі – тауарлар) Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы немесе теңізбен тасымалдау кезінде тиісінше әуе кемесінің Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағына мәжбүрлі қонуы (бұдан әрі – мәжбүрлі қону), оның ішінде тасымалданатын тауарларды түсіру, қайта тиеу (қайта аудару) және өзге де жүк операциялары жасалған қонуы не аварияның, еңсерілмес күш әрекетінің не өзге де мән-жайлардың салдарынан әуе кемесінің Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің портына кіруі, оның ішінде тасымалданатын тауарларды түсіру, қайта тиеу (қайта аудару) және өзге де жүк операциялары жасалған кіруі (бұдан әрі – портқа кіру) болған олардың Одақтың кедендік аумағына келуі туралы кеден органына хабарланғаннан кейін жасалатын кедендік операцияларды, осы операциялар жасалған мерзімді, сондай-ақ осындай тасымалдау кезінде тауарлардың мәртебесін растау тәртібін айқындайды.

      2. Тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келуі орнында (бұдан әрі – келу орны) орналасқан кеден органына тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабарлағаннан кейін, осы Тәртіптің 1-тармағында көрсетілген жағдайларда тасымалдаушы не Кодекстің 83-бабында көрсетілген өзге де тұлға (бұдан әрі – тұлға) осындай хабарлама тіркелген сәттен бастап жұмыс уақытының 3 сағатынан кешіктірмей осы кеден органына электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде:

      а) тауарлар Одақтың кедендік аумағына оларға сәйкес келген көліктік (тасымалдау) құжаттарын (бұдан әрі – көліктік (тасымалдау) құжаттары);

      б) Одақтың мүшесі болып табылмайтын, аумағында мәжбүрлі қону немесе портқа кіру жасалған мемлекеттің мемлекеттік органы берген, тиісінше осындай қонуды немесе осындай кіруді растайтын құжатты (оның тұлға куәландырған көшірмесін);

      в) мәжбүрлі қону немесе портқа кіру нәтижесінде тауарлар санының және (немесе) сапасының өзгерісін растайтын құжатты (оның тұлға куәландырған көшірмесін) ұсынады.

      3. Тауарлардың Кодекстің 302-бабының 4-тармағында көрсетілген Одақ тауарлары немесе шетелдік тауарлар ретіндегі мәртебесін растау үшін, егер мұндай тауарларды Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы немесе теңізбен тасымалдау кезінде тиісінше мәжбүрлі қону немесе портқа кіру болған жағдайда, келу орнында орналасқан кеден органы іс жүзінде келген тауарларға қатысты олардың Осы Тәртіптің 2-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі мәніне кедендік бақылау жүргізеді.

      Кедендік бақылау аяқталғанға дейін, оның ішінде тұлғаның қосымша құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынуы қажеттігіне байланысты оны жүргізу мерзімінің ұзартылуын ескергенде, тауарлар келу орнында орналасқан кедендік бақылау аймағында немесе келу орнында орналасқан кеден органы көрсеткен өзге де жерде болады.

      4. Егер осы Тәртіптің 3-тармағының бірінші абзацында көрсетілген кедендік бақылау жүргізудің нәтижелері бойынша тауардың мәртебесі расталған жағдайда, келу орнында орналасқан кеден органының лауазымды тұлғасы мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ осындай кедендік бақылау жүргізу нәтижелері ресімделген сәттен бастап кеден органының жұмыс уақытының 3 сағатынан кешіктірмей:

      а) тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келуі ол пайдаланыла отырып тіркелген кеден органының ақпараттық жүйесінде "Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары ретіндегі мәртебесі расталды" немесе "Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 302-бабының 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарлар ретіндегі мәртебесі расталды" деген мәліметтерді қамтитын ақпаратты қалыптастырады;

      б) көліктік (тасымалдау) құжаттарына "Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары ретіндегі мәртебесі расталды" немесе "Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 302-бабының 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарлар ретіндегі мәртебесі расталды" деген белгі соғады және мұндай белгіні кеден органы лауазымды тұлғасының қолтаңбасымен және жеке нөмірлік мөрінің бедерімен куәландырады (егер бұл құжаттар қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда);

