2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №1 қосымша) 18-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. ЕАЭО СЭҚ ТН 7002 20 100 0 кодымен сыныпталатын оптикалық әйнектен жасалған шыбықшаларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу бажының ставкасы 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап қоса алғанда 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 7002 20 100 0 коды бар позицияда Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпеге "10С)" сілтеме "63С)" сілтемесімен ауыстырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 63С ескертпесімен толықтырылсын:
"63С) Кедендік құнының 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы 01.09.2019 бастап қоса алғанда 31.12.2020 дейінгі аралықта қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарыты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлардың тізбесіне және оптикалық әйнектен жасалған шыбықшаларға қатысты осындай баждар ставкаларының мөлшеріне өзгерістер енгізу туралы шешімі күшіне енген күннен кейін күшіне енеді және 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап пайда болатын құқықтық қатынастарда қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |