Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі "Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентін қабылдау туралы" № 798 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 17 желтоқсандағы № 221 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 798 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 2.1 және 2.2-тармақтардағы "Стандарттардың тізбесін" деген сөздер "Халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда - ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесін"деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Көрсетілген шешіммен бекітілген қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 008/2011) техникалық регламентінің талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін стандарттардың тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 798 шешімімен БЕКІТІЛГЕН (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 17 желтоқсандағы № 221 шешімінің редакциясында) |
Халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – қолданылуы нәтижесінде ерікті негізде Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО ТР 008/2011) талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың ТІЗБЕСІ
№ р/н | Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің құрылымдық элементі немесе техникалық реттеу объектісі | Стандарттың белгіленімі және атауы | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | 4-баптың 3.2 (1 – 15, 17 және 18-абзацтары), 4 және 5-тармақтары | МемСТ EN 71-1-2014 "Ойыншықтар. Қауіпсіздік талаптары. 1-бөлім. Механикалық және физикалық қасиеттері | |
2 | МемСТ EN 71-8-2014 "Ойыншықтар. Қауіпсіздік талаптары. 8 бөлім. Үйде пайдалануға арналған белсенді демалуға арналған ойыншықтар" | ||
3 | МемСТ EN 71-14-2018 "Ойыншықтар. Қауіпсіздік талаптары. 14 бөлім. Үйде пайдалануға арналған батуттар" | 01.04.2021 бастап қолданылады | |
4 | 4 – баптың 2-тармақтары (1-5-абзацтар), және 3.2-тармақтары (13, 16, 20, 23 және 24-абзацтар) | 1.2, 1.3, 2.1.10, 2.13.7, 2.30.1 – 2.30.6, 2.31 бөлімдер МемСТ 25779-90 "Ойыншықтар. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары және бақылау әдістері" | |
41 | 4.1 тармақ МемСТ EN 71-1-2014 "Ойыншықтар. Қауіпсіздік талаптары. 1-бөлім. Механикалық және физикалық қасиеттері" | ||
5 | 4-баптың 3.3-тармағы | МемСТ ISO 8124-2-2014 "Ойыншықтардың қауіпсіздігі. 2-бөлім. Тұтанғыштық" | |
6 | МемСТ EN 71-1-2014 "Ойыншықтар. Қауіпсіздік талаптары. 1-бөлім. Механикалық және физикалық қасиеттері" | ||
7 | 4-баптың 3.4 және 3.5-тармақтары, 2-қосымша | МемСТ ISO 8124-3-2014 "Ойыншықтардың қауіпсіздігі. 3 бөлім. Химиялық элементтердің миграциясы " | |
8 | МемСТ EN 71-4-2014 "Ойыншықтар. Қауіпсіздік талаптары. 4-бөлім. Химиялық тәжірибелер мен ұқсас сабақтарға арналған жиынтықтар" | ||
МемСТ EN 71-5-2014 "Ойыншықтар. Қауіпсіздік талаптары. 5-бөлім. Химиялық заттарды қамтитын және химиялық тәжірибе жүргізуге арналған жинақтарға жатпайтын ойын жиынтықтары (жинақтары)" | 01.04.2021 дейін қолданылады | ||
9 | МемСТ EN 71-5-2018 "Ойыншықтар. Қауіпсіздік талаптары. 5 бөлім. Химиялық заттарды қамтитын және химиялық тәжірибе жүргізуге арналған жинақтарға жатпайтын ойын жинақтары" | ||
10 | МемСТ EN 71-7-2014 "Ойыншықтар. Қауіпсіздік талаптары. Бөлім 7-бөлім. Саусақпен сурет салуға арналған бояулар. Техникалық талаптар және сынау әдістері" | ||
11 | МемСТ EN 71-13-2018 "Ойыншықтар. Қауіпсіздік талаптары. 13 бөлім. Иіс сезуді дамытуға арналған үстел ойындары, парфюмериялық-косметикалық өнімдерді жасауға арналған жинақтар және талғамдық ойындар" | 01.04.2021 бастап қолданылады | |
12 | 4-баптың 3.2 (25-абзац), 3.6 және 5-тармақтары | МемСТ IEC 62115-2014 "Электр ойыншықтар. Қауіпсіздік" | |
13 | 4-баптың 3.2-тармағы (26-абзац) | МемСТ IEC 60825-1-2013 "Лазерлік аппаратураның қауіпсіздігі. 1-бөлім. Жабдықты сыныптау, пайдаланушыларға арналған талаптар мен нұсқамалық" | |
14 | 4-баптың 3.9-тармағы | МемСТ EN 71-1-2014 "Ойыншықтар. Қауіпсіздік талаптары. 1-бөлім. Механикалық және физикалық қасиеттері" | |
15 | 4-баптың 2 (6-абзац) және 3.2 (22-абзац) тармақтары | МемСТ 25779-90 "Ойыншықтар. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары және бақылау әдістері" |
".