      в) осы тармақтың "б" тармақшасында көрсетілген белгілері бар көліктік (тасымалдау) құжаттарының, сондай-ақ осы Тәртіптің 2-тармағының "б" және "в" тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін, оларды кеден органының іс қағаздарында сақтау үшін жасайды (қажет болған кезде) (егер бұл құжаттар қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда);

      г) тауарлар мәртебесінің расталғаны туралы ақпаратты қамтитын электрондық құжатты қалыптастырады және оны кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып тұлғаға жібереді не осы тармақтың "б" тармақшасында көрсетілген белгілері бар көліктік (тасымалдау) құжаттарын қайтарады (егер бұл құжаттар қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда).

      5. Егер тұлға осы Тәртіптің 2-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған немесе осы Тәртіптің 3-тармағына сәйкес кедендік бақылау жүргізудің нәтижелері бойынша келген тауарлар атауының және (немесе) өзге де сәйкестендіру белгілерінің (сипаттамаларының) көліктік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеуі анықталған не Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағымен немесе теңізбен жүруі жолында тауарларға қатысты қандай да бір құқыққа қарсы әрекеттердің (ауыстыру, санының (сапасының) өзгеруі және т.б.) жасалғаны анықталған жағдайда, келу орнында орналасқан кеден органының лауазымды тұлғасы мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ осындай кедендік бақылау жүргізу нәтижелері ресімделген сәттен бастап кеден органының жұмыс уақытының 3 сағатынан кешіктірмей:

      а) тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келуі ол пайдаланыла отырып тіркелген кеден органының ақпараттық жүйесінде "Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары ретіндегі мәртебесі расталмады" немесе "Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 302-бабының 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарлар ретіндегі мәртебесі расталмады" деген мәліметтерді қамтитын ақпаратты қалыптастырады;

      б) көліктік (тасымалдау) құжаттарына "Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары ретіндегі мәртебесі расталмады" немесе "Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 302-бабының 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарлар ретіндегі мәртебесі расталмады" деген белгі соғады және мұндай белгіні кеден органы лауазымды тұлғасының қолтаңбасымен және жеке нөмірлік мөрінің бедерімен куәландырады (егер бұл құжаттар қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда);

      в) осы тармақтың "б" тармақшасында көрсетілген белгілері бар көліктік (тасымалдау) құжаттарының, сондай-ақ осы Тәртіптің 2-тармағының "б" және "в" тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін, оларды кеден органының іс қағаздарында сақтау үшін жасайды (қажет болған кезде) (егер бұл құжаттар қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда);

      г) тауарлардың мәртебесінің расталмағаны туралы ақпаратты қамтитын электрондық құжатты қалыптастырады және оны кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып тұлғаға жібереді не осы тармақтың "б" тармақшасында көрсетілген белгілері бар көліктік (тасымалдау) құжаттарын қайтарады (егер бұл құжаттар қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда).

      6. Осы Тәртіптің 5-тармағының бірінші абзацында көрсетілген жағдайларда, тауарлар мәртебесінің расталмағаны туралы ақпаратты қамтитын электрондық құжат, не осы Тәртіптің 5-тармағының "б" тармақшасында көрсетілген белгілері бар көліктік (тасымалдау) құжаттары кеден органынан алынған сәттен бастап кеден органының жұмыс уақытының 3 сағаты ішінде тұлға тауарларға қатысты Кодекстің 88-бабының 5-тармағына сәйкес кедендік операция жасауға тиіс.

      7. Тұлғаның осы Тәртіптің 4-тармағының "г" тармақшасында көзделген тауар мәртебесінің расталғаны туралы ақпаратты қамтитын электрондық құжатты немесе осы Тәртіптің 4-тармағының "б" тармақшасында көрсетілген белгілері бар көліктік (тасымалдау) құжаттарын алуы тауарлардың келу орнында орналасқан кедендік бақылау аймағынан немесе осы Тәртіптің 3-тармағының екінші абзацына сәйкес тауарлар болған өзге де орыннан кеткенінің негіздемесі болып табылады.