3. Зерттеу (сынау) және өлшеу ережелері мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 008/2011) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және көрсетілген Шешіммен бекітілген Техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу ережелерін қамтитын стандарттар тізбесінде:
а) атауындағы "Стандарттардың тізбесі" деген сөздер "Халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 2, 21, 30, 40 және 75-позициялар алып тасталсын;
в) 4-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | сынамаларды іріктеу | МемСТ 18321-73 | Сапаны статистикалық бақылау. Дара өнімді кездейсоқ іріктеу әдістері | 01.04.2021 дейін қолданылады |
";
г) мынадай мазмұндағы 41-позициясымен толықтырылсын:
"
41 | МемСТ 34446-2018 | Ойыншықтар. Үлгілерді іріктеу |
";
д) 16-19 позициялар мынадай редакцияда жазылсын:
"
16 | 4-баптың 3.2 (1 – 15, 17, 18 және 21-абзацтары), 4 және 5-тармақтары | МемСТ EN 71-1-2014 | Ойыншықтар. Қауіпсіздік талаптары. 1-бөлім. Механикалық және физикалық қасиеттері | |
17 | МемСТ EN 71-8-2014 | Ойыншықтар. Қауіпсіздік талаптары. 8 бөлім. Үйде пайдалануға арналған белсенді демалуға арналған ойыншықтар | ||
18 | МемСТ EN 71-14-2018 | Ойыншықтар. Қауіпсіздік талаптары. 14 бөлім. Үйде пайдалануға арналған батуттар | 01.04.2021 бастап қолданылады | |
19 | 4-баптың 2 (1-4, 6-абзацтар) және 3.2 (16, 20, 22, 23 және 24-абзацтар) тармақтары | МемСТ 25779-90 | Ойыншықтар. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары және бақылау әдістері |
";
е) 23-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"23 | МемСТ EN 71-4-2014 | Ойыншықтар. Қауіпсіздік талаптары. 4-бөлім. Химиялық тәжірибелер мен ұқсас сабақтарға арналған жиынтықтар |
";
ж) мынадай мазмұндағы 231-позициясымен толықтырылсын:
"231 | МемСТ EN 71-5-2018 | Ойыншықтар. Қауіпсіздік талаптары. 5 бөлім. Химиялық заттарды қамтитын және химиялық тәжірибе жүргізуге арналған жинақтарға жатпайтын ойын жинақтары | 01.04.2021 бастап қолданылады |
";
з) 25-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"25 | МемСТ EN 71-13-2018 | Ойыншықтар. Қауіпсіздік талаптары. 13 бөлім. Иіс сезуді дамытуға арналған үстел ойындары, парфюмериялық-косметикалық өнімдерді жасауға арналған жиынтықтар және талғамдық ойындар | 01.04.2021 бастап қолданылады |
";
и) 5-графадағы 27-позиция "01.04.2021 дейін қолданылады" деген сөздермен толықтырылсын";
к) мынадай мазмұндағы 271-позициясымен толықтырылсын:
"
271 | МемСТ EN 71-5-2018 | Ойыншықтар. Қауіпсіздік талаптары. 5 бөлім. Химиялық заттарды қамтитын және химиялық тәжірибе жүргізуге арналған жиынтықтарға жатпайтын ойын жиынтықтары |
";
л) 33-позицияда 5-графадағы "Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 12 шешімі күшіне енген күннен бастап қолданылады" деген сөздер алып тасталсын;
м) 5-графадағы 34 және 35-позициялар "01.12.2020 дейін қолданылады" деген сөздермен толықтырылсын.";
н) мынадай мазмұндағы 341 және 351-позицияларымен толықтырылсын:
"
341 | 2-қосымша | МемСТ ISO 7218-2015 | Тамақ өнімдерінің және малға арналған жемшөптің микробиологиясы. Микробиологиялық зерттеулер бойынша жалпы талаптар мен ұсынымдар | |
351 | МемСТ ISO 16000-6-2016 | Жабық үй-жайлардың ауасы. 6-бөлім. Жабық үй-жайлар мен сынақ камерасының ауасындағы ұшпа органикалық қосылыстарды кейіннен термиялық десорбциялау және МСД/ПИД пайдаланумен газохроматографиялық талдау арқылы TENAX ТА сорбентіне белсенді сынама алу жолымен анықтау |
";
о) 5-графадағы 120-123 позициялар "01.04.2021 дейін қолданылады" деген сөздермен толықтырылсын";
п) мынадай мазмұндағы 1231 – 1236-позицияларымен толықтырылсын:
"1231 | МУК 4.1.3166-14* | Суда және түрлі құрамдағы материалдардан жасалған су сорғыштарында гександы, гептанды, ацетальдегидті, ацетонды, метилацетатты, этилацетатты, метанолды, изопропанолды, акрилонитрилді, Н-пропанолды, н-пропилацетатты, бутилацетатты, изобутанолды, н-бутанолды, бензолды, толуолды, этилбензолды, м-, о - және п-ксилолды, изопропилбензолды, стиролды, а-метилстиролды газохроматографиялық анықтау | аттестаттау туралы куәлік № 01. 00282-2008 / 0153.16.01.13, ФР тізіліміндегі нөмірі 1.31.2013. 16740 | |
1232 | МУК 4.1.3167-14* | Атмосфералық ауадағы, сынақ камерасы мен жабық үй-жайлардың ауасындағы гександы, гептанды, бензолды, толуолды, этилбензолды, м -, о -, п-ксилолды, изопропилбензолды, Н-пропилбензолды, стиролды, a-метилстиролды, бензальдегидті газохроматографиялық анықтау | аттестаттау туралы куәлік № 01. 00282-2008 / 0155.16.01.13, ФР. тізіліміндегі нөмірі 1.31.2013. 16742 | |
1233 | МУК 4.1.3168-14* | Атмосфералық ауадағы, сынақ камерасының және жабық үй-жайлардың ауасындағы диметилфталатты, диметилтерефталатты, диоктилфталатты, дибутилфталатты, бутилбензилфталатты, бис (2-этилгексил) фталатты және диоктилфталатты газохроматографиялық анықтау | 01.04.2021 бастап қолданылады, № 01 аттестаттау туралы куәлік. 00282-2008 / 0146.12.12 14.12.2012, ФР. тізіліміндегі нөмірі 1.31.2013.16763 | |
1234 | МУК 4.1.3169-14* | Суда әр түрлі құрамдағы материалдардан жасалған су сорғыштарында диметилфталатты, диметилтерефталатты, диоктилфталатты, дибутилфталатты, бутилбензилфталатты, бис (2-этилгексил) фталатты және диоктилфталатты газохроматографиялық анықтау | аттестаттау туралы куәлік № 01.00282-2008/0147. 16.01.13, ФР. тізіліміндегі нөмірі 1.31.2013. 16764 | |
1235 | МУК 4.1.3170-14* | Атмосфералық ауадағы, сынақ камерасының және жабық үй-жайлардың ауасындағы ацетальдегидті, ацетонды, метилацетатты, этилацетатты, метанолды, изопропанолды, этанолды, Н-пропилацетатты, Н-пропанолды, изо-бутилацетатты, изо-бутанолды, Н-бутанолды газохроматографиялық анықтау | аттестаттау туралы куәлік № 01.00282-2008/0154.16.01.13, ФР. тізіліміндегі нөмірі 1.31.2013.16741 | |
1236 | МУК 4.1.3171-14* | Суда және әр түрлі құрамдағы материалдардан жасалған су сорғыштарында ацетальдегидті, ацетонды, метилацетатты, метанолды, этанолды, метилакрилатты, метилметакрилатты, этилакрилатты, изо-бутилакрилатты, бутилметакрилатты, толуолды, стиролды, а-метилстиролды газохроматографиялық анықтау | аттестаттау туралы куәлік№ 01.00282-2008/0160.19.03.13, ФР. тізіліміндегі нөмірі 1.31.2013.16751 |
";
р) 5-графадағы 134-позиция "01.12.2020 дейін қолданылады" деген сөздермен толықтырылсын;";
с) мынадай мазмұндағы 1341 -позициясымен толықтырылсын:
"1341 | РД 52.24.488-2006* | Судағы ұшпа фенолдардың жаппай шоғырлануы. Бумен айырғаннан кейін экстракциялық-фотометриялық әдіспен өлшеуді орындау әдістемесі | 30.01.2006 ж. № 143.24-2006 аттестаттау туралы куәлік ФР тізіліміндегі нөмірі 1.31.2007. 03466 |
";
т) мынадай мазмұндағы 1461-позициясымен толықтырылсын:
"
1461 | ПНД Ф 14.1:2:4.211-05* | Газохроматографиялық әдіспен табиғи және ағынды сулардың сынамаларында капролактамның массалық шоғырлануын өлшеуді орындау әдістемесі | 23.04.2004 ж. № 224.01.11.083/2004 аттестаттау туралы куәлік, ФР тізіліміндегі нөмірі 1.31.2013.13995 |
".