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 7 қарашадағы
№134 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылған
тауарларының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне және
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуіне байланысты кедендік
операциялар жасау тәртібі

      1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) кедендік аумағынан кету орнына (бұдан әрі – кету орны) жеткізу үшін Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының екінші бөлігіне көліктің кез келген түрімен тасылатын (тасымалданатын), кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырмай тасуға (тасымалдауға) жататын экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылған Одақ тауарларының (бұдан әрі – Одақ тауарлары) Одақтың кедендік аумағынан кетуіне және олардың Одақтың кедендік аумағына келуіне байланысты кедендік операцияларды жасау дәйектілігін айқындайды.

      2. Тасымалдаушы немесе Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 92-бабының 7 және 8-тармақтарында көрсетілген өзге де тұлғалар (бұдан әрі тиісінше – Кодекс, тұлға) Кодекстің 92-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген кедендік операцияларды жасағаннан кейін Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен кету орнына жеткізу үшін Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының екінші бөлігіне тасылатын (тасымалданатын) Одақ тауарларының Одақтың кедендік аумағынан кетуі үшін, кету орнында орналасқан кеден органының лауазымды тұлғасы:

      а) Одақ тауарларына қатысты кедендік бақылауды жүргізеді және қажет болған жағдайда, оларды сәйкестендіреді;

      б) Кодекстің 92-бабының 9-тармағына сәйкес Одақ тауарларының кетуіне рұқсат ресімдейді;

      в) Одақтың кедендік аумағындағы тауарлардың келу орнында (бұдан әрі – келу орны) орналасқан кеден органына және Одақ тауарларын экспорттың кедендік рәсіміне орналастырған кеден органына (бұдан әрі – кедендік шығару органы) бағыт алған іс жүзінде кететін Одақ тауарларының санын және оларды сәйкестендіру тәсілін (егер сәйкестендіру жүзеге асырылса) көрсете отырып, тауарлардың жүру жолы туралы ақпаратты қамтитын хабарламаны кеден органының ақпараттық жүйесіне электрондық түрде қалыптастырады;

      г) тауарлар оған сәйкес экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылған және оларды кету орнына жеткізу үшін Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының екінші бөлігіне тасылатын (тасымалданатын) тауарларға арналған декларацияға (бұдан әрі – тауарларға арналған декларация) немесе оның көшірмесіне іс жүзінде кететін Одақ тауарларының санын және оларды сәйкестендіру тәсілін (егер сәйкестендіру жүзеге асырылса) көрсете отырып, "Тауар жол үстінде" деген белгі соғады және мұндай белгіні кеден органы лауазымды тұлғасының қолтаңбасымен және жеке нөмірлік мөрінің бедерімен куәландырады (егер тауарларға арналған декларация немесе оның көшірмесі қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда);

      д) тауарларға арналған декларацияның көшірмесін (қажет болған жағдайда) немесе оның "Тауар жол үстінде" деген белгісі бар көшірмесін жасайды (егер тауарларға арналған декларация немесе оның көшірмесі кеден органына қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда);

      е) кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірі, іс жүзінде кететін Одақ тауарларының саны, оларды сәйкестендіру тәсілі (егер сәйкестендіру жүзеге асырылса), сондай-ақ олардың одан әрі жол жүру мүмкіндігі туралы ақпаратты қамтитын электрондық құжат қалыптастырады және оны тұлғаға жібереді немесе іс жүзінде кететін Одақ тауарларының санын, оларды сәйкестендіру тәсілін (егер сәйкестендіру жүзеге асырылса) көрсете отырып, тауарларға арналған декларацияны немесе оның "Тауар жол үстінде" деген белгісі бар көшірмесін тұлғаға қайтарады (егер тауарларға арналған декларация немесе оның көшірмесі қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда).

      3. Тауарлар Одақтың кедендік аумағына келген және тұлға Кодекстің 88-бабының 1-тармағында көрсетілген кедендік операцияларды жасаған кезде, соның ішінде келген тауарлардың оларды кету орнына жеткізу үшін Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының екінші бөлігіне тасылған (тасымалданған) Одақ тауарлары болып табылатындығы туралы мәліметтерді ұсыну кезінде, келу орнында орналасқан кеден органының лауазымды тұлғасы:

      Кодекстің 88-бабының 4-тармағына сәйкес тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келгені туралы хабарламаны тіркейді;

      іс жүзінде келген тауарларға қатысты олардың тауарларға арналған декларацияда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі мәніне кедендік бақылау жүргізеді.

      Кедендік бақылау аяқталғанға дейін, соның ішінде тұлғаның қосымша құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынуы қажеттігіне байланысты оны жүргізу мерзімінің ұзартылуы ескеріле отырып, Одақ тауарлары келу орнында орналасқан кедендік бақылау аймағында немесе келу орнында орналасқан кеден органы көрсеткен өзге де орында болады.

      4. Егер осы Тәртіптің 3-тармағының үшінші абзацында көрсетілген кедендік бақылау жүргізудің нәтижелері бойынша іс жүзінде келген тауарлардың тауарларға арналған декларацияда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі анықталған және Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағында және (немесе) теңізде тауарларға қатысты бастапқыда тасуды (тасымалдауды) ұйымдастыру кезінде көзделмеген операциялардың жасалуы фактісі анықталмаған жағдайда, келу орнында орналасқан кеден органының лауазымды тұлғасы:

      а) кету орнында орналасқан кеден органына және кедендік шығару органына бағыт алған іс жүзінде келетін Одақ тауарларының санын көрсете отырып, тауарлардың жүру жолы туралы ақпаратты қамтитын хабарламаны кеден органының ақпараттық жүйесіне электрондық түрде қалыптастырады;

      б) тауарларға арналған декларацияға немесе оның көшірмесіне іс жүзінде келетін Одақ тауарларының санын көрсете отырып, "Тауар жол үстінде" деген белгі соғады және мұндай белгіні кеден органы лауазымды тұлғасының қолтаңбасымен және жеке нөмірлік мөрінің бедерімен куәландырады (егер бұл құжаттар қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда);

      в) тауарларға арналған декларацияның көшірмесін (қажет болған жағдайда) немесе оның "Тауар жол үстінде" деген белгісі бар көшірмесін жасайды (егер тауарларға арналған декларация немесе оның көшірмесі кеден органына қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда);

      г) кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірі, іс жүзінде келетін Одақ тауарларының саны, сондай-ақ олардың одан әрі жол жүру мүмкіндігі туралы ақпаратты қамтитын электрондық құжат қалыптастырады және оны тұлғаға жібереді немесе тауарларға арналған декларацияны немесе оның "Тауар жол үстінде" деген белгісі бар көшірмесін тұлғаға қайтарады (егер тауарларға арналған декларация немесе оның көшірмесі қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда).

      5. Егер осы Тәртіптің 3-тармағының үшінші абзацында көрсетілген кедендік бақылау жүргізудің нәтижелері бойынша іс жүзінде келген тауарлардың атауының және (немесе) өзге де сәйкестендіру белгілерінің (сипаттамаларының) тауарларға арналған декларацияда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі анықталған және (немесе) Одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағында және (немесе) теңізде тауарларға қатысты бастапқыда тасуды (тасымалдауды) ұйымдастыру кезінде көзделмеген операциялардың жасалуы фактісі анықталған жағдайда, оларға қатысты Кодекстің 88-бабының 5-тармағына сәйкес кедендік операция жасалуға тиіс.

      6. Егер Одақ тауарларына қатысты, олардың Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының екінші бөлігіне тасылуы (тасымалдануы) үшін Одақтың кедендік аумағынан кеткен соң олар Одақтың кедендік аумағына келгенге дейін кеден органдары мұндай тауарлардың Еуразиялық экономикалық комиссияның осындай әкетуді растау тәртібін белгілейтін актісіне сәйкес осындай тауарлардың іс жүзінде әкетілуін растаған жағдайда осы Тәртіптің 3 – 5-тармақтарының ережелері қолданылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